- •1.1 Жерді мелиорациялаудың мақсаты
- •1.2 Суару мелиорациясының түрлері
- •1.3 Суармалы жерлердің қазіргі жағдайы мен келешегі
- •Мелиорацияның қоршаған ортаға әсері
- •Суарудың топыраққа, өсімдікке тигізетін әсері Егісті суарудың дақыл өнімі мен оның өсіп-өну жағдайларына әсері
- •1.6 Егіске берілетін судың сапасы
- •Бақылау сұрақтары:
- •2.1 Суару режимі туралы түсінік
- •2.2 Дақылдың суды тұтынуы
- •2.3 Егістіктің табиғи ылғалдылығы
- •2.4 Дақылдың маусымдық суару мөлшері
- •2.5 Дақылдың суару мөлшері
- •2.6 Дақылды суару саны мен мерзімдері
- •2.7 Дақылдың суару режимін а.Н.Костяковтың графо – аналитикалық әдісімен есептеу
- •2.8 Суару режимін а.М.Алпатьевтің биоклиматтық әдісімен есептеу
- •2.9.1 Ықшамдалған гидромодуль графигі
- •– Тарау. Суару әдісі мен тәсілдері
- •3.1 Суару әдісі туралы жалпы ұғым, оларды таңдау
- •3.2 Егістікті топырақ бетінен суару
- •Беткейлеп суару
- •3.2.1 Дақылдарды жүйекпен суару
- •3.2.2 Дақылды жүйекпен суару әдісінің көрсеткіштерін есептеу
- •3.2.3 Дақылдарды тақталап немесе беткейлеп суару әдісі
- •3.2.4 Дақылдарды көлдетіп суару
- •3.3 Егістікті жаңбырлатып суару
- •3.3.1 Жаңбырлатып суарудың артықшылықтары мен кемшіліктері
- •3.3.2 Жаңбыр қарқындылығы
- •3.3.3 Жаңбырлатқыш саптамалар
- •Сканеленгені нашар
- •3.3.4 Жаңбырлатқыш қондырғылар
- •3.3.6 «Дда – 100ма» жаңбырлатқыш машинасы
- •3.3.7 «Фрегат» жаңбырлатқыш машинасы
- •Дақылды топырақ ішімен суару
- •3.5 Дақылды тамшылатып суару
- •4.2 Күріштің биологиялық ерекшеліктері
- •4.3 Күріш суару жүйесі
- •4.4 Күріштің суару режимдері
- •4.5 Күріш дақылының маусымдық суару мөлшерін анықтау
- •5.1 Ашық суармалау желілері
- •5.2 Ашық каналдар түрлері
- •5.2.1 Егістік танабы ішіндегі суару жүйесі
- •5.2.2 Ашық суармалау желінің көрсеткіштерін есептеу
- •5.3 Суармалы желінің құбырлы, лотокті – астаулы түрлері
- •5.3 Суармалы желінің түрлері деп атаса дұрыс болар еді Лоток-науа деп аударылады
- •5.3.1 Суармалы желінің астаулы-лотокті түрі
- •Тапсырма үлгісі Бастапқы мәліметтер:
- •Дақылдардың суару режимін есептеу
- •1.1 Бір жылдық жоңышқа мен сүрлемдік жүгерінің а. М.Алпатьевтің биоклиматтық әдісімен суару режимдерін есептеу
- •Дәндік жүгері, екі жылдық жоңышқа мен судан шөбінің суару режимдерін а.Н.Костяковтың графоаналитикалық әдісімен есептеу
- •2. Гидромодуль графигін есептеу
- •3. Дақылды жүйекпен суару әдісінің көрсеткіштерін есептеу
- •Дақылдарды тақталап немесе беткейлеп суару әдісі
- •4.Ауыспалы егістегі каналдардың өтімділігін анықтау
- •Каналдың бойлық және көлденең қимасын жобалау
- •Пайлаланған әдебиеттер тізімі
Дақылды топырақ ішімен суару
3.4.1. Дақылды топырақ ішімен суарудың құбырлы түрі
Бұл әдісте топырақ қабатында шағын диаметрлі құбырлар орналастырылады. Әдетте ол құбырлардың диаметрі 30-50 мм-ден аспайды. Олар 40-45 см тереңдікте орнығады. Су оларға оқ арықтардан жеткізіледі.Оқ арықтағы су деңгейі ылғалдандырушы құбырлардан 20-30 см ұсталады. Құбырларда тесіктер болады, олар бір- бірімен түйіскенде шағын ( 1-3 мм ) қуыстар қалады. Сондықтан құбырға толған су жаңағы қуыстар мен тесіктер арқылы топырақ қабатына өтіп, оны ылғалдандырады. Қатар орналасқан екі құбырдың ара қашықтығы шамамен 1-2 м болады.
