Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Opng_Kazaksha_Razdatka.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Тақырыбы: Газдардың қасиеттері Тапсырма

1. Берілген мұнай өнімдерінің әрбіреуінің қолдану саласын көрсетіңдер. (метан, этан, пропан, н-бутанг, изобутан, пропилен, бутилен, этилен, сутегі).

Практикалық жұмысты орындау үшін қажетті негізгі түсініктер:

Газды, конденсатты, мұнай-конденсатты және мұнайлы қабаттардан кен орындарынан алынған газдардың құрамы метан және оның гомологтарынан және көмірсутек емес, заттар азот, көмірсутегі диоксиді, , күкірт, сутек , гелий, меркаптан, сынап, т.б әртүрлі көмірсутек емес құрылыстардан тұрады.

Газконденсат- 150-2000 С аралығында қайнайтын әртүрлі құрылысты сұйық көмірсутектер қоспасы. Бұлар газ-конденсаты кен орнынан табиғи газды алу кезінде алынады. Мотор отынын алу үшін шикізат ретіде қолданылады.

Мұнайдан өндірілетін газдар немесе заводтық газдар – бұлар мұнай өндеу заводтарында әртүрлі дискрутивті процестер кезінде бөлінеді. (каталитикалық риформинг, каталитикалық крекинг, пиролиз, т.б)

Ілеспе газдар –бұлар мұнай кен орындарынан мұнай мен бірге алынатын газдар.

Табиғи газдар-бұлар жеке газды кен орындарында түзіледі және сол кен орыннан табиғи газ ретінде алынады. Метан, этан, пропан,бутан, изобутан пропилен, этилен, бутилен және сутектің қолдану саласы.

Қаныққан көмірсутектің ең қарапайым өкілі – метан СН4 ауадан екі есе жеңіл. Мұнайдағы ілеспе газдар мен табиғи газдар құрамында болады. Химиялық қасиетітері: Жану реакциясына қатысады. Орын басу реакциясына қатысады, Метан –күн сәулесінің әсерінен хлормен әрекеттеседі, сөйтіп орын басу реакциясына қатысады. Сондай-ақ айыру реакциясына қатысады, жоғары қысымда ауа қатыстырмай қыздырса айырылады.

Қолдану аясы: Метан- отын және химиялық шикізат ретінде қолданылады. одан алынатын галоген туындылары -еріткіштер, күйесі- типография бояуы ретінде және машина дөңгелекерін жасауға қолданылады.

Этан-ол метанның туындысы, құрылымдық формуласы С2 Н4

Этанның жануы: 2С2 Н 6+4О2 =4СО2 +6Н 2О

Айырылу кезінде этилен мен сутек түзеді: С2 Н 6 = С2 Н 4+ Н 2

Пропан С3 Н8 - қайнау температурасы -(-42) ; балқу температурасы - (-187)

Бутан С 4Н10 -0,5 0С , балқу температурасы - (-183); Изобутан - қайнау температурасы -11,7 0С

Пропан мен Бутанның құрылысы этанға ұқсас, айыпмашылығы СН2 атомдар тобында.

Этилен С 2Н4 - түссіз, иіссіз газ. Ауадан сәл жеңіл.Суда нашар ериді, жанғанда жарқыраған жалын шығарып жанады. Этилен химиялық белсенді зат, табиғатта бос күйінде кездеспейді. Органикалық синтезде полтмер, пластмасса, синтетикалық талшық, эталон, каучук алуға болады.

Сутек Н2О –әлемде ең көп таралған химиялық элемент, түссіз, ең жеңіл газ, ауадан 14,5 есе жеңіл, Ол суда аз ериді, сұйылу температурасы төмен. Бағалы металдардың тотықсыздандырғышы есебінде, көптеген заттарды синтездеу үшін пайдаланылады. Экологиялық таза отын ретінде – болашағы зор, ол жанғанда ауаны ластамайтын су буы ғана түзіледі. Сутекті табиғи газдардан немесе судан алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]