- •Мазмұны
- •Іі қазақстан республикасындағы бюджет салық саясатының мемлекеттік қарызды реттеудегі атқаратын ролі.
- •Ііі қазақстан республикасындағы мемлекеттік бюджет тапшылығының жетілу жолдары және мемлекеттік қарызды жою.
- •1.1 Бюджет тапшылығының түрлері, сипаты
- •1.2. Мемлекеттік қарыздың сипаты және түрлері
- •1.3. Бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарызды реттеу әдістері
- •Іі Қазақстан Республикасныдағы бюджет салық саясатының мемлекеттік қарызды реттеудегі атқаратын ролі.
- •2.1. Қазақстан Республикасындағы салық саясаты жағдайы және мемлекеттік қарызды басқару.
- •2.2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қарызды және бюджет тапшылығының ерекшеліктері.
- •Ііі Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бюджет тапшылығының жетілу жолдары және мемлекеттік қарызды жою.
- •3.1. Мемлекеттік қарыздардың мағнасы және оны жою.
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Ііі Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бюджет тапшылығының жетілу жолдары және мемлекеттік қарызды жою.
3.1. Мемлекеттік қарыздардың мағнасы және оны жою.
Мемлекеттік кредитінің негізгі нысаны кредит қатынастары болып көрінетін мемлекеттік қарыздар болып табылады, бұл қатынастарда мемлекет негізінен қарызгер ретінде болады.
Қарыздарды өтеу мезгілі, орны, орналастыру әдістері, қарыз валютасы, эмитенттер, табыстылық түрлері бойынша ажыратылады.
Табыстылық түрлері бойынша қарыздар пайыздық (қарыз иелері жыл сайын тең үлеспен бекітілген мөлшерлерме бойынша тұрлаулы табыс алады); ұтыс немесе лотереялық қарыздар болуы мүмкін. Аталған мемлекеттік қарыздардан басқа олардың тарихыңда (бүрынғы КСРО бойынша) шаруа қарыздары (1924, 1925, 1927 жж.), үш индустрияландыру қарызы белгілі.
Сондай-ақ әскери қарыздар, 1946-1950 жж. халық шаруашылығын қалпына келтіру және дамыту қарыздары (5 қарыз) белгілі. Дербестікке ие болғаннан кейін Қазақстан Республикасында меншікті ішкі қарыздарды қолдану басталды. 1992 ж. республика үкіметі Мемлекеттік ішкі қарыз шығарды, ол кәсіпорындар мен ұйымдар арасында таратылды. Сол жылы айналысқа 20 жылға (2012 жылға дейін) есептелінген Қазақстан Республикасының мемлекеттік ішкі ұтыс қарызының бондары шығарыдды. Қарыздар бойынша ұтыстар жыл сайын 25, 50, 500 мың теңге көлемінде 4 рет ойналады.
1996 жылы Қазақстан Республикасында резидент және бейрезидент-занды және жеке тұлғалар арасында номиналы 1000 теңгеге, айналым мерзімі 364 күнге тең мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылатын Мемлекеттік ішкі қарызының ұлттық жинақ облигациялары таратыла бастады. Ұлттық жинақ облигацияларына жүзбелі табыстық пайыздары есептеліп, олар тоқсан сайын төленіп тұрады.
Ақша ресурстарыңдағы қысқа мерзімді қажеттіліктерді жабу үшін қарастырылған шараларды бюджеттен қаржыландыру кезінде кірістердің түспеген немесе жеткіліксіз түскен кезінде кредиттің мемлекеттік қазынашылық міндеттемелері (МҚМ) сияқты нысаны пайдаланылады. МҚМ қағазсыз нысанда занды тұлғаларға — коммерциялық банктерге, кәсіпорындарға, фирмаларға арналып 3, 6, 9, 12 ай мерзімге шығарылады. Иелері арасында МҚМ-ді орналастыру аукциоңдық сауда-саттықта жүргізіледі, оңда міңдеттемелердің кезекті шығарылуының дисконтталынған бағасы белгіленеді. Қаржы министрлігі оларды айналыс мерзімінің бітуіне қарай көрсетулі құны бойынша сатып алады, бұл бағалы қағаз номиналы (атаулы құны) мен дисконтты баға арасындағы айырмашылық инвестордың табысын қүрайды. Мемлекет МҚМ-ға есеп айырысу мен шаруашылық операциялар бойынша қалыптасатын рыноктік бағалар бойынша (жағдаятты ескере отырып) төлемдердің мәртебесін бере отырып, олардың тұрақтылығына кепіл болады.
1999 жылдан бастап атаулы қүны 100 АҚШ доллары болатын айналыс мерзімі 5 жыл арнаулы валюталық мемлекеттік облигацияларды (АВМЕКАМ) жинақтаушы зейнетақы активтерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы үкіметінің атынан Қаржы министрлігі (эмитент) шығарды. Бұл облигациялар иелеріне өтеу кезіңде олардың атаулы қүнын алуға және жылына 6,14% мөлшерінде сыйақы (мүлде) алуға құқық береді. Сонымен бірге Қаржы министрлігі бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін пайдаланатын құралдардың түрлерін кеңейту мақсатыңда теңгенің еркін айырбас бағамы жағдайында айналыс мерзімдері 3, 6, 9, 12 ай болып табылатын мемлекеттік қазынашы-лық валюталық міндеттемелер (МЕКАВМ) шығаруды бастады. Ол қүжаттық емес нысанда және нақты 100 АҚШ долларына аукциондық әдіспен анықталған дисконтталған баға бойынша орналастырыдды. Қазынашылық міндеттемелерді ұстаушылар Қазақстан Республикасы резиденттері де, бейрезидентттері де болып табылатын заңды және жеке тұлғалар бола алады. Инвесторлардың сатып алынған қазынашылық валюталық міндеттемелер үшін ақы төлеу мен Қаржы Министрлігінің қазынашылық валюталық міндеттемелердің нақты құнын өтеу төлеу күні мен өтеу күнінің қарсаңындағы әр эмиссиясының шарттарын жариялау кезінде Қаржы министрлігі тағайындаған Ұлттық банктің ресми бағамы бойынша теңгемен жүргізіледі.
Мемлекеттің шығыстарын қаржыландыруға пайдаланылатын несие қорын қалыптастыруға мемлекеттік банктердегі халықтың салымдары бойынша қалдықтардың бір бөлігін айналысқа қосу да мемлекеттік кредиттің нысаны болып табылады.
Мемлекеттік кредиттің келесі нысаны — елдің орталық эмиссия банкінің қаражаттарын тарту. Мемлекет айналыстағы ақша массасының инфляциялық қүнсыздануымен қосарланатын бұл нысанға мемлекеттік кредиттің әр түрлі келеңсіз себептерден — дағдарысты жағдаяттардан, мемлекеттік бағалы қағаздарға сенімнің жоғалуьшан, төтенше жағдайлардан туатын басқа нысаңдарын пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда иек артады.
