Тақырып 4. Саяси партиялар мен партиялық жүйелер.
1 тапсырма. Саяси партиялар қоғамдық ұйым ретінде және саяси жүйенің элементі.
а) партияның анықтамасы.
б) партияның негізгі белгілері.
в) саяси партияның қызметі.
Партиялар қоғамның саяси жүйесінің маңызды элементі болып табылады. Олар азаматтық қоғам мен мемлекет арасын байланыстырып тұратын буын, белгілі бір әлеуметтік топтардың мүдделері, қажеттіліктері мен мақсаттарын білдіреді.
Партияның негізгі белгілері:
Бірінші белгісі- ұйым болуы, басқаша айтқанда, адамдардың ұзақ уақыт бойы бірігуі.
Екінші белгісі-ұлттық басқарумен үнемі байланыста болатын тұрақты жергілікті ұйымдарының болуы.
Үшінші белгісі –мақсаты, бұл билікті басып алу мен жүзеге асыру болып табылады.
Төртінші белгісі-дауыс беруден бастап, оның ішінде белсенді мүше болғанына дейін халықтың қолдауын қамтамасыз ету.
Саяси партияның қызметтері:
Мүдделерді өкілдендіру қызметі – саяси партиялар азаматтардың мүдделерін анықтайды және тұжырымдайды. Мүдделерді өкілдендіру сипаты қоғамның дамуына байланысты өзгереді.
Делдалдық іс-әрекет – азаматтарды біріктіру қызметі. Саяси партиялар азаматтардың мүдделерін білдіріп, олардың талаптарын мемлекетке жеткізеді.
Қоғамдық бағдарламаны болжамдау, жобалау мен тұжырымдау. Әрбір партия қоғамның дамуы туралы өз көзқарасын, әлеуметтік маңызды мақсаттарды және оларды жүзеге асыру тәсілдерін қалыптастырады.
Азаматтарды саяси әлеуметтендіру қызметі. Жақтастарын көбейту үшін, партия адамның саясаттағы рөлінің маңыздылығы, саяси әлемнің саяси мәселелері жайлы суреттемелерді қалыптастырады. Соның арқасында, ол адамдарға саяси білімдер, құндылықтар, саяси тәртіптің үлгісін жеткізеді.
Билікті жүзеге асыру қызметі. Партиялар билікті басып алуға тырысады. Бұл партияның ең бір басты оны адамдардың ұйымдарынан айырып көрсететін маңызды қызметі.
2 тапсырма. Саяси партиялардың типологиясы
Типология критерийлері |
Партиялар |
Өзіне тән белгілері |
Саяси идеология |
Коммунистік |
К.Маркстің ілімін басшы-лыққа алады. Тапсыз, меншіктің жеке түрі жоқ қоғам мүддесін қорғайды. |
Социал-демократиялық |
еңбекші халыктың мүддесіне сай қоғамды реформалап отырады. Негізгі құндылықтары: әділеттілік, бостандық, теңдік, ынтымақтастық. |
|
Буржуазиялық-демократиялық |
ашық күрес жүргізеді. Үкіметке жалпыға бірдей сайлау арқылы жетеді. Заң алдында бәрінің, де тең болғанын қалайды. |
|
Консервативтік |
ірі буржуазияның мүдде¬сін қорғайды. Тенсіздікті сақтағысы келеді. |
|
Фашистік |
адам құқықтары мен бостанықтары шектеледі. Ұлтшылдықты уағыздайды. Жеке мүддеден мемлекеттік мүдде жоғары тұрады. |
|
Ұйымдастырушылық принципі |
Авангардтық |
орталықтанған өзінің барлық мүшелерінен партиянын жұмысына белсенді катынасуын талап етеді. |
Сайлаушылар |
тұрақты мүшелік жоқ ұйымдық құрылым жоқ. мақсаты үміткердің сайлау алдындағы науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу, т.с.с. |
|
Парламенттік |
екі қызмет атқарады: парламентке бақылау жасайды, сайлауға дайындалады. |
|
Қауымдастық |
ортак көзкарас, ұқсас мүд-делеріне орай маңызды мәселелерді талқылау үшін бірік-тіріледі. |
|
Әртүрлі таптар мен топтар қызығушылығы |
прагматикалық |
пайдалылыққа бағытталған |
харизматикалық |
адамдардың көшбасшының жанына бірігуі |
|
Билікке қарым – қатынас |
Билеуші партиялар |
басқа партиялардың үстінен билік жүргізеді. |
Коалиция құрамындағы партиялар |
жалпы мақсатқа жету үшін партиялардың жасаған бірлігі |
|
Оппозициялық партиялар |
олар басқарушы партияның саясатын сын көзбен бағалайды. Қарсыластық қасиет тән |
