- •Халықаралық қатынастар факультеті халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы
- •«5В051300 – әлемдік экономика» мамандығы бойынша бакалаврдағы мемлекеттік емтихан бағдарламасы алматы 2015
- •Түсініктемелік жазба
- •2. Базалық пәндердің мазмұнына қойылатын негізгі талаптар:
- •3. Базалық пәндер бойынша кешенді емтиханға дайындыққа арналған сұрақтардың тізімі:
- •«Әлемдік экономика» пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •«Кәсіпорынның сыртқыэкономикалық қызметі» пәні бойынша емтихан сұрақтары
«Кәсіпорынның сыртқыэкономикалық қызметі» пәні бойынша емтихан сұрақтары
Сыртқыэкономикалық қызмет (СЭҚ) түсінігіне анықтама беріңіз және оның сыртқыэкономикалық байланыстардан (СЭБ) айырмашылығын көрсетіңіз
Сыртқыэкономикалық қызметтің барлық негізгі түрлері мен формаларын атап көрсетіңіз
ҚР-ғы сыртқыэкономикалық қызметті реттеу институттары мен әдістерін атаңыз
Әлемдік нарықтағы контрагенттердің түсінігі мен түрлерін анықтаңыз
ҚР-ғы сыртқыэкономикалық қызмет субъектілерін сипаттап, олардың негізгі функцияларын түсіндіріңіз
Сыртқыэкономикалық қызметтегі тәуекелдердің түсінігі мен түрлеріне сипаттама беріңіз
Кәсіпорынның сыртқыэкономикалық қызметін құрудың негізгі типтерін, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттаңыз
ҚР-ғы сыртқы сауда мәмілелерін мемлекеттік реттеудің негізгі әдістерін атаңыз
Халықаралық сауда айналымының ережелері мен шарттарын бірегейлендірудің (унификация) мәнін түсіндіріңіз. Халықаралық сауда құқығы саласындағы негізгі құжаттарды атаңыз
Инкотермс түсінігі мен оның сыртқыэкономикалық қызметтегі рөлін ашып көрсетіңіз
Халықаралық келісім деп нені түсінеміз? Мәміленің кез келген түрін бекіту бойынша негізгі ережелерді атаңыз
Экспорттық-импорттық операциялардың түрлерін атаңыз, олардың мазмұнын ашып, өзара салыстырыңыз
Бартерлік және қарама-қарсы мәмілелердің ерекшеліктерін түсіндіріңіз
Халықаралық қарама-қарсы мәмілелердің түрлерін атап, түсіндіріңіз
Биржалық және аукциондық саудалардың ерекшеліктерін атап, түсіндіріңіз
Халықаралық коммерциялық операцияларды жүзеге асыру әдістерін атаңыз, оларды әр түрлі фирмаларға қатысты қолданудың артықшылықтарын көрсетіңіз
Сыртқыэкономикалық қызметтегі сауда-делдалдық операциялардың түсінігі мен түрлерін ашып көрсетіңіз
Сауда-делдалдық фирмалардың негізгі функциялары мен түрлерін атап, сипаттаңыз, олардың әрқайсысының артықшылықтарын бағалаңыз
Сауда делдалдарымен келісімдердің шарттарын анықтаңыз
Сыртқы сауда мәмілелерін дайындау ережелері мен кезеңдерін атаңыз
Сыртқы сауда келісімінің мазмұны мен құрылымын ашып көрсетіңіз
Сыртқы сауда келісімін құру ережелерін, қағидалары мен ерекшеліктерін атап, түсіндіріңіз
Халықаралық жалдау мәмілелерінің түсінігі мен түрлерін ашып көрсетіңіз
Есеп айырысулардың халықаралық формаларының ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың түрлерін атаңыз
Халықаралық есеп айырысу формаларын атап, олардың айырмашылықтарын табыңыз
Инкассо формасындағы халықаралық есеп айырысу механизмін түсіндіріңіз
Аккредитив формасындағы халықаралық есеп айырысу механизмін түсіндіріңіз
Халықаралық инвестициялық ынтымақтастықтың негізгі формаларын атап, оларға анықтама беріңіз
Халықаралық өндірістік кооперацияның негізгі формаларын атап, оларға анықтама беріңіз
Халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың негізгі формаларын атап, түсіндіріңіз
“Кәсіпорынның сыртқыэкономикалық қызметі” пәні бойынша ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
Нормативно-правовая база ВЭД РК: Законы, Указы, имеющие силу законы, Постановления, касающиеся ВЭД РК.
Международное коммерческое дело. Учебник под ред. Герчиковой. М. – 2002.
Кошербаева А.Б., Катенова С.А. Международное коммерческое дело. Учебное пособие Алматы.- Қазақ Университеті.- 2002.
ВЭД предприятия. Учебник под ред. Стровского Л.Е. Москва, - ЮНИТИ, - 2003.
Внешнеэкономическая деятельность предприятия. Учебник. Прокушев Е.Ф. М.- «Дашков и К». – 2007.
Қосымша:
Дюмулен И.И. Всемирная торговая организация. М.- экономика.- 2003.
Международное банковское дело. Питер Оппенгейм, М.- 1996.
Диденко Н.И. Основы ВЭД РФ. Спб, Знание.- 1998 г.
Лылов А.И., Хацкевич Л.Д. ВЭД предприятия в условиях развивающегося рынка. Воронеж.- 2001.
Смитиенко Б.М. и др. Внешнеэкономическая деятельность. Учебник под ред. Смитиенко Б.М. и Поспелова В.К. М.- Академия. – 2004.
Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика
кафедрасының мәжілісінде бекітілген
Кафедра меңгерушісі ___________Чукубаев Е.С.
«_____»________2015 ж., №________хаттама
