Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kniga_ispravlenny_variant.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.23 Mб
Скачать

2.3 Егістіктің табиғи ылғалдылығы

Егіс аймағы табиғи ылғалдылығы үш бөліктен тұрады. Бірінші бөлікті дақылдың вегетациялық (өсіп - өну) кезінде жауатын жаңбыр мөлшері құрайды.

Бұл бөлік « » деп жазылады, мұндағы: - аталған кезеңде жауған жаңбыр мөлшері. Оны жақын жерде орналасқан гидрометеорологиялық станса мәліметтерінен алады немесе егіс алқабында тікелей өлшеулер жүргізіледі; - жауған жаңбырдың топыраққа сіңіп, соңынан дақылдың пайдаланған бөлігі. Бұл көрсеткіш мәні 0,3 – 0,7 шамасында болады. Демек, егіске жауған жаңбырдың 30-70 пайызын ғана өсімдік өзіне пайдаланады. Жауған жаңбырдың біршама бөлігі егістен тыс жерге ағып кетеді, тағы бір мөлшері ауаға буланады.

Екінші бөлік – егіс топырағында күзде, қыстың күні жиналған ылғал қоры (∆W):

W = W1 – W2, (2.23)

мұндағы: - топырақ қабатындағы күздің басындағы мөлшері ;

– топырақ қабатындағы көктемдегі ылғал мөлшері.

Үшінші бөлік - топырақтағы ыза суды дақылдың пайдалану мөлшері (Wгр):

Wгр = g E , (2.24)

мұндағы: Е - дақылдың суды тұтынуы;

g - ыза суды пайдалану коэффициенті, ол ыза су деңгейінің тереңдігіне байланысты анықталады. Осы жерде ескерілетін маңызды мәселе ыза судың минералдануы немесе оның құрамындағы тұздар мөлшері. Ыза су құрамында тұздар болмауы тиіс, болған жағдайда оның мөлшері судың бір литрінде 2 - 2,5 грамнан аспауы керек. Одан жоғары болса егіс топырағы сортаңданады.

2.4 Дақылдың маусымдық суару мөлшері

Бір гектар егістікке топырақтың есепті қабатындағы ылғалды реттеу мақсатында бүкіл вегетациялық мерзімде немесе дақылдың бір жаздағы өсіп - өну дәуірінде қолдап суару арқылы берілетін ылғал мөлшерін дақылдың маусымдық суару мөлшері дейді.

Табиғи ылғалдануы төмен немесе жауын-шашыны аз, қуаңшылық өңірлерде өсірілетін ауылшаруашылық дақылдары маусым бойында орта есеппен гектарына 2000-8000 м³ дейін суға тапшылығын көреді екен. Мысалы: Алматы облысы жағдайында қант қызылшасы маусым бойында табиғи ылғалдануға қоса бір гектарға 5000-7000 м³ су қажет етеді. Мұндай көлемді суды 1 га танапқа бір мезгілде берсе, жердің 5-7 метр тереңдігіне дейін сіңіп сақталуы қажет. Себебі ең белсенді, яғни «жұмысшы» тамырлар топырақтың тек 0,5-0,8 метр қабатында орналасады. Ал одан төмен қабаттарының пайдалы қасиеттері өте нашар немесе мүлдем сортаңдануға ұшырайды. Сондықтан көрсетілген көлемдегі суды дақылдың вегетациялық кезеңінде бірнеше рет бөліп-бөліп, яғни белсенді тамырлар ең көп орналасқан 0,5-0,8 метр қабатына шақтап берген әлдеқайда қолайлы және тиімді. Бұл ғылыми зерттеулермен әлдеқашан дәлелденген. Топырақтың осындай қабатын маңызды немесе есепті қабат деп атайды. Оның жер бетінен тереңдігі дақыл түріне және олардың даму фазаларына көп байланысты болады (кесте 2.2).

2.2 - кесте. Топырақтың суару арқылы ылғалдандырылатын

белсенді қабаттары

Дақылдың түрлері

Белсенді қабат тереңдігі, м

Дақылдың түрлері

Белсенді қабат тереңдігі, м

1. Астық тұқымдастар

0,4-0,6

5. Қияр, пияз және капуста

0,3-0,6

2. Қант қызылшасы

0,3-0,8

6. Картоп, томаттар

0,3-0,7

3. Жүгері

0,4-0,8

7. Жүзім және алма бақтар

0,7-1,2

4. Мақта

0,5-1,0

8. Көп жылдық шөптер

0,6-1,2

Көрсетілген мәліметтер суару тәсіліне, топырақтың нақты қалыңдығына байланысты өзгеруі мүмкін.

Маусымдық суару мөлшерін ауылшаруашылық дақылдарының дамуына қолайлы жағдайлар жасау мақсатында және де топырақта жүретін процесстерге тиімді әсер ету үшін топырақтың тамыр орналасқан қабатында қажетті ылғалды тұрақты ұстап тұратындай етіп анықтайды. Әдетте бұл оңтайлы ауа режимі мен микробиологиялық процесстердің жүруіне жақсы жағдайлар қамтамасыз ету үшін шекті далалық ылғалсыйымдылығының (ШДЫ) 60-90% шамасында болуы керек.

Дақылдардың вегетация кезеңінде топырақтың орташа ылғалдылық шамасын жоғарғы шектің мәніне жеткізсек, онда топырақтың қысқа мерзімді шылқып кетуіне, судың гравитациялық төмен тереңдік сүзілуіне, бұл судың шығынын көбейтіп, топырақтың құрамындағы құнарлы элементтердің шайылуына, сонымен қатар жер асты сулары деңгейінің көтерілуіне әкеліп соқтырады.

