- •1 Глосарий
- •2. Лекциялық сабақтың конспектісі Лекция №1 Тақырыбы: Мұнай және оның мәні.
- •Әдебиеттер
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары
- •Тақырыбы: Мұнай мен мұнай өнімдерінің негізгі тұрақты
- •Әдебиеттер
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары
- •Тақырыбы: Мұнай компоненттерін бөлу әдістері
- •Әдебиеттер
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •Әдебиеттер
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •Лекция № 13 Тақырыбы: Каталитикалық крекинг
- •Әдебиеттер
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары
- •Лекция №14 Тақырыбы: Катализдік риформинг
- •Тақырыбы: Шикі мұнай сипаттамасы. Шикі мұнайдың құрамы. Тапсырма
- •Әдебиеттер
- •Тақырыбы: Газдардың қасиеттері Тапсырма
- •Әдебиеттер
- •Тақырыбы: Шикі мұнайды газсыздандыру Тапсырма
- •3.1 Сурет. Мұнай кенішінде бірсатылы (а) және көпсатылы (б) сепарация арқылы мұнайдан газды бөлу схемасы:
- •4.1 Сурет Мұнайды тұрақтандыру қондырғысының схемасы:
- •5.1 Сурет Мұнайды термохимиялық жолмен сусыздандыру схемасы:
- •6.1. Сурет Мұнайды электрлі тұзсыздандыру схемасы:
- •Әдебиеттер
- •Тақырыбы: Электрлі тұзсыздандыру қондырғыларының негізгі түрлері Тапсырма
- •7.1 Сурет Тік электродегидратор:
- •7.2 Сурет Шар тәрізді электродегидратор:
- •Есептер
- •Есептерді шығару мысалдары
- •Есептер
- •Есептер
- •Әдебиеттер
- •Практикалық жұмыс № 12 Тақырыбы: Мұнай мен мұнай өнімінің классификациясы
- •Әдебиеттер
- •4. Студенттің оқытушымен бірге өз бетіндік жұмысы (соөж)
- •4.1. Тақырып тізімі
- •Өзін-өзі тексеру үшін қажетті бақылау тапсырмалары мен сұрақтары:
- •Тапсырмаларды орындау үшін қажетті мысалдар
- •5. Студенттердің өз бетімен жұмысы
- •Тақырыбы 1. Мұнайдың химиялық құрамы және физикалық қасиеті Тапсырма: Бақылау жұмыстары
4.1 Сурет Мұнайды тұрақтандыру қондырғысының схемасы:
/-тұрақтандырылмаған мұнай; // - тұрақтандырылған мұнай;
///- конденсироваланбаған газ; IV-тұрақтандыру басы (сығылған газ).
Мұнай Н-1 сорғысының көмегімен Т-1 жылуалмастырғышқа келіп тұрақтандырылған мұнай мен қыздырылады. Қыздырылған мұнай К-1 ректификациялық колонаға бағытталады. Тұрақтандырғыштың жоғарғы бөлігінен шыққан жеңіл көмірсутектер ХК-1 мұздатқыш конденсаторында конденсацияланады. Содан кейін Е-1 ыдысына келеді. Е-1 де қоспа газ бен сұйықтыққа бөлінеді.
Осы жерде жеңіл көмірсутектер жоғарғы бөлігіне өтеді. Ал Е-1 де қалған сұйық өнім Н-2 сорғысы арқылы К-1 колонасына қайта бағытталады. К-1 дегі мұнайдың азғана бір бөлігі П-1 пешіне отын ретінде беріледі. Қалған ыссы мұнай жылу алмастырғыш Т-1 де тұрба арқылы келген салқын мұнайды жылытып өзі қондырғыдан шығып кетеді. Ректификациялық колоннаға қажетті жылу П-1 құбырлы пеші арқылы беріледі. Тұрақтандыру процесінен кейін мұнайдың құрамында 0,8-1,5 % газ (С1-С4 көмірсутегі) қалады.
Әдебиеттер
1. Эрих В.Н. и др. Химия и технология нефти и газа. Л., 1974.
