- •1.2 Кәсіпорынның экономикалық-ұйымдастырушылық қызметінің сипаттамасы
- •1.3 Кәсіпорын бойынша тәуекел түрлерін, оның әсерінен болатын шығындарды талдау
- •1 Кесте «кәусар саяхат» жшс-нің кәсіпкерлік тәуекелдің түрлері
- •2.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайының әлеуеті
- •3 Кесте «Кәусар саяхат» жшс-ң өтімділік көрсеткіштерін талдау
- •Спелеотуризмнің қазіргі жағдайы
- •Қорытынды
Спелеотуризмнің қазіргі жағдайы
Егер бала бір немесе бірнеше күнге сапарға кетсе, ол қалалық өмірден тынығып, барлық стресс пен түңілуден демалып қайтады. Қала ортасынан бірнеше уақытқа сапар шегу социумның қолайсыз әсер етуінен өте пайдалы терапия болып саналатынына сіздер де келісесіздер деп ойлаймын.
Туризм және өлкетанумен айналысу – салауатты өмір салтын қалыптастыру және сауықтырудың формасы, тәрбие және оқу үрдісінде өзін-өзі жүзеге асыру жолдары болып табылады. Менің пікірімше, атқарылып жатқан жұмыстардың мазмұны мен дамуы Қазақстандық патриоттыққа тәрбиелеуге бағытталуы тиіс. Оқушыларға психологиялық және моральді, физикалық көмекті туризм мен өлкетанудың даму мен қалыптасу құралдарымен әсер етуі керек. Туристік дағдыларды арттыру, сауықтыру еңбектерін өз еркімен ұйымдастыру, алынған дағдыларды өмірде кездесетін қиын жағдайларда қолдану үшін қажет. Егер мектеп ордаларында мақсатты және жүйелі түрде белсенді туристік қызметпен айналыса отырып, салауатты өмір салтын насихаттаса, онда балалар жақсы жетіліп, психологиялық және физикалық шынығып, өз еркімен өмірге дайын болады. Мұндай бағытта Республикада аз ғана мектептер айналысады. Зерттеуде тереңірек туризм мен өлкетанудың салауатты өмір салтының негізін қалыптастыруға әсері туралы айтылады, сонымен бірге бұл мектеп 13 жыл бойы экспериментальді алаң ретінде сауықтыру жолының формасы болып өзін ақтауда. Мектепте экспедициялар мен саяхаттарда жинақталған өлкетану материалдары бар, оларды география, валеология, тарих, зиынды әдеттермен жұмыс кезінде, қиын жасөспірімдермен жұмыс істеуде әдебиеттер негізінде қолдануға болды. Қазақстан Республикасының балалар және жастар туризмі және өлкетанушылық қызметтері сонау 30-шы жылдардың басын алады. Алғаш рет жүйелі түрде 1951 жылы Қостанай қаласында ашылған балалардың туристік-экскурсиялық стансасы республикада жұмыс істей бастаған болатын. Қазақстанда 1962 жылы Ақмола, 1965 жылы Павлодар, 1968 жылы Алматы, 1969 жылы Семей, 1971 жылы Торғай, 1973 жылы Маңғыстау және Жезқазған облыстық балалар экскурсиялық туристік стнсалары ашылған болатын. Алматы қаласының білім беру басқармасының Бостандық Ауданында 15 жыл бойы «РОМАНТИК» балалар-жасөспірімдер туристерінің Клубы жұмыс істеп келеді. Соңғы жылдары Клубты қаржыландыру қысқарып кеткенімен, бұл жерде жүйелі түрде аудандық 16 мектеппен, 2 интернет және 2 балалар үйімен жұмыс істеп келеді. Басқа аудандарында туристердің клубтары жоқ. Елордамыз – Астананыңда балалар-жасөспірімдер туризмінің дамуына қосқан үлесі өте зор. Балалар туризмінің тарихы Астана қаласында ХХ ғасырдың 60 жылдарынан басталады, яғни сол жылдары Гуляев В.Е. басқарған облыстық білім беру бөлімінде жас туристердің облыстық стансасы ашылды. Астана қаласының Білім басқармасы «Жас саяхатшылар станциясы» Мемлекеттік мекемесі 2005 жылдың қыркүйек айының 27-сінен бастап өз жұмысын атқаруда. Қалалық Жас саяхатшылар стансасы 2005 жылдан қалыптасып жұмыс істеп келеді. 47 топта 600-ден астам астаналық оқушылар қазақ және орыс тілінде әр түрлі үйірмелерде айналасып келеді. Қазіргі таңда астана қалалық «Жас саяхатшылар стансасының» директоры ҚР білімінің құрметті қызметкері, ҚР туризмінің құрметті қызметкері, туризм бойынша ҚР атақты нұсқаушысы, СО бас нұсқаушысы, спорт шебері кандидаты балалар жасөспірімдер туризмі және өлкетануының халықаралық академиясының академигі, академиялық жоғары марапаты «Алтын компас» және көптеген медаль және төсбелгінің иегері Шаяхметов Асхат Галиұлы.
