Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kniga_ispravlenny_variant.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.23 Mб
Скачать

2.5 Дақылдың суару мөлшері

Дақылдың суару мөлшері - бір гектар егістікке дақылды бір суарғанда берілетін ылғал көлемі.

Бұл көрсеткіш төмендегі формула арқылы анықталады:

, (2.27)

мұндағы: - топырақ қабатының көлемдік массасы немесе салмағы. Бұл құрғақ топырақтың бір текшеметр немесе бір текшесантиметр көлемінің салмағы, ол оның механикалық құрамымен байланысты. Бұл салмақ мөлшері көп жағдайда 1,3 – 1,6 т/м3 шамасында;

топырақтың белсенді қабаты. Аталған қабатта өсімдік тамырының негізгі (90 – 95%) құрамы орналасқан. Демек, суарудың басты мақсаты өсімдіктің осы негізгі тамырлары орналасқан топырақ қабатын ылғалмен қамтамасыз ету. Бұл көрсеткіш екі жағдайға байланысты анықталады. Біріншісі – дақылдың түріне сәйкес. Орта есеппен дәндік дақылдар (бидай, тары, сұлы т.б.) үшін топырақтың белсенді қабаты - 0,5 - 0,6м. Қант қызылшасы, мақта, жоңышқа үшін 0,7 – 0,9 м. Жеміс ағаштары өскен алқапта бұл көрсеткіш 1,2 – 1,5м.

Екіншісі - топырақтың белсенді қабаты дақылдың өсіп-өну дәуіріне сәйкес табылады. Дақылдың алғашқы өсу кезінде ол 0,2 - 0,3м болса, дақылдың жетіліп, пісу кезеңінде ол жоғары мәніне жетеді – 0,7 - 1,0м.

- топырақ қабатының ылғалды өзіне ұстап тұру мөлшерінің жоғарғы мәні. Бұл көрсеткіш негізінен топырақтың механикалық құрамымен байланысты анықталады. Осыған байланысты оның мәні саздақ топырақта жоғары, құмшауыт топырақтарда керісінше төмен. Сонымен бұл көрсеткіштің салмақтық дәрежедегі орташа мәндері 10 - 30℅.

- топырақ қабатындағы ылғалдың ең төменгі дәрежесі. Бұл көрсеткіш осы мәннен төмен болғанда өсімдік өзіне керек ылғалды қажетті мөлшерде ала алмайды. Сөйтіп оның жапырақтары сарғайып, сола бастайды. Бұл көрсеткіш арнайы тәжірибелермен анықталады. Орта есеппен оның дәрежесі төмендегідей:

βmin = (0,7 - 0,85)βmax , (2.28)

2.6 Дақылды суару саны мен мерзімдері

Әрбір дақыл үшін суару режимін есептеу суару саны мен олардың мерзімдерін анықтаумен аяқталады. Дақылдың суды тұтынуы «Е» болса, вегетациялық мерзім «Т» деп белгіленсе, дақылдың бір тәуліктік, немесе бір тәуліктік су тұтыну мөлшері « » төмендегідей анықталады:

ε = , (2.29)

Бүгін егістік « » мөлшерімен суарылған жағдайда, келесі суарымға дейінгі уақыт « » былай анықталады:

t = , (2.30)

Егер де суарылғаннан кейін егіске « » мөлшерде жаңбыр жауған жағдайда екі суарым арасындағы уақыт ұзарады:

t = , (2.31)

Жалпы вегетациялық кезеңдегі суару саны « » мына формуламен анықталады:

n = , (2.32)

Суару мерзімдері – бұл да өте маңызды көрсеткіш. Суару мерзімі өсімдіктің өсіп-өнуіне еш кедергі болмауы керек. Оны белгілеудің бірнеше түрі бар:

- өсімдіктің фаза көрсеткіші арқылы;

- өсімдіктің жапырағына қарап анықтау;

- алдын-ала жасалған график бойынша;

- ауа-райының температурасы арқылы;

- жапырақ шырыны арқылы;

- топырақ ылғалы арқылы.

Әрине бұлардың әрқайсысының өзіндік кемшілігі де, артықшылығы да бар. Бірақ осылардың ең дұрысы су мерзімін топырақтың ылғалдылығы арқылы табу болып саналады. Ондай анықтаудың әдісі төмендегідей.

Өсімдікті еккен күннен бастап әр 5-10 күнде арнайы бұрғышпен /мелиоративтік бур/ топырақтың 0 - 10, 10 - 20, 20 - 30...100 см-ге дейінгі деңгейінен топырақ үлгісін бюкске алады. Лабораторияда оны өлшеп, 8 - 10 сағат бойы С температурада кептіріп, қайта өлшеп топырақтың ылғалдылығын анықтайды.

Егер белсенді қабаттағы осы ылғалдылық 70 - 75% НВ-ға жақындаса, келесі күні сол жерді суару керек. Неғұрлым топырақтың үлгісін дұрыс алса, солғұрлым нәтиже оңды болады. Суару мерзімін өте көп созбай, тез арада бітіру керек. Шамамен айтқанда ол 4 күннен 12-15 күнге дейін болуы мүмкін. Суару мерзімін ұзартқанда сушылар саны азаяды, канал суға қатты толмай, жайбарақат жұмыс істейді, бірақ агротехникалық жағдайлар әлсіреуі мүмкін. Өйткені, дақылдар қажетті мерзімде суарылмайды.

Суару мерзімі азайған жағдайда, сушылар жұмысты тез арада орындап, каналдармен өте көп су жіберулері тиіс. Ол қауіпті, каналдарды су ағыны шайып кетуі мүмкін. Сондықтан суару мерзімін агротехникалық жұмыстарға ыңғайлы, сушылардың санын және берілген судың мөлшерін ескере отырып белгілеген жөн. Суарудың саны суару тәсіліне байланысты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]