Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Программа ГЭК МЭ БАК КАЗ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
41.67 Кб
Скачать

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Халықаралық қатынастар факультеті халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы

Бекітемін

Халықаралық қатынастар факультетінің

деканы______________ Шакиров К.Н.

«____»________________2015

«5В051300 – әлемдік экономика» мамандығы бойынша бакалаврдағы мемлекеттік емтихан бағдарламасы алматы 2015

Бағдарламаны 5В051300 – Әлемдік экономика мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес э.ғ.к., доцент А.М. Мырзахметова, э.ғ.к., доцент Л.Ә.Медуханова, аға оқытушы Ж.А.Оспанбаев дайындады.

Бағдарлама халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының мәжілісінде қаралды

Хаттама № ____ «____»____________2015 ж.

Кафедра меңгерушісі_______________________Чукубаев Е.С.

Халықаралық қатынастар факультетінің әдістемелік бюро мәжілісінде мақұлданды

Хаттама № ____ «_____»_________2015 ж.

Әдістемелік бюро төрайымы_____________ Сайрамбаева Ж.Т.

Бекітілді

Факультет деканы ________________Шакиров К.Н.

«____»________________2015 ж.

  1. Түсініктемелік жазба

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес «5B051300 – Әлемдік экономика» мамандығынан бакалавриаттың білім беру бағдарламасын меңгеру екі мемлекеттік емтиханды (мамандық бойынша және шетел тілі бойынша емтихан) және дипломдық жұмысты қорғауды кірістіруші қорытынды мемлекеттік аттестациямен (ҚМА) аяқталады. Қорытынды аттестацияға білім үдерісін бакалавриаттың оқу жұмыс жоспары мен оқу бағдарламаларының талаптарына сай аяқтаған студенттер жіберіледі.

Мамандық бойынша мемлекеттік емтихан академиялық күнтізбеде және мамандықтың оқу жұмыс жоспарында көрсетілген мерзімде өткізіледі.

Мамандық бойынша мемлекеттік емтихан бакалавриаттың оқу бағдарламалары үшін негізгі пәндерінің міндетті түрде құрамдас компоненті болып табылатын пәндерді қамтиды.

2. Базалық пәндердің мазмұнына қойылатын негізгі талаптар:

Студент негізгі пәндер циклінен барлық елдердің ұлттық экономикаларын біріктіретін әлемдік экономиканың жаһандық экономикалық жүйе ретіндегі құрылымын, даму тарихын және ерекшеліктерін және қазіргі әлемдік шаруашылықтың ерекшеліктері, даму заңдылықтары мен мәселелерін білуі тиіс. Әлем елдерінің қазіргі кездегі классификациясы мен халықаралық экономиканың институционалдық құрылымын; жеке елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерінің негізгі көрсеткіштері мен бәсекеге қабілеттілігін; әлемнің өндіріс ресурстарының негізгі сипаттары және олардың елдер арасындағы бөлінісі, трансұлттық корпорациялардың, елдердің интеграциялық бірлестіктердің және халықаралық экономикалық ұйымдардың қазіргі кездегі шаруашылықтағы орны мен рөлін білуі тиіс. Бітіруші түлек қазақстандық кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметінің принциптерін, кәсіпорынның сыртқы қызметін мемлекеттік реттеуін және экспорттық-импорттық операциялардың және ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың түрлі аспектілерін білуі қажет.