Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Makro kursovaya Doni.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
157.7 Кб
Скачать

1.2. Мемлекеттік қарыздың сипаты және түрлері

Бюджеттік тапшылықтарды қаржыландырудың басты жолы мемлекеттік несие. Мемлекеттік несие қаржы — экономикалық қатынастардың жиынтығы, мұнда мемлекет заем немесе кредитор — несие беруші рөлін атқарады. Егер әңгіме бюджеттік тапшылықты толықтыру жайында болса, онда мемлекеттің қызметі бізді заем беруші ретівде қызықтырады.

Мемлекеттік қарыз (кредит) жеке адамның несие беруінен айтарлықтай ерекше. Соңғы жағдайда ол өндірістік мақсаттарға бағытталады. Бұл кредит бойынша процесс өндіріс процесіңдегі құнның өсуімен байланысты төленеді. Бюджеттік дефицитті жоюға бағытталған мемлекеттік несие көп жағдайда өндірістік қызметпен байланысты емес. Сондықтан мемлекет өзінің борышын негізінен бюджетке келіп түскен төлемдердің есебінен төлейді. Мемлекеттік қаржы ресурстары негізінен түрлі мемлекеттік заемдарды шығару есебінен жиналады. Олар банктің сақтандыру және өнеркәсіп компанияларының уақытша бос ақшаларын пайдаланады. Ақша айналымы мен жалпы экономикалық қызмет істеу үшін оған қажетті ресурстарды мемлекет қандай көздерден алады? Егер казначейлік міндеттемелері жеке секторларға орналасса, онда ақша ресурстары уақытша жеке адам иелігінен мемлекетке қайта бөліяеді. Ол үшін үкімет өзінің қағаздарын жоғары процентпен, капитал иелерін қызықтыратывдай етіп шығаруы тиіс. Мемлекеттік борышты процентпен төлеу бюджет шығыстарьшың басты бөлігін алады. АҚШ-тың федералдық шығындарының ішінде 1980 жылы 8,9 проценттен 1989 жылы 14,5 процентке өсті. Мемлекеттік қарыздарды жеке секторда орналастыру өз кезегіңде бюджеттік шығындардың одан әрі ұлғаюына жол береді. Бірақ үкімет өзінің казначейлік міндеттемелерін тек жеке секторда ғана орналастырып қоймай, орталық банктердің (ақша шығаратын) есебінде де ұстайды. Үкіметтің казначейлік міндеттемелерін есептей отырып, банк айналысқа көптеген қосымша төлем қаржыларын шығарады, бірақ олардың нақты тауар көлемдерімен еш байланысы жоқ. Мұндай жағдайда мемлекеттік бюджет ақша айналысына тікелей инфляциялық ықпал жасайды. Ақша көлемінің өсуі қоғам байлығын шын мәнінде ұлғайта алмайды. Мұндағы "мемлекеттік борыштың монеттенуі" көптеген елдерге тән жағдайды білдіреді, шексіз мемлекеттік шығындарды қаржыландыру ақша айналысын тұрақсыздандырудың тіке-тей себебі болады.

Мемлекеттік несиенің дамуы мемлекеттің қарызын басқарудың құрылымын жасауды қажет етеді. Мұндай шаралардың негізгілеріне жаңа заемдардың көлемін шығарудың уақытын, казначейлік міндет-теме бойынша проценттің мөлшерін, оларды орналастыруды анықтау жатады. Мемлекеттік заемдар әр түрлі мерзімге шығарылады, осы белгісіне қарай қысқа, орта және ұзақ мерзімді деп бөлінеді. Олардың айырмашылықтары шартты. Қысқа мерзімді заем, әдетте 1 жылдан 5 жылға, орта мерзімді 3-тен 5, ұзақ мерзімді 5 жыддан ұзақ уақытқа шығарылады.

