
- •1.1 Жерді мелиорациялаудың мақсаты
- •1.2 Суару мелиорациясының түрлері
- •1.3 Суармалы жерлердің қазіргі жағдайы мен келешегі
- •Мелиорацияның қоршаған ортаға әсері
- •Суарудың топыраққа, өсімдікке тигізетін әсері Егісті суарудың дақыл өнімі мен оның өсіп-өну жағдайларына әсері
- •1.6 Егіске берілетін судың сапасы
- •Бақылау сұрақтары:
- •2.1 Суару режимі туралы түсінік
- •2.2 Дақылдың суды тұтынуы
- •2.3 Егістіктің табиғи ылғалдылығы
- •2.4 Дақылдың маусымдық суару мөлшері
- •2.5 Дақылдың суару мөлшері
- •2.6 Дақылды суару саны мен мерзімдері
- •2.7 Дақылдың суару режимін а.Н.Костяковтың графо – аналитикалық әдісімен есептеу
- •2.8 Суару режимін а.М.Алпатьевтің биоклиматтық әдісімен есептеу
- •2.9.1 Ықшамдалған гидромодуль графигі
- •– Тарау. Суару әдісі мен тәсілдері
- •3.1 Суару әдісі туралы жалпы ұғым, оларды таңдау
- •3.2 Егістікті топырақ бетінен суару
- •Беткейлеп суару
- •3.2.1 Дақылдарды жүйекпен суару
- •3.2.2 Дақылды жүйекпен суару әдісінің көрсеткіштерін есептеу
- •3.2.3 Дақылдарды тақталап немесе беткейлеп суару әдісі
- •3.2.4 Дақылдарды көлдетіп суару
- •3.3 Егістікті жаңбырлатып суару
- •3.3.1 Жаңбырлатып суарудың артықшылықтары мен кемшіліктері
- •3.3.2 Жаңбыр қарқындылығы
- •3.3.3 Жаңбырлатқыш саптамалар
- •Сканеленгені нашар
- •3.3.4 Жаңбырлатқыш қондырғылар
- •3.3.6 «Дда – 100ма» жаңбырлатқыш машинасы
- •3.3.7 «Фрегат» жаңбырлатқыш машинасы
- •Дақылды топырақ ішімен суару
- •3.5 Дақылды тамшылатып суару
- •4.2 Күріштің биологиялық ерекшеліктері
- •4.3 Күріш суару жүйесі
- •4.4 Күріштің суару режимдері
- •4.5 Күріш дақылының маусымдық суару мөлшерін анықтау
- •5.1 Ашық суармалау желілері
- •5.2 Ашық каналдар түрлері
- •5.2.1 Егістік танабы ішіндегі суару жүйесі
- •5.2.2 Ашық суармалау желінің көрсеткіштерін есептеу
- •5.3 Суармалы желінің құбырлы, лотокті – астаулы түрлері
- •5.3 Суармалы желінің түрлері деп атаса дұрыс болар еді Лоток-науа деп аударылады
- •5.3.1 Суармалы желінің астаулы-лотокті түрі
- •Тапсырма үлгісі Бастапқы мәліметтер:
- •Дақылдардың суару режимін есептеу
- •1.1 Бір жылдық жоңышқа мен сүрлемдік жүгерінің а. М.Алпатьевтің биоклиматтық әдісімен суару режимдерін есептеу
- •Дәндік жүгері, екі жылдық жоңышқа мен судан шөбінің суару режимдерін а.Н.Костяковтың графоаналитикалық әдісімен есептеу
- •2. Гидромодуль графигін есептеу
- •3. Дақылды жүйекпен суару әдісінің көрсеткіштерін есептеу
- •Дақылдарды тақталап немесе беткейлеп суару әдісі
- •4.Ауыспалы егістегі каналдардың өтімділігін анықтау
- •Каналдың бойлық және көлденең қимасын жобалау
- •Пайлаланған әдебиеттер тізімі
Мелиорацияның қоршаған ортаға әсері
Адамзат өмірінің әлеуметтік және экономикалық жағдайын шешумен қатар, ғылыми тұрғыда дұрыс ұйымдастырылмаған жағдайда, мелиорацияның қоршаған ортаға тигізетін зиянды жағдайлары да бар. Мелиорация жұмыстарының әсерінен су балансы, топырақ құрамы, табиғи өсімдіктер, жан-жануарлар, ауа райы өзгеруі мүмкін. Мұндай әсерлер мелиорацияның түріне және оны қалай жүргізілгеніне байланысты болады.
