Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пед.окыту.ад.3кр. 14-15.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
979.46 Кб
Скачать

20Дәріс мазмұны: Ғылым және оқу пәні, олардың өзара байланыстары мен ерекшеліктері

  1. Ғылым және оқу пәні, олардың өзара байланыстары мен ерекшеліктері

Ғылым және оқу пәні, олардың өзара байланыстары мен ерекшеліктері

Қазіргі кезеңнің ауқымды проблемаларының ұшталуы, адам проблемасын тарих, әлеуметтік шығармашылық субьектісіретінде алдыңғы орынға шығару және бұл үрдістегі білім берудің рөлін түсіну педагогиканың басым бағытты ғылымдар қатарына қойып отыр. Ақиқат пен ғылыми-практиқалық білім дамуының қазіргі кезеңіндегі педагогиканың нысанасы мен пәні де біршама кеңеюде.

Ғылым күрделі динамикалық жүйе болғандықтан, оның логикалық және танымдық сипаттары алдыңғы орынға шығарылады. Ғылымсыз әлеуметтік- экономикалық прогресс мүмкін емес. Қазіргі Қазақстанның даму кезеңінде білім мен ғылымның мықты өзара байланысы оның тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың, экономикалық өсуінің қозғаушы күшіне айналып отыр.

Алдымен ғылым дегеніміз не екендігін анықтап алуымыз қажет. Ғылым дегеніміз табиғаттың, қоғамның, ойлаушы жан иесі ретінде адамның мәні, қасиеттері, өзіндік ерекшеліктері мен даму процестері жөніндегі білімдер жүиесі болып табылады. Сол сияқты ғылым осы обьективтік қасиеттер мен процестерді білімге, ойлау әрекетіне сәйкес әртүрлі формада және бағытта қолдануды қамтиды. Ғылымның бұл түсінігі обьектінің ауқымы бойынша да(табиғат, қоғам, адам) әрі тереңдігі мен оның практикада қолданылу бағыттары бойынша да алынады.

« Ғылым» ұғымы бірнеше негізгі мағынаны білдіреді. Біріншіден, табиғат, қоғам, қоршаған ортаны тану турасында жаңа білімдерді жүйелеуге бағытталған адам қызметінің саласын түсінеміз. Екінші мағынасында, ғылым, осы әрекеттің нәтижесі - алған ғылыми білім жүйесі ретінде көрінеді. Үшіншіден, ғылым - қоғамдық сананың бір формасы, әлеуметтік институт. Соңғы мағынасында, ғылыми ұйымдар мен ғылыми қоғам мүшелерінің бір-бірімен байланысы, сонымен бірге, ғылыми ақпараттары, ғылыми нормалар және құндылықтары және т.б.

Ғылым өзінің даму тарихында белгілі бір ерекшеліктері бар күрделі де, жүйелі ұйымдасқан құрылымға ие болып отыр. Ғылым түсінігіне әдебиеттерде түрлі анықтамалар, түсініктемелер берілген. Ғылым - объективті ақиқатқа жетуге, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын ала болжауға арналған, жүйелі түрде құрылған білімнің жоғары түрі. Ғылым - ақиқаттағы тәжірибемен тексерілетін және дәлелденетін қоршаған орта жөнінде тарихи қалыптасқанжәне үнемі дамып отыратын адам білімінің логикалық жүйесі. Сонымен, ғылымды ерекше тану үдерісі деп айта аламыз. Ғылым - қоршаған орта туралы ақиқанбілім жинау және теориялық жүйеге келтіру болып саналатын зерттеу әрекетінің бір саласы. Тарихи тұрғыдан ғылым адамзат дамуының белгілі бірсатысында, тікелей қажеттіліктердің қосылысынан құрылған. Осының негізінде ғылымтану теориясы келіп шығады.

Ғылым туралы көзқарас ерекше тұтастық ретіндегі зеттеу процестерін қарастырған кездепайда болады. Зерттеу объектісінен тәуелсіз бірыңғай принциптер мен жалпы зеттеу әдістерін іздестіру, ілгері қорыту, әдіснамалық қорытындылар жасауға негізделеді. Кез-келген ғылыми фактілерді жинау және қорыту арқылы алынған нәтижені әрекет құралдары мен әдістерінде жүзеге асыруүшін оның логикасын ашу қажет.

Ғылым ұғымы мен ғылыми зерттеу ұғымдары арасында байланыс қандай? Жалпы алғанда, ол білім мен таным арасындағы арақатынас сияқты. Таным дегеніміз білімді жасау процессі (білімнің жасалу пайда болу процессі). Бұл мағынада ғылым (sciance) және ғылыми зерттеу (rescareh) оны жасау процесінен өнім ретінде ажыратады және бұл екі категорияны араластыру дұрыс болмайды. Бұл жерде әңгімен мүлдем бөлек екі аймақ жөнінде болып отыр, оныңбірі қызмет ету қасиетімен ерекшеленеді,ал екіншісі жүйенің пайдалы нәтижесі болып шығады. Ғылым – сонымен зеттеру емес, зерттеудің нәтижесі.

Ғылым білім зерттеуге дейінгі мақсат ретінде алынады. Ғылымның теориясы ғылыми-зерттеу әрекетінің әдіснамасы болып шығады. Яғни ғылымның филосаофиялық теориясы – зерттеудің жалпы әдіснамасы.

Ғылым – әлеуметтік өмірдің ең динамикалық салаларының бірі. Философтар қазіргі ғылымды талдай отырып, зеттеудің арнайы пәні ғылымилық құбылыс болып келетін, классикалық тұрғыдан қарстыруға көбірек көңіл бөледі. Сонымен қатар, ғылымтанумәселесі өз алдына пәнаралық синтез көрсетеді және өз мәртебесіжағынан философия, ғылым әдіснамасымен барабар. Ғылымтануға ғылым жөніндегі кешенді білім деген кеңейтілген мағына беріп отыр. Анықтамалықтар мен сөздіктерде ғылымныңқызметімен даму заңдылықтарын, ғылыми әрекет құрылымы мен динамикасын, оның асқа әлеуметтік институттармен өзара әсерін зерттейтін, сонымен қатар «ғылым дегеніміз нежәне оның белгілері қандай?» деген мәселелермен айналысатын салалармен де байланысын қарастырады. Ал, әдіснама « ғылым басқаша емес, не себептіосылай деген мәселемен айналысады», - деп көрсетіледі.