Қарыз түрлері мерзімінің арақатынасының мемлекеттік борышты басқаруда айтарлықтай маңызы бар. Инсрляция күшейген және ақша айналысының жалпы тұрақсыздыгы жағдайында қысқа мерзімді қарыздың үлесі артады. Ақшаның инфляциялық құнсыздануы кезінде иивесторлар ұзақ мерзімді үкіметтің міңдеттемесі бойынша ақша жұмсаудан қашады. Несие берушілер қысқа мерзімді казначейлік міңдеттемелерді қалайдыг, өйткені олардың инфляциялық процестердің әсеріяе тап болу қаупі аз. Мемлекеттік қарыздың жүйелі өсуі ұлттық табыстың проценттік төлем ретінде қайта беілінуіне әкеледі. Мысалы Францияда мемлекеттік борышты процентпен төлеу 1982 жылғы 40 млрд. франктен 1990 жылы 125 млрд. франкке жетті. АҚШ-та федералдық қарыз бойынша таза про-центтік төлемдер 1980 жылы 52,2 млрд. доллардан 1989 жылы 165,7 млрд. долларға көбейді. Мемлекеттік қарыз басқа да берешектер сияқты жалпы ұлттық өнімге қарағанда әлдеқайда жылдам өседі. Мысалы, АҚШ-та 1983 пен 1990 жылдар арасында ЖҮӨ 1,6 есе артты. Ал сол аралықта халықтың, мемлекет пен финанстық емес кор-порациялардың берешегі 2,2 есе өсіп, 10 триллион долл, яғни жалпы үлттық енімнен 2 есе көп болды. 90 жылдардың басында халықтың борышы 3,7 трлн. долл. финанстық емес корпорациягсардың 3,5 трли. долл. ал федералдық қарыз 3 трлн. долл. жақындады. Ірі бюджет тапшылығы және мемлекеттік міңдеттемелер бойынша төлемдердің проценті өскен жағдайда казначе:йліктер берешекті төлеудің уақытын кейін ыгыстырады. Осы мақсатпеи мемлекет заемдарды конверсиялау тәжірибесін кеңінен қолданады. Мұндай шаралардың маш заемдарды жабуды кейінге қалдыру, мүмкін болғанынша мемлекет міндеттемелерін қысқа мерзімнен орта және ұзақ мерзімге айналдыру. Казначейліктер инвестордын келісімімен өздерінің қысқа мерзімді міндеттемелерін орта, ұзақ мерзімді қарыздауға ауыстырады. Осымен қатар ол өзінің қысқа мерзімді заемдер міндеттемелерін жоғары процент негізінде жаңа үзак мерзімді заемдар шығару арқылы сатып алады. Мұндай шаралар тез тиімділік беріп, үкіметтің финанс жағдайын жеңілдетеді. Бірақ олар бюджетті айтарлықтай тұрақтандыра алмайды, өйткені ол ставка процентінің одан әрі өсуіне әкеледі, ең соңыңда жалпы борыштың сомасын көбейтеді.

Мемлекеттік қарызды басқарудың күрделі механизмін пайдалана отырып, казначейліктер бюджеттік тапшылықты жою үшін үлкен көлемде қаржы ресурстарын қолданады. Бюджеттік және қаржы —ақша саясаты макроэкономикалық реттеудің кең көлемдегі мәселелерін шешуге бағытталған. Олардың қатарына антициклдық саясатты жүргізу, жұмыспен қамту, төлеу қабілеті бар сүраныс дәрежесін және жалпы іскерлік белсеңділікті реттеу жатады.