Қазақстанда мелиорациялау жұмыстары 1960 жылдардан бастап дами бастады. Алғашқы жылдары мелиорация жұмыстары тез әрі көп жүргізіліп, көптеген жерлерге бетонды каналдар, су құбырлары, науалар салынды. Өзендерден су бейберекет, есепсіз алынды. Әр шаруашылық мемлекет жоспарын көп жағдайда өнім түсімін көбейту арқылы емес, егістік жер ауданын көбейту арқылы орындап отырды. Егістік жер ауданын көбейту қажетті судың көлемін де көбейтуге әкеп соқты.
Сонымен қатар әр шаруашылыққа қандай дақылдарды егу керектігін міндетті түрде жоғарыдан белгілеп отырды. Мысалы, Жамбыл облысына қант қызылшасы егілді. Бұл өлкеде ол дақыл әр гектарына 6000-6500 текше метр су қажет етеді. Ал өнімі болса, орташа есеппен алғанда 20-25 т/га болып отыр және әр тонна өнім алу үшін жұмсалған шығын өте жоғары. Ал Украина жерінде бұл дақыл 1-2 рет, болмаса суғарылмай-ақ 50-60 т/га өнім беріп, қанттылығы 20-22%-ке дейін барады. Ол бізге қарағанда 2 есе көп. Мұндай жағдайлар Сыр өңірінде де байқалып отыр. Осындай әкімшілік белгілеу салдарынан едәуір жерлерде су жетіспей, көптеген көлдер кеуіп, өзендер тартылып барады. Осылардың әсерінен шабындық, жайылым жерлер де азая түсуде.
Көп жағдайларда мелиоративтік жұмыстар табиғатқа бірден әсер етпей, көп жылдар өткен соң теріс әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан мелиоративтік жұмыстардың қоршаған ортаға тигізетін әсерін кеңінен және терең зерттеу қажет. Күрделі мелиоративтік құрылыстар салғанда, топырақтың құнарлы қабаты жойылады, көптеген жерлерге жанар-жағар май қалдықтары төгіліп, ластанды және құрылыс қалдықтары әр жерлерде шашылып қалады. Әсіресе, темір бетоннан салған каналдар бойында жерге көмілген темір бетон құрылыс материалдарының қалдықтары өте көп кездеседі. Табиғатты мұндай жолмен бұзып, қирату жауапсыздық болып табылады. Оған барынша тосқауыл қойылуы керек. Мелиоративтік жұмыстар әсер ететін жерлерді бес аймаққа бөлуге болады: біріншісі – мелиоративтік құрылыс орналасқан жер, яғни суарылатын жер ауданы; екіншісі – мелиоративтік құрылыс жүрген аймақтағы суарылмайтын жер; үшіншісі – суарылатын егістіктің жанында орналасқан жерлер; төртіншісі – суарылатын егістіктен едәуір қашық орналасқан жерлер; бесіншісі – осы жерлердің ауасы. Бұлардың шекарасын болжаммен белгілейді. Кейбір жағдайларда нақты белгілеуге де болады. Әр аймақта жүргізілетін табиғат қорғау жұмыстары осы мелиоративтік құрылыстың жобасында нақтылы көрсетілуі керек. Ыңғайы болса, мелиоративтік құрылыс жүрген жерлердегі кейбір орныққан объектілерді құртпай, оны демалыс орнына, аңшылық немесе әуесқой балық аулау орнына айналдырған өте тиімді болады.
Мелиоративтік жұмыс жүргізген кезде оның табиғатқа тигізетін әсерін әр нақтылы жағдайға байланысты үш бағытта қарастырған жөн: табиғат қандай бағытта өзгеріс алады; оның өзгеру жылдамдылығы қандай және өзгеру кезеңі қанша уақытқа созылады. Табиғат қорғау жолында маңызды нысандар: біріншісі – табиғи сулар (өзен, су қоймаларындағы су деңгейі, төгінді, кәріз сулары, суармалы жерге су алу режимдері); екіншісі – топырақ (оның құнарлылығы және тұз режимі). Одан соң ауа қабатын сақтау (физикалық және химиялық құрамы); балық өсіру-өндіру, өсімдіктер мен жан-жануарлардың өсіп-өну жағдайлары.