Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аль-Һарамейн ОТЧЕТ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
552.45 Кб
Скачать

КІРІСПЕ

Туризм – экономиканың табысты бағыты ретінде танылған сала. Оның маңыздылығын еске ала отырып Елбасы Н.Ә.Назарбаев туризм саласының дамуына үлкен көңіл бөлуде. 2011 – 2014 жылдары туризмді дамыту бағдарламасы қабылданды. Ол керемет табиғи ресурстарды, тарихи, мәдени мұраларды сақтауға және тиімді пайдалануға, туристік индустрияны табысты дамытуға бағытталған. Сыртқы және ішкі туризмді дамыту мемлекеттік саясаттың туризм саласындағы маңызды міндеті болып саналады. Ғасырлар қойнауына бойлайтын көне тарих пен бүгінгі индустрия жымдаса жарасып, ескі мен жаңаның қайталанбас көркем оюын кестелейді. Көгілдір суы көбіктенген көптеген көлдер, өзендер, көне қорғандар, мазарлар, қоныстар бар. Өлкеміз республиканың аса ірі индустриялды аймағы.

Туристік фирмада өткiзiлетiн өндiрiстiк практика Қазақстан Республикасының туризм индустриясын дамыту ұлттық бағдарламасының ажырамас бөлiгi және студенттерді тәжірибелік іс-әрекетке әзiрлеудің маңызды элементі болып табылады. Туризм мамандығының студенттерi үшiн оқу бағдарламасына сәйкес практика, туристiк кәсiпкерлiктiң негiзгi бөлiмдерi бойынша теориялық бiлiмдерiн бекiту және әбден жетiлдiруiне, тәжірибелік дағдылануына есептелiнген. Студенттер практика процессiнде турфирманың өндiрiстiк процесi туралы нақты материалдар жинайды, еңбек ұжымын басқарудың әдiстерімен, қызметтiң әр түрлi бағыттарындағы басқарушылық шешiмдерді қабылдаумен танысады. Студенттер университетте алған бiлiмдердiң қажеттiлiгiне көз жеткiзуi тиіс және өз келешек мамандығына бейiмделіп ары қарай өзiндiк жұмыс үшiн сенiмдiлiкке ие болуы керек. Студент практика кезеңінде осы бағдарламаның барлық тапсырмасы мен талабын орындап,күнделік жазу мен есеп беруге қажетті нақты жиналған барлық материалдарды жүйелеуге, талдауға және қорытуға мiндеттi.

Практика базасы: - «Кәусар саяхат» туристік фирмасы. «Кәусар саяхат» туристік фирмасы сенімді және сапалы қызметін жоғарғы денгейде ұсынады. Бұның басты себебі ең бірінші кезекте туристердің күннен-күнге компания қызметін қолдануы.Туристік мекеме кешенді турларды, жеке туристік қызметтерді құру және сатумен, жол жүру құжаттарын сатумен, туристерді сақтандырумен, жол көрсеткіштерді сатумен айналысады. Туристік мекемелерді құру және олардың қызметі әр елдің заңымен реттеліп отырады. «Кәусар саяхат» компаниясы 6 жыл бойы ең жоғарғы денгейде қызмет көрсетуде. Барлық демалушы туристердің ұшаққа отыруынан, отельге барып орналасқанын, экскурсия жасауын барлығын қадағалай отырып, жоғарғы денгейде қызмет көрсетіп отырады.

«Кәусар саяхат» фирмасында практика өту уақыты - 20.01.14- 15.02.14 ж.ж. Аталған туристік фирмада практика өту барысында практика мақсатының барлығын қамтып, теориялық білімді практика жүзінде іске асыру мүмкіншілігі туды.

Практиканың мақсаты:

- студенттердiң өндiрiстiк практикасы оқу кезінде алған теориялық білімдерін жетілдіру мен бекіту, практика өтетін ұйымдар мен мекеме жұмыстарын терең зерттеу негізінде аналитикалық және басқару дағдыларына ие болу мақсатында, жүргізіледі.

Өндірістік практика міндеті:

  • ұйымдастырушы, басқару жұмыс тәжiрибесін жинау;

  • кәсіпорын экономикасын, технологиялық өндіріс пен ұйымстырушылық құрылымын зерттеу;

  • кәсіпорынның стратегиясын, маркетингтік, қаржылық, жарнамалық іс-әрекетін сипаттайтын материалдарға талдау жасау;

  • кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын,капитал жұмсауын, сапаны бақылау мен стандартизация тұрғысын, еңбек тиiмдiлiгін және өнiмдiлiгін анықтайтын шараларын талқылау;

  • келісімшарт, шарт ,әріптестердің картотекасын құрастыру, өндірістік кеңес, іскерлік кездесулер, келіссөз өткізу тәжірибесін талқылау;

  • туристік кәсіпорын мамандарының нұсқаулары мен қызметтік міндетімен, кадрларды орналастыру принциптерімен танысу;

Экономиканың жаңа секторларын дамыту маңызды болып саналады, себебі бұл жалпы ұлттық табысты көтеруге әсерін тигізеді. Соның ішінде мықты мультипликациялық эффект туризм саласы көрсете алады. Туризмді дамыту, бiр жағынан, аймақтық экономиканы табиғи-климаттық, объектілер мен нысандар, әр түрлі ресурстар мүмкiндiктерi арқылы жүзеге асыру қарастырылады.

1 ЖШС «КӘУСАР САЯХАТ» ТУРИСТІК КОМПАНИЯСЫ

1.1 «Кәусар саяхат» ЖШС құрылу тарихы және туризм саласындағы орны

Мұсылман бауырларымыздың кіші қажылыққа деген қызығушылығының арта түскенін ескере отырып, «АЛЬ-ҺАРАМЕЙН» компаниясы ай сайын жаңа Ұмра бағдарламаларын 2006 жылдан бастау алып, ұйымдастыра бастады. Кәсіпорынның қазіргі жағдайда экономикалық мүмкіншігі барынша жан-жақты қарастырылуда. Әлемдік экономикада туризмнің рөлі күннен күнге өсуде. Жоғарғы табысты, ірі және динамикалық сала болып отыр, ол өз кезегінде тек мұнай өндіру мен өңдеу саласынан ғана табыстылық деңгейінен артта қалады. ