Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Opng_Kazaksha_Razdatka.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.19 Mб
Скачать

6.1. Сурет Мұнайды электрлі тұзсыздандыру схемасы:

I-шикі мұнай; II-деэмульгатор; III-сілті; IVтаза су; V-тұзсыздандырылған мұнай;

VI -канализацияға кететін су.

Тұзсыздандырылған мұнай Э-2 ден Т-1 жылуалмастырғыш пен тоңазытқыш арқылы тұзсыздандырылған мұнай резервуарына келіп түседі. Электродегидраторлардан бөлінген су Е-1 мұнайбөлгішке қосымша тұндырылуы үшін келеді. Ауланған мұнай шикі мұнай сорғысына келіп қайта тазартуға барады да, ал су кейін ол канализацияға кетеді.

Әдебиеттер

  1. Эрих В.Н. және т.б. Химия и технология нефти и газа. Л., 1974.

  2. Суханов В.П. Переработка нефти. М., 1972.

7 Практикалық жұмыс

Тақырыбы: Электрлі тұзсыздандыру қондырғыларының негізгі түрлері Тапсырма

1. ЭЛТҚ жұмыс жасау принципімен және құрылысымен танысу.

Практикалық жұмысты орындауға қажетті түсініктер

Қондырғының негізгі аппаратты болып электродегидратор саналады – электродтармен жабдықталған ыдыс, оған жоғары кернеулі ауыспалы ток беріліп тұрады. Кешендерде және зауыттарда шикі мұнайды тұзсыздандыру кезінде ЭЛТҚ колданылатын электродегидратордың түрлері: тік, шар тәрізді және көлбеу.

Тік электродегидратор- диаметрі 3 м, биіктігі 5 м және көлемі 30 м³ болатын цилиндр пішіндес ыдыс. Оның ішінде электродтар, яғни форфорлы изоляторда ілініп тұрған металл пластиналар орналасқан. Ток электродтарға әрбіреуі 5 ква (киловольтамперметр) қуатпен 2 күшейткіш трансформатор арқылы беріледі. Электродтар арасындағы кернеу 15-тен 33 кв-дейін барады.

Электродигидраторға шикізат тік, ось бойымен монтаждалған, дегидратордың биіктігінің жартысында головкамен аяқталған труба арқылы енеді. Өңделген мұнай электродегидратордың жоғарғы бөлігінің ортасы арқылы, ал қалған су төменгі бөліктің ортасы арқылы шығады.

Тік электродегидратордың кемшілігі: оның төмен өнімділігі мен жоғары температураның жетіспеушілігі болып табылады. Төмен өнімді болғандықтан ЭЛОУ қондырғыларына 6-12 аппаратты параллель қосуға тура келді.

1955-1970 жылдары құрылған қуатты электр тұзсыздандырғыш қондырғыларында сыйымдылығы 600 м³ және диаметрі 10,5 м болатын шарлы электродегидраторлар қолданылады. Мұндай дегидратордың өнімділігі 300-500 м³/сағ. Жалпы ол тік электродегидраторға ұқсас, айырмашылығы тек 1 головка, 1 жұп электродтың орнына олар үш үштен.

Тік электродегидраторға қарағанда шарлы электродегидратор өнімділігі 10-15-ке артық болады. Сонымен қатар олар жоғары қысымда жұмыс істей алмайды. Есептелген қысымның жоғары болуы металдың шығынына әкеп соғар еді.

Соңғы жылдары бізде және шет елдерде көлбеу электродегидраторлар кеңінен қолданыла бастады. Мұндай аппараттың құрылысы 18 ат қысымға және 140-160 ға есептелген. Олардың диаметрі 3-3,4 м және көлемі 80-160 м³. Қысым мен температураның жоғары болуы сусыздандыру мен тұзсыздандыру процесінде үлкен рөл атқарады. Мұнда электродтар аппараттың ортасына шамалас жерде орналасқан. Олардың ара қашықтығы 25-40 см.

Көлбеу электродегидраторларға шикізатты енгізу аппатарттың бойында көлбеу орналасқан маточник арқылы беріледі. Аппаратқа түскен мұнай тұнған судың қабатына түседі, сосын электрод аралық кеңістікке, электродтар асты аймағына, сосын электродтар беті аймағына түседі. Дегидратордың жоғарғы бөлігінде өңделген мұнайдың шығыс коллекторы орналасқан. Мұнай аппаратқа енгенде қалған су құрамына барып, кейін электродтар астына, арасына, сосын үстіне орналасады. Бұл құрылысының артықшылығы: мұнайдың ұзақ уақыт бойы өңделуінде. Мұнымен қоса суды тұндыру шарттары жақсарады.

Сонымен қатар көлбеу электродегидраторда су тамшыларының көп бөлігі, күшті электрлі зонаға түспестен бұрын мұнайдан бөлінеді. Сондықтан құрамында суы көп мұнайды, электродтар арасындағы ток күшінің көбеуіп кетуінен қорықпай өңдеуге болады.

Әр түрлі құрылысты электродегидраторлардың тиімділігін салыстырғанда көлбеу аппаратардың пайдалы екенін көрсетуде. Көлбеу электроде-гидраторлардың өнімділігі шарлы электродегидраторға қарағанда 2,6-ға көп, ал металл шығыны-25% кем.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]