Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Opng_Kazaksha_Razdatka.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.19 Mб
Скачать

Тапсырмаларды орындау үшін қажетті мысалдар

1 Мысал. Температурасы 150 0С және қысымы 20,0 МПа тең мұнай өнімінің тығыздығын анықтаңдар, егер оның 20 0С 650 кг/м3 және К = 13,5 тең болса.

Шешімі

Темпераутарсы 20 0С және қысымы 20,0 МПа тең мұнай өнімінің тығыздығын табыңдар. Осы мақсатта 5 қосымшаны пайдаланамыз [3], бұдан қысымды пайдаланып тығыздықты түзету мәнін табамыз. Ол 20 кг/м3 тең. Температура 20 0С және қысым Р = 20,0 МПа тең болғанда тығыздық мынаған тең болады:

кг/м3

3 қосымша бойынша 1500С-дағы тығыздықты табамыз, 200С-дағы тығыздықты және сипаттаушы факторды К=13,5 білеміз. Температура 150 0С және қысым 20,0 МПа болғанда тығыздық 525 кг/м3 тең болады.

2 Мысал. Бензол мен изооктанның қоспасында 0,51 бензол және 0,40 изооктан бар. Осы қоспаның орташа молекулалық салмағын табыңдар.

Шешімі

Бензолдың молекулалық массасы 78, изооктандікі 114-ке тең. Осы мәндерді формулаға қоямыз: , мұндағы - қоспадағы компоненттің мөлшері, мол. үлесте; - қоспадағы компоненттің молекулалық массасы:

3 Мысал. Қоспа А және В компоненттерінен құралған. А компонентті үшін тұтқырлық ШТ50 = 2,2. В компонентті үшін ШТ50 = 9 тең. 1) 50 0С-дегі қоспаның тұтқырлығын табу керек егер ол 40 % көл. А компонентінен және 60% көл. В компонентінен тұрса. 2) Қоспаның шартты тұтқырлығы ШТ50 = 5,9 тең болғандағы, А және В компоненттерінің қатынасын табыңдар.

Шешімі

Қоспаның тұтқырлығын анықтау үшін компоненттердің қатынасына тәуелді тұтқырлықтың қисығын сызамыз. Бұл үшін ординатаға А компонентінің 100 % m нүктесін түсіреміз (15 қосымша [3]), сәйкесінше тұтқырлық ШТ50 = 2,2 тең, ал 100-ге тең В компоненттінде ординатада п нүктесін саламыз, сәйкесінше тұтқырлық ШТ50=9 тең. Осы нүктелерді қосып, тіке тп сызығын сызамыз, бұл компоненттің концентрациясына қоспаның тұтқырлығының тәуелділігін сипаттайды. Енді екі сұраққа да жауап беруге болады: 1) абсциссада А компоненттінің 40% дәл келетін нүкте саламыз (және В компонентінің 60 %), тп түзуімен қиылысқанша перпендикуляр сызамыз, ординатада қоспаның тұтқырлығы ШТ50 = 4,3 тең болатын мән аламыз (графикте - түзеу сызық); 2) қоспа ШТ50 = 5,9 тең 25 % А компонентінен және 75 % В компонентінен тұрады (графикте пунктирлі сызық).

5. Студенттердің өз бетімен жұмысы

Қандай да бір бөлімді орындамас бұрын лекцияға байланысты оқулықтарды мұқият қарап шығу керек.

Тақырыбы 1. Мұнайдың химиялық құрамы және физикалық қасиеті Тапсырма: Бақылау жұмыстары

  1. =0,862 болғандағы, мұнай өнімінің салыстырмалы тығыздығын табыңдар

  2. =0,958 болғандағы мұнай фракциясының салыстырмалы тығыздығын табыңдар.

  3. Тығыздығы =0,750 тең 140 кг бензиннен және =0,822 тең 235 кг керосиннен тұратын қоспаның тығыздығын табыңдар.

  4. Орташа қайнау температуралары 110, 130 және 150 0С тең болатын мұнай фракциясының молекулалық массасын табыңдар.

  5. Тығыздығы =0,785 болатын фракцияның молекулалық массасын табыңдар.

  6. Қоспа 40 кг н-пентаннан, 30 кг н-гексаннан және 20 кг н-гептаннан тұрады. Осы қоспаның орташа молекулалық салмағын табыңдар.

  7. Температурасы 60 және 80 0С қоспаны сәйкесінше 6, 12 және 4,74 бұрышты тұтқырлыққа тең. Осы температурадағы фракцияның кинематикалық тұтқырлығын формула бойынша табыңдар .

  8. Келесідей тұтқырлықты майларды ШТ20=20 және ШТ20=3,5 қандай қатынаста араластырып ШТ20=10 тең майды алуға болады?

Тақырыбы 2. Мұнай мен мұнай өнімінің химиялық құрамын зерттеу әдістері

Реферат үшін қажетті тапсырмалар

  1. Сіңірудің инфрақызыл спектрлері (ИКС) – мұнайдың химиялық құрамын зерттеу әдісі

  2. Қанықпаған көмірсутектерді анықтау әдістері мен методикасы.