Бюджеттік шығыстарды ұлғайту мен салықтарды азайту шаралары сұраныстың және экономикалық белсенділіктің жалпы төмендеу кезіңде, экономикалық дағдарысқа ұшырау қаупі төнгеңде жүргізіледі. Мемлекеттің шығыстарын қаржыландыру жиынтық сұраныстың жалпы көлемін ұлғайтады. Салықтың төмеңдеуі күрделі қаржының, әсіресе орта ұсақ компаниялардың көбеюіне қолайлы жағдай жасайды. Салықтың төмеңдеуі жағдайында мемлекеттік шығындардың артуы мемлекеттік бюджеттердің тапшылығын ұлғайтып, инфляциялық процестердің күшеюіне әкеледі. Шығыстардың кірістен осындай артық болуы активті бюджеттік дефицит деп аталады. Сонымен қатар экономикалық белсенділіктің төмендеуі себепті мемлекеттік табыстардың қысқаруы пассивті дефицит деп аталады.

Тапшылықты қаржыландыру концепциясы неокейнсиандық багыттагы экономистердің теориялық құрылымында берік орын алды. Оның негізгі ерекшеліктерін соғыстан кейінгі жылдары батыс экономистері экономиканы мемлекеттік реттеу үлгілерін жасауға кеңінен енгізді, ал үкімет басшылары оны тәжірибеде қолданды. Алайда тәжірибе барысында "дефицитті каржылаңдыру" идеясы күткен нәтижесін бермеді. Бұл концепцияның ең әлсіз жері оны қолдану 60—70-жылдарда анық керінген экономиканың инфляциялық түрақсыздануын күшейтті. Белсенді бюджеттік дефицит қарыздың монеттенуіне ақша массасының бақылаусыз көп ұлғаюына және ұлттық валютаның құнсыздануына әкелді. Сөйтіп, ұзақ мерзімді жоспарда активті бюджеттік дефициттер белгілі жағдайда халықтың сатып алу қабілеті мен мемлекеттік шығыстардың экономикаға ықпалының себебі болмақ. Мұндай мемлекеттік реттеудің ең басты бір проблемасы экономикаиы "суыту" инфляциялық қызьш кету" дегенмен күресу.

Дефляциялық (инфляцияға қарсы) шаралардың күрделілігі мынада: озып жүзеге асыру мемлекеттік шығындарды азайтуды, несиенің қымбаттауына жол бермеуі ақша келемін тығыздауды, қысуды қажет етеді. Мұның бәрі өз кезегіңде жиынтық сұранысты тежейді, күрделі қаржьшы азайтады, іскерлік белсенділікті төмендетіп, жұмыссыздықты кебейтеді.

Сонымен мемлекеттің қарыз проблемасы ақша айналасының күрделі кешенімен, бюджет саясатымен, мемлекеттің экономикалық белсенділік ықпалымен және әлеуметтік процестермен тікелей байланысты. Сыртқы қарыз. Шаруашылық өмірді жаппай интернационалдандыру процесі халықаралык кредиттің (несиенің) жедел дамуымен жүреді. Қажетті финанс қаржыларын щоғырлавдыру үшін мемлекет ұлттық шекарадан тыс жерлердегі ақша көздерін де кеңінен пайдаланады. Мұның нәтижесінде сыртқы борыш пайда болады, ол жоғарыда айтылған ішкі қарыздан айтарлықтай өзгеше. Халықаралық несие қызметінің басты қатысушылары жеке компаниялар, трансұлттық корпорациялар мен банктер әр түрлі қорлар және т. б. Бірақ соңгы кездерде халықаралық капитал рыноктарында сшерацияларға үкімет органдары қатысып заемщик, кредитор рөлін атқарады. Мемлекет финанс қаржыларын қарыз капиталының ұлттық рыноктарынан (жеке кредиторлардан немесе ресмн органдардан) сонымен қатар "еврорыноктан", яғни қарыз капиталын ұлттық рыноктан тыс та алады. Ұлттық рыноктарда сыртқы заем жеке банктің екілеттігі немесе мемлекетаралық келісімдер арқылы орналастырылады. Мемлекетаралық заемдар әр түрлі валюта арқылы орналасады, бірақ әдетте шығарылған тұста бектілген валюта паритетін сақтайды. Экономикалық өмірдің интернационализациялануының қазіргі кезеңі халықаралық несиенің тез өсуімен, осының негізінде сыртқы қарыздың ұлғаюымен сипатталады. Соңғы онжылдықта дамушы елдердің қарызы жоғары қарқынмен өсті, 1990 жыл ол 126,5 млрд. долларға жетті. Алайда сыртқы берешектіктің өсуі өнеркәсібі дамыған елдерге де тән. Мысалы қазір ірі нетто — қарыз, елі АҚШ. Өткен онжылдықта жоғары процент ставкасы нәтижесінде АҚШ американ башсілерінг ірі шет ел капиталының ағылуын қамтамасыз етті. Бұл капиталдың едәуір бөлігі федералдық үкіметтің бағалы қағазына аиналып, бюджеттің дефицитін қаржылаңдыруға жұмсалды. Алайда АҚШ-тың жалпы сыртқы экономикалық позициясы өзгерді. Егер 80-жылдарда АҚШ нетто кредитор болса, 1988 жылы оның таза борышы 540 млрд. доллар. (ЖҰӨ-нің 11%) болды. Үстіміздегі онжылдықта бұл көрсеткіш 1 трлн. долл. жетпек. Халықаралық несиенің тез өсуі, шаруашылық өмірдің интернационалдануы елдер арасында капитал миграциясының аймақтар мен елдердің экономикалық өзара тәуелдігінің тереңдеуінің нәтижесі. Халықаралық несие финанс ресурстары жеке сектордың қажетін өтеуге де, мемлекеттік бюджеттің дефицитін жоюіа да мүмкіндік береді. Сонымен қатар сыртқы борыштың өсуі айтарлықтай проблема туғызды. Оның ең бастысы несие беруші елдер мен дебитор елдердің эконо-микасының сыртқы факторларға тәуелділігі.

