Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kniga_ispravlenny_variant.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.23 Mб
Скачать

3.2.1 Дақылдарды жүйекпен суару

Жүйекпен негізінен отамалы дақылдар - жүгері, мақта, қант қызылшасы, картоп, көкөністік дақылдар, жеміс ағаштары мен жүзімдіктер суарылады. Бұл үшін суарым алдында егістікте жүйектер жасалады.

Жүйектер ара қашықтығы екі жағдайға сәйкес анықталады: 1) дақылдың түріне сәйкес; 2) топырақтың механикалық құрамына байланысты.

Егістіктің еңістігіне, топырақтың түріне , жүйектер ара қашықтығына байланысты жүйектер қысқа (60 -80м) немесе ұзын (450 – 500м) болады. Әрбір жүйекке бір секундте берілетін су өтімі 0,1 ден 2-3 литрге өсуі мүмкін. Бұл суару әдісі егістік еңістігі 0,001 – 0,03 аралығында болған жағдайда қолданылады.

Егістік еңістігіне сәйкес жүйекпен суарудың төмендегідей түрлері болады.

1. Жер беті еңістігі 0,002 төмен. Мұнда жүйектер терең жасалады. Суарғанда олар сумен ұзына бойы бір тереңдікте толтырылады. Жүйек суға толған соң оның сағасы жабылады. Жүйекке келген су бірте – бірте топыраққа сіңіріледі.

2. Егістік бойының еңістігі орташа – 0,002 – 0,004 аралығында. Мұнда жүйек сағасы су деңгейі әлі жүйектің аяғына жете қоймаған уақытта жабылады. Жүйектің аяқ жағы жоғарыдан ағып келген су мөлшерімен ылғалданады.

3. Алқап еңістігі 0,004-тен жоғары. Мұнда жүйектің аяғы ашық тұрады. Жүйекке ұзына бойы сіңіп үлгермеген ылғал мөлшері жүйек соңымен қосылған қашыртқы каналдарына түсіп ағып кетеді. Судың бұл мөлшері одан әрі төмен орналасқан егіс алқаптарын ( учаскелерін) суаруға пайдаланылады.

Жүйекпен суарудың артықшылықтары: 1) топырақ қабаты терең ылғалдандады; 2) топырақ құрылымы (структурасы) сақталады; 3) егістікке мөлшері төмен (500-600 м3/га) суарымдарды беру мүмкіншілігі.

Жүйекпен суарудың кемшіліктері: 1) жүйектің ұзына бойы топырақты біркелкі немесе бір мөлшерде ылғалдандырмау; 2) еңбек өнімділігі төмен – бір сушы бір ауысымда 0,2 - 0,4 гектар егістікті ғана суара алады; 3) суару мөлшері аз (300-400 м3/га) суарымдарды беру мүмкіндігі жоқ.

3.2.2 Дақылды жүйекпен суару әдісінің көрсеткіштерін есептеу

Алдымен есепті бастау үшін белгілі мәліметтер мен көрсеткіштерді анықтап алу қажет. Жүйекпен суару әдісі барынша егістік аймақ еңістігі 0,001 – 0,03 болған жағдайда тиімді қолданылады.

Біз талдап отырған мысалда 0,002 тең. Топырақтың өзіне суды сіңіруін « » көрсеткіші айқындайды. Көп жағдайда бұл көрсеткіш 0,2 - 0,8 аралығында жатады. Бізде орын алып отырған топырақ түріне сай бұл көрсеткіш мөлшерін деп қабылдадық.

Келесі белгілі көрсеткіш жүйектің кедір – бұдырлық коэффициенті. Бұл мөлшерсіз көрсеткіш. Кішкене артықтармен жүйектер үшін бұл көрсеткішті мөлшерінде алуға болады. Сонымен қатар бірінші бірлік уақытының соңындағы топыраққа судың сіңірілу жылдамдығы да белгілі «( )». . Сонымен алдын–ала белгілі көрсеткіштер:

Жүйектің табаны 5см тең қабылданады. Әдетте жүйектің суға толуы (0,33 – 0,25) мөлшерде болады. жүйектің тереңдігі. Жүйектің тереңдігі 12 – 25см.

Жоғарыда көрсетілгендей жүйек суға шамалы ( ) толып тұрғанда жүйектің суға толып кетіп, егістіктің суға бастырылып кетуі сақталады. Сонымен бірге бұл төменгі қолайлы жағдайларға себепші болады. 1) жүйектің жоғарғы бөлігі суға тимегендіктен топырақ құрылымы сақталады, қатпайды. Сондықтан оның ылғал – ауа режимдері қолайлы. 2) жүйектің табаны ғана қатты болады, ол оның бүйірлері мен үстінің топырағы үгетілген күйінде қалып, капилярлық жолмен ылғалданады.

Жүйектегі судың көлденеңгі ауданы:

жүйек қабырғасының еңістігі

Жүйектің ылғал периметрі:

Гидравликалық радиус:

Жүйектегі су жылдамдығы:

Нақты жылдамдық ең жоғары жылдамдықтан төмен сондықтан жүйек топырағы шайылмайды.

Жүйектің су өтімі:

Жүйектің ылғал периметрі:

жүйекте судың бүйірлік сіңуін айқындайтын коэффициент.

Уақыттың бірінші бірлігі кезеңіндегі топыраққа судың сіңуінің орташа мөлшері:

Суарым ұзақтығын анықтаймыз:

сағат

бұл формулада: суару мөлшері ; жүйектер ара қашықтығы;

Жүйек ұзындығы мына формуламен табылады:

;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]