Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Makro kursovaya Doni.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
157.7 Кб
Скачать

1.3. Бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарызды реттеу әдістері

Бюджет тапшылығын жабудың мынадай әдістері бар:

а)мемлекеттік қарыздар; ә)салық салуды кобейту;

б)ақша эмиссиясы.

Өз кезегінде ақша эмиссиясы айналысқа ақша белгілерін тікелей шығаруда да, жанама түрде мемлекетгік бағалы қағаздар шығару және оларды коммерциялық банктерге откізу арқылы да тұлғалануы мүмкін, коммерциялық банктер өзінің резервтерін көбейтеді және банктік мультипликатордың арқасыңда айналыстағы ақшаның санын көбейтеді.

Бюджет тапшылығына қатысты фискалдық саясат үш тұжы-рымдамаға негізделеді.

1. Жыл сайынғы теңдестірілетін бюджет. Мұндай бюджет мұндаға дейін фискалдық саясатгың мақсаты деп есептедді. Алайда бюджеттің мұндай жай-күйі фискалдық саясаттың тұрлауландырушы, циклге қарсы бағыттылығын азайтады. Бюджетті тендестіру тіпті экономикалық циклдың ауытқуын үлғайтуы мүмкін. Жұмыссыздықтың болуы және халықтың табысының құлдырауы кезінде салық түсімдері автоматты түрде қысқарады. Бұл жағдайда бюджетті теңдестіру үшін мемлекетке не салықтардың мөлшерлемелерін арттыруы, не мемлекеттің шығыстарын қысқартуы, не бұл екі әрекеттіде жүзеге асыруы қажет. Қорытындысы жиынтық сүранымның қысқаруы және өндірістің одан сайын құлдырауы болып табылады.

Бюджетгі тендестіру саясаты сонымен бірге инфляцияны үдетуі мүмкін. Инфляцияның болуы кезінде ақшалай табыстардың артуы автоматты түрде салық түсімдерін кобейтеді. Бюджеттің артығын жою үшін мемлекет мына шараларды қоддануы тиіс: не салықтардың мөлшерлемелерін төмендетуі, не мемлекеттің шығыстарын көбейтуі, не бұл екі шараның ұштастырылуын пайдалануы тиіс.

  1. Циклдік негізде теңдестірілетін бюджет. Бұл тұжырымдамаға сәйкес бюджет жыл сайын емес, экономикалық циклдың барысында тендестіріледі. Өндірістің құлдырауын болдырмау үшін мемлекет тапшылықты әдейілеп жасай отырып салықтарды азайтады және шығыстарды кобейтеді. Экономиканың келесі өрлеуі кезінде мемлекет салықтарды кобейтеді және шығыстарды қысқартады, ал пайда болған бюджетгің артығы құлдырау жылдарындағы тапшылықтарды етеуге бағытталады. Сөйтіп, циклге қарсы фискалдық саясат және экономикалық цикл ішінде бюджетті теңгеру жүргізіледі. Құлдыраулар мен өрлеулер тереңдігі мен ұзақтығы бойынша бірдей болмайтыңдығы, мұның өзі бюджеттің циклдік теңгерімділігін бұзатындығы бұл тұжырымдаманың әлсіз буыны болып табылады.

Қаржының функционалдық тұжырымдамасының мақсаты макроэкономикалық тұрақтылыққа, инфляциялық емес толық қам-тылуды қамтамасыз етуге жету үшін жалпы экономиканы теңдестіру болып табылады. Бұл тұжырымдама кезінде бюджетгі теңгеру болмашы мәселе болып табылады, бюджет тапшылықтары мен мемлекеттік борыштың да, бюджет артығының да болуына рұхсат етіледі. Бұл жағдайда экономикалық өсуге қарай салық жүйесі бюджетке түсетін түсімдерді автоматты түрде қамтамасыз етеді, ал микроэкономикалық тұрақтылық бұл өсуді ынталандыратын болады, мұның нәтижесіңде тапшылық өзін-өзі қаржыландырады деп шамалауға болады. Бұдан басқа, мемлекет салықтармен іс жүзінде шексіз айлашарғы жасай алады және бюджеттің тапшылығын жаба алады. Бұл тұжырымдамада сонымен бірге тапшылықтар мен ірі мемлекеттік борыштың болуы қалыпты экономика ушін қауіпті емес деп шамаланады.

Цикддік негізде және функционалдық қаржы тұжырымдамасында тендестірілетін бюджеттің тұжырымдамасына бағдарланған фискалдық саясат ақша айналысының жай-күйін есепке алатын, бюджет тапшылығының қалыптасуына бақылауды, мемлекет шығыстарының бағыттары бойынша тиімді шараларды қаржыландыруды қамтамасыз ететін қаржылық шаралардың негізделген бағдарламасын әзірлеуді қажет етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]