Стансада жалпы екі бөлім бар:: әдістемелік бөлімі және көпшілік-ұйымдастыру бөлімі.. Станцияның үйірмелеріне қатысып жүрген балалардың саны: 640 оқушы. Балаларға арнап тегін түрде қызмет ететін әр түрлі үйірмелер ашылған: «Бардтық өлең», «Жас ңұсқаушылар туризмі», «Тау туризмі», «Жаяу туризмі», «Жартасқа өрмелеу», «Спорттық бағдарлау», «Жас археологтар», «Жас экологтар», «Жас экскурсоводтар», «Шығын туризм», «Жас велотуристер», «Жас туристер», «Өлкетанушы-туристер», «Географ-өлкетанушылар», «Спелеотуризм», «Жас этнотуристер», «Изотуризм». Үйірме қызметкерлері үшін тақырыптық-оқу, авторлық және бейімделген бағдарламалар әзірленген. №4, 13, 19, 25 мектептерде 4 базалық мектеп қалыптасып, №13 балалар бақшасында «Шағын туризм» бағдарламасы бойынша эксперименттік алаң әрекет етеді. 2000 жылдан бері оқушылардың жазғы демалу және сауықтыру орындарын баулып, туристік білім-дағдыларын жүзеге асыруда Ерейментау ауданында «Батыр» шатырлы лагері құрылды. 1997 жылғы өкімет қаулысымен Республикалық туристік, натуралистік және техниктер орталықтарының жабылуы сол кез жағдайында, ел экономикасымен тікелей байланыста болғандығын түсінуге болады. Бірақта уақыт өте келе сол жіберілген кемшіліктерді қайталамау үшін атқарылып жатқан істер мардымсыз. Қазіргі таңда Республика аумағында бірнеше облыстарда, тіпті басқа аумақтарда да балалар мен жастар туризмі, өлкетанушылық және экологиялық орталықтары ашылуда. Оларды ашуда Қазақстан балалар туризмінің тарихына сүйенбей, еш заңды түрде бекітілмей, жергілікті әкімшіліктердің еркіне берілуі орынсыз болып отыр.
Қазақстан балалар мен жастар туризмін жолға қою үшін ең алдымен ұйымдастырушы ғылыми басшылық жасайтын Республикалық статусқа ие Білім және тәрбие Орталығы ашылуға тиісті. Ол ғылыми зерттеу институты ма, әлде лаборатория деңгейінде ме бәрібір, бірақ Білім және ғылым, туризм және спорт Министрліктері тарапынан шешілетін мәселе. Қазақстан өкіметі тарапынан балалар мен жастар туризмі, өлкетанушылығын және экологиялық қызметтерін жандандыру мәселесіне байланысты арнайы қаулы қабылдануға тиісті. Бұл мәселе кезек күттірмейтін мәселе. Оның басты себептері: балалар мен жастар туризмінің ардагерлері мен шын жанашырлары осы жұмыстардан қол үзіп, олардың орнын басатындардың аз болуы. Жоғарғы оқу орны бакалаврлық жүйеге көшуіне орай қосымша туризм, өлкетану істерін ұйымдастырушыларды дайындау мүмкіндіктерінің шектелуі. Жергілікті жерлерде және туризмге байланысты іс-шаралар жүргізетін мекемелердегі мамандар тапшылығы, балалар туризміне деген көзқарастың жоқтығы. Соңғы кездерде ақпараттық құрал бетіндегі айтылып жүрген Қазақстан туризмі жайлы мәселені шешетін кез келген сияқты. Ол үшін ең алдымен еліміздегі балалар мен жастар туризмін дамыту концепциясын қолға алып, жас жеткіншектерді патриоттық рухты дайындауда туристік іс-шараларды кеңінен пайдалану жолдарын қарастыруымыз қажет. Әзірге оған түйіткі болатын басқарушы, ұйымдастырушы мекеменің жоқтығы. Сондай-ақ, облыстар көлеміндегі атқарылып жатқан іс-шаралар Қазақстан аумақтарында қолданысқа ие болатын кез де келген сияқты. Бұл орайда балалар мен жастар туризмі осы қарқынмен қалатын болса, Қазақстан туризмі де дамымай, ел экономикасына тигізетін ықпалы да аз, оқу-тәрбие ісіндегі жетістіктері ескерусіз қалатын жағдайларға душар болуымыз да ғажап емес.
