
- •М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
- •5В010300- Педагогика және психология
- •Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені Курс – ііі
- •Орал, 2015 ж.
- •2. Курс бағдарламасы (sillabus).
- •2. Пәнді оқу бағдарламасы.
- •3. Ожсөж мазмұны:
- •4. Ожсөж мазмұны:
- •4. Сөж мазмұны:
- •7. Ожсөж мазмұны:
- •8 Кредит сағат
- •9. Ожсөж мазмұны:
- •10 Кредит сағат
- •10. Ожсөж мазмұны:
- •10. Сөж мазмұны:
- •15. Ожсөж мазмұны:
- •16. Ожсөж мазмұны:
- •16. Сөж мазмұны:
- •17. Ожсөж мазмұны:
- •18 Кредит сағат
- •18. Ожсөж мазмұны:
- •18. Сөж мазмұны:
- •3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •4. Пәннің оқу-әдістемелік қамтылу карта
- •5. Дәрістер кешені.
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Пән бойынша әдістемелік нұсқау.
- •Курстық жобалардың әдістемелік нұсқауы.
- •Студенттердің өзіндік жұмыстарына қажет материалдар. Курс бойынша рефераттардың тақырыптары:
- •Сараман барысына әдістемелік нұсқау.
- •Студенттің сарамандық жеке жоспары
- •Студенттердің білімін тексеру және бағалау.
- •Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары
- •12. Сабақтарда қолданылатын бағдарламалы және мультимедиялық құралдар.
- •13.Арнайы жабдықталған аудиториялар мен лабороториялар:
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
Баланың әлеуметтік тәжірибені меңгеруіндегі танымдық әрекеті қандай?
Баланың әлеуметтік тәжірибені меңгеруіндегі көңіл көтеру әрекетінің мәні?
Баланың әлеуметтік тәжірибені меңгеруіндегі спорттық-сауықтыру әрекеті?
Баланың әлеуметтік тәжірибені меңгеруіндегі еңбек әрекетінің мәні?
Баланың әлеуметтік тәжірибені меңгеруіндегі шығармашылық әрекетінің мәні?
Әдебиеттер тізімі: [ № 1 - 9 ]
№13 дәріс тақырыбы: Сынып жетекшісінің оқушылармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары мен тәсілдері
Мақсаты: Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы формалары мен тәсілдерін айқындау.
Жоспары:
Тәрбие сағаты және оның атқаратын қызметі
Тәрбие сағатының ұйымдастыру жолдары
Тәрбие сағатының түрлері
Сынып жетекшісінің қойын дәптері
Мектептегі әрбір мұғалімге оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы сыныптық-сабақ екені түсініті. Сол секілді, орта мектептегі оқушылармен ұйымдастыратын тәрбие жұмысының негізгі формасы – сынып немесе тәрбие сағаты деп аталады.
Сынып сағаты - оқушылардың адамгершілі қасиетін қалыптастыруда, өнер саландағы талғам-тілектерді тәрбиелеуде, адамдар өмірінде кездесетін жағымды-жағымсыз мінез-құлық нормаларына, олардағы дұрыс көзқарасты қалыптастыруға, елжандылық езімдерін шыңдауда, абақтан тыс кезде өтізілетін тәрбие жұмысын ұйымдасьтырудың негізгі формасы болып саналады.
Сынып сағатының қызметтері:
тәрбиелік қызмет;
ағартушылық қызмет;
болжамдылық қызмет;
бағыттаушылық қызмет;
қалыптастырушылық қызмет.
Сынып сағаты негізінен екі бағытта жүргізіледі: 1) өткен апта негізінде оқушылардың үлгерім нәтижелері, олардың сабаққа қатысуы, тәртібі, оқуы, қоғамдық істері, олардың бір-бірімен қарым-қатынасы жайлы мәселелер қаралады; 2) әр тараптағы атқарылатын тәрбиелік шаралар. Олардың қатарына қызықты әңгімелер, кездесулер, пікірталас пен оқырмандар конференциясы т.б. бағыттағы жұмыстарды жатқызуға болады.
Сынып сағаты аптаның нақты бір күні өтізіледі. Онда сыныптың нақтылы жағдайына және тәрбие жоспарына байланысты оның ұйымдастыру формасы анықталады. Мүмкін сынып жиналысы немесе тақырыптық тәрбие сағаты, болмаса мектептен және сыныптан тыс жұмыс болады.
Бүгінде тәрбие сағатын балалар әрекетінің сипатына, олардың белсенділігі және дербестігі, өздігінен жұмыс істеу дәрежесіне, тәрбие сағаын дайындау және өтізуде мұғалімнің рөлі қаншалықты екендігіне байланысты 3 түрге жіктеу қарастырылуда:
Тәрбие сағатын өткізуде кең көлемде білім, мағлұматтың, өмірлік және педагогикалық тәжірибенің болуы талап етіледі.
