Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kniga_ispravlenny_variant.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.23 Mб
Скачать

3.5 Дақылды тамшылатып суару

Суреттері берілсе дқрыс болар еді !!!!

1.Тамшылатып суарудың мәні, қолданылатын жағдайлары

Тамшылатып суару – дақылдың тамыры орналасқан топырақ қабатына ылғалды ұзақ мерзімде, жәйлап тамшылатып беру. Осының негізінде вегетациялық мерзімде топырақта тиімді ылғал режимі қамтамасыз етіледі. Тазартылған су арнайы құбырлармен түтікшелер арқылы өсіп тұрған әр дақылдың нақ түбіне, тамырына беріледі.

Бұл суару әдісі су тапшы аймақтарда жеміс ағаштарын, жүзімдіктерді және көк-өністі суарғанда қолданылаады. Мұнда берілген ылғал барынша дақылдың суды тұтынуына жұмсалады. Сондықтан, бұл әдісті қолданғанда су барынша үнемді жұмсалады, маусымдық суару мөлшері 50-75%-ға кемиді.

2.Тамшылатып суарудың тәртібі

Мұнда егіске су жиі беріледі. Сондықтан топырақ ылғалдығы қолайлы дәрежеде болады, оның ауытқуы аз болады. Бұл дақылдың өнімін өсіреді. Зерттеулерде анықталғандай құмшауыт топырақ жағдайында егіске су күнде беріледі. Ал саздақты топырақ жағдайында егіс аптасына екі мәрте суарылады.

Көп жағдайда егіс күнде бір рет суарылады. Мұнда бір тәуліктік суару мөлшері дақылдың бір күндік суды тұтыну мөлшері арқылы анықталады:

m = к р е ,

бұл формулада: к – суарып жатқанда ылғалдың булануға кететін мөлшерін ескеретін коэффициент; р - өсімдіктің тамыры айналасына жиналған тұздарды шаюға жұмсалатын ылғал мөлшерін есепке алатын коэффициент; е – дақылдың бір тәуліктік суды тұтыну мөлшері.

Сонымен, тәуліктік суару мөлшері белгілі. Алдын-ала егісте қандай жаңбырлтқыш түтігі қолданылатыны анықталады. Осы екі мәлімет негізінде жаңбырлатқыш түтіктің жұмыс істеу уақыты немесе суару мерзімі табылады.

3.Тамшылатып суару жүйесі

Тамшылатып суару жүйесі сорғыдан, сүзгіден, минералды тыңайтқышты қоса беретін қондырғыдан, суды жеткізуші, таратушы, ылғалдандырушы құбырлардан, жаңбырлатқыш түтіктерден құралады. Сонымен қатар бұл жүйеде судың өтімі мен қысымын өлшейтін су өлшеуіш пен манометрлер де болады.

Суды жеткізуші, таратушы, ылғалдандырушы құбырлардағы арын мөлшері 7-28 м шамасында болады.Олар жер бетінде, кішкене арықтарда емесе топырақ ішінде орналасады. Ылғалдандырушы құбырлар ара қашықтығы дақылдар қатарының қашықтығына сәйкес анықталады. Сондықтан, бұл мөлшер 0,8 ден 6-8 метрге дейін ауытқиды.

Жаңбырлатқыш түтіктер көбінесе пластмассадан жасалады, Олардың ылғал жіберетін қуысының диаметрі 0,3-2 мм. Судағы тасындылар құм немесе гравий сүзгілермен ұсталады. Осылар арқылы 10 микрон түйіршікті тасындылар ұсталады.

4.Тамшылатып суарудың артықшылықтары мен кемшіліктері

Артықшылықтары:

1.Ылғалдың мол үнемделуі;

2.Ылғал негізінен транспирацияға ғана жұмсалады;

3.Ылғал топыраққа төмен қарай сүзілмейді;

4.Арамшөп нашар өседі;

5.Тыңайтқыш молынан үнемделеді;

6.Ылғал-ауа режимдері мен қоректі режимдердің қолайлы болуы себебінен мұндағы дақылдың өнімділігі жаңбырлатып суарумен салыстырғанның өзінде 20-60 % жоғары.

