- •М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
- •5В010300 – Педагогика және психология
- •Педагогиканы оқыту әдістемесі
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені Курс – 3
- •Барлығы – 135 сағат Орал
- •Оқытушы (оқытушылар) туралы мәлімет
- •Сабақ мазмұны мен кестесі Курстың мазмұны
- •1 Дәріс мазмұны: Оқу пәні ретіндегі педагогика дамуының негізгі кезеңдері.
- •2 Дәріс мазмұны: Оқу пәні ретіндегі педагогика дамуының негізгі кезеңдері.
- •3 Дәріс мазмұны: Педагогиканың ғылым және оқу пәні ретінде даму тарихы.
- •4 Дәріс мазмұны: Педагогиканың ғылым және оқу пәні ретінде даму тарихы.
- •2 Семинар мазмұны:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •11 Дәріс мазмұны: Педагогиканың қарастыратын негізгі мәселелері.
- •12 Дәріс мазмұны: Педагогиканың қарастыратын негізгі мәселелері.
- •6 Семинар мазмұны:
- •Әдебиеттер:
- •13 Дәріс мазмұны: Педагогиканы оқыту принциптері, оларға сипаттама
- •14 Дәріс мазмұны: Педагогиканы оқыту принциптері, оларға сипаттама
- •7 Семинар мазмұны:
- •Әдебиеттер:
- •15 Дәріс мазмұны: Семинар, практикалық және лабороториялық сабақтың ерекшелігі
- •16 Дәріс мазмұны: Педагогиканы оқытудың диагностикалық негізі
- •8 Семинар мазмұны:
- •Әдебиеттер:
- •17Дәріс мазмұны: Студенттерде сыни ойлауды қалыптастыру
- •18Дәріс мазмұны: Педогогикалық пәндердің ықпалдастырылуы,олардың түрлері мен нұсқалары.
- •9 Семинар:
- •Әдебиеттер:
- •19Дәріс мазмұны: «Педагогиканың жалпы негіздері» тарауына әдістемелік сипаттама.
- •20Дәріс мазмұны: Ғылым және оқу пәні, олардың өзара байланыстары мен ерекшеліктері
- •10 Семинар мазмұны:
- •Әдебиеттер:
- •22Дәріс мазмұны: Педагогикадағы оқыту принциптері, олардың сипаттамасы
- •11 Семинар мазмұны:
- •Әдебиеттер:
- •23Дәріс мазмұны: «Дидактика» бөліміне әдістемелік сипаттама.
- •12 Семинар мазмұны:
- •Әдебиеттер:
- •25Дәріс мазмұны: «Тәрбие теориясы» тарауына әдістемелік сипаттама.
- •26Дәріс мазмұны: Оқу әрекетінің топтық түрі оқытудың интенсивтендіру факторы ретінде.
- •13 Семинар мазмұны:
- •Әдебиеттер:
- •28Дәріс мазмұны: Топтық жұмыс әдістемесі.
- •14 Семинар мазмұны:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер тізімі
- •3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •4. Пәннің оқу-әдістемелік қамтылу картасы
- •Курс бойынша дәріс мазмұны
- •1 Дәріс мазмұны: ппоә-нің пәні мен міндеттері
- •2.Педагогиканы оқыту әдістемесінің міндеттері.
- •2 Дәріс мазмұны: Оқу пәні ретіндегі педагогика дамуының
- •3 Дәріс мазмұны: Педагогиканың ғылым және оқу пәні ретінде даму тарихы.
- •2.Педагогиканың оқу пәні ретіндегі негізгі даму кезеңдері.
- •4 Дәріс мазмұны: Педагогиканың ғылым және оқу пәні ретінде даму тарихы.
- •1.Педагогиканың оқыту пәні ретінде дамуы.
- •2. Шет елдеріндегі педагогика курсы.
- •2. Педагогика курсының мазмұнына жалпы сипаттама.
- •6 Дәріс мазмұны: Педагогика курсының мазмұнын құрудың негіздері.
- •1. Педагогиканы оқыту процесі.
- •2. Оқыту және кәсіби тәрбие.
- •7Дәріс мазмұны: Жоғары мектеп дидактикасы туралы жалпы түсінік.
- •1. Жоғары мектеп дидактикасы туралы жалпы түсінік.
- •Педагогиканыц оқыту пәні ретінде дамуы.
- •9Дәріс мазмұны: жоо дәріс оқытудың дидактикалық цикліндегі басты бөлік
- •1.Жоо дәріс оқытудың дидактикалық цикліндегі басты бөлік.
- •2.Дәрістің құрылымы
- •10 Дәріс мазмұны: жоо дәріс оқытудың дидактикалық цикліндегі басты бөлік
- •11Дәріс мазмұны: Педагогиканы оқыту технологиясы.
- •1.Жоғары мектептегі педагогикалық технологиялар.
- •2. Оқытудың инновациялық технологиясы.
- •12 Дәріс мазмұны: Педагогиканың қарастыратын негізгі мәселелері.
- •Педагогиканың қарастыратын негізгі мәселелері.
- •13 Дәріс мазмұны: Педагогиканы оқыту принциптері, оларға сипаттама
- •1.Оқыту принциптерінің анықталуы.
- •1.Оқыту принциптерінің анықталуы.
