Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kniga_ispravlenny_variant.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.23 Mб
Скачать

4.2 Күріштің биологиялық ерекшеліктері

Жарық режимі. Күріш – жарық сүйгіш дақыл, күн сәулесінің интенсивті болғанын талап етеді. Дақылға қолайлы жарық деңгейі – 40-60 мың люкс (лк). Күріштің өсу дәуірі (мамыр-тамыз айлары) кезінде Сыр өңіріндегі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы төмен – 29-37%, ал ең мөлшері 8-10%-ға дейін төмендейді. Жаз айының көпшілік күндерінде аспан бұлтсыз болып, ауа құрғақ әрі таза болады. Сондықтан да, күн сәулесі энергиясы ауа арқылы өткенде атмосферада қалып қоймайды, немесе шашырап, Ғарышқа кетпейді. Нәтижесінде күріш егісіне көп мөлшерде фотосинтетикалық белсенді радиация (ФБР) келіп түседі.

Өсімдіктердің күн сәулесі энергиясын қабылдап бойына сіңіруі жапырақ көлеміне байланысты. Сыр өңірінде аудандастырылған Кубань 3 сорты жапырағы көлемі 55-75 мың м²/га, ал жапырақ алаңы индексі (ЖАИ) -5,5-7,5 м²/м² болғанда болғанда ең жоғары өнім алынады. Оптимальды (үйлесімді) тығыз күріш егісі келіп түсетін радиацияның 60-90%-ың сіңіреді, 10-30%-ы ауаға кетеді, ал тек 5-10%-ы ғана егіс арасына өтіп, су мен топыраққа сіңеді. Егістікте қабылданған (сіңірілген) күн сәулесі радиациясының 80-90%-ы жапырақ арқылы қабылданады, ал қалған 1020%-ын сабақтар, масақтар және өсімдіктің басқа да мүшелері арқылы қабылдап бойына сіңіреді. Сонымен, күн сәулесі энергиясын көп мөлшерде қабылдайтын оптимальды жапырақ көлемі Кубань 3 сорты үшін 55-75 мың м²/га. Бұл деңгейге күріш дақылының егістегі қалыңдығы бір шаршы метр жерге 250-380 өсімдік, немесе 520-650 масақты сабақ болғанда жетеді.

Егіс сирек болып, жапырақ көлемі аз болған жағдайда фотосинтетикалық белсенді радиацияны (ФБР) қабылдау мөлшері төмендейді, өйткені күріш дақылының сирек егісі арасынан күн сәулесі радиациясы өтіп, суға, топыраққа сіңеді. Егістік өте қалың (тығыз) болған жағдайда өсімдіктердің бір-біріне көлеңкелеу және басқа да зиянды ценотикалық әсері күшейе түседі. Кейінгі аталған жағдайлардың бәрінде егістің дән өнімі төмендейді.

Температура режимі. Күріш – жылу сүйгіш дақыл. Арал өңірі жағдайында температура қосындысы (3200- ) ерте және орташа мерзімде пісетін сорттар өсіруге жеткілікті. Күріш өсімдігі өніп шыққан кезде және гүлдену кезінде температураға сезімтал, -0,5- С-та дақыл зақымданады.

Топырақтың үстіңгі қабатында температура +13- болғанда себуді бастауға болады. Осы температурадан төмен болса, тұқым баяу өніп өседі, көпшілігі шетінейді, немесе шықпай қалады, егіс сирек болады.

Тұқымның өніп шығуына ең қолайлы температура 22- . Осы температура жағдайында күріш көгі атыз суға бастырылғаннан кейін 10-12 күнде жаппай тебендеп шығады және шығымдылығы ең жоғары деңгейде болады.

Күріштің өсіп дамуына сәйкес дақылдың температураға талабы және сезімталдығы өзгереді. Мысалы, дақылдың түптенуі температураға көп байланысты, керекті ең төменгі биологиялық минимум +15- , ал қолайлысы +24- .

Сабақтану кезінде болашақ масақтағы дән саны анықталады және бұл кезеңде күріш температураға өте сезімтал. Осы кезеңде түптену буынына керекті қолайлы температура +19- . Ол үшін атыздағы су деңгейін 12-15 см-ге дейін уақытша көтеру керек, сонда жоғары өнімді, әрбір шаршы метр жерде 320-380 өсімдігі бар егістікте температураның (атыздағы су мен топырақта) қолайлы мөлшері 19- – қа жетеді. Сирек және орта өнімді егісте су деңгейін 15-17 см-ге дейін уақытша көтеру керек.

Күріш масақтанып, гүлдену кезінде салқын немесе өте ыстық температура болса, ол өзінің зиянды әсерін тигізіп, ұшық (семік) дәндер санын көбейтеді, ал ең қолайлысы (оптимум) 24- . Сүттеніп қамырлану кезінде дән дұрыс тлысып пәсіуі үшін оптимальды температура 26- .

Қазақстан – күріш өсіруші аудандардың ішіндегі ең солтүстік аймағы. Сондықтан, Арал өңірі жағдайында дақылдың өсу дәуірінің ұзақтығы күріш өнімділігін шектеуші факторлардың бірі. Республикамыздағы күріш өсіруші аймақтың топырақ-климат, күн сәулесі радиациясы мен жылу ресурстарына бейімделіп, өсіп-жетілуіне байланысты сорттардың өнім құрау мерзімі төмендегідей (6-кесте).

