Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kniga_ispravlenny_variant.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.23 Mб
Скачать

3.2 Егістікті топырақ бетінен суару

Топырақ бетінен суару әдістерінің міндеттері мен түрлері

Бұл әдістерде су топырақ бетімен жайылып, беріліп соңынан топыраққа сіңіп ондағы ылғал қорын молайтады. Суарудың бұл әдістері елімізде барынша кеңінен қолданылады.

Бұл суару әдістерінің мақсаты – ол ылғалдың тиісті мөлшерін дер кезінде егістік бетіне біркелкі жойылуын қамтамасыз ету, оның топыраққа сіңуін және сол арқылы топырақта қажетті ылғал режимін жасау болып табылады.

Сонымен қатар бұл суару әдістері топырақ құрылымын сақтауды, суды пайдалану коэффициентінің жоғары мөлшерін, ауылшаруашылық жұмыстарын механизациялау мүмкіндігін және еңбек өнімділігінің жоғары болуын қамтамасыз етуі тиіс.

Суды егістік бетіне тарату және оны топыраққа сіңіру жолдарына сәйкес топырақ бетімен суару әдістері екі топқа бөлінеді. Бірінші топ - мұнда ылғал егістік бетіне түгел біркелкі жайылады. Ылғал топыраққа жоғарыдан төмен қарай салмақ әсеріне сәйкес, гравитациялық күш арқылы сіңіріледі. Бұл әдістерге дақылды тақтамен беткейлеп және көлдетіп суару жатады.

Екінші топ - мұнда ылғал жүйектер арқылы беріледі, ылғал негізінен бүйірлеп, қаптал жаққа капиллярлық күштер арқылы сіңіріледі.

Беткейлеп суару

Халықаралық жіктеулер бойынша тақталап, қарық арқылы және шектеп суару әдістерін технологиялық ерекшеліктеріне байланысты жалпы түрде беткейлеп суару деп атайды.

Тақталап суару. Қазақстанның шығыс және оңтүстік өңірлерінде ең көп таралған суару әдісі. Бұл әдіспен тар қатарлап егілетін дақылдар (бидай, шөп) суарылады. Сонымен қатар, осы әдіспен күзде немесе көктемде, тұқым себілмей тұрып, топырақты терең ылғалдандыру мақсатымен суарады.

Тақталап суарғанда, су топыраққа өз салмақ күшімен, яғни су қабаты қысымымен сіңеді. Судың топыраққа осылайша сіңуін қысымдық инфильтрация деп атайды. Тақталап суару үшін, суармалы танап, ұзындығы 500-600 метрге дейін, ал ені 3,6 метрден 20 метрге жететін екі жағынан топырақ жалдармен (палдармен) шектелген тақталарға бөлінеді. Топырақ жалдарының биіктігі 0,15-0,30 м болады.

Мұндай жалдарды құралдар көмегімен тұқым себер алдында не тұқым себумен қатар әзірлейді. Осындай құрал болмаған жағдайда жалдардың орнына тереңдігі 0,15-0,20 м кіші арықтар тартуға болады.

Жерді тиімді пайдалану үшін танап тақталардың кеңірек болғаны жөн. Алайда, мұндай мүмкіндік тек беті өте тегіс болып және тақтаға көлденең бағыттағы еңістік 0,002-ден аспаған жағдайда туады. Суды тақтаға оның енінің әр бір метріне шаққанда 3-20 л/с шамасындағы мөлшерде жібереді. Оның ең жоғарғы шамасы су өткізгіштігі жоғары топырақтарда танаптың тақта ұзындығына бағыттас еңістігі 0,003-тен аспаған жағдайда беріледі. Топырақтың су өткізгіштігі төмен болып, танап еңістігі артқан сайын су ағысын, яғни танапқа берілу мөлшерін кемітеді. Танап ұзын болғанда суды көбірек мөлшерде береді. Қазақстанның бұрынғы суару аймақтарында тақта ұзындығын, оған берілетін су ағу мөлшерін және тақталап суарудың басқа да элементтерін төмендегі кестеден қабылдаған жөн.

