Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kniga_ispravlenny_variant.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.23 Mб
Скачать

3.2.3 Дақылдарды тақталап немесе беткейлеп суару әдісі

Бұл әдіспен негізінен тар қатарлы себілетін дақылдар – барлық дәндік дақылдар және шөптер – жоңышқа, түйе жоңышқа, беде (клевер) суарылады.

Егістікте белгілі бір қашықтықта топырақтан кішкене үйінділер (валиктер) жасалады. Олардың биіктігі 12 - 18см. Ал ара қашықтығы тақтаның көлденеңгі еңістігімен анықталады. Тақталардың ені 3,6; 7,2; 10,8м одан көп болуы мүмкін. Бұл көрсеткіш дән себетін агрегаттық жауып өтетін еніне (3,6м) еселі болуы керек немесе оған қалдықсыз бөлінуі тиіс.

Бұл әдісті қолдану егістік беттері еңістігі 0,002 – 0,010 аралығында болғанда қолдайлы.

Егістік еңістігіне және топырақтың механикалық құрамына сәйкес тақта ұзындығы 80-100м (құмшауытты топырақ), 400-500м (саздақты топырақтар) болуы мүмкін.

Бір тақтаға берілетін су өтімі төмендегі формуламен анықталады:

,

мұндағы: тақтаның ені; тақтаның бір метр еніне берілетін су өтімі. Бұл көрсеткіш аралығында болады. Тақтамен суарғанда жүйекпен суару әдісімен салыстырғанда сушы анағұрлым жоғары су өтімімен жұмыс атқарады. Сондықтан осы әдісті қолданғанда сушының еңбек өнімділігі жоғары. Бұл осы әдістің басты артықшылығы.

Басты кемшіліктері екеу. Біріншісі - тақтаның ұзына бойы топырақтың ылғалдануы біртегіс емес. Тақтаның басында топырақ артығымен ылғалданады. Тақтаның аяқ жағы толық, қажетті мөлшерде ылғалданбайды. Екіншісі - тақтаның бас жағынан жылжып келе жатқан су қабаты қалың болуынан судың жылжу жылдамдығы жоғары болады. Осының себебінен жоғары жақтағы топырақ түйіршіктері сумен бірге ілесуі мүмкін. Тақтаның аяқ жағында су қабаты жұқарады, оның жылдамдығы да төмен. Сондықтан жоғары жақтан шайылып бірге келген топырақ осы төменгі жаққа келіп шөгіп қалады. Бұл егістіктің әр жерінің құнарлылығының ала – құлалығына себеп болады. Мұны ирригациялық эрозия деп атайды.

Тақтамен немесе беткейлеп суару әдісі

көрсеткіштерін есептеу

Есептеу алдында белгілі көрсеткіштерді анықтаймыз. Осыған байланысты тақталар ұзындығын қабылдаймыз. Бұл әдіспен жоңышқа мен бидай суарылады.

Тақтаның суару ұзақтығын анықтаймыз.

Тақтаның бір метр еніне берілетін су өтімі

3.2.4 Дақылдарды көлдетіп суару

Бұл әдіспен ерте заманнан күріш дақылын суарады. Сонымен қатар бұл әдісті топырақтың тұзын шайғанда қолданады. Көктемде қыраттағы еріген қардың суымен көлтабандарды да осы әдіспен суарады.

Осы әдісті көбінесе еңістігі өте аз алқаптарда қолданады ( ). Сонымен қатар топырақтың суды сүзгіштігі нашар болуы тиіс. Судың деңгейін реттеу үшін ауданы 2-4 гектар, ал өте тегіс алқаптарда көлемі 20-25 гектарға жуық атыздар соғылады. Атыздар бір – бірінен биіктігі 0,5м топырақ үйінділерімен (валиктермен) бөлінеді.

Бұл әдістің артықшылықтарының бірі – мұнда сушының еңбек өнімділігі жоғары. Сушы жаз бойы 20-50 гектар егісті суарып, күтіп-баптай алады. Атыздағы су қалыңдығы 10-20см болғандықтан мұнда топыраққа су молынан сүзіледі. Соған байланысты суару мөлшері 1500- 3000м3/га жетуі мүмкін. Тегістігі нашар учаскелерде бұл мөлшер 6000м3/га дейін өседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]