- •Мазмұны
- •1.Ұйымның қаржылық нәтижелерінің есебі, аудитінің талдауының негіздері
- •1.1 Қаржылық есеп беру нысандары
- •1.2 Ұйымның қаржылық – шаруашылық іс - әрекеттерінің нәтижелері және қорытынды есеп элементтері
- •2 «Семей электросантех монтаж» жшс қаржылық жағдайын талдау және аудиттеу
- •Ұйымның табыстары мен шығыстарының есебін талдау
- •2.3 «Семей электросантех монтаж» ақ-да аудиттің жүргізілу тәртібі және оның маңыздылығы
- •3. Ұйымның қаржылық жағдайын жетілдіру бойынша шаралар
- •3.1 Қаржылық қорытынды есеп үшін бухгалтерлік есеп қағидаларын унификациялауға өтудегі халықаралық стандарттар
- •3.2 Халықаралық стандарттардағы қаржылық қорытынды есеп берудің концепциясына көшу жолдары.
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1.2 Ұйымның қаржылық – шаруашылық іс - әрекеттерінің нәтижелері және қорытынды есеп элементтері
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының баланстағы өлшемімен тікелей байланысты элементтер болып активтер, міндеттемелер және меншікті капитал танылады. Ал, кәсіпорын қызметінің нәтижесін қаржы шаруашылық қызметтің нәтижесі жөніндегі қорытынды есепте өлшеумен тікелей байланысты элементтер болып табыстар мен шығыстар танылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар «Бухгалтерлік есепке алу туралы» Жарлығына сәйкес активтер, меншікті капитал, міндеттемелер және кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін жүзеге асыру барысында орындалған шаруашылық операциялары бухгалтерлік есеп объектілері болып табылады.
Активтер дегеніміз - өткен кезеңдегі шаруашылық процестері нәтижесінде алынып, келешекте кәсіпорын одан экономикалық пайда табады деп күтілетін, кәсіпорын бақылауындағы ресурстар. Активтердің ең басты үш сипаты бар:
Өздерінде келешек экономикалық пайданы, яғни ақша қаражаттарының немесе олардың эквиваленттерінің кірісіне (қосылуына) тікелей немесе жанама салынған потенциалды сақтайды;
Кәсіпорынның бұл келешек экономикалық пайданы бақылауға
қабілеті бар;
Олар өткен келісімдердің немесе басқа да оқиғалардың нәтижесі
болып табылады.
Активтер екі категорияға жіктеледі: Ұзақ мерзімді активтер және ағымдағы активтер.
Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне бір жылдан артық мерзімде пайдаланылатын активтер ұзақ мерзімді активтер деп аталады. Ұзақ мерзімді активтерге: материалдық емес активтер, негізгі құралдар, ұзақ мерзімді инвестициялар, ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар, алдағы кезеңнің есебіне жататын ұзақ мерзімді шығыстар және т.б. жатады.
Халықаралық бухгалтерлік есептің 1 «Қаржылық қорытында есепті дайындап тапсыру» деп аталатын стандартына сәйкес актив төиендегі жағдайларда ғана ағымдағы активтер ретінде есепке алынуға тиісті:
оны сатып өткізу немесе сату үшін ұстау не болмаса кәсіпорынның
операциялық қызметінің әдеттегі жағдайында пайдалану ұйғарылған кезде;
оның кәсіпорында көбінесе коммерциялық мақсаттар үшін немесе қысқа мерзім ішінде болатындығы және есепті кезеңнің басынан бастап 12 айдың ішінде сатып - өткізілетіндігі болжанған кезде;
ол ақша қаражаттары немесе пайдалануына шек қойылмайтын оның эквиваленттері түріндегі актив ретінде танылған кезде.
Яғни, бір жыл ішіндегі немесе бір операциялық цикл ішінде жұмсалынатындығы, сатылатындығы, нақты ақшаға сатып өткізілетіндігі негізді түрде күтілетін активтер ағымдағы активтер деп аталады.
Ағымдағы активтерге: тауарлы – материалдық босақылар (өндірісте немесе жұмыстарды атқару мен қызмет көрсету үшін пайдаланылатын материалдар, шикізаттар, сатып алынған шала фабрикаттар мен құрастырушы бұйымдар, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдары және басқадай материалдар); аяқталмаған өндіріс; субъектінің шаруашылық қызметі барысында сатып - өткізуге арналған дайын өнімдер, тауарлар; ақша қаражаттары (кассадағы, банкте ашылған шоттардағы), қаржылық инвестициялар (құнды қағаздарға салымдар), жабылуы (жойылу) мерзімі бір жылға дейінгі дебиторлық борыштар жатады.
Міндеттемелер деп - өтелуі (қайтарылуы) экономикалық пайдадан тұратын ресурстардың кәсіпорыннан шығып кетуіне алып келетін өткен кезеңдердегі оқиғалардан туындаушы кәсіпорынның борышын айтады.