- •14 Дәріс мазмұны: Педагогиканы оқыту принциптері, оларға сипаттама
- •1.Педагогиканы оқыту процесі және оның ерекшеліктері
- •15Дәріс мазмұны: Семинар, практикалық және лабороториялық сабақтың ерекшелігі
- •1.Форма, оқыту формасы,
- •16 Дәріс мазмұны: Педагогиканы оқытудың диагностикалық негізі
- •1. Педагогиканы оқытудың диагностикалық негізі
- •2. Оқу процесіндегі педагогикалық талаптар
- •17Дәріс мазмұны: Студенттерде сыни ойлауды қалыптастыру
- •18Дәріс мазмұны: Педагогикалық пәндердің ықпалдастырылуы,олардың түрлері мен нұсқалары.
- •Педагогикадағы оқытуды қарқындату үрдісі.
- •1. «Педагогиканың жалпы негіздері» тарауына әдістемелік сипаттама.
- •20Дәріс мазмұны: Ғылым және оқу пәні, олардың өзара байланыстары мен ерекшеліктері
- •Ғылым және оқу пәні, олардың өзара байланыстары мен ерекшеліктері
- •21Дәріс мазмұны: Курс бойынша практикалық сабақтардың өзгешеліктері.
- •1. Курс бойынша практикалық сабақтардың өзгешеліктері.
- •2. «Тәрбиенің мақсаты» тақырыбына әдістемелік сипаттама.
- •22Дәріс мазмұны: Педагогикадағы оқыту принциптері, олардың сипаттамасы
- •Педагогикадағы оқыту принциптері, олардың сипаттамасы Педагогикадағы оқыту принциптері, олардың сипаттамасы
- •23Дәріс мазмұны: «Дидактика» бөліміне әдістемелік сипаттама.
- •1.Тараудың мазмұны.
- •2.»Білім беру мазмұны» тақырыбына әдістемелік сипаттама.
- •3. «Оқыту процесінің мәні» тақырыбына сипаттама.
- •«Оқытудың заңдылықтары және принциптері» тақырыбын оқыту
- •2.Тараудың басқа тақырыптары.
- •25Дәріс мазмұны: «Тәрбие теориясы» тарауына әдістемелік сипаттама.
- •1.Тәрбие теориясы мен әдістері.
- •2.Ұжымды қалыптастыру мәселелерін зерттеу.
- •26Дәріс мазмұны: Оқу әрекетінің топтық түрі оқытудың интенсивтендіру факторы ретінде.
- •27Дәріс мазмұны: Интерактивті оқытудың педагогикалық және психологиялық негізі
- •1.Интерактивті оқытудың педагогикалық және психологиялық негізі
- •2.Интерактивті оқыту әдістері.
- •28Дәріс мазмұны: Топтық жұмыс әдістемесі.
- •Топтық жұмыс әдістемесі.
- •29Дәріс мазмұны: Педагогикалық өзара қарым-қатынастың үрдісі
- •30Дәріс мазмұны: Бағалаудағы қателіктер
- •1. Бағалаудағы қателіктер Бағалаудағы қателіктер
- •6. Семинар сабақтарының жоспарлары
- •7. Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулар.
- •1 Дәріс мазмұны
- •2 Дәріс мазмұны: Педагогиканың ғылым және оқу пәні ретінде даму тарихы.
- •13 Дәріс мазмұны
- •14 Дәріс мазмұны:
- •15 Дәріс мазмұны:
- •10 Семинар мазмұны:
- •Семинар мазмұны:
- •14 Семинар мазмұны:
- •15 Семинар мазмұны:
- •9. Студенттің өзіндік жұмысына әдістемелік нұсқаулар
- •11. Білімді бағалауға арналған материалдар
- •12.Оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық қолдау.
- •13. Пән бойынша арнайы аудитория және кабинеттер тізімі.
29Дәріс мазмұны: Педагогикалық өзара қарым-қатынастың үрдісі
1.Педагогикалық өзара қарым-қатынастың үрдісі
2.Педагогикалық өзара қарым-қатынастың стильі
Өзара әрекет философияның базистік, онтологиялық ұғымдарының бірі болып табылады. Бұл байланыс, әсер, ауысу, әртүрлі объекттердің дамуы бір біріне, басқа объектілерге өзара әрекеті феномені. Өзара әрекет- бастапқы, негізгі, түп тамырлық ұғым. «Өзара әрекет - бұл біз алғаш қозғалыстағы материяны қарастырғандағы алдымен шығады...өзара әрекет заттардың ақиқаты ....( соңғы себеп). Біз бұл өзара әрекетті танудан ілгері бара алмау себебіміз: оның артында танып білетін ештеңе жоқ » (Ф.Энгельс) (111,158 цит). Кез-келген құбылыс, объект, жағдай басқалармен байланыста және қатынаста танылады, өйткені әлемдегі барлығы өзара байланысты және өзара шарты. Өзара әрекет, кемінде екі объектінің әрекетін құрайды, және бұл кезеңде олардың әрқайсысы басқаларымен өзара әрекетте болады.
А.Н.Леонтьев, өзара әрекет ұғымын диалектикалық-материалистік жағынан қарастырады, оның шектелген әлемдегі, тірі материя әлемінде ерекшелігін баса көрсетеді. «Өмір ерекше түрде ұйымдасқан денелердің ерекше өзара әрекет үрдісі» (111,160б). «Денелер» ұйымдасуы жоғары болса, соғұрлым осы өзара әрекет те күрделі .