Қазақстанның күріш өсіруші аймақтарының ауа райы, температура ресурсы күріш егіншілігіне қолайлы. Мысалы, Алматы облысы Балқаш ауданындағы күріш өсіретін аймақта + С-тен жоғары жылы температураның жиынтығы С, Сыр өңіріндегі Жаңақорған-Шиеліде (бірінші аймақ) - С, Қызылорда массивінде (екінші аймақ) - С, Қазалыда (үшінші аймақ) - С, ал Шымкент облысының Шардара ауданында - С. Яғни, Іле өзені алқабында өте ерте, ерте және орташа мерзімде пісетін, Сыр өңірінде ерте және орташа мерзімде пісетін сорттар, ал Шардара массивінде орташа және кештеу мерзімде (121-125 күнде) пісетін күріш сорттарын өсіруге болады.

6-кесте. Күріш сорттарын пісу мерзімдеріне

байланысты топтастыру (Бәкірұлы, 2002)

Сорттар тобы

Күріштің өніп шыққаннан масақтану кезіне дейінгі күндер саны

Өсу дәуірі, күн есебімен

Дақылдың өсіп жетілуіне керекті жылу қосындысы,

Өте ерте пісетіндері

> 60

> 100

> 2500

Ерте пісетіндері

61 – 70

101 - 110

2500 – 2750

Орташа мерзімде пісетіндері

71 – 80

111 - 120

2750 – 2900

Кеш пісетіндері

81 – 85

121 – 125

2900 – 3000

Өте кеш пісетіндері

86 - 90

126 - 130

3000 - 3100

Суару режиміне талабы. Күріш суға бастырылған атыздарда өсетін гидрофиттік өсімдік. Атыздағы су өсімдіктің физиологиялық талабын орындаумен қатар егістегі микроклиматты өзгертіп реттейді: төменгі қабаттағы ауа ылғалдылығы жоғары болады, ал бұл күріш өсімдігінің транспирациясын азайтады. Сонымен бірге, тамыр жүйесінің жақсы өсіп дамуына әсер етіп, минералды элементтермен қоректенуін жақсартады. Топырақтың үстіңгі (0-15 см) қабатында жинақталған тұздар суға еріп, фильтрацияланған сумен бірге төменгі қабаттарға, сосын дренаж арықтарына өтіп, күріш ауыспалы егісі танаптарынан сырт жаққа ағызып әкетіледі. Яғни топырақ шайылып, тұздар мөлшері азаяды және де арамшөптермен күресуге қолайлы жағдай туындайды.

Күріш егісінің суару режимі себу әдісіне, тұқымның сіңіру тереңдігіне, топырақтың тұздануы және фильтрациялық қасиеттеріне, егістіктің арамшөптермен ластануына байланысты белгіленеді. Қазақстанның оңтүстігі жағдайында топырағы тұзданған атыздарды суға тұрақты бастыру, ал топырағы тұзданбаған атыздарда – қысқартылған суару режимі әдісі қолданылады.

Күріш дақылынан мол өнім алу үшін егістіктегі әрбір атыздарда оптимальды қалың (бір шаршы метр жерде 320-380) күріш көгін өсіру керек. Бұл өте жауапты кезең. Сырдария өзені суының құрамында минералды тұздардың көбеюіне және инженерлік жүйелерде топырақтың тұздануының күшеюіне байланысты күріш көгі тек су бастырылған атыздарда алынып жүр. Осыған сәйкес, тұқымның өніп, күріш көгінің тамырланып нығаюына жағдай жасап отырып, егістікте күрмек пен шиін арамшөптері көгінің өсуіне жол бермеу керек.

Қазақ күріш ғылыми зерттеу институтының зерттеулері бойынша Қызылорда облысы жағдайында күріш егісінің мелиоративтік суару мөлшері гектарына 18-22 мың м³. Нақты жұмсалынып жүрген суару мөлшері облыс бойынша гектарына 28 мың м³, кейбір шаруашылықтарда бұл көрсеткіш 26-30 мың м³-ге жетеді.

Топыраққа және қоректену элементтеріне талабы. Арал өңірінің күріш өсіруші алқаптарының топырағы негізінен шөл далалық (сұр топырақты тақыр және тақыр тәріздес) және гидроморфтық (аллювиальды-шалғынды, шалғынды-батпақты, батпақты) түрлеріне жатады. Олардың ішіндегі құнарлысы – аллювиальды-шалғынды, шалғынды-батпақты топырақтар. Тұздану типі – хлоридті-сульфатты, бір метр топырақ қабатындағы тұздар мөлшері құрғақ қалдық бойынша 0,882-1,816% және одан да жоғары. Жер асты суы тереңдігі 2-5 м. Топырақтың суды төмен өткізгіштік (фильтрациялау) қасиеті өте төмен. Атыз топырағына сумен көп мөлшерде ерітінді тұздар келеді.

Әрбір күріш өсіруші аймақтарда аталған топырақ түрлерінің бәрі де кездеседі және олардың табиғи құнарлығы төмен, құрылымы нашар, қара шірігі (гумус) аз, карбонатты, құрамында калий көп, ал азот аз, фосфор орташа немесе одан төмен мөлшерде бар. Сондықтан азот және фосфор тыңайтқыштарын N 120-180 және P 90-120 кг/га әсерлі зат (ә.з.) есебімен бірге беру күріш өнімін 2,3-2,5 есе, ал аталған тыңайтқыштар жеке-жеке берілгенде – 1,2-1,5 есе, тек калий тыңайтқышы енгізілгенде – 15-20% арттырады.

Жоғары өнім құрау үшін күріш топырақтан көп мөлшерде қоректік заттар (макро және микроэлементтер) алып бойына сіңіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]