Кемшіліктері:

1.Құбырлар мен жаңбырлатқыш түтіктердің тасындылармен, химиялық құрамалармен және балдырлармен бітеліп қалу қауыптілігі;

2.Егістің микроклиматын реттеу мүмкіншілігінің жоқтығы;

3.Егістікте дақыл түрі өзгергенде барлық жүйені де қайта салу қажеттілігі;

4.Суармалы жүйенің қымбаттылығы.

Бақылау сұрақтары:

1. Суару әдістерінің түрлері?

2. Егістікті топырақ бетінен суару әдістерінің міндеттері?

3. Егістікті топырақ бетінен суару әдістері қандай екі топқа бөлінеді?

4. Жүйектер ара қашықтығы қандай көрсеткіштерге байланысты анықталады?

5. Жүйекпен суарудың артықшылықтары?

6. Жүйекпен суарудың кемшіліктері?

7. Жүйекпен қандай дақылдар суарылады?

8. Жүйекпен су бергенде су арық табанында ғана жатады. Осыдан егіске қандай пайда?

9. Жүйекпен суару әдісін есептегенде қандай төрт маңызды көрсеткіштер анықталады?

10. Тақталап немесе беткейлеп әдісімен қандай дақылдар саурылады?

11. Тақта ені қандай санға қалдықсыз бөлінеді?

12. Тақталап суару әдісінің артықшылықтары?

13. Тақталап суару әдісінің кемшіліктері?

14. Көлдетіп суару әдісі қандай жағдайларда қолданылады?

15. Көлдетіп суару жер беті еңістігі және топырақтың суды сүзгіштігі қандай болғанда пайдалы?

16. Көлдетіп суарудың кемшіліктері?

17. Егісті жаңбырлатып суаруды қолдану жағдайлары?

18. Жаңбырлатып суарудың кемшіліктері?

19. Жаңбыр қарқындылығы нені көрсетеді?

20. Рұқсат етілген тиімді жаңбыр қарқындылығы қандай жағдайларға байланысты анықталады?ЕТР

4 – тарау. Күріш суару жүйесі.

4.1 Күріш дақылын өсіру

Күріш - бағалы дәнді дақыл. Бұл дақыл өзінің өсіп-өнуіне ерекше жағдайларды талап етеді. Ол үшін мол жылулық пен көп су мөлшері қажет. Бұған қосымша ол саздақты топырақты қалайды, өйткені мұнда судың төмен қарай сүзілу мөлшері аз. Сондықтан бұл дақыл негізінен Қызылорда облысында өсіріледі. Казір мұнда дақыл 72-75 мың гектар көлемінде өсіріледі. Шамалы көлемде бұл дақыл Алматы және Оңтүстік-Қазақстан облыстарында өндіріледі.

Дақылдың тағамдық қасиеті жоғары да маңызды. Сондықтан, еліміздегі осы дақыл өніміне деген сұранысты өзіміздің қанағаттандыруға толық мүмкіншілік бар. Ол үшін Қызылорда облысында орналасқан инженерлік жүйедегі күріш суармалы алқаптарды өз қалпына келтіру жұмыстары қолға алынуы қажет. Бүгінгі күні осы алқаптардың мелиоративтік жағдайы нашарлаған, суармалы жүйенің негізгі құрамдас бөліктері тозып, нашарлаған, атыздар бетінің тегістігі талаптқа сәйкес емес. Осыған байланысты күріш егісінде су шығыны мол. Казір дақылдың маусымдық суару мөлшері 25-28 мың текшеметрге тең. Бұл өте көп. Оны төмендету үшін суармалы жүйе жөнделіп бұрынғы қалпына келуі тиіс. Сонымен бірге дақылдың соңғы кезде осы өңірде қалыптасқан күрделі экологияық және топырақ-мелиоративтік жағдайларға сәйкес күріштің экологиялық тиімді суару режимдері зерттеліп, анықталуы тиіс.Осы суару режимдері өңірдің барлық ірі суармалы алқаптары үшін өз алдына бөлек анықталуы міндетті.