Тірі табиғат «денелерінің» өзара әрекетінің жағдайында екі жақтың да үнемі белсенділігі бар. Әрине олардың көрінуі әртүрлі көлемде болса да. Бұл белсенділік әрекет агенті немесе егер іс-әрекет жүзеге асса оның субъектісі тұрғысынан инциальдық немесе реактивті болуы мүмкін. Әсіресе адамдардың әлеуметтік өзара әрекетіне субъектілік тән. Инициальдық тұрғыдан белсенділік қайта жаңғырған немесе сақталған болуы мүмкін: ол қолдушы, дамытушы немесе бұзушы болуы мүмкін. Реактивтік, кімге әсер етіп жатқандығы тұрғысынан оны қабылдау немесе қабылдамау белсенділігі анықталып, жауап әсердің ұйымдасуы, қалаусыз әсерге қарсы тұру немесе бірлескен әрекеттік қатысу белсенділігі бөлінуі мүмкін.
Бұл жерде бағыттылық, реактивтілік векторы түсініктерін анықтап алу маңызды. Реактивтілік жауапты, шақыртылған белсенділікті білдіреді, яғни, реактивтілік әрекетінің өзіне қатысы бойынша оның субъекті әрқашан белсенді. Сонымен қатар, өзара әрекеттесу бастамасы бойынша, әрекет агенттерінің бірі оны бастап, ықпалдасады, басқасы бұл бастамаға өз әрекеттерімен жауап қайтарады. Мұндай жағдай ықпал етуші агентті тек субъектімен, ал оны сезінушіні - объектімен пара-пар қылудың заңсыздығына негіз болады. Олардың екеуі де өздері іске асыратын әрекеттерде, іс-әрекеттерде белсенді, олардың екеуі де - өзара әрекет субъектілері.
Белсендiлiк тiрi материяның кез-келген өзара әрекет процесiнiң өзара әрекеттесушi жақтарының негiзгi сипаттамасы. Оның ұйымдасуы неғұрлым күрделi болса, соғұрлым осы белсендiлiк формасы көп түрлi. Жер жағдайында тiрi материя дамуының жоғарғы формасы болып табылатын адамда белсендiлiк оның ұйымдасуының барлық деңгейлерiнде көрiнедi. Бұл, бiрiншiден, интеллектуалдық белсендiлiк (болжам ұсыну, стратегия калыптастыру, тура және керi байланыс арналарының барлығынан келiп түскен ақпараттарды қабылдау, өңдеу және бағалау т.б., мұның өзi қарым-қатынаста ерекше көрсетiлген). Екiншiден, оған әсер етушi объект (процесс, құбылыс) моделiн құрастырудағы қабылдау процесiнде көрiнетiн адамның моторлық-эффекторлық белсендiлiгi. Ұқсасу теориясы бойынша (А.Н. Леонтьев), тiптi жекеленген мүше деңгейiнiң өзiнде (соның iшiнде неғұрлым аз праксикалық мүше — есту) белсендiлiк әсер етушi әсерге ұксастыратын бейне жасау түрiнде iске асатынын көрсетiлген (О.В. Ончинникова, Ю.Б.Гиппеирейтер). Объектiнi қабылдауда ұстанушы модельдi жасау (В.П.Зинченко) реактивтi позицияда орналасқан өзара әрекеттесушi жақтардың белсендiлiк формасы болып келедi. Үшiншiден, бұл жалпы мiнез-құлықтық белсендiлiк, яғни, оның мiнез-құлықтық және iс-әрекеттiк формаларының барлық сан алуандығынан (вербалды, вербалды емес) көрiнетiн белсендiлiк. Белсендiлiк өзара әрекеттесудiң екi жағында сипаттауына орай, олардың екеуi де субъектiлiк сапаға ие. Өзара әрекеттесу объектiлер арасында, себеп-салдарлы, каузалды байланыстармен қоса, сан алуан байланыстар орнатудың негiзi және шарты болып табылады. Ол, бұрын белгiлi болғандай, қашанда оның элементтерiнiң, компоненттерiнiң байланысын (өзара әрекеттесу формасында) ұйғаратын кез келген жүйенiң негiзi болып табылады. Осыған сәйкес, жүйелiлiк - объектiлердiң барлық байланыстары мен қатынастарының өзара әрекеттесуiнiң көрiнiсi ретiнде де оның сипаттамасы бола алады.
Адамдардың өзара әрекеттесуi барысында олардың саналы аңғарушылығы мен мақсатты ұйғарушылығы сияқты маңызды сипаттамалары айқындалады. Олар осы өзара әрекеттiң ынтымақтастық және қарым қатынас (ойында, оқуда, еңбекте және еңбектiң ең жоғарғы формасы ретiнде шығармашылықта) сияқты формаларын да анықтайды. Осы екi форманың екеуi де бiлiм беру үрдісінде көрiнiс таба отырып, бiр-бiрiмен байланысты. Ынтымақтастық формасындағы өзара әрекет (тайталас, қарсылық, қақтығыс та өзара әрекет формалары) қарым-қатынасты да оның идеалды формасы ретiнде ұйғарады. Бiрiншiсi екiншiсiнсiз бола алмайды, ал екiншiсi бiрiншiсiз бола алады, мұның өзi олардың автономдылылығының салыстытырмалы, шартты екенiн көрсетедi.
Бiр-бiрiмен қарым-қатынас жасаушы үйретушi (педагог) мен үйренушiнiң (оқушылар, студенттер) оқудағы өзара әрекетi, бiлiм беру жүйесiнiң iшiнде жүзеге асатын бiлiм беру үрдісiндегi неғұрлым күрделi өзара әрекеттесу жүйесiне енедi. Бұл жүйеде басқару (министрлiк, комитет, бiлiм беру бөлiмдерi, әкiмшiлiк ректорат, директорат), педагогикалық кеңес, кафедралар, оқытушылар ұжымы, сыныптар, топтар сияқты iшкi жүйелер тығыз өзара әрекетте болады. Олардың әрқайсысы өзара әрекет құрылымымен, яғни, оның жағдайын, стилiн және тиiмдiлiгiн анықтаушы құрылыммен сипатталады. Оқудағы өзара әрекеттесу бiрiккен, жалпы нәтижеге жетуге бағытталған iс-әрекет пен қарым-қатынас формасы ретiнде ынтымақтастықта көрiнедi. Бiлiм беру процесi көп жоспарлы және полиморфты өзара әрекет болып табылады. Бұл студент пен оқытушының оқу, дәлiрек айтсақ, оқу-педагогикалық өзара әрекеттесуi; бұл сонымен қатар, студенттердiң арасындағы өзара әрекеттесуi; бұл сонымен қатар, тұлға аралық өзара әрекеттесу, ол оқу—педагогикалық өзара әрекетке түрлiше әсер ете алады. Осы өзара әрекеттiң бiрiншi жоспарын «студент— оқытушы» схемасы бойынша қарастырайық. Ол iлiм тарихында түрлi формаларда жүзеге асырылды: Шебер және Ұстазбен даралық жұмыс; сынып-сабақтық жұмыс (Я.А. Коменский кезiнен берi); студентпен дара жұмыс кезiнде кеңес беру және кез келген нұсқада өзара әрекеттесушi жақтардың әрқайсысы өзiнiң субъективтi белсендiлiгiн жүзеге асырды. Ең көп мөлшерде ол үйренушiде Сократтың әңгiмелесу әдiсi бойынша, жеке дара жұмыста, кеңес беруде көрiне алды. Қазiргi кезде оқу-педагогикалық өзара әрекет ынтымақтастығының iскерлiк, рөлдiк ойын, бiрiгiп-таратылған iс-әрекет, триадалардағы, топтардағы, тренинг-сабактардағы жұмыс сияқты ұйымдастырушылық формаларына ие болды. Бұл жерде ынтымақтастық, ең алдымен, студенттердiң өзiнiң өзара әрекеттесуiн ұйғарады. Бiлiм беру процесiнде оқу өзара әрекетiнiң жоспары мен формаларының көп болу жағдайы жасалып, оның жалпы схемасы да күрделенедi. Оқудағы өзара әрекет бұрында жиi S→О, сызбасымен сипатталған, мұндағы — бұл оқытуды дамытушы, бiлiм берушi, iскерлiктi қалыптастырушы, оны қадағалап және бағалаушы белсендi субъект. Студент оқыту мен тәрбиелеу субъектiсi ретiнде қарастырылған. Осындай өзара әрекеттiң қатысушылардың барлығының белсендiлiгi сияқты сипаттамасына негiзделе отырып, соңғы жылдары оқудағы өзара әрекеттiң схемасы екi жақты субъект-субъектiлiк S↔S өзара әрекет ретiнде қарастырылды, мұндағы S1 — оқытушы және S2— студент жалпы субъекттер S∑ жинағын құрайды, ол осы өзара әрекет мақсаттарының ортақтығымен сипатталады. Оқытушы жұмыс iстейтiн топ, топ мүшелерi бiр-бiрiмен өзара әркеттесетiнiн есепке алсақ, оның педагогикалық мiндеттерiне осы топтың оқытудағы жiгерлерi ортақ мақсатқа бағыттталуы тиiс субъектiлер жиынтығы ретiнде қалыптастыру да енедi. Оқудағы өзара әрекеттiң қалыптасып отырған схемасы, осылайша өз тарапынан көп қабатты құрылғы болып келедi, оның берiктiгi өзара әрекетке қатысушылардың барлығының арасындағы психологиялық байланыс орнатуға негiзделедi. Психологиялық байланыс, өзара әрекеттесушi жақтардың өзара түсiнушiлiгiнен туындаған және бiр-бiрiне сенiмді қызыққандығымен байланысты, адамдардың психикалы күйлерiнiң ортақтығының нәтижесiнде пайда болады. Психикалық күй психологияда, Н.Д. Левитовтың iзiнше, адамның психикалық iс-әрекетiнiң белгiлi бiр уакыт кезеңiндегi, оның психикалық процестерiнiң өзiндiк ағымын көрсететiн, тұлға күй: мен қасиеттерiнiң алдында болатын тұтас сипаттамасы ретiнде анықталады. Байланыс субъектiлер үшiн өзара әрекеттi, жағымды нығайтушы фактор болып табылып, олар оны саналы аңғарып, бастан кешiредi. Байланыс жағдайында өзара әрекет субъектiлерiнiң барлық тұлғалық қасиеттерi неғұрлым толық айкындалады, оны орнату фактi оларға интеллектуалдық және эмоционалдық қанағаттану келедi. Басқаша айтқанда, байланыстың iшкi механизмдерi эмоционалдық және интеллектуалдық көңiл-күйге ортақтасу, жәрдемдесу, ой бөлiсу болып табылады.
Эмоционалдық көңiл-күйге ортақтасу негiзiнде «жұқтыру» психикалық құбылысы жатыр, оның механизмi әлеуметтiк психологияда топтық iс-әрекетi интеграциясының тәсiлi ретiнде қарастырылады. Шығу тегi бойынша көне және көрiнiс табуы бойынша сан алуан «жұқтыру» құбылысы адам мiнез-құлқының iшкi механизмiнiң формасы ретiнде шығады (Г.М.Андреева). Жұқтыру көбiнесе индивидтiң белгiлi бiр психикалық күйлерге, үлкен змоционалдық зарядка не психикалық көңiл-күйдi беру арқылы, сезiмдерi мен құштарлығы асқыну арқылы санасыз, ерiксiз шалдыққыштығын сипаттайды [163; 164, 258 6. 11, 175-178 б.]. Оқудағы өзара әрекет субъектiлерiнiң эмоционалдық көңiл-күйге ортақтасуы бiр мезгiлде байланыстың фондық та, негiзгi де механизмi болып табылады. Айта кету керек, байланыс механизмi ретiнде адамның эмоционалдық көңiл-күйге ортақтасуы, ең алдымен, өзара әрекеттесушi субъектiлердiң тұлғалық ерекшелiктерiнен, өзара әрекеттесу затының маңыздылығынан, жақтардың осы үрдіске қатынастарынан пайда болады. Бұл өзара әрекеттiң түсiнiсушiлiгiн, ортақтығын және келiсiмдiлiгiн қамтамасыз етедi. Өзара әрекеттесуге түскен жақтардың шынайы байланысының басқа механизмi дегенiмiз: екi жақтың да қандай да бiр мәселені талдау бойынша бiр белсендi iс-әрекетке араласуымен және белгiлi бiр ойлау тапсырмасын орындауға бағытталуымен анықталған ортақтасып ойлану, ойлауға жәрдемдесу болып келедi. Интеллектуалдық әрекеттесу деп аталатын бұл механизм өзара әрекеттесушi субъектiлердiң, мысалы, оқытушы мен студенттің интеллектуалдық iс-әрекеттерiнiң бiрлескендiгiмен шартталады. Өзара әрекеттесушi жақтар арасында байланыс пайда болуының iшкi шарты бiр-бiрiне ақжүректiк, шынайы сыйлаудың, эмпатиялықтың және толеранттықтың көрiнiсi болып табылды. байланыстың сырткы көрiнiсi өзара әрекеттесушi жақтардың мiнез-құлығы болып табылады. Мысалға, топтағы байланыс үшiн зейiн кою қалыбы, бiршама алға ұмтылған дене қалыбы, мақұлдау көзқарастары мен қол қимылдары, жұмыстың, оқытушының тарапынан реттелiнушi тыныштық, оқытушының толқу мен ойлану үзiлiсiндегi студенттердің үндемеулерi көрсетiмдi. Осы және басқа көрсеткiштердi қарым-қатынас теориясынын әлеуметтiк бөлiгi — праксемика суреттейдi. Байланыс — бұл оның субъектiлерiнiң өнімді өзара әрекеттесуiнiң, осы үрдіс пен оның нәтижесiнiң тиiмдiлiгiн арттырудың шарты мен салдары. Өзара оқу әрекетiнде психологиялық байланыс табиғи, кедергiсiз қарым-қатынас мүмкiндiгiн анықтайды, мұндай қарым-қатынастың болуы оның субъектiлерiнiң табысты ынтымақтастығы үшiн маңызды. Оқудағы өзара әрекет субъектiлер позициясьын ұстанушы екi жақтың да - студенттердің (студенттің) - оқытушының өзара әрекеттерiнiң белсендiлiгiмен, саналы аңғарылуымен мақсаттылығымен сипатталады, мұнда келiсiмдi әрекет контакттың психологиялық күйiмен нәтижеленедi және алғы шартталынады. Қазақстандағы бүкiл бiлiм беру жүйесi, соның iшiнде жоғарғы бiлiм беру де қазiргi күнi идеялардың ықпалында болып отыр, бұл идеялар жалпы және педагогикалық психология теоретиктерi (Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, Ш.А. Амонашвили жне т.б.) мен бүiнгi күнгi мектептердiң алдыңғы қатарлы практиктерiнiң жұмыстарында тұжырымдалған (А.С. Макаренко, А.В. Сухомлинский және т.б.).
Бұл идеялар, жекелеп алғанда, ынтымақтастықтың қазiргi күнгi бiлiм берудiң анықтаушы негiздерiнiң бiрi ретiнде мақұлдануынан көрiнiс тауып отыр. «Ынтымақтастық - бұл балалар мен үлкендердiң бiр-бiрiнiң рухани өмiрiне өзара түсiнiстiкпен, ұғынушылықпен, осы әрекеттiң барысы мен нәтижесiн ұжымдық талдаумен бекiтiлген, бiрлескен дамытушы iс-әрекетiнiң гуманистiк идеясы.... Ынтымақтастық стратегиясының негiзiнде педагогтың оқушыларының танымдық қызығушылықтарын ынталандыру мен бағыттау идеясы жатыр» [94, 16-17 б.]. Оқытуды ұйымдастырудың осы формасының мәнiнiң ұлылығы сонша, бүкiл педагогикалық үрдісті ынтымақтастық педагогикасы ретiнде қарастыру беталысы бар. Оқудағы ынтымақтастық мәселесі (жұмыстың ұжымдық, кооперативтiк, топтық формаларын) соңғы он жылдықтарда бiздiң елiмiз бен шет елде белсендi және жан-жақты дамытылуда (Х.И. Лийметс, В. Дойз, С.Г. Якобсон, Г.Г. Кравцов, А.В. Петровский, Т.А. Матис, Л.И. Айдарова, В.П. Панюшкин, Г.Магин, В.Я. Ляудис, ГА. Цукерман, В.В. Рубцов, А.А. Тюков, А.И. Донцов, Д.И. Фельдштейн, Й. Ломпшер, А.К. Маркова және т.б.). Студенттердің тiкелей өзара әрекетiне негiзделген, оқу жұмысын белгiлеу үшiн, зерттеушiлер «топтық жұмыс», «бiрлескен оқу iс-әрекетi», «бiрлесе бөлiскен оқу iс-әрекетi», «ұжымдық-бөлiскен оқу iс-әрекетi», «оқудағы ынтымақтастық», т.б. атауларды қолданады. Қазiргi күнi отандық педагогикалық психологияда көбiнесе басқа терминдерге қатысты неғұрлым сиымды, іс-әрекетке-бағытталған және басқа терминдерге ортақ «оқудағы ынтымақтастық» терминi пайдаланылады, ол сонымен бiрге, оқу тобының iшiндегi көп жақты өзара әрекеттi және оқытушының топпен өзара әрекетiн бiлдiредi. Ынтымақтастық бiрiккен iс-әрекет ретiнде, өзара әрекеттесушi субъектiлердiң белсендiлiгiн ұйымдастырушы жүйе ретiнде: 1) кеңiстiк және уақыттың қатар болуымен, 2) мақсаттардың бiрлiгiмен З) iс-әрекеттi ұйымдастыру және басқарумен, 4) функцияларды, әрекеттердi, операцияларды бөлiсумен 5) позитивтi тұлға аралық қатынастардың болуымен сипатталады.
Оқу үрдісіндегi оқу ынтымақтастығы өз тарапынан келесi төрт бағыт бойынша тарамдалған өзара әрекет болып келедi: 1) оқытушы — студент (студенттер), 2) студент — диадалар және триадалардағы студент, З) студенттердің барлық оқу ұжымдарындағы жалпы топтық өзара әрекетi, мысалы, тiлдiк топтарда, жалпы топта және 4) оқытушы — оқытушылар ұжымы.
Ынтымақтастыққа талдау жүргiзуде, бiрiншiден, оқытушы — студент(тер) бағыты, әдетте, студент+студент бағыты бойынша өзара әрекетпен толықтырылатынын атап өту маңызды, бұл оқу iс-әрекетiнiң топтық сипатымен шартталады. Екiншiден, негiзгi зерттеулер ынтымақтастықтың үйренушiнiң (үйренушiлердiң) тұлғалық дамуына, оның (олардың) оқу iс-әрекетiнiң тиiмдiлiгiне ықпалын бiлуге бағытталған. Нәтижесiнде, оқудағы студент— студент ынтымақтастығы, оқытудың ұйымдастырушы формасы ретiнде, тек нақты бiр оқу пәнi бойынша оқытудың тиiмдiлiгiн арттыру үшiн ғана емес, сондай-ақ шәкiрт тұлғасының дамуы, қалыптасуы үшiн де елеулi қор беретiнiне көз жеткiзедi.
Оқу процесiн ұйымдастырудың түрлi формаларының (фронталдық, даралық, бәсекелестiк, әрiптестiк) тиiмдiлiгiн салыстырмалы зерттеулердiң басым көпшiлiгi ынтымақтастық формасындағы арнайы ұйымдастырылған оқу процесiнiң, оған қатысушылардың iс-әрекетiне жағымды әсерiн растайды. Бұл, ынтымақтастық жағдайында күрделi ақыл-ой тапсырмасы табыстырақ орындалатынынан (Е.С. Костюк, В. Янтос және т.б.), жаңа материалды жаксы меңгеруден көрiнедi (В.А. Кольцова және т.б.). Х.И.Лийметс жұмыстарында, мысалы, оқушылардың топтық жұмыстарының олардың коммуникативтiк iскерлiктерi деңгейлерiнiң жоғарылауына белсендiрушi және мотивтендiрушi ыкпалы керсетiлген [114]. «Оқытушы-студент» схемасы бойынша, даралық жұмыспен салыстырғанда топiшiлiк ынтымақтастық тура сол мiндеттердi орындау тиiмдiлiгiн кем дегенде 10%-ке жоғарылататынын дәлелденген. Зерттеулер, ынтымақтастыққа түсушi топтар құрамының бiртектiлiгi (гомогендiк) немесе әр тектiлiгi (гетерогендiк) мәселесiнiң бiр мағыналы еместiгiн және топiшiлiк ынтымақтастықты диадалық, триадалық немесе жалпы топтық принцип бойынша ұйымдастырудың артықшылығын көрсетедi. Алайда, көптеген зерттеулер мәлiметтерi бойынша, триада диададан (Л.