Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kniga_ispravlenny_variant.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.23 Mб
Скачать

4.4 Күріштің суару режимдері

Дақылдың суару режимдері егістік топырағының құрамына, ондағы тұздар мөлшеріне, атыз бетінің тегістігіне, дақылды өсіріп-өндіру технологиясына, суармалы жүйенің жағдайына, күріш сортына және қалыптасқан ауа райы жағдайларына байланысты анықталады. Осылардың арасында ең негізгісінің бірі - ол топырақ сортаңдығы. Топырақ сортаңдығы тұздар мөлшерімен айқындалады. Тұздар мөлшері топырақта 0,3-0,5% шамасында болса ол аз сортаңданған болып есептелінеді. Тұздар мөлшері 0,5-1,0 % аралығында болса топырақ орташа сортаңды. Тұздар мөлшері одан да жоғары жағдайда ол қатты сортаңданған болып есептелінеді.

Дақылдың төмендегідей төрт суару режимдері белгілі. Бірінші – тұрақты суға бастыру. Мұнда дақыл себілгеннен кейін бір-екі тәуліктен өткізбей атыз 8-10 см тереңдікте суға бастырылады. Осы деңгей күріш өсімдігі 2-3 жапырақ болған уақытқа дейін ұсталады. Бұл кезең күріштің күрмек және шиын тектес арамшөптерімен күресу мезгілімен қатар келеді. Арамшөптермен химиялық әдіспен күресу көп жағдайда тиімді. Химиялық әдісті қолдануға мүмкіншілік болмаған уақытта судың тереңдігін реттеу арқылы орындалады. Жоғарыда көрсетілгендей күріш 2-3 жапырақты болғанда атыздағы су деңгейі бірте- бірте көтеріледі. Мұндағы мақсат арамшөп жапырақтары судың астында қалуы. Әдетте күріш 2-3 жапырақты болғанда, күрмек пен шиын бір ғана жапырақты болады. Сондықтанда, су тереңдігі өсе берген сайын арамшөптер жапырағы су астында, ал күріш жапырақтары су бетінде болуы міндетті. Осы әдіс 6-7 тәулік ұсталады. Күнделікті күріш пен арамшөптер жағдайына бақылау жргізіледі. Арамшөп жапырағы қоңырланып, қарая бастаған мезгілде су деңгейі жайлап төмендетіледі. Әдетте бұл кезең күріштің түптеу дәуірімен ұштасып келеді. Сондықтан, осы уақытта 5-7 күнге атыздағы су қалыңдығы 5-6 см ден аспауы тиіс. Осылай болғанда су жылулығы көтеріліп, күріштің түптеуі қарқынды өтеді, бір түптен шыққан сабақтар саны көбейеді. Бұл, әрине өнімді өсіруге қолайлы әсерін тигізеді.

Күріш түптеп болғасын су деңгейі көбейтіліп, ол 12-15 см-ге жеткізіледі. Жапонияда орындалған арнаулы зерттеулерде анықталғандай күріш атызында су қалыңдығы 15 см болған жағдайда ең жоғары өнім алынған екен. Осы мөлшердей су деңгейі күріш дәні қамырлана бастаған мезгілге дейін ұсталады. Одан әрі атызға су беру тоқтатылады. Жиналған су жайлап топыраққа сіңе береді , су деңгейі төмендей береді. Күріш дәні толық камырланып болған уақытта атыз бетінде су қалмауы тиіс. Дән толық пісуі үшін әлі он күндей мерзім қажет. Осы он күнде өсімдік ылғалды батпақтанып тұрған топырақтан алады.

Дақылдың осы суару режимі топырақ сортаңдығы орташа немесе одан да жоғары болған жағдайларда қолданылады. Сортаңы аз болмаса тіпті жоқ атыздарда күріштің суару режимі мұнан сәл өзгешелеу. Бұл дақылды суарудың екінші түрі. Мұны қысқартылған суға бастыру деп атайды. Кез келген дақыл үшін өнімді өсірудің маңызды бір жолы – ол себілген дәннің шығымдылығын арттыру. Бұл күріш дақылы үшін өте күрделі. Себебі күріш суға бастырылып тұрады, содан ол оттегімен қамтамасыз етілуде кемшіндік көреді. Дақыды екінші түрмен суарудың борлық айырмашылығы күріш өсімдігі өніп шыққанға дейін орын алады. Сондықтан, атыз бастапқыда 10-12 см мөлшерде суға толтырылады. Одан соң су беру доғарылады. Берілген су бір жағы булану, екінші – топыраққа сіңу арқылы азая түседі. Төрт – бес күн өтісімен атыздағы су шалшықтанып тұрады. Осы кезең енді бөртіп келе жатқан күріш дәнінің тебендеп топырақ бетіне шыға бастауына қолайлы. Өйткені, атызда су жаңағы айтқандай шалшықтанып тұрса күріш дәні оттегіні кедергісіз мол алады. Соның арқасында күріш шығымдылығы арта түседі.Күріш тебендеп толық шыққасын атызда су қабаты жаңадан пайда болып, оның қалыңдығы 10-12 см-ге жеткізіледі. Одан әрі суару режим тұрақты суға бастыру түрімен бірдей болады.

Күріш дақылын суарудың үшінші түрі – үзіп – үзіп суға бастыру. Мұнда атыз алғашқы рет 10-12 см тереңдікте суға бастырылады. Алғашқы суға бастыру ұзақтығы жеті тәулік болуы мүмкін. Содан келесі жеті тәулік бойы атызға су мүлдем берілмейді. Үшінші жеті тәулікте атыз қайтадан суға бастырылады. Төртінші жеті тәулікте атызға су қайтадан берілмейді. Осы тәртіп дақыл піскенше жалғаса береді. Бұл әдістің басты мақсаты дақылдың маусымдық суару мөлшерін азайту. Дегенмен, мұнда дақыл өнімділігі төмен болады. Өйткені, дақылдың физиологиялық ерекшеліктеріне бұл суару әдісі көбінесе сәйкес келе бермейді.

Төртінші суару түрі – күрішті басқа дақылдар сияқты суару. Мұнда атызда су қабаты болмайды. Күріш басқа дақылдар – жүгері, жоңышқа, қант қызылшасы, мақта сияқты суарылады, ылғалданады. Бұл әдістің басты кемшілігі – егісте арамшөптер жиі өсіп кетуінде. Нәтижесінде дақыл өнімділігі күрт төмендейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]