  3. Мұнайлардағы парафинді-шайырлы заттар және оларды анықтау әдістері.

  4. Мұнайөнімінің құрамы мен қасиетін зерттеудегі спектроскопияның ролі.

Тақырыбы 3. Мұнай мен мұнайөнімінің классификациясы.

Маңызды пайдалану қасиеттері

Реферат үшін қажетті тапсырмалар

  1. Автомобиль бензиндері. Сипаттамасы, маркасы және алу әдістері.

  2. Реактивті двигательдердің отыны, маркасы және қасиеттері.

  3. Дизель отындары, түрлері және сипаттамалары.

  4. Майлау және арнайы майлар, түрлері және қасиеттері.

  5. Октан және цетан сандары, октан санын көбейту жолдары

Тақырыбы 4. Мұнайды өңдеуге дайындау

Реферат үшін қажетті тапсырмалар

  1. Кешендегі мұнайды сусыздандыру мен тұзсыздандыру.

  2. Эмульсия және олардың түрлері

  3. Эмульсияларды бұзу әдісі үшін деэмульгаторларды пайдалану

  4. Мұнайды сорттау мен араластыру

  5. ЭЛТҚ қондырғысының жұмысы мен олардың түрлері

Тақырыбы 5. Мұнайды бірінші ретті өңдеу

Реферат үшін қажетті тапсырмалар

  1. АҚ принципиальдық схемасы мен жұмыс жасау тәртібі

  2. АВҚ принципиальдық схемасы мен жұмыс жасау тәртібі

  3. Мұнай резервуарлары, және олардың сипаттамалары мен құрылысы

  4. Қондырғының технико-экономикалық көрсеткіштері

  5. Мұнайды өңдеудегі қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау.

Тақырыбы 6. Мұнай мен мұнай фракциясын өңдеудегі термиялық және термокаталитикалық процестер

Реферат үшін қажетті тапсырмалар

  1. Термиялық крекинг және крекинг өнімдері

  2. Газдардың және сұйық көмірсутектердің пиролизі

  3. Каталитикалық риформингтің параметрлері және өнімдері

  4. Гидрогенизационды процестер мен процес өнімдері

  5. Газдарды күкіртсутектен тазалау және құрғату

Тақырыбы 7. Қазіргі мұнай өңдеу зауыты

  1. Атырау мұнай өңдеу зауыты

  2. Шымкент мұнай өңдеу зауыты

  3. Павлодар мұнай өңдеу зауыты

  4. Майларды өндіру технологиясының негізі

  5. Дизель отынының карбамидті депарафинизациясы

6. Емтихан сұрақтары

  1. Мұнайдың элементтік және топтық құрамы. (көмірсутектер қатары).

  2. Мұнайдағы оттектік қосылыстар.

  3. Мұнайдағы күкіртті және азотты қосылыстар..

  4. Тығыздық және молекулалық салмақ. Оларды анықтау әдістері мен өлшем бірліктері.

  5. Тұтқырлық және олардың түрлері. Оларды анықтау әдістері мен өлшем бірліктері.

  6. Мұнайдың жылулық қасиеттері. (үлестік жылусыйымдылығы, жасырын үлестік булану жылу, энтальпия). Жану жылуы.

  7. Мұнай мен мұнай өнімінің температуралық қасиеттері (лайлану, кристалдану, қату, тұтану, оталу және өзінен-өзі оталу температурасы).

  8. Айдау, ректификация, молекулалық айдау және адсорбция сияқты бөлу әдістеріне жалпылама сипаттама беріңдер.

  9. Хромотография және оның түрлері, қолдану саласы. .

  10. Экстракция, кристаллизация дегеніміз не?. Олар не үшін қолданылады?

  11. Мұнайлардың технологиялық классификациясы. Олар қандай көрсеткіштермен бағаланылады?

  12. Карбюраторлық отындарға қандай мұнай өнімдері жатады. Олардың қысқаша физико-химиялық сипаттамасы.

  13. Мұнай майлары қандай топтарға бөлінеді.

  14. Отынның эксплуатациялық қасиеттері. Детонация. Октан саны.

  15. Октан санын анықтау әдістері. Детанациялық тұрақтылығын көтеру жолдары.

  16. Дизель отынының эксплуатациялық қасиеттері. Дизель отынының эксплуатациялық қасиетін анықтайтын көрсеткіштер?

  17. Цетан саны дегеніміз не. Ол нені сипаттайды?

  18. Мұнай майлары және олардың эксплуатациялық қасиеттері.

  19. Қандай присадка түрлерін білесіңдер? Майларға не үшін присадкалар қосылады?

  20. Тереңнен беттік сараптаудың айырмашылығы бар ма? Мұнайды газсыздандыру қалай жүреді.

  21. Ілеспе газдармен газконденсаттарды өңдеу кезінде қандай операциялар жүреді?

  22. Мұнайды сусыздандыру мен тұзсыздандыру дегеніміз не?

  23. Мұнай эмульсиясы. Қандай эмульсияны гидрофобты және гидрофильді деп атайды?

  24. Эмульгаторлар мен деэмульгаторлар. Олар не үшін қолданылады?

  25. Мұнай эмульсиясын бұзу әдістері.

  26. ЭЛТҚ қондырғысы қандай мақсатта қолданылады?

  27. Ыдыстар мен резервуарлар. Олардың сипаттамасы. Үлкен және кішкентай «тыныс» дегенді қалай түсінесіңдер?

  28. Ректификациялық колонналар мен жылуалмасу аппараттарына сипаттама беріңдер.

  29. Құбырлы пештер мен олардың түрлері дегеніміз не?

  30. Компрессорлар мен сорғылар және олардың түрлері.

  31. Дистилляция процесі дегеніміз не? Бір ретті, бірнеше ретті және біртіндеп булану, артықшылықтары мен айырмашылықтары.

  32. Ректификация және ректификациялық колонна дегеніміз не?

  33. Атмосфералы және атмосфералы-вакуумды қондырғылардан алынатын мұнай өнімінің түрлері.

  34. Мұнайды бірінші айдау қондырғысының түрлері. Әр түрлі булау әдістерінің қондырғыларының схемасы.

  35. Термиялық процесс дегеніміз не? Мұнай өңдеу өндірісінде қандай термиялық процестер бар?

  36. Термиялық крекинг кезіндегі парафинді көмірсутектердің химиясы.

  37. Термиялық крекинг кезіндегі қанықпаған көмірсутектердің химиялық өзгеруі.

  38. Термиялық крекинг процесіне шикізаттың әсері.

  39. Термиялық крекинг процесіне температура мен қысымның әсері.

  40. Кокстеу процессі дегеніміз не? Жалпы сипаттамасы.

  41. Кубтағы кокстеу үшін қондырғының жұмыс жасау принципінің схемасы.

  42. Баяу кокстеу қондырғысының жұмыс жасау принципінің схемасы.

  43. Контактілі кокстеу қондырғысының жұмыс жасау принципінің схемасы.

  44. Каталитикалық процесстерден жалпы мағлұмат. Катализаторлар.

  45. Каталитикалық крекингтің қысқаша сипаттамасы..

  46. Каталитикалық крекингтің мақсаты мен сипаттамасы.

  47. Каталитикалық крекингтің негізгі реакциялары.

  48. Крекингтеуге пайдаланатын катализаторлардың негізгі қасиеттері.

  49. Каталитикалық крекинг процесінің негізгі параметрлері. (температура, қысым).

  50. Каталитикалық крекинг процесінің негізгі параметрлері. (жылдамдық, шикізатты беру, ауысу тереңдігі).

  51. Каталитикалық риформинг мақсаты мен сипаттамасы.

  52. Каталитикалық риформингтің негізгі реакциялары (гидрокрекинг, дегидрирлеу реакциясы).

  53. Каталитикалық крекингтің негізгі реакциялары (дегидроциклизация, изомеризации және күкіртті қосылыстарды гидрлеу реакциялары).

  54. Риформинг катализаторлары және олардың сипаттамасы.

  55. Каталитикалық риформинг шикізаты және осы процестерден алынатын өнімдер.

  56. Риформингте шикізатты гидротазалаудан не үшін жүргізеді?

  57. Каталитикалық риформинг процессінің қандай негізгі параметрлерін білесіңдер?

  58. Отынды вариант бойынша өңдеу схемасы.

  59. Майлы вариант бойынша өңдеу схемасы.

  60. Отынды-майлы вариант бойынша өңдеу схемасы.

7 Оқу үшін қажетті техникалық құралдар.

Практикалық сабақтарда технологиялық схемаларды көрсету үшін диапроекторды қолданылады.

Лекциялық сабақтарда диапроектор мен мультимедилі жүйе қолданылады.

8. Пайдаланатын әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

  1. Эрих В.Н., Расина М.Г., Рудин М.Г. Химия и технология нефти и газа. Л., «Химия» басылым, 1972, 464 бет.

  2. Суханов В.П. Переработка нефти. М., «Высшая школа», 1974, 335 бет.

  3. Сарданашвили А.Г., Львова А.И. Примеры и задачи по технологии переработки нефти и газа. М., «Химия», 1980, 256 бет.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Уильям Л. Лефлер. Переработка нефти. М., 2003, 224 бет.

  2. Рудин М.Г., Сомов В.Е., Фомин А.С. Справочник нефтепереработчика. М., ЦНИИТЭнергтехим., 2004, 336 бет

  3. Надиров Н.К. Нефть и газ Карабатана. 1,2 бөлім. Алматы «Ғылым», 1995. 320 бет.

Ф.АтМГИ 703-06-10 - Таратпа материал. Төртінші басылым

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]