
- •Мазмұны
- •Іі қазақстан республикасындағы бюджет салық саясатының мемлекеттік қарызды реттеудегі атқаратын ролі.
- •Ііі қазақстан республикасындағы мемлекеттік бюджет тапшылығының жетілу жолдары және мемлекеттік қарызды жою.
- •1.1 Бюджет тапшылығының түрлері, сипаты
- •1.2. Мемлекеттік қарыздың сипаты және түрлері
- •1.3. Бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарызды реттеу әдістері
- •Іі Қазақстан Республикасныдағы бюджет салық саясатының мемлекеттік қарызды реттеудегі атқаратын ролі.
- •2.1. Қазақстан Республикасындағы салық саясаты жағдайы және мемлекеттік қарызды басқару.
- •2.2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қарызды және бюджет тапшылығының ерекшеліктері.
- •Ііі Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бюджет тапшылығының жетілу жолдары және мемлекеттік қарызды жою.
- •3.1. Мемлекеттік қарыздардың мағнасы және оны жою.
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Іі Қазақстан Республикасныдағы бюджет салық саясатының мемлекеттік қарызды реттеудегі атқаратын ролі.
2.1. Қазақстан Республикасындағы салық саясаты жағдайы және мемлекеттік қарызды басқару.
Республикалық бюджетгің түсім көздері - салықтар мен басқа да міндетгі төлемдерді құқықтык реттеу — республикалық деңгейдегі салық салу аясында салық механизмдерін қолдану, тұрақты бекітілген салыктық түсімдерді — салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді алу, сондай-ақ олардың белгіленген тәртіппен республикалық бюджеттің кірісіне уақтылы және толығымен түсуіне тексеру жүргізу барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін салықтық құқықтың ерекше бөлімінің институты.
Республикалық бюджеттің салықтық түсімдері аясындағы материалдық салыктық қатынастарды құқықтық реттеудін мақсатты бағдары мемлекеттік, сондай-ақ корпораииялық (және жеке меншік) шаруашылық жүргізу ауқымында туындайтын мемлекеттік қаржылық қатынастардың тиімді қалыптасуына қол жеткізуге бағытталады. Мемлекет меншігіндегі республикалық бюджеттін ресурстары Қазақстан Республикасындағы саяси құрылыстың тұрақтылығын, әлеуметтік мүдделерді және елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ орын алуы мүмкін келеңсіз ішкі және сыртқы экономикалық факторларды болдырмауға септігін тигізеді.
Алымдардан кейінгі Республикалық бюджет кірісінің айтарлыктай салықтық түсімдері ретінде, кезінде салықтық емес кірістерге жатқызылған, ал бүгінде салық заңнамасына және Бюджет кодексіне сай міндетті төлемдерге айналған төлемақылар қарастырылады.
Республикалық бюджет кірісінің елеулі түсімдері қатарына Қазақстан Республикасының жер койнауын пайдаланушылар төлейтін арнаулы міндетті төлемдерді жаткызуға болады. Бюджет кодексі 46-бабының 1-тармағының 7),8) және 9)-тармақшаларына сәйкес:
бонустар;
роялти;
Қазақстан Республикасының жасалған келісім-шарттар бойынша өнімді бөлу жөніндегі үлесі республикалық бюджеттің салықтық түсімдері болып табылады.
Ерекшеленген объектілерден алынатын аталған осындай мемлекеттік баждардан басқалары (өздеріне тән объектілеріне қарай алынатындары) бойынша мемлекеттік баж сомалары толығымен жергілікті бюджеттердің еншісіне берілген. Көптеген жылдар келемінде республикалық бюджеттің тұрақты бекітілген кірістері болып айқындалған және белгіленген салық жүйесіндегі кедендік баждар мен өзге де міндетті кедендік төлемдердің қазіргі кезде де аталған бюджеттің түсімдері ретінде Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 46-бабынын 1-тармағындағы 22), 23) 24)-тармақшаларда көрініс тауып отырғаны көпшілікке мәлім.
Кедендік баждар мен міндетті төлемдер Бюджет кодексінде:
1) әкелінетін тауарларға салынатын кедендік баждар;
әкетілетін тауарларға салынатын кедендік баждар; .
отандық тауар өндірушілерді қорғау шаралары ретінде алынатын кедендік баждар;
кедендік бакылауды және кедендік процедураларды жүзеге асырудан түскен түсімдер деп жиынтықталып аталғанымен, Қазақстан Республикасының Салық кодексінде (64-бап):
Аталған салықтар бойынша салықтық міндеттемелердің негізгі элементтеріне (салық салу элементтеріне) салық төлеушілер, салық салу объектілері, салық ставкасы, салықтарды есептеу және телеу тәсілдері мен тәртібі, салықты төлеу мерзімдері, салық сомасы түсетін (есептелінетін) бюджет және т.б. жатады. Осындай және аталмаған басқа да элементтер төлеушінің салық төлеу жөніндегі міндетін (егер олар салықтық міндеттемелердің элементтері ретінде заң жүзінде көрініс тапса) белгілейтін және салықтың зани құрамын құрайтын аса маңызды элементтердің жиынтығы болып саналады. Мемлекеттің салықтык қызметі Қазакстан Республикасының салык жүйесі ауқымындағы салық салу процесін ұйымдастыруға және салық салуға байланысты барлык мәнжайларды (салықтар мен баска да міндетті төлемдердің шамасын және ставкаларын, салықтық төлем сомаларын есептеу және оларды бюджетке төлеу тәртібін, өздеріне қатысты заңи фактілер негізінде салықтық міндеттемелер жүктелген занды және жеке тұлғалардың шеңберін, салық жүйесінің барынша жұмыс істеу механизміндегі фискальдық және реттеуші функциялардың өзара іс-әрекетін, сондай-ақ олардың балансты болуын қамтамасыз етуге бағытталған, салықтық заң актілеріне негізделген, мемлекеттің объективті экономикалық кызметі болып табылады. Салықтар мемлекеттік кірістің (бюджеттің) ең мол түсім көздері болғандықтан олар қандай болмасын мемлекеттің өсіп-еркендеуінің материалдық ңегізі болып есептелінеді. Сондықтан салықтық қызмет мақсатының басты бағыты салықтардың көмегімен бюджетке кірістерді тарту арқылы мемлекеттің қазынасын калыптастыру және мемлекеттің функциялары мен қоғам мүдделерін акшалай қамтамасыз ету болып табылады.