Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
001.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
66.03 Кб
Скачать

Мазмұны

КІРІСПЕ.......................................................................................................

  1. ҰЙЫМНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ ЕСЕБІ, АУДИТІНІҢ ТАЛДАУЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Ұйымның қаржылық нәтижелерінің есебі, аудиті және талдауы..............................................

1.2 Ұйымның қаржылық – шаруашылық іс - әрекеттерінің нәтижелері және қорытынды есеп элементтері............................

2 «СЕМЕЙ ЭЛЕКТРОСАНТЕХ МОНТАЖ» ЖШС ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ АУДИТТЕУ

    1. «Семей электро монтаж » АҚ-ның қаржылық жағдайының техника – экономикалық көрсеткіштері..............................................................

2.2 Кәсіпорында ішкі аудитті ұйымдастыру.............................................

2.3 «Семей электросантех монтаж» АҚ-де аудиттің жүргізілу тәртібі және оның маңыздылығы...............................................................................

3 ҰЙЫМНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖЕТІЛДІРУ БОЙЫНША ШАРАЛАР

    1. Қаржылық қорытынды есеп үшін бухгалтерлік есеп қағидаларын унификациялауға өтудегі халықаралық стандарттар........................

3.2 Халықаралық стандарттардағы қаржылық қорытынды есеп берудің концепциясына көшу жолдары ........................

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................................

КІРІСПЕ

Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге, оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.

Бүгінде бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең басты орын алады.Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді.

Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық- шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының типтік есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Есепке алынған ақпараттардың көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелердің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, ел экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық тетігінің бірі ретінде пайдаланады.

Экономикалық саласының мамандар, оның ішінде, бірінші кезекте, бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің барлық жүйесін жақсы білулері, оларды оңайлатуды қарастыру қажет, субъект қызметін бухгалтерлік және салықтық есепке алуды ұйымдастырудың ережелерін, нұсқауларын және басқа да нормативтік актілердің қатаң сақтаулары қажет.

Ішкі аудитін жүргізудің нормативті-құқықтық негіздемесі үшін кәсіпорынның ішкі аудиті туралы Ережемен бірге оны жүргізетін критерийлері мен концепциясын қамтамасыз ететін ішкі аудит стандарттарын құру қажет.

Ішкі аудитінің мақсаты салықтық есептіліктің оған деген барЛ талаптарға сәйкес дайындалғанына аудитордың өз көзқрасын білдіру мүмкіндігімен сипатталады.

Сапа менеджментінің ішкі аудитін жургізудің критерийлерін нақты анықтау үшін 4 негізгі стандартты ұсынамыз:

1) «Сапа менеджменті жүйесінің ішкі аудитінің жауапкершілігі»;

2) «Сапа менеджменті жүйесінің ішкі аудитін жоспарлау»;

3)«Сапа менеджменті жүйесінің ішкі аудитін жүргізудегі аудиторлық дәлелдемелер»;

4) «Сапа менеджменті жүйесінің ішкі аудитын аяқтау».

Осы стандарттар сапа менеджменті жүйесінің ішкі аудитін жүргізудің критерийлері мен концепцияларын қамтамасыз етеді.

Сапа менеджменті жүйесінің ішкі аудитінің негізгі принциптері:

• тәуелсіздік принципі;

• объективтілік принципі;

• кәсіби сәйкестілік принципі;

• құпиялылық принципі.

Жоғарыда аталған принциптердің әрқайсысы сапа менеджменті жүйесінің ішкі аудиті сипатын анықтайды. Ішкі және сыртқы аудит принциптерінде ұқсастық болғанымен бірқатар ерекшеліктері де бар. Ішкі аудит үшін тәуелсіздік принципі негізін қалаушы болса, сыртқы аудит үшін тәуелсіздік түсінігі салыстырмалы түрде болады.

Курстық жобаны орындаудағы мақсат: қаржылық есеп элементтерінің аудиті тақырыбы бойынша зерттеген отандық және шет елдік ғалымдардың еңбектерінен алған теориялық білімім мен тәжірибемді жинақтап, қорытқан ойымды сабақтап жеткізу.

Курстық жобаның міндеттері: жоғарыда аталған мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттер орындалуы тиіс:

-ішкі аудитті өткізу мақсаттары мен талаптарын анықтау;

- ішкі аудитті жоспарлау, ішкі аудиттер бағдарламасын зерттеу;

-ішкі аудит жүйесінің қарайтындарын анықтау;

- «Семей электро сантехмонтаж » АҚ ішкі аудиттің жүргізілуін ұйымдастыру және оның қорытындысын талдау осы жобаның міндеттері болып саналады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]