Бұл суару әдісінің негізгі кемшілігі оның қаржыны мол керек қылуында. Себебі егісте әрбір 1,5-2,0 м қашықтықта орналасқан құбырлар салу қажет. Сондықтан бұл суару әдісін арзандату , тиімді ету жолы – ол құбырлар ара қашықтығын барынша көбейту. Осы әдісті күрт арзандатудың жолы топырақ ішінде диаметрі 5-15 см үңгілер жасау. Ол үшін тактор соңына 40 см тереңдікке баратын пышақ жалғасады. Пышақ соңына диаметрі 5-15 см бір үші дөңгелене өңделген темір цилиндр жалғасады. Егісте трактор жүріп өткесін соңында 40-45 см тереңдікте 5-15 см диаметрлі үңгі қалады. Сол үңгілер суға толғасын айналасындағы топырақта ылғалданады. Бұл қолдан жасалған үңгілер, әрине, уақытша ғана жұмыс атқарады, өйткені бір –екі суарымнан кейін үңгілер босап, құлайды. Олардың жұмыс атқару мерзімі топырақ құрамына байланысты. Саздақты топырақта үңгілер ұзақ сақталады, ал жеңіл топырақта олар аз уақыт пайдаланылады. Сондықтан, бұл үңгілер жаз бойы 2-3 мәрте жаңадан тартылуы мүмкін.
Суреттері берілсе дқрыс болар еді !!!!
Ыза су деңгейін реттеу арқылы
топырақ ішін ылғалдандыру
Бұл әдістің мағынасы егісте ашық каналдар немесе жабық құбырлар арқылы ыза сулар мөлшері толтырылады. Зерттеулерде анықталғандай орташа саздақты топырақтарда ыза су деңгейі 0,5-0,75 м шамасында болса дақылдар өнімі жоғары болады екен. Құмшауытты топырақта бұл деңгей 0,45-0,6 м тең болады.Осы көрсетілген мөлшерден ыза су деңгейі жоғары тұрса дақылдар ылғалдың молынан зиян шегеді. Ыза су деңгейі одан төмен жатса өсімдікке ылғал жетіспейді.
Дақылдар өсіп, жетілген сайын ыза судың тиімді тереңдігі біршама көбейеді. Ыза су деңгейін толықтыратын су таяз уақытша арықтармен болмаса тұрақты терең каналдармен беріледі. Мұнда тұрақты терең каналдар мен құбырлар егістікте кәріздік міндетті де атқаруы мүмкін.
Топырақ ішімен суарудың
артықшылықтары мен кемшіліктері
а) суару әдісінің артықшылықтары
- топырақ қабаты ауа режимі тиімді, сондықтан микробиологиялық процестер белсенді жүреді;
- топырақ беті қатпайды.Бұл дақыл күтімін жақсарту жұмыстарын жеңілдетеді;
-топырақтағы қоректі заттар төмен қарай сумен аз шайылады;
-топырақ бетінен ылғалдың булануы азаяды;
-егістікте жүйек, тақталар, уақытша суармалау желісін жүгізудің қажеттілігі болмайды;
-топырақ сортаңдануының қауыптілігі азаяды;
-ауылшаруашылық жұмыстарын толық механизациялау, суару жұмыстарын автоматтандыруға жол ашылады;
-жер бетімен және жаңбырлатып суарумен салыстырғанда дақыл өнімділігі жоғары.
б) суару әдісінің кемшіліктері
- топырақтың беткі ( 0-10 см ) қабаты нашар ылғалданады;
- себілген дақыл дәнін өндіріп, жақсы шығым алу үшін егісті алғашқы рет жер бетімен суару қажет;
- жеңіл топырақты егістікте берілген ылғалдың көп мөлшері төмен сіңіп кетіп, су шығынын көбейтуы мүмкін;
- суару жүйесінің қиындығы мен күрделілігі;
- суару әдісінің қымбаттылығы.