Міндеттемелердің үш негізгі сипаты бар:
1.олар өздерінде активтердің шығып кетуі немесе қызмет
көрсету арқылы төлем жасауға әкеліп соқтырушы бұрыннан бар (бірақ келешектегі емес) тұрақты міндеттерді нақтылы түрде көрсетеді;
2. міндеттемелерді орындау кәсіпорын үшін міндетті және
олардың орындалмай қалуы мүмкін емес;
3. міндеттемелер өткен келісімдердің немесе өткен оқиғалардың нәтижесі болып табылады.
Міндеттемелер екі категорияға жіктеледі: ұзақ мерзімді міндеттемелер және ағымдағы міндеттемелер.
Келесі есепті кезеңде немесе белгілі бір операциялық цикл ішінде қайтарылуы (өтелуі) жоспарланбайтын кәсіпорынның борыштары ұзақ мерзімді міндеттемелер болып табылады. Ұзақ мерзімді міндеттемелерге:ұзақ мерзімді банк несиесі, банктен тыс мекемелердің ұзақ мерзімді қарыздары және т.б. жатады.
Жоғарыда аталған халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес міндеттеме, егер оны кәсіпорындағы операциялық циклдың әдеттегі жағдайында өтеу (қайтару) болжанса немесе ол есепті кезеңнің басынан бастап 12 айдың ішінде өтелуге (қайтарылуға) жататын болса ағымдағы міндеттемелер ретінде есепке алынады. Ағымдағы міндеттемелерге: қысқа мерзімді банк несиесі және овердрафт, кредиторлық борыштар жатады.
Меншікті капитал – кәсіпорын активтерінің олардан міндеттемелерді шегеріп тастағаннан кейінгі қалған бөлігі. Яғни, меншікті капитал дегеніміз – меншік иесінің кәсіпорынға иелік ету үлесі. Кәсіпорын активтерінен міндеттемелер шегеріп тастағаннан кейінгі қалған сома болғандықтан, ол қалдық үлес болып табылады. Солай бола тұрса да, меншікті капитал баланста жіктеліп көрсетіле алады. Мысалы, корпоративтік кәсіпорында құрылтайшылар салған қаражаттарды (жарғылық капитал), бөлінбеген таза табысты, таза табыстан бөлінетін резервтерді (резервтік капитал), капиталды көбейтуді қамтамасыз етуші түзетулер (корректировкалар) және т.б. бөлек көрсетуге болады. Мұндай жіктеулер қаржылық қорытында есепті пайдаланушылардың қажеттіліктерін олардың шешім қабылдау кезеңінде, яғни, олар меншікті капиталды бөліп тарату немесе қандай болмасын пайдаланудағы кәсіпорын қабілетіне заңдық немесе басқадай шектеулерді анықтаған кезде қанағаттандыру үшін орынды болуы мүмкін. Мұндай жіктеулер сонымен бірге құрылтайшылар (қатысушылар) жағының кәсіпорынға қатысу үлесі арқылы дивидендтер алу немесе капиталдың орнын толтыруға қатысты әр түрлі құқытарға ие болу фактілерін көрсете алады.
Резервтерді құру кәсіпорынға және оның кредиторына зиянның зардаптарынан қорғанудың қосымша шараларын белгілеп беру үшін кейде заңда немесе басқадай нормативтік – құқықтық актілерде қарастырылады.
Қайта бағалау немесе қорытынды есепте активтер мен міндеттемелерді қайталап көрсету меншікті капиталдың азаюына немесе кобеюіне алып келеді. Бұл кобеюлер мен азаюлар табыстар мен шығыстардың анықтамасына келетін болса да олар капиталға өолдау көрсетуші белгілі бір концепцияларға сәйкес қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі қорытынды есепке енгізілмейді. Оның орнына бұл баптар капиталға қолдау көрсетуді қамтамасыз етуші түзетулер (корректировкалар) немесе қайта бағалау резерві ретінде меншікті капиталға кіреді.
Таза табыс (пайда) кәсіпорын қызметі нәтижесін өлшемі ретінде жиі пайдаланылады. Таза табыстың (пайданың) өлшемімен тікелей байланысты элементтер табыстар (кірістері) мен шығыстар.
Табыстар (кірістер) дегеніміз – акционерлік капитал қатысушыларының салымымен байланысты емес меншікті капиталдың көбеюімен көрсетілетін активтердің қосылуы (кірісі) немесе көбеюі не болмаса міндеттемелердің азаюы нысанында пайда болатын экономикалық пайданың есепті кезең ішіндегі өсімі. Егер сенімді түрде өлшенуі мүмкін активтердің көбеюімен немесе міндеттемелердің азаюымен байланысты болашақ экономикалық пайданың өсуі туындайтын болса, онда қаржы – шаруашылық қызметтің нәтижесі жөніндегі қорытынды есепте табыстар (кірістер) есепке алынады. Шын мәнінде бұл, табыстың (кірістің) есепке алынуы (танылуы) активтердің көбеюінің немесе міндеттемелердің азаюының есепке алынуымен (танылуымен) бар уақытта болатындығын көрсетеді.
Шығыстар дегеніміз – акционерлік капиталдың қатысушылары арасында бөліп таратумен байланысты емес меншікті капиталдың азаюына апарушы активтердің шығып кетуі не болмаса таусылуы немесе міндеттемелердің көбеюі нысанында пайда болатын экономикалық пайданың есепті кезең ішіндегі азаюы.
