
Хіх ғасыр реформалар
1867-1868 жылдардағы «Уақытша Ереже» бойынша 40 мың шаңырақтан тұратын адай руының екі жыл ішінде төлеуге тиіс салық мөлшері. 160 мың сом.
1867-1868 жылдардағы «Уақытша Ереженің» көшпенділер үшін ауыртпалығы. Жерді патша үкіметінің меншігі деп жариялауы.
1867-1868 жылдардағы Ережеге сай ағатту ісін дамыту үшін қазақтарға берілген құқық. Өзі еріктерімен қаржы жинауға.
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша әскери губернатор жанындағы облыстық басқармалар үшке бөлінді: Шаруашылық, сот істері және жарлықты жүзеге асыру.
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Батыс Сібір генерал-губернаторлығына қараған облыстар. Ақмола, Семей облыстары.
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша бір ауылдағы шаңырақ саны. 100-200 шаңырақ.
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша елді мекендерді басқару билігі ақсақалдарға берілген облыс. Сырдария.
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша қазақ жері әкімшілік жағынан бөлінді: Үш генерал-губернаторлыққа.
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша қазақ жері құрамына кірген генерал-губернаторлықтар. Түркістан, Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтар.
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Қазақстандағы сот жүйесінің ең төменгі буыны. Билер мен қазылар соты.
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша қазылар соты сақталған облыс. Сырдария.
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Қытай және Иран сияқты елдермен дипломатиялық келіссөз жүргізуге рұқсат берілген генерал-губернаторлық. Түркістан генерал-губернаторлығы.
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша облыс басында тұрды. Әскери губернатор.
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша облыстар бөлінді: Уездерге.
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Орынбор генерал-губернаторлығына қараған облыстар. Орынбор және Торғай облыстары.
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша салықтардан босатылып, өмірлік зейнетақымен қамтамасыз етілді: Шыңғыс тұқымы – сұлтандар.
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша сот жүйесінің ең төменгі буыны билер мен қазылар сотын бекітті: Әскери губернатор.
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша сырдария облысында елді мекендерді басқару билігі берілді: Ақсақалдарға.
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Сырдария облысында сақталған сот. Қазылар сот.
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Түркістан генерал-губернаторлығына дипломатиялық келіссөздер жасауға рұқсат етілген елдер: Қытай, Иран.
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша уезд бастықтарын тағайындап отырды: Генерал-губернаторлар.
1867-1868 жылдардағы реформа генерал-губернатордың қолында шоғырланған билік. Әскери және азаматтық билік.
1867-1868 жылдардағы реформа негізінде 1872 жылдан Бөкей хандығының жері қарады: Астрахан губерниясына.
1867-1868 жылдардағы реформа негізінде Маңғыстау приставтығы кейіннен бағындырылған облыс. Закаспий облысы
1868-1869 жылдардағы «Уақытша Ереже» бойынша енгізілген салық түрі. Шаңырақ салығы.
1868-1869 жылдардағы «Уақытша Ереже» бойынша енгізілген шаңырақ салығының көлемі. 1 сомнан 3 сомға дейін.
Хіх ғасыр көтерілістер
1773 жылы қараша айының 17-нен 18-не қараған түні Усиха өзенінің бойында Пугачевқа жолыққан Нұралының өкілі. Зәбір молда.
1773-1775 жылдардағы Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қазақ шаруаларының қатысуына түрткі болған жағдай. Жер мәселесі.
1773-1775 жылдардағы Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысты: Кіші және Орта жүз қазақтары.
1774-1775 жылдары Пугачев көтерілісі кезінде үкімет қолдаған шаралардың арқасында Сібір шебінде орналасқан тұрақты әскер саны. Үш жарым мың.
1785 жылғы Нұралыны тақтан тайдыру жөнінде шешім қабылдағанда оны айыптауға қатысқан кіші жүз рулары. 20-ға жуық ру өкілдері.
1797 жылы барон Игельстромның ұсынысына сай патша үкіметі хан етіп бекіткен адам. Айшуақ.
1797 жылы Қаратайдың өршеленген қуғынынан құтылу үшін Сырым Датұлы: Хиуа хандығына өтіп кетті.
1797 жылы наурыз айының 17-сінде Сырым тобы хан сарайында тұтқиылдан шабуыл жасап өлтірді: Есім ханды.
1821 жылғы Орта Азия хандықтарының озбырлығына қарсы азаттық қозғалыстың басшысы. Тентектөре.
1821 жылғы Тентектөре бастаған қозғалыстағы көтерілісшілер саны. 10 мың.
1821 жылғы Тентектөре бастаған қозғалыстың сипаты. Азаттық.
1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісіне түрткі болған жағдай. 1833 жылы Жәңгір хан қайынатасы Қарауылқожа Бабажанұлын Каспий өңіріне билеуші етіп тағайындауы.
1836-1838 жылдардағы Исатай көтерілісі бойынша жазалау ісін басқару тапсырылды: Гекеге.
1836-1838 жылдардағы Ішкі ордадағы көтеріліс: Үш кезеңге бөлінді.
1836-1838 жылдардағы Ішкі ордадағы көтерілістің негізгі қозғаушы күші. Қазақ шаруалары.
1837 жылғы қазан айының 15-інде Исатай мен Махамбеттің қолы Теректіқұм деген жерде ауылын ойрандаған Жәңгірдің сыбайласы. Балқы Құдайбергенұлы.
1837 жылы қазан айының аяғында саны екі мыңға жеткен Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілер қоршады: Ханның резиденциясын.
1837 жылы қазан айының аяғында ханның резиденциясын қоршаған Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілер саны. Екі мың.
1838 жылы Ақбұлақ деген жерде шайқаста казактар қылышпен шауып, атып өлтірді: Исатайды.
1838 жылы Кенесары отряды басып алып өртеп жіберген бекініс. Ақмола.
1841 жылға Ташкентке аттанған Кенесары жорығының жүзеге аспау себебі. Сарбаздар арасында жұқпалы аурудың тарауы.
1843 жылы халықтың қолдауымен Жанқожа батыр құлатқан бекініс. Хиуа бекінісі.
1843 жылы І Николай патша келісім беріп, Кенесары көтерілісін жаншуға жіберген отряд. Старшина Лебедев басқарған отряд.
1844 жылы шілде айының 20-сында болған Кенесары отрядымен шайқаста Ахмет Жантөреұлы тобынан қаза тапқан сұлтандар саны. 44.
1845 жылғы Кенесарының ауылына келген елшілік. Долгов, Герн елшілігі.
1855 жылы 8 шілдеде Есет тобы күтпеген жерден шабуыл жасап сұлтанды және сыбайластарын қырып салды: Жантөрин лагеріне.
1858 жылғы қазақ шаруаларының Қоқан езгісіне азаттық күресінің тарихи маңызы. Оңтүстік Қазақстанның Ресейдің құрамына кіруінің алғышарты пісіп-жетілді.
1858 жылғы Қоқан езгісінде қарсы ең ірі көтеріліс болды: Әулиеата маңында.
1858 жылғы қоқандықтар сәтсіздікке ұшыраған шайқас. Пішпек түбіндегі ұрыс.
1858 жылғы халық қозғалысының тегеуірінен сескенген қазақ феодалдары: Қоқан билеушілерімен ымыраға барды.
1858 жылы жазалаушылардың қыспағымен Есет батыр көтерілісті тоқтатып: Орынборға барып патша билігін мойындады.