В. Путляева, Р.Т. Сверчкова, Я.А. Гольдштейн, Т.К. Цветкова) және жалпы топтық (7-12 адам) өзара әрекетке карағанда өнiмдiрек (Я.А. Гольдштейн) екенi, бiрақ топтық ұжым құраушы артықшылығын асыра бағалау қиын (Л.А. Карпенко) екенi аныкталды. Бiрақ ынтымақтастықты‚ ұйымдастырудың кез-келген нұсқасында ол даралық жұмыстан тиiмдiрек. Триаданың артықшылығын сипаттай отырып, Л.В. Путляева және Р.Т.Сверчкова топтың неғұрлым үлкен алқалылығын, үлкен дәлелдiлiгiн (диадаға қарағанда пайда болатын ойлар санының көптiлiгiнiң есебiнен), неғұрлым үлкен контактылығы мен лабильдiлiгiн белгiлейдi. Маңыздысы, қарым-қатынас жүйесiнде үшiншi жақтың пайда болуы оған жаңа сана, рефлексивтiлiктi бередi. Атап өтiлген триаданың артықшылықтарын бiлiм беру процесiн ұйымдастыруда есепке алу маңызды, өйткенi оқыту практикасында даралық және диадалық (жұппен жұмыс iстеу) жұмыс формалары, фондық, көбiнесе топтық нақты басқарылмайтын, фронталдық жұмысында әлi де болса кең тараған. Жалпы топтық ынтымақтастықты ұйымдастыру, әрине, әлi көп қиындықтарды көрсетедi (триадалық ұйымдастырумен салыстырғанда), бiрақ тек сол ғана топтың, ұжымдық iс-әрекет қалыптасатын, оқытушымен тең, серiктес ынтымақтастық үшiн ұжымдық субъект жиынтығы ретiнде қалыптасуын дайындай алады. Бұл жерде ұжымдық iс-әрекет принципi үш тұрғыдан жүзеге асады: үйренушiлердiң ұжымдық шығармашылыққа деген ұстанымымен, әр шәкiрттiң қойылған мiндеттi орындауға белсендi қатынасуымен және әр шәкiрттiң iс-әрекет тұлғалық-мәндi пәнiн таңдауымен, яғни, осы пәндi белгiлеу құралдарын, оның көрiнуi және оны артық көру тәсiлдерiн бiлу мағынасында, мұның өзi оқу процесiнiң дараландырылуын қамтамасыз етедi. Білім алушылардың жiгерiн мiндеттердi орындауға және дағдыларды жаттықтыруға бiрiктiрудiң артықшылығы қандай деген сұраққа жауап бере отырып, осы проблеманы жетiлдiрушi Г.А. Цукерман әлемде жүргiзiлген зерттеулердi жалпылау негiзiнде, бiрiккен оқу iс-әрекетiндегi келесi ережелердi көрсетедi: - меңгерiлiп отырған материалдың көлемi және түсiну тереңдiгi ұлғаяды; - танымдық белсендiлiгi мен шығармашылық деңгейi өседi; - бiлiм мен iскерлiктi қалыптастыруға аз уақыт жұмсалады; - оқу түркісінің ақауларымен шартталған тәртiп сақтаушы жиындықтар бәсеңдейдi; - бiлiмнен көбiрек қанағат алады, өздерiн білім орнында еркiн сезiнедi; - қатысушылардың арасындағы өзара қатынас сипаты өзгередi; - топтың бiрлiгi күрт өседi, бұл жерде топшылдықпен iштар өзiн-өзі және өзара сыйласу өзiнiң және өзгелердiң мүмкiндiктерiн сәйкес бағалай алу қабiлетiмен қатар өседi; - маңызды әлеуметтiк дағдыларға ие болады: деп, жауапкершiлiк, басқалардың позициясын есепке ала отырып өз мiнез-құлқын қалыптастыру iскерлiгi, қарым-қатынастың гуманистiк түрткiлерi; - ұстаз топқа бөлуде балалардың өзара бейiмдiлiктерiн, олардың дайындық деңгейлерiн, жұмыс қарқындарын есепке ала отырып, оқытуда дараландыру мүмкiндiгiн алады,
- ұстаздың тәрбиелiк жұмысы топтық оқыту үшiн қажеттi шарт бола бастайды, себебi барлық топтар өздерiнiң қалыптасуында қақтығыстар қатынастар сатысынан өтедi... [230, 20 6.]. Ынтымақтастық осы артықшылықтарын талдау, оның оқытушының iс-әрекетiне де, яғни, өзi үшiн мәндi жағымды жәрдем алатын оқытушы iс-әрекетiне жанама түрде жағымды ықпал ететiнiн көрсетедi. Оқудағы ынтымақтастық мәселесінің өзiнде екi жақ ұйғарылады: а) бiрiккен iс-әрекеттiң студенттің дамуына, оның оқи алу ептiлiгiне, топтың, ұжымның қалыптасуына ықпалы және б) бiрiккен әрекеттiң өзiн және оның студенттерде жаңа iс-әрекет түрлерiнiң пайда болуындағы рөлiн зерттеу [195]. Мәселенің екiншi жағы азырақ зерттелген, алайда, ол топ мүшелерiнiң әрекеттерiнiң объектiлерiмен және осы объектiлердiң құрылымдық қасиеттерін, әрекет тәсiлдерiнiң қатысушылардың арасында таратылуы мен алмастырылуы кезiндегi байланыс арқылы, оқу-танымдық iс-әрекет дамуының негiзi болып келедi (В.В. Рубцов). Басқаша айтқканда, жаңа iс-әрекет пайда болуының алғышарты ретiндегi бiрлескен әрекеттiң өзiн зерттеу де ықпалды зерттеу болады, бiрақ ол субъектiге ғана емес, iс-әрекеттiң өзiне ықпалын зерттеудi ұйғарады. В.