2. Суханов В.П. Переработка нефти. М., 1972.
№5 Практикалық жұмыс
Тақырыбы: Шикі мұнайды сусыздандыру
Тапсырма
1. Кешендегі мұнайды сусыздандыру қондырғысының технологиялық схемасын құру.
Практикалық жұмысты орындауға қажетті түсініктер
Кешендерде мұнайды сусыздандыру әдісінің ең қарапайым түрі – атмосфералық қысымда термохимиялық жолмен жүргізу. 30-500С қыздырылған мұнайға деэмульгатор қосылады, сосын мұнайды резервуарларда тұндыруға қояды. Мұнайды бұндай әдістен өткізгенде герметикасы шамалы ыдыстарда құрамындағы жеңіл мұнай өнімдері «жоғалуы» мүмкін. Осындай кемшіліктерден кейін қысымда термохимиялық жолмен мұнайларды сусыздандыру әдісі кеңінен қолданады. Келесі сурет - 5.1.
5.1 Сурет Мұнайды термохимиялық жолмен сусыздандыру схемасы:
/ - шикі мұнай; // - сусыздандырылған мұнай; /// - су
Шикі мұнай Н-1 сорғысымен алынып Т-1 жылуалмастырғышы мен Т-2 буқыздырғышы арқылы Е-3 термотұндырғышына жіберіледі. Мұнда мұнайға деэмульгатор қосылады, ол мұнайдың құрамынан суды айыру үшін керек. Е-3 термотұндырғышында мұнай 15 атмосфералық қысымда 1-3 сағат аралығында болады. Судан айырылған мұнай Т-1 жылуалмастырғышы арқылы Е-4 резервуарына қосымша судан айыру үшін жіберіледі. Е-3 те қалған су Е-5 мұнай аулағышқа келіп, одан Н-4 сорғысымен А-1 ұнғымасына жіберіледі. Термотұндырғыштан шыққан судың бір бөлігі құрамындағы деэмульгаторды қайта пайдалану үшін қайта шикі мұнай сорғысына жіберіледі. Мұнай сусыздандыруға қайта беріледі.
Әдебиеттер
Эрих В.Н. және т.б. Химия и технология нефти и газа. Л., 1974.
Суханов В.П. Переработка нефти. М., 1972.
№6 Практикалық жұмыс
Тақырыбы: Шикі мұнайды тұзсыздандыру.
Тапсырма
1.Мұнайды тұзсыздандыру қондырғысының схемасын құрыңдар.
Практикалық жұмысты орындауға қажетті түсініктер
Кейбір мұнайларды терең сусыздандыру кезінде оның құрамындағы тұздар бірге жайылып кетеді. Бірақ көптеген мұнайлар қосымша тұзсыздандыруды талап етеді.
Кейбір жағдайларда тұзсыздандыру үшін термохимиялық әдіс қолданылады, бірақ көп жағдайларда электр өрісінде термохимиялық жолмен эмульсияларды тазалау бірге жүреді. Мұндай қондырғыларды электртұзсыздандыру қондырғысы деп атайды.
Электртұзсыздандыру қондырғысының технологиялық схемасы келесі суретте 6.1. берілген.
Деэмульгатор, сілті және су қосылған мұнай Н-1 сорғысы арқылы Т-1 жылуалмастырғышымен және Т-2 буқыздырғышымен Э-1 электродегидратордың бірінші сатысына түседі. Мұнда мұнайдан судың және тұздың негізгі бөлігі бөлінеді. Олардың мөлшері 8-10 рет төмендейді. Э-1 электродигидратордан мұнай Э-2 екінші электродигидраторына қосымша айыруға келіп түседі. Оған дейін таза су тағы да қосылады. Тұзсыздандырылуға жұмсалатын су мұнайдың 10%-тін құрайды. Кейбір қондырғыларға бірінші сатыда таза су қосылмайды да, екінші сатыда ғана қосылады. Осылай шығындалатын судың мөлшерін екі есеге азайтады.