Ал вегетация кезеңіндегі топырақтың орташа ылғалдылық шамасын төменгі шекті мәніне жеткізсек, онда топырақтың қысқа мерзімді құрғауы қаупі туындап, тұздылығы жоғары жер асты сулары жер бетіне жақын жатқан жағдайда топырақтың тамыр орналасқан қабатына капиллярлар арқылы өтіп, топырақтың тұздануына себепкер болады.

Сондықтан да есепті қабаттағы топырақтың ылғалдылығы вегетация кезеңінде топырақтың ауа, қоректік, жылу, тұз режимдерімен байланыстырылып, және де шаруашылық және экономикалық жағдайларға қатысты реттеуді негіздеу керек.

Дақылдың маусымдық суару мөлшері вегетациялық кезеңдегі су тұтынудың жетіспеушілігін, яғни ауылшаруашылық дақылының су тұтыну мөлшері мен табиғи ылғал қажеттілік айырмасы болып табылады.

А.Н.Костяковтың ұсынысы бойынша бұл жетіспеушілікті вегетация кезеңіндегі есепті қабаттағы су тепе-теңдігі теңдеуімен анықтаймыз:

М = Е – (αР + ∆W + Wгр); (2.25)

Демек, дақылдың маусымдық суару мөлшерін анықтау үшін оның суды тұтынуынан егістің табиғи ылғалдылығын алып тастауымыз керек. Көп жағдайда дақылдың түріне байланысты және егіс алқабының ауа-райлық және топырақ мелиоративтік ерекшеліктеріне сәйкес маусымдық суару мөлшері 2000 - 7000м3/га аралығында болады.

Басқаша айтқанда, маусымдық суару нормасы (М) өсімдіктің маусымдық су тұтынуы (Е) мен судың табиғи жолмен (жауын-шашын, топырақ ылғалы және жер асты ыза суы) келу мөлшері айырмасына тең:

M = E – , м³/га (2.26)

мұндағы: E – маусымдық су тұтыну, м³/га;

- вегетация кезіндегі жауын-шашын пайдалану коэффициенті (0,6-0,8);

вегетация кезіндегі жауын-шашын мөлшері, мм;

және - ерте көктемде және вегетация соңында анықталған топырақ ылғалы қоры, м³/га;

- суару технологиясының пайдалы әсер коэффициенті (0,5 – 0,9).

Жоғарыда келтірілген формуладан және төмендегідей есептелінеді:

= 100.α.H. және = 100.α.H. , м³/га (2.27)

мұндағы: αтопырақтың көлемдік массасы, г/см;

Н – топырақтың есепке алынатын қабаты, м; (көкөністер мен картоп үшін – 0,4 - 0,6 см; астық және техникалық дақыл үшін – 0,6 - 0,8 см); және - топырақтың тұқым себердегі және вегетация соңындағы ылғалдылықтары, %.

Есеп шығару үшін қажетті мәнін тұқым себер алдында, ал мәнін егін жинар алдында электрлік ылғал өлшеуішпен немесе басқа да тиімді әдістермен анықтайды. - жер асты ыза суының тамыр орналасқан қабатына көтерілетін мөлшері, м³/га. Егер жер асты суы 3 метрден терең жатса, бұл көрсеткіш мәні ескерілмейді, өйткені ондай тереңдіктен өсімдік тамыры су пайдаланбайды.

Сонымен біз дақылдардың маусымдық қажетті су мөлшерін тамырдың өсу ыңғайына байланысты, вегетация кезеңінде бірнеше бөлектерге бөліп беру қажеттілігін түсіндік. Олай болса, дақыл үшін суару санын белгілеу қажет. Келесі мәселе сол суарулардың қай мерзімдерде жүргізілгендері дұрыс болады деген сұраққа тіреледі. Себебі өсімдіктер өздерінің әртүрлі даму фазаларында суды біркелкі қажетсінбейді.

Суару режимін өзгерте отырып, топырақтың су режимін және онымен тығыз байланысты ауа, қоректік, жылу, тұз және микробиологиялық режимдерін өсімдік талаптарына сәйкестендіруге болады.

Осылайша дақылдардың өсу және өнім пайда болу процесстерін реттеп басқаруға мүмкіндік туады. Бұл суармалы егіншіліктің суарылмайтын егіншіліктен негізгі артықшылығы болып табылады. Осыдан барып әр дақыл үшін, оның суару режимін алдын-ала белгілеу және орындау қажеттіліктері туындайды. /Голованов бойынша/.

Қазақстанның әртүрлі суару аймақтарына сәйкес негізгі дақылдардың маусымдық суару мөлшерлері 2.3-кестеде берілген.

2.3 – кесте. Суармалы егістігі дамыған облыстардағы негізгі дақылдардың

маусымдық суару мөлшерлері, м³/га

Облыстар

жылдар

Дақылдар

күздік бидай

қант қызылшасы

сүрлемдік жүгері

көп жылдық шөптер

Алматы

құрғақ

2250

4700

3450

5350

орташа

1500

3900

2650

4650

ылғал

1050

3300

2100

4000

Семей

құрғақ

2550

-

3400

5050

орташа

1650

-

2800

4050

ылғал

1250

-

2200

3300

Жамбыл

құрғақ

2650

5300

3450

6500

орташа

1300

4450

2550

5450

ылғал

1400

3900

2250

4600

Қызылорда

құрғақ

4200

-

6250

10000

орташа

3450

-

5350

9250

ылғал

2450

-

4750

8500

Оңтүстік Қазақстан

құрғақ

3200

5150

4400

7900

орташа

2450

4350

3500

6950

ылғал

1950

3800

3200

6050

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қант қызылшасы орнына мақтаның маусымдық суару нормасы берілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]