Осы жұмыстар ойдағыдай орындалатын болса Қызылорда облысында күріш дақылын 80-85 мың гектар көлемде өсіруге болады. Сөйтіп, бүкіл елді өз күрішімізбен қамтамасыз етуге жол ашылады. Сонымен бірге Сыр өңірі егіншаруашылығы саласы бой көтеріп, өркендей түсер еді. Бұл, осы өңірдің күріш дақылын өндірудегі егіншілер мен мамандарының бұрыннан қалыптасқан жоғары қабілеті мен біліктілігін солайым бүкіл ел үшін нәтижелі пайдалануды жолға қояр еді.

Күріш – жер бетіндегі ең өнімді әрі маңызды дақылдардың бірі. Әлемдегі барлық адамзаттың жартысынан көбі күріш дәнін тамақ ретінде пайдаланады. Соның ішінде, Азия тұрғындарының 80%-ның ең маңызды тағамы болып саналады. 2015 жылы әлемнің 4,6 млрд. халқының негізгі азығы және олардың өсіп өркендеуі күрішке байланысты болуы мүмкін. Өсіру технологиясының әртүрлілігіне қарамастан күріш әлемдегі ең өнімді злак текті дақылдардың бірі. Агротехникасы реттелген жағдайда өсірілетіндіктен бұл дақыл өнімділігін көп мөлшерде арттыруға болады. Өнімділік гектарына 80-110 ц/га және одан жоғары болғанда әлем халықтарының 80-90%-ын күріш астығымен қамтамасыз етуге болады. Сонымен бірге күріш крахмалы, майы, майда дәні, кебегі, сабаны т.б. қалдықтары азықтық, мал азықтық және техникалық мақсатта пайдаланылады.

Азия құрылығында өндірілген күріштің 90%-ы осы құрылықтағы ірі мемлекеттер үлесінде. Ал, Қазақстан 2002 жылы Азиядағы өндірілген барлық жалпы күріш өнімінің тек 0,05%-ын (199,0 тонна) өңдеп шығарды. Осыған қарамастан, біздің ел күріші Түркменстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстанға экспортқа шығарылады.

Республикамыздағы суармалы жерлерде өсірілетін негізгі дақылдардың бірі – күріш. Өнімділігі және халық шаруашылығына пайдалылығы жағынан дәнді (бидай, арпа, сұлы) және техникалық (мақта, қант қызылшасы) дақылдарынан кем түспейді. Күріш егіншілігі Сырдария және Іле мен Қаратал өзендерінің бойындағы алқаптарда орналасқан. Бұл өлкелердің топырақ-мелиоративтік және агроэкологиялық жағдайы күріш егісінен мол өнім алуға қолайлы.

30 жылдан астам уақыт ішінде әлемде, ТМД елдерінде, Қазақстанда күріш шаруашылығын дамытуда үлкен жетістіктерге жетті. Товарлы күріш егіншілігі дамып қалыптасты (1966-1990 жж.). Бұл кезеңде инженерлік күріш жүйесі салынып, ауыспалы егіс игерілді. Егіске жеткілікті мөлшерде тыңайтқыштар беріліп, арамшөптер, аурулар және зиянкестермен күресу үшін гербицидтер, улы химикаттар пайдаланылды, дақылды өсіру жұмыстары толық механикаландырылып, күріш егіншілігі интенсивтендірілді. Жоғары өнімді сорттарды өндіріске енгізу және интенсивті технологияны қолдану нәтижесінде күріш өнімі 1965-1966 жылдардағы 25-27 ц/га деңгейінен 1985-1990 жылдары гектарына 55 центнерге дейін жетті. Бірақ, кейінгі кезеңде, 1990 жылмен салыстырғанда еліміздегі күріш алқаптарының көлемі 1,6 есе қысқартылды, ал гектар өнімділігі Қытай, Жапония мемелекеттеріндегі өнімділікпен салыстырғанда 1,5 еседей төмен.

Қазақстанда күріш егіншілігі екі оазисте шоғырланған, олар: Іле мен Қаратал өзендері алқабы және Сыр өңірі, Қызылорда мен Шымкент облыстары территориясында.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]