Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
001.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
66.03 Кб
Скачать

3.2 Халықаралық стандарттардағы қаржылық қорытынды есеп берудің концепциясына көшу жолдары.

Халықаралық қаржылық есептіліктің сандарттары (ХҚЕС)-International Accounting Standards (IAS)\International Financial Reporting Standards (IFRS) - Халықаралық қаржылық есептіліктің сандарттары бойынша Қордың Басқарылымы қабылдаған Стандарттар мен Интерплетациялар.

ХҚЕС– кәсіпорынның қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдайы туралы шынайы және әділ ақпаратпен қамтамасыз ететін бухгалтерлік стандарттардың жүйесі.

Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары – 1- «Қаржылық есеп беру»ХҚЕС (IAS) - да көрсетілген.

Бухгалтерлік есептің халықаралық стандартында қаржылық қортынды есеп берудің төмендегі концепциялары айқындалған: Біріншіден, кәсіпорынның қаржылық қорытынды есебін жүргізу мақсаты, екіншіден, бухгалтерлік ақпараттардың сапалық сипаттамасы, үшіншіден, бухгалтерлік ақпараттарды есепке алу принциптері, төртіншіден, қаржылық қорытынды есеп элементтері.

Қаржылық қорытынды есеп, оны пайдаланушыларға экономикалық шешімдер қабылдау үшін қажетті, кәсіпорынның қаржылық жағдайы, шаруашылық қызметінің нәтижесі және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпараттар дайындап беру мақсатын көздейді.

Сондықтан есеп ақпараттарына қойылатын негізгі талаптар, оларды пайдаланушылардың қандай да болмасын шешім қабылдауы үшін пайдалылығымен байланысты. Жалпы, есеп ақпараттарының сапалық сипаттамасы қаржылық қорытынды есеп мәліметтерінің пайдаланушылар үшін пайдалылығын алдын – ала болжайды. Әрбір нақты жағдайда ол немесе басқа бір сипаттама маңыздырақ болатындықтан, бухгалтердің кәсіби шеберлігі барлық сипаттамалардың қолайлы (ең жақсы) үйлесім табуынан көрінеді.

Қаржылық қорытынды есеп элементтерінің концепциялар тобында қарастырылуы, оларды түсінудің субъектінің қызметін қаржылық қорытынды есеп ақпараттарын пайдаланушылардың бағалануына және тиісінше, олардың белгілі бір шешімдер қабылдауына әсер ететіндігіне байланысты және де алынған ақпараттан түсінетін пайда оны алуға жұмсалған шығындардан көп болуға тиісті. Сапаға қойылатын талаптардың барлығының орындалуының нәтижесінде субъектінің қызметі жөнінде толық әрі дұрыс және пайдалы ақпараттар берілуі тиісті. Бухгалтерлік ақпараттарға қойылатын талаптар белгілі бір принциптермен айқындалады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстан Республикасы өз алдына тәуелсіз мемлекет болғалы нарықтық даму үстінде. Бұл жетістік әсіресе бухгалтерлік және экономикалық салаға ерекше әсерін тигізер өзгерістер әкелді.

«Ұйымның қаржылық нәтижелерінің есебі, аудиті және талдауы» тақырыбына орындалған дипломдық жұмыс үш бөлімнен тұрады.

Теориялық бөлімде қаржылық есеп нысандары, ұйымның қаржылық есебіндегі элементтерді пайдаланушылар, элементтерін бағалу жолдары көрсетілген.

Бухгалтерлік есептегі қаржылық есеп берудегі бақылаулар мен аудиторлық тексерулердің маңызы, талдау жұмыстары мен әдістері, ұйымның қаржылық жағдайына байланысты шетел тәжірибесімен салыстырмалар мен тәжірибе алмасулар толықтай қарастырылған.

Екінші бөлімде ұйымның қаржылық жағдайының есебі, талдауы мен аудиті тәжірибе жүзіндегі іске асырылуы қарастырылған. Ұйымның қаржылық жағдайының есебі, құрылымдық талдануы мен аудиторлық тексерулердің маңыздылығы талданған. Нақты мысалдар қарастырылған.

Дипломдық жұмыстың үшінші бөлімінде ұйымның қаржыларының есебіне байланысты бірнеше мәселелерді қарастырудағы шараларды жетілдіру кезеңдері көрсетілген. Алдымен қаржылардың есебіне халықаралық стандарттарды енгізу шарасы қарастырылған.

Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде нарықтық экономика жағдайындағы бухгалтерлік есептің мәні, мақсаттары және мағынасы зерттелген. Диплом жұмысының мақсаты және зерттеу жүргізілген объектісі көрсетілген.

Теоретикалық бөлімінде материалдық құндылықтардың жалпы сұрақтары қарастырылған.

Екінші бөлімінде «Семей электросантех монтаж» АҚ-ның мысалында зерттеулер жүргізілген.

Үшінші бөлімінде зерттеу нәтижелері бойынша шаралар ұсынылған.

«Семей құс» АҚ-нда тапсырыс бойынша жұмыс істегенімен, тапсырыс берушілерден келіп түсетін немесе есеп айырысулар уақытында және өз кезегінде болмағандықтан айырмашылықтар туып отырады.

«Семей құс» АҚ- ның ең жоғарғы көрсеткіші болып брутто-табыс мөлшері болып отыр.

Осы мәселелерді ескере отырып «Семей электросантех монтаж» ЖШС- нің қаржылық есеп беруіне келесідей мақсаттарды алдыға қоюы керек деп ойлаймын:

- өз уақытында қаржылық қызметтің жетіспеушілігін іздеп, төлем қабілеттілігі жән оны шешудің алғы шарттарын жүзеге асыруы керек;

  • қаржылық шешімдерді жоспарлап экономикалық рентабелділігін анықтап, шаруашылықта шешімдер қабылдау керек;

  • кәсіпорынның қаржылық ресурстарын үнемді пайдаланып, қаржылық жағдайын нығайтып, керекті жетілдіру шараларын жүргізу жолдарын қарастыру;

Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіден болмасын күрделі, ауқымды болып отыр. Өйткені қазіргі қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде өндіріс құрал-жабдықтарының мемлекеттік меншіктен ұжымдық және жеке меншіктерге ауысуы кең етек алуда.

Осыған орай қазіргі кезде мемлекет, субъекті және жеке тұлғалар арасындағы экономикалық және қоғамдық қарым-қатынастар саясаты жаңа сипат алып отыр.

Бұл бойынша еліміздегі халық шаруашылығының қай саласындағы субъектілер болмасын олардың өндірістік және қаржылық іс-әрекеті өз шығындарын өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру принциптеріне негізделуі тиіс.

Бүгінгі таңда жүзеге асырылып жатқан реформалар мен істеліп жатқан жұмыстардың, кәсіпкерлік қызметтің мемлекет тарапында және экономика өмірінде атқаратын рөлінің ұшан-теңіз екендігі дәлелдеуді қажет етпейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]