Кредит (несие)— қарыз капиталының қозғалысы, несие беру мүмкіндігі ақысын төлеу, қайтарып беру және мерзімдік принциптеріне күрылған. Экономикалық категория ретінде кредит құл иеленушілік қоғамда өсімқорлардың ақшаны қарызға беруінен басталып, өзінің айтарлықтай даму дәрежесіне буржуазиялық қоғамда қарыз капиталын пайдалану арқылы жетті. Кредит нарықтық экономика тұсыңда маңызды қызметтер атқарды. Біріншіден, тарихи тұрғыдан несие қоғамдық өндірістін шеңберін айтарлықтай кеңейтті. Екіншіден, кердит қайта бөлу қызметін атқарады. Осының арқасында жеке жинақтар, кәсіпорындар пайдасы, мемлекет табысы қарыз капиталына айналып, халық шаруашылығынын кіріс келтіретін салаларына жұмсалады Мысалы, АҚШ-та жинақтың ірі көзі (басқа елдердегі сияқты) жеке адамдар (отбасы, халық). 1989 жылы АҚШ экономикасының бұл секторында таза жинақтар (жалпы жинақтан берешекті шығарып тастағанда) 198 млрд. доллар болды. Бұл қаржының үлкен бөлігі мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуға жұмсалды. Үшіншіден, кредит (несие) айналым шыгындарын үнемдеуге көмектеседі. Оның дамуы барысында банктік есеп-шот пен салымдар (несие карточкілері, әр түрлі есепшоттар, депозит сертификаттары) қолма қол ақшасыз айналымға түседі, сөйтіп ақша ағымы жеделдейді. Төртіншіден, несие капиталдың орталықтануы мен шоғырлануын тездету қызметін атқарады. Кредитті бәсекелік күресте жиі пайдаланады, ол фирмалардың бірігуі мен бірін-бірі жойып жіберуіне ықпал етеді. Несиені жеңіл шарттар бойынша алған кәсіпкерлер капиталдың тез өсуін қамтамасыз етеді, басқалары несиені ауыр шарттар бойынша альга, бәсекелік күресте үтылып қалады. Тарихи даму барысында несиелер сан түрлі пішінде көрінеді, олардың негізгілері коммерциялық банктік несиелер. Коммерциялық несие кәсіпорын-дардың, бірлестіктердің, өзге де шаруашылық субъектілерінің бір-біріне беретін кредиттері. Мұндай несие төлемін кейінге қалдыратын тауарлар түрінде де болады. Көп жағдайларда олар вексель — бағалы қағаз, оны алғандар белгілі уақыттың ішінде вексель иесіне көрсетілген ақша сомасын төлейтіні туралы міндеттеме қабылдайды. Коммерциялық кредиттің жан-жақты дамуьша кедергі жасайтын нәрсе оның кредитор кәсіпорындарының резервтік қор мөлшерімен шектеулі. Тауар түріңде берілгендіктен, мысалы оны жалақыға пайдалануға болмайды жәие ол тек өндіріс құрал-жабдықтарын өндіретін және оны тұтынатын кәсіпорындарға ғана