5-кесте. Тақталап суару технологиясы, элементтері

Топырақтың су өткізгіштігі

Танап ұзындығы бағытындағы еңістік

Тақта ұзындығы, м

Тақта кеңдігі, м

Тақтаның 1м еніне шаққандағы судың ағу мөлшері, л/сек

жоғары

0,003

150

200

3,6

3,6

4,0

5,5

0,006

орташа

0,003

0,006

400

350

3,6

3,6

8,0

7,0

төмен

0,003

0,006

500

400

3,6

3,6

8,5

7,5

Танаптың көлденең бағыттағы еңістігіне байланысты тақталап екі түрлі технологиясы болады.

Тақтаның бас жағынан суару технологиясы көлденең еңістігі 0,002 аспайтын және мұқият тегістелген танаптарда қолданылады. Осылайша суарғанда тақта ені 10,8-12,6 м немесе сеялканың үш еселенген алымына тең келеді. Көлденең еңістік 0,003-0,004 болса, тақта кеңдігі, яғни ені 3,6-4,2 метрден аспауы шарт. Олрады тар тақталар деп атайды. Су бас жағынан берілетін тақталарда суару ұзақтығын судың тақта аяғына ағып жету уақытына тең етіп алған жөн. Ол үшін танаптың бір метрлік еніне шағып (есептеп) берілетін судың ағу мөлшерін, қарқынын және суару уақытын топыраққа сіңетін су көлеміне сәйкестендіру қажет, яғни:

qt = Vt

мұндағы: q – су ағысы мөлшері, яғни танап енінің бір метріне есептеп берілетін су мөлшері, л/с; t - суару уақыты, сағат; V – топырақтың су сіңіргіштігіғ м/сағ; α – топырақтың су сіңіргіштігінің бәсеңдеу коэффициенті (0,2-0,8).

Суару уақытын, белгілі бір су көлемінің, яғни суару мөлшерінің топыраққа сіңу уақытына байланыстырып анықтайды:

t =

мұндағы: m – суару мөлшері, м³/га; a – тақта ені (есептеуге 1 м тең деп алынады), м; V – судың топыраққа сіңу жылдамдығы, м/с.

Тақтадағы су ағысына өсімдіктер мен сол тақта еңістігінің әсерлері болатынын ескере отырып, сол тақтаға берілетін су шығыны мөлшерін төмендегіше есептейді:

q = , л/сек

мұндағы: С - жылдамдық коэффициенті (егістікте 3-4-ке, ал егістіксіз танапта 5-6-ға тең); i – тақта еңістігі.

Осыдан кейін тақта ұзындығын (l) анықтауға мүмкіндік туады:

l = 36000 * , м

Анықталған технологиялық параметрлерді қолдана отырып,суарғанда суару мөлшері шамасының, яғни танаптың әрбір гектарына келетін су мөлшерін есептеп анықтауға болады:

= 36000 * , мα/га

Өндіріс жағдайында және мәліметтерінің белгілі бір танап үшін оның еңістігі мен топырағының су өткізгішітігі негіздерінде арнайы ұсыныстардан (кесте) қабылдау мүмкіндігін ескерсек, суару уақытын (t) мына формуламен есептеуге болады:

t = , сағат

Суару барысында судың тақта сыртына қашуын кеміту немесе болдырмау үшін, су тақта ұзындығының 75-80% бөлігіне жеткенше ғана беріледі. Суару сапасын арттыру мақсатында, яғни нақты суару мөлшерін тақтаның барлық ұзындығына біркелкі тарату үшін тақтаға суды айнымалы қарқынмен береді. Ол былай жүзеге асырылады: су алқымы тақтаның 80% ұзындығына жетісімен судың алғашқы қарқыны немесе мөлшері екі есе кемітіледі. Еңістігі 0,008-ден үлкен танаптарда аталған технологиялар көмегімен де судың танап сыртына қашуын мүлдем болдырмау мүмкін емес. Сондықтан ол суды төменгі тақталарға салған дұрыс.

Мынадай жағдайларды ескеру қажет:

- ауыр топырақтарда танап беті өте тегіс, еңістігі қалыпты 0,001-0,005 болған жағдайда, тақта ұзындығын 600 метрге дейін жеткізуге болады;

- тақтаны ұзартқан сайын су қарқынын, яғни мөлшерін арттырған жөн.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]