Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пед.окыту.ад.3кр. 14-15.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
979.46 Кб
Скачать

10 Дәріс мазмұны: жоо дәріс оқытудың дидактикалық цикліндегі басты бөлік

1.ЖОО-нда дәріс формасының дамуы.

1.ЖОО-нда дәріс формасының дамуы

Отандық білім беру жүйесінің дамуы, оның ізгіліктік сипаты, жеке адамға бағытталуы, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталуы дәрістің жаңа түрлерінің пайда болуына түрткі болды. Олар: проблемді дәріс, бірге оқылатын дәріс, дәріс-визуализация, пресс-конференция-дәріс.

Ақпараттық дәрісте дайын ақпарат хабарланса, проблемді дәрісте жаңа білім белгісіз нәрсе ретінде ұсынылып, оны «ашу» қажеттілігі туындайды. Оқытушының міндеті – проблемді ситуацияны тудыра отырып, студенттерді сол проблеманы біртіндеп шешуге итермелеу. Бұл үшін жаңа теориялық материал проблемді міндет түрінде ұсынылады. Оның шартында қарама-қайшылықтар болады, оларды тауып, шешу қажет. Оның шешілуі нәтижесінде оқытушымен біріге отырып, жаңа қажетті білім табады. Осылайша, студенттердің таным процесі бұл жағдайда іздену, зерттеу әрекетіне жақындатылады. Басты шарт – дәріс материалын, оның мазмұнын таңдау және өңдеу барысында проблемдік ұстанымын сақтау. Оны ашуда қарым-қатынастың диалогтық формасы қолданылады. Проблемді дәріс арқылы теориялық ойдың дамуы, пәннің мазмұнына танымдық қызығушылық, кәсіптік мотивация, корпоративность дамытылады.

Дәріс-визуализация көрнекілік принципін жүзеге асырудың жаңа мүмкіншіліктерін іздеудің нәтижесі ретінде пайда болды. Бұл дәріс визуальды формаға өзгертілген ауызша ақпарат болып табылады. Бұнда оқытушы мазмұндық ақпарат беретін демонстрацилау материалдарын, көрнекіліктер (слайдтар, пленкалар, планшеттер, сызбалар, суреттер, кестелер, т.б.) даярлау қажет. Дәріс визуальды материал бойынша біріктірілген, толық комментарий беру болып табылады. Визуальды материал:

  • бар білімнің жүйеленуін қамтамасыз етуі керек;

  • жаңа ақпараттың меңгерілуін қамтамасыз етуі керек;

  • проблемді ситуацияларды тудыру және шешуді қамтамасыз етуі керек;

  • көрсетудің түрлі тәсілдерін қамтамасыз етуі керек.

Оқу материалына байланысты көрнекілік түрлері: табиғи (минералдар, реактивтер, машиналардың бөлшектері), бейнелі (слайдтар, суреттер, фотолар), символдық (сызбалар, кестелер).

Визуальдық дәрісте материалдың белгілі бір визуальдық қисыны және жылдамдығы, оның мөлшері, оқытушының аудиториямен қарым-қатынас жасау шеберлігі және стилі. Бұндай дәрістің басты қиындығы – визуальдық құралдарды жасау және дәрісті оқу процесін даярлау. Мына жағдайларды есепке алған жөн:

- аудиторияның даярлық және білімділік деңгейлерін;

- кәсіби бағытталуын;

- нақты тақырыптың ерекшеліктерін.

Кез-келген материал және кез-келген пән бұл формада баяндалуға келмейді. Бірақ бұл дәрістің элементтерін кез-келген пәнде қолдануға болады (мысалы, мәдениеттану, дизайн және т.б.).

Екі адам оқитын дәріс – бұл екі оқытушының диалогы барысында материалды проблемді жолмен ұсынудың түрі. Теориялық және практикалық сұрақтарды талқылаудың шынайы көрінісін екі оқытушы (мысалы, түрлі ғылыми мектептердің өкілдері, теоретик және практик, қорғаушы немесе қарсы шығушы) модельдейді. Оқытушылардың диалогы пікірталас жүргізу мәдениетін көрсететіндей болуы керек, пікірталасқа студенттерді қатысуға, өз пікірін дәлелдеуге, сұрақ қоюға итермелейтіндей болуы керек. Артықшылықтары:

  • диалогты түсініп, оған қатысу үшін студенттерде бар білім өзектілікке иеленеді;

  • проблемді ситуация туындайды, дәлелдер жүйесі белгіленеді және т.б.;

  • екі ақпарат көзінің болуы түрлі пікірлерді салыстыруға, таңдау жасауға, өз көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді;

  • пікірталасты жүргізу мәдениеті жайында көрнекі түсінігі қалыптасады;

  • педагогтың кәсібилігі айқындалады түседі, оның тұлғасы танылады.

Алдын-ала жоспарланған қателері бар дәріс студенттердің зейінін шоғырландыруға, олардың ақыл-ой әрекетін дамытуға, сарапшы, сыншы рольдерінде сөз сөйлеу іскерліктерін қалыптастыруға бағытталған. Дәріске алдын-ала жоспарланған қателер (мазмұндық, әдістемелік, әрекеттік сипаттағы) енгізіледі де, оларды оқытушы дәріс соңында студенттерге ұсынады. Типтік қателер таңдалып алынады, бұнда студенттердің міндеті дәрісті оқу барысында қателерді тауып, оларды шығарып отыру. Қателерді талдауға 10-15 минут уақыт бөлінеді. Дұрыс жауапты тек оқытушы емес, студенттер де атап отырады. Дәріс ынталандырушы, бақылау, диагностикалық міндеттерді атқарады.

Дәріс-пресс-конференция. Дәріс тақырыбын айтқаннан кейін оқытушы студенттерге тақырып бойынша жазбаша түрде өзіне сұрақтар қоюын сұрайды. 2-3 минут ішінде студенттер өздерін толғандырған сұрақтарды жазып, оқытушыға береді. Оқытушы 3-5 минут ішінде сұрақтарды мазмұны бойынша сұрыптайды. Бұнда дәріс сұрақтарға жауап ретінде емес, тұтас мәтін түрінде оқылады. Оны баяндау барысында берілген сұрақтарға жауаптар құрылады. Дәріс соңында оқытушы берілген жауаптарды талдайды. Бұл дәрісті мына жағдайларда өткізген қолайлы: тақырыптың басында топтың қажеттіліктерін, қызығушылықтарын, мүмкіндіктерін, мақсаттарын анықтау үшін; ортасында курстың негізгі мәселелері қаралған жағдайда студенттерді тарту үшін; соңында – меңгерілген білімнің даму перспективасын анықтау үшін.