беріледі. Коммерциялық кредиттің мұндай шектеулерін банктік несиені дамыту арқылы жоюға болады. Банктік несие-қаржы мекемелерінің (банктердің, ассоциациялардың) барлық шаруашылық субъектілеріне жеке кәсіпкерлерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға және т. б, қарыз ақша ретінде беретін несиесі. Банктік кредиттер қысқа мерзімді (1 жылға денін), орташа мерзімді (5 жылдан жоғары) болады. Бұл несиелер тек тауарлар байналысы ғана емес, сонымен қатар капитал қорлануына да қызмет етеді. Коммерциялық несие бзғыты, мерзімі мен келісім сомасы жөніндегі шектеулігін жоя отырып банктік несие-кредит қатынастарының негізгі және басым түріне айналды. Кредиттің (несиенің) басқа көп тараған түрлеріне: шаруашылық жүргізуші субъектілердін бір-біріне кәсіпорындар мен ұйымдар шығарған акцияларды, облигацияларды, қатысу кредит билеттерін т. б. бағалы қағаздарды сатуы жатады. Бұл операциялар кәсіпорындарды қаржыландыру мен несие берудің (облигация, бағалы қағаздар) орталықсыздандырылған түрлері деп аталады. Тұтыну кредиті жеке адамдарға ұзақ мерзімді тұтыну тауарларын сатып алу үшін 3 жылға беріледі. Ол бөлшек сауда дүкендерінде төлемін кейінге қалдырып тауар сату арқылы жүзеге асырылады! немесе түтыну мақсатында банктік карыз беріледі. Тұтыну несиесін пайдаланғаны үшін, әдетте жоғары процент (30% ке дейін) төлейді және кредитті қайтару отбасы бюджетіне үлкен салмақ салады. Ипотекалық кредит қозғалмайтын (жер, құрылыс, үй) мүліктер орнына берілетін ұзақ мерзімді қарыз. Мұнда қарызды берудің қүралы банктер мен кәсіпорындар пшғаратьш ипотекалық облигациялар. Ипотекалық несие көбіне ауыл шаруашылығының негізгі қорларын жаңартуға пайдаланып, бүл салада капитал шоғырлануына көмектеседі. Мемлекеттік несие-кредит қатынастарының жүйесі. Мұнда мемлекет заем беруші, ал халық пен жеке бизнес қаржылардың кредиторлары. Мемлекеттік несиенің көзі тек орталық үкімет қана емес, жергілікті өкімет оргаңдары да шығаратын мемлекеттік заем облигациялары болып табылады. Мемлекет несиенің бүл түрін алдымен бюджеттің тапшылығын (дефицитін) жоюға қолданады. Мемлекеттік облигация шығару (эмиссия) және оны тарату нәтижесіңде АҚІІІ-тың мемлекеттік қарызы 2 трлн. доллардан асып отыр. Халықаралық кредит-қарыз капиталының халықаралық қатынастар саласындағы қозғалысы. Халықаралық несие тауар немесе ақша (валюта) түріңде беріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]