Мұғалімдер мен оқушылардың өзара бірлікте атқарылатын әрекетімен сипатталады. Ондағы негізгі ойды анықтау мұғалімге жүктелсе, оның жолдарын, амал-тәсілдерін құру әрі жүзеге асыру мұғалімнің оқушылармен бірлесіп атқаруымен сипатталады.
Оқушылардың өзіндік дербес, беленді жұмысымен сипатталады.
Сынып жетекшісінің қойын дәптеріне:
Қоғамдық пайдалы еңбекке қатысты сыныпты ұйымдастыру қажет болды. Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар мен материалдар бөлінді. Ең алдымен ол құрал-жабдықтар мен материалдардың тізімін және оқушылардың алған заттарын қай уақытта қайтаруы қажеттігін дәптеріңе белгілеу.
Әр жұмыс орнына жауап беретін оқушыны белгілеу. Олармен істің барысы, атқарылатын жұмыстары туралы есеп беретін он бес минуттік кеңес өтізуді басшылыққа алу.
Екінші дәрежедегі іспен шұғылданбауға тырысу, бар күш-жігерді басты жұмықа жұмылдыру.
Алда істелер іске барлық оқушыларды, соның ішінде белсенділерді тартуға қол жеткізу.
Жоспарланған істі дер кезінде орындалмаған себепті кейінге қалдырудан аулақ болу.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
Тәрбие сағатының жоспарына не тән?
Тәрбие сағатын өткізу құрылымы туралы не айта аласың?
Тәрбие сағатын өткізу шарттарын ата?
Тәрбие әдістері мен формаларын таңдауда оқушының жасы, жынысы және жеке ерекшеліктерін ескерудің маңызы қандай?
Әдебиеттер тізімі: [ № 1 - 9 ]
№14 дәріс тақырыбы: Тәрбие сағатының үлгісі
Мақсаты: Тәрбие сағатының үлгілерімен таныстыру және оны талдау.
Жоспары:
Тақырыптық тәрбие сағатына арналған үлгі «Қазақ халқының қолөнері»
Тәрбие сағатын талдаудың шартты түрде алынған үлгісі
Тақырыптық тәрбие сағатына арналған үлгі жоспар
Тақырыбы: «Қазақ халқының қолөнері»
Мақсаты: Қазақтың ұлттық ою-өрнектері негізінде оқушылардың білім көлемін еңейтіп, көркемді талғамдарын дамыту.
Міндеттері:Халық ою-өнерінің шығуы, оның қандай ұғымда туып, қалай дамығандығы, ою-өрнек өнерімен бүгінгі өмірімен байланысын түіндіру, оқушылардың өнерге деген талғам-танымын шыңдау.
Ұйымдастыру тәсілі:
Көрнекілік:
Өткізу мерзімі, уақыты:
Дайындық барысы:
Жоспары
Кіріспе:
Негізгі бөлім:
Үйге тапсырма:
Тәрбие сағатын талдау үлгісі /шартты түрде алынған/
Тәрбие сағатын ұйымдатырушының аты-жөні.
Тәрбие сағаты қай сыныпта, қандай мектепте өтті.
Тәрбие сағатының тақырыбы, масқаты қандай?
Тәрбие сағатының формасы және әдісі қандай?
Тәрбие сағатының міндеттері өізіліп отырылған сынып мүддесіне сай келе ме?
Тәрбие сағатының дайындық және өткізу кезеңдеріндегі оқушылар, сынып белсенділері, және ұйымдастырушысының беленділік деңгейі қандай болды?
Тәрбие сағатын өтізу барысында қолданылған көрнекіліктер, әдітер, техниалық құралдар қандай дәрежеде болды?
Тәрбие сағатының мазмұны оның тақырыбы мен мақсатына сай келде ме?
Тәрбие сағатының жоспарында көрсетілген езеңдердіің жүйелік, бірізділік қағидасы сақталған ба?
Тәрбие сағатының өту барысында аудиториялық көңіл-үй қандай болды?
Тәрбие сағаты ынып ұжымына қалай әсер етті.
Тәрбие сағатын дайындау, өткізу барысында қандай кемшіліктер болды?
Тәрбие сағатында қолданылған көрнекіліктің тартымдылығы, оқушылар ұжымына ықпалы қандай дәрежеде болды?
Осы сынып ұжымымен келешекте өткізілетін тәрбиелі шаралардың мазмұны мен бағыты қалай болуы керек деп ойлайсыз?