Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kniga_ispravlenny_variant.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.23 Mб
Скачать

3.3.2 Жаңбыр қарқындылығы

Жаңбырлатқыш қондырғының жаңбыр қарқындылығы дегені егістік бетіне бір минөтте түсетін жаңбырдың қабаты. Осы маңызды көрсеткіш егістік топырағының ылғалды өзіне сіңіру жылдамдығымен үйлесімде болуы қажет.

Егісте жаңбырлатқыш қондырғы қажетті суару мөлшерін беріп болғанша топырақ бетіне су жиналуы немесе су басқа жаққа ағып кетуі болмауы қажет. Әрбір егістік үшін рұқсат етілген тиімді жаңбыр қарқындылығы топырақтың механикалық құрамына, жер бетінің еңістігіне, топырақ бетінің жағдайына, жаңбыр сапасына байланысты анықталады.5-6бет

3.3.3 Жаңбырлатқыш саптамалар

Құбырмен ағып келген суды тамшыларға бөліп жаңбырға айналдыратын бөлікті жаңбырлатқыш саптамалар деп атайды. Саптамалардың үш түрі бар. Бірінші - қысқа сорғалатқыш саптама - арын мөлшері – 10 -20м. Екінші – орташа сорғалатқыш саптама - арын мөлшері 20 -40м. Үшінші - қашыққа сорғалатқыш саптама - арын мөлшері 40м – ден жоғары.

Дефлекторлы саптама

Сканеленгені нашар

3.3.4 Жаңбырлатқыш қондырғылар

Орта ағынды жаңбырлатқыш қондырғы «УДС – 25»

Бұл қондырғы екі жаңбырлатқыш қанаттан тұрады. Әрбір қанат ұзындығы 130м. Жаңбырлатқыш қанаттар суды жабық, қысымды құбырдан ұзындығы 55м қосымша құбыр арқылы алады. Барлық құбыр ұзындығы 5м диаметрі 110мм дюралюминиден жасалған трубалардан жиналады. Трубалар арнайы тетік арқылы бір – бірімен тез қосылады және жылдам ағытылады.

Қондырғы көрсеткіштері:

Су өтімі – 27,3 л/с

Су арыны – 40м

Жаңбыр қарқындылығы – 0,4 мм/мин

Суарылатын егіс көлемі 25-30га

Суару мөлшері 30 мм болғанда бір сағат жұмыс атқарғанда қондырғы 0,3 гектар егісті суарады

Қондырғының сағаттық, ауысымдық және тәуіліктік өнімділігі төмендегі формуламен табылады:

мұндағы: қондырғы су өтімі, қондырғының жұмыс уақыты – 1 сағат, 8 сағат, 24 сағат; жұмыс уақытын пайдалану коэффициенті:

суару мөлшері; суару кезінде ылғалдың ауаға булануы – 0,90.

3.3.6 «Дда – 100ма» жаңбырлатқыш машинасы

Бұл машина бұрынғы ДТ – 75 тракторынынң жаңа түрінен, сорғыдан, каналда жүзіп жүретін клапаннан, тыңайтқыш араластырып беруші бактан, орталық бөліктен, екі консольді фермадан тұрады. Фермада 52 дефлекторлы және екі орта ағынды жаңбырлатқыш саптамалар орналасқан.

Жаңбырлатқыш машинаның көрсеткіштері

Су өтімі – 130л/с

Арыны – 37м

Каналдар ара қашықтығы – 120м

Трактор жылдамдығы:

алға қарай – 1,03км/сағ.

артқа қарай – 0,575км/сағ.

1 сағат таза жұмыста

мөлшермен суарылатын егіс

көлемі – 1,6 га

Қызметшілер саны - 1адам

Машина ұзындығы – 110,3м

Осы машина бір жүріп өткенде егіске берілетін су қабаты мына формуламен анықталады:

,

мұнда су өтімі; бір уақытта ылғаданып жатқан жолақтың ұзындығы; машина жылдамдығы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]