В. Рубцовтың зерттеуi, белгiлер арқылы берудiң әрекеттiң жалпы принципiн қалыптастырудағы рөлiн экперименталды тұрғыдан дәлелдеуге, бiрлесiп бөлiскен iс-әрекеттi ұйымдастыру тәсiлдерi мен механизмдерiн айқындауға мүмкiндiк бердi. П.Ф. Каптерев бойынша, оқытудың бiрлесiп бөлiскен, шынайы генетикалық, эвристикалық формасы оқу iс-әрекетi үшiн маңызды келесi iскерлiктердi тұжырымдауға мүмкiндiк бередi: - «мiндеттен қайта құру жүйесiн көру; - қайта құруларды ағымдағы зерттелiп отырған құбылыс ерекшелiктерiмен байланыстыру; - бiрлескен iс-әрекеттiң жалпыланған модельдерiн құру; - зерттелiнiп отырған құбылысқа өз әрекеттерiне сәйкес түсiнiктеме беру, мұның өзi рефлексияның жеткiлiктi жоғары деңгейiнiң қалыптасуын растайды»[195,1336.]. Бiрiккен оқу әрекетiн өзгеше оқу жағдайы ретiнде бағалай отырып, В.В.Рубцов және В.В. Агеев оның келесi талаптарға жауап беруi керектiгiн атап етедi: мақсаттың ортақтығы, әр қатысушының өзiнiң даралық әрекетiн орындауы, барлығының барлығымен үйлестiрiлуi, аддитивтiксiз, яғни, iс-әрекеттердi жай ғана қосу емес, ортақ нәтиженi алу. Осы талаптардың тiлдiк топтағы студенттердің ұжымдық коммуникативтiк iс-әрекетiн ұйымдастыруда жүзеге асырылуына мысал келтiрейiк. Ең алдымен, студенттер тобының алдына ойлау тапсырмалары қойылады, оны тек ұжыммен ғана орындауға болады. Сонымен бiрге, тапсырманы орындау бойынша жалпы топтың iс-әрекет жалпы топтық нәтижеге ие, мысалы, топтың барлығының ой, пiкiрлерi ұжымдық монолог немесе полилогиялық пiкiрлер. Бұл жерде студенттердің жеке пiкiрлерiнiң бүкiл топ үшiн ортақ мағынасы бар. Студенттер мазмұндау барысында белгiлi бiр логиканы ұстанса, онда осылайша оқу мәтiнiн де құрастыруға болады. Бұл жерде әр студенттің жауабы оқытушының ынталандыруымен, жағымды қолпаштауымен қуатталынып отырады. Оқытушы сипатталып отырған пәннiң, жағдайдың толық сипаттамасын жасау үшiн әр шәкiрттiң жауабының маңыздылығын есепке алу қажет. Ұжымдық оқу iс-әрекетiне бүкiл тiл тобының қатысуы — үйренушiлердiң әрқайсысында қанағаттану сезiмiн, оларда өз iс-әрекеттерiнiң пайдалылығы, қажеттiлiгi, дұрыстығының әсерiн туғызады. Ол оқытудың бастапқы сатысының өзiнде iс-әрекеттi жүзеге асыру мүмкiндiгiне сенiмдiлiк бередi. Мұның бәрi студент орындаған әрекетті, iс-әрекеттi жағымды эмоционалдық қуаттау болып келедi және нәтижесiнде оқыту процесiнiң, жалпы қарым-қатынастың табыстылығына келедi. Т.А. Матистiң, оқудағы ынтымақтастықтың жеткіншектердiң тек жеке сейлемдердi ғана емес, сондай-ақ тұтас мәтiндi құрастыруына тигiзетiн әсерiн зерттеуi, оның сапасының жақсаруын, өзiн-өзi бақылаудың күшеюiн және жеке жаңсақ әрекеттердiң азаюын айкындады [1311. Барлық зерттеушiлер тұлға аралық өзара әрекеттесудi де реттеуші күрделi психологиялық механизмдердiң әсерiнiң нәтижесiнде топтың ынтымақтастық iс-әрекет нәтижесiне, студент тұлғасы мен оқу тобының ұжым ретiнде қалыптасуына жағымды әсерi туралы айта келе, рефлексияны дамытудың маңыздылығын атап өтедi «ол (рефлексия) арқылы қатысушының өз iс-әрекетiне қатынасы қалыптасады және бiрлескен iс-әрекеттiң мазмұны мен формасына сәйкес осы iс-әрекеттiң қайта құрылуы қамтамасыз етiледi» [195, 33 6.]. Студенттердің рефлексивтiлiгiнiң, рефлексивтi ойлауының дамуы үлкен тәрбиелiк, жалпы дамытушы мәнге ие, өйткенi студенттермен бiрлескен жұмыста, оқушылардағы сияқты iс-әрекеттiң өзiндiк рефлексивтiк сәттерi және де бақылау (өзiн-өзi бақылау) мен бағалау (өзiн-өзi бағалау) әрекеттерi қажеттi түрде пайда болады және дамиды (Л.И. Айдарова, Г.А. Цукерман. Н.П. Крамская, В.П. Панюшкин және т.б.). Осылайша оқудағы ынтымақтастық даралық оқу әрекеттерiнiң оның компоненттерiнiң бiрлiгiнде толыққанды қалыптасуына ғана емес, сондай-ақ студент тұлғасының дамуына да ықпал етедi. Ынтымақтастықтың тәрбиелiк әсерi құбылыстарымен бiрлескен iс-әрекет жағдайындағы «шартты-динамикалық позицияның» қалыптасуымен шартталған. Ол адамның өзiн басқа адамның көзқарасы жағынан ғана емес, бiрлескен iс-әрекеттегi оның орны мен мiндетiне байланысты түрлi көзқарастар жағынан бағалау iскерлiгiнен айқындалады (Д.Б. Эльконин, В.А. Недоспасова, А.К. Маркова).
