Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Opng_Kazaksha_Razdatka.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.19 Mб
Скачать

Әдебиеттер

1. «Химия нефти». Руководство к лабораторным занятиям. Учебное пособие для вузов И. Н. Дияров және т.б. Л., Химия 1990. 240 бет

Кесте 11.1 АРН-2 аппаратында Орысқазған кен орны мұнайын бөлу

Бөлу темп-сы, 0С

Масс. шығыны%

Бөлу темп-сы,0С

Масс. шығыны%

Бөлу темп-сы,0С

Масс. шығыны%

Жеке фр.

Жалпы

Жеке фр.

Жалпы

Жеке фр.

Жалпы

Қ.б. (45)-70

0,42

0,42

200-210

1,45

24,15

330-340

0,95

39,55

70-80

0,18

0,60

210-220

0,95

25,10

340-350

1,45

41,00

80-90

0,65

1,25

220-230

0,90

26,00

350-360

0,70

41,70

90-100

0,75

2,00

230-240

0,90

26,00

360-370

1,10

42,80

100-110

1,40

3,40

240-250

1,40

27,40

370-380

1,20

44,00

110-120

1,90

5,30

250-260

1,10

28,50

380-390

1,50

45,50

120-130

2,20

7,30

260-270

1,50

30,00

390-400

1,50

45,50

130-140

2,50

10,00

270-280

1,25

31,25

400-410

1,50

47,00

140-150

3,02

13,02

280-290

1,35

32,60

410-420

1,85

50,70

150-160

2,36

15,38

290-300

1,02

33,62

420-430

2,00

52,70

160-170

2,62

18,00

300-310

1,68

35,30

430-440

2,00

54,70

170-180

1,70

19,70

310-320

1,20

36,50

440-450

1,90

56,60

180-190

1,70

21,40

320-330

1,00

37,50

450-460

1,80

58,40

190-200

1,30

22,70

330-340

1,10

38,60

460-470

1,16

61,36

Қалдық 470 жоғары

38,64

100,00

Практикалық жұмыс № 12 Тақырыбы: Мұнай мен мұнай өнімінің классификациясы

Мұнай өнеркәсібінің алғашқы даму кезеңінде мұнай саласының басты көрсеткіші оның тығыздығы болды. Мұнайды жеңіл (d < 0,870), орташа (d = 0,870 – 0,910) және ауыр (d > 0,910) деп бөледі. Жеңіл мұнайда бензиндік және жер майлық фракциялар көп және күкірт пен шайыр аз. Бұл мұнайлардан жағары сапалы майлау майларын алуға болады. Ауыр мұнайларда керісінше шайырлы – асфальтенді заттар құрамы, гетероатомды қосылыстар мол, сондықтан май өндірісіне көп жарамайды және шартты түрде шындық фракциялар аз алынады. Мұнайды жіктедің көптеген ғылыми тәсілдері ұсынылған (химиялық, генетикалық, технологиялық т.б.) , бірақ біріңғай халықаралық жіктеу әлі жоқ.

Химиялық жіктеу.

Мұнайдың тек химиялық құрамын көрсететін жіктеуді Грозный мұнай ғылыми – зерттеу институты ұсынған болатын. Оның негізіне мұнайдағы бір немесе бірнеше көмірсутектері кластарының басым құрамы алынды. Мұнайды 6 типке бөледі: парафинді, парафинді – нафтенді, парафинді – нафтенді – ароматты, нафтенді – ароматты және ароматты.

Парафинді мұнайда (өзен, жетібай) барлық фракцияларда елеулі мөлшерде алкандар құрамы бар: бензинде 50% - дан кем емес, майлыда 20% және одан да көп. Асфальтендер мен шайырлар өте аз.

Парафинді – нафтенді мұнайда және олардың фракцияларында алкандар мен циклді алкандар мол, арендер мен ШАЗ аз. Оған Батыс Сібірдің және Жайық – Еділ арасындағы мұнайлар жатады.

Нафтенді мұнайларға олардың барлық фракцияларына циклді алкандардың молдығы (60% - дан астам) тән. Оларда қатты парафиндер, шайырлар мен асфальтендер аз. Нафтенді мұнайларға Бакуден өндіретін (Балахан, Сурахан) және Ембі мұнайы (Доссор, Мақат) жатады.

Парафинді-нафтенді-ароматты мұнайларда көмірсутектердің барлық үш классы тең мөлшерде бар, қатты парафин 1,5%-дан көп емес. Шайыр мен асфальтендер-10%.

Нафтенді-ароматты мұнайлар циклондар мен арендердің басым құрамымен сипатталады, әсіресе олар ауыр фракцияларда мол. Алкандар аз мөлшерде тек жеңіл фракцияда кездеседі. Бұл мұнайлар құрамына шайырлар мен асфальтендердің 15-20%-ы кіреді.

Ароматты мұнайлар арендердің барлық фракцияларда болуымен сипатталады және оларға жоғары тығыздықтық тән. Оған Прорва мұнайы жатады.

Технологиялық жіктеу.

Біздің елімізде технологиялық жіктеу 1991 жылдан бері іске асырылып келеді. Осы классификацияларға сүйене отырып мұнайды келесідей көрсеткіштерге бөледі: 1) мұнай мен мұнай өнімдеріндегі күкірттің мөлшері; 2) 350 0С дейінгі бөлінетін фракциялардың потенциялдық мөлшері; 3) Базалық майлардың потенциалдық мөлшері мен сапасы; 4) парафиннің мөлшері және отындар мен майлардың мүмкіндіктері.

Мұнайдағы (аз күкіртті, күкіртті, көп күкіртті), ТМД елдерінде мұнайды құрамындағы күкірттің мөлшеріне байланысты аз күкіртті (0,5 %-ке дейін), күкіртті (0,5-2 %) және жоғары күкіртті (2 % жоғары).

Базалық майлардың (М1 – М4 ) құрамы бойынша төрт тобы;

М1 > 25%, М2 = М3 =15 – 24,9%, М4 < 15%

4.Тұтқырлық индексі мен (U1-U2 ) бағаланатын базалық майлардың сапасының 4 топшасы; U1 > 95, U2 = 90 - 95, U3 = 85 – 90%, U4 < 85

5.Парафиндер (П1 –П3 ) құрамы бойынша үш түрлі

П1 <1,5, П2 = 1,5 – 6%, П3 >6%

Мұнайдағы парафині аз П1 түрінен реактивті және қыстық дизель отындары мен базалық дистиллятты майларды депарафиндеусіз алуға болады. Парафинді мұнайдың П2 –сінен реактивті және тек жаздық дизель отынын депарафиндеусіз алуға болады. Осы жіктеулерді пайдаланып, кез-келген өнеркәсіптік мұнай үшін шифр құрауға болады.

Мұнай өңдеу өнеркәсібі ауыр өнеркәсіп саласы мұнай мен газыконденсаттарын өңдеу мен жоғары сапалы тауарлы мұнай өнімдерін өндіруді қамтиды: олар – мотор және энергетикалық отындар, майлау майлары, қара майлар, мұнай коксы, парафиндер, еріткіштер, элементті күкірт және т.б. Қазіргі МӨЗ мұнай мен газ конденсаттарын өңдей жекелеген және құрамалы ірі тонналы технологиялық процесстерде күрделі көп сатылы физикалық және химиялық өңдеу жолымен іске асырылады.

Орысқазған кен орны мұнайының технологиялық классификациясы

12.1. кесте

Күкірттің мөлшері, % масс

350 0С дейінгі фр.шығ. %

Баз. май. пот. мөлшері,%

Баз. май. потенц.

мөлшері

Парафин

Классификациясы

Мұнайда

Бензинде қ.б.-200 0С

Реакт.отында

120-240 0С

Диз.отында 240-350 0С

Мұнайға

Мазутқа

>350 0С

Мөлшері ,%

Темпр, 0С

Класс

Тип

Топ

Топшасы

Түрі

0,41

0,065

0,021

0,057

41

33,62

57

92-112

2,85

51

I

Т2

М1

И1

П2

1 тапсырма. Мұнайдың физикалық және химиялық құрамы бойынша кесте құру керек және осы мұнайдың технологиялық классификациясын жазу керек.

Әдебиеттер

  1. Эрих Н.В. және т.б. Химия и технология нефти и газа. Л. 1974.

  2. «Товарный анализ нефти м. Орысказган» есебі, Гурьев, 1982, 47 бет.

Практикалық жұмыс № 13

Тақырыбы: Мұнайды өңдеудің технологиялық схемасы

(отынды вариант)

Тапсырма

Жеңіл мұнайды отындық вариант бойынша өңдеудің топтық схемасы құру.

Практикалық жұмысты орындау үшін қажетті негізгі түсініктер

Мұнай алдымен сусызданады және тұзсызданады, сосын АВҚ қондырғысында бензин, керосин және дизель дистилляттарын алу үшін айдалады (перегонка). Бензин дистилляттары келесідей фракцияларға бөлінеді: (жеңіл және ауыр). Фракциялардың бір бөлігі каталитикалық риформингке ұшырайды одан ароматикалық концентрат алынады әрбіреуінен ароматикалық көмірсутектер бөлінеді. Басқа бензин фракциясы, ауыр фракциясы, каталитикалық риформингке жіберіледі. Осы қондырғыдан алынатын катализат тауарлы автомобиль бензинінің компонентті болып саналады. Орташа дистилляттар (керосин және дизель), егер олар күкіртті мұнайлардан алынған болса, құрамындағы күкірттен тазалау керек. Мұндай тазалау гидротазалау қондырғысында жүргізіледі. Гидротазалау қондырғысының арқасында жоғары сапалы реактивті отындарды және аз күкіртті жазғы дизель отындарын алады. Қысқы дизель отынын алу үшін гидротазаланған дизель отынының бір бөлігі карбамидті депарафинизацияға ұшырайды. Бірінші ретті мұнайды өңдеу қондырғысының және каталитикалық риформингтің газды ағындары газды фракциялау қондырғысында өңделеді. Осында тұрмыстық сығылған газдар пропан, бутан және изобутан алынады.

АВҚ қондырғысынан атмосфералық дистилляттардан басқа қ.с-3500С вакуумды дистилляттарды және гудрон алынады. Вакуумды дистиллят каталитикалық крекинг қондырғысына жіберіледі. Каталитикалық крекингтен газ, бензин, жеңіл және ауыр газойлдер алынады. Газ газофракциялау қондырғысына жіберіледі, бензин тауарлы автомобиль бензинінің компонентті ретінде қолданылады, ал жеңіл газойль гидротазалау қондырғысында дизель фракциясымен бірге тазаланылады да сосын дизель отынының компонентті ретінде қолданылады. Гудронды термиялық процестердің бірі: термиялық крекингпен немесе кокстеумен өңдейді. Кокстеу мен каталитикалық крекинг қондырғысынан алынған газдар ағыны қанықпаған көмірсутектерге бай болып келеді, сондықтан оларды мұнайды бірінші ретті өңдеу мен риформинг қондырғысынан алынған газдардан бөлек өңдейді.

Әдебиеттер

  1. Эрих В.Н. Химия и технология нефти и газа. Л., 1974, 464 бет.

  2. Н.И. Черножуков «Технология переработки нефти и газа» 3 бөлім.

Практикалық жұмыс № 14

Тақырыбы: Мұнайды өңдеудің технологиялық схемасы

Тапсырма

Жеңіл мұнайды майлы вариант бойынша өңдеудің топтық схемасын құру.

Практикалық жұмысты орындау үшін қажетті негізгі түсініктер

Шикі ауыр мұнай кеніштерден ЭЛТҚ қондырғысына келіп түседі, сосын АВҚ қондырғысына түседі. Қондырғыдан вакуумды дистилляттарды алады (жеңіл, орташа және ауыр). Барлық вакуумды дистилляттар шайырлы асфальтті заттардан тазалау үшін селективті тазалаудан өтеді. Селективті тазалаудан кейін жеңіл рафинат толық депарафинизациядан, гидротазалаудан өтеді, сосын қоспалар (присадкалар) қосылып тауарлы төмен температурада қататын майларды аламыз. Орташа, ауыр және қалдықты рафинат депарафинизация, гидротазалау қондырғысынан өтіп құрамындағы күкіртті қосылыстардан тазаланады және қоспалармен қосылып тауарлы майлардың түрлерін алады. АВҚ қондырғысынан вакуумды дистилляттардан басқа гудрон және деасфальтизат алады, сосын қалғаны гудронды деасфальтизациялау және деасфальтизат селективті тазалаудан, депарафинизациядан және гидротазалаудан кезекті өтеді. Жанама өнімдер экстрактар мен асфальттар битумды өндіру қондырғысына түседі де тауарлы битум (жол битумы) алынады. Қондырғыдан бөлінген петролатум мен гач майсыздандыру қондырғысына жіберіледі де тауарлы церезин мен парафин-сырецті алады, олар кезекті гидротазалау қондырғысынан өткесін гачтан-парафин және петролатумнан-церезин алады.

Әдебиеттер

1. Эрих В.Н. Химия и технология нефти и газа. Л., 1974, 464 бет.

Практикалық жұмыс № 15

Тақырыбы: Мұнайды өңдеудің технологиялық схемасы

(отынды-майлы вариант)

Тапсырма

Эксперименталды деректер негізінде мұнайдың құрамы мен қасиетіне байланысты отынды-майлы вариант бойынша өңдеу схемасын құру қажет.

Практикалық жұмысты орындау үшін қажетті негізгі түсініктер

Берілген схеманы құру кезінде АВҚ қондырғысынан, ашық түсті дистилляттардан басқа (бензинді, керосинді, дизельді), бірнеше қалдық вакуумды (майлы) дистилляттарды (гудронды) алады. Сосын ашық түсті дистилляттар мұнайды атмосфералық бөлуден шыққан фракциялардың қондырғысына барады. Сосын бұдан келесідей мұнай өнімдерін аламыз: сығылған газдар, ароматикалық көмірсутектер, автомобиль бензиндері, керосиндері және дизель отындарының әр түрлі сорттары.

Әрбір вакуумды дистилляттар келесідей процестерден өтеді: а) шайырлы-асфальтты компоненттерден тазалау үшін селективті тазалаудан өтеді, б) депарафинизациядан, в) гидротазалау процесінен өтіп толығымен тазаланады. Гудроннан алдымен пропанның көмегімен асфальтты заттарды бөліп алады. Алынған деасфальтизат әрі қарай вакуумды дистиллят сияқты өңдеу жолдарынан өтеді (селективті тазалау, депарафинизация, гидротазалау). Дистиллятты және қалдықты компоненттер тазалау процестерінен өткеннен кейін компаундированиеге жіберіледі. Компоненттердің қатынасын өзгертіп және әр түрлі присадкаларды қосу арқылы қажетті сортты тауарлы майларды алады.

Май өндірісінің жанама өнімдері келесідей түрде пайдаланылады. Асфальт пен экстракт битум өндірісінде шикізат ретінде қолданылады немесе қазандық отынға жіберіледі, ал депарафинизациядан алынған гач пен петролатумнан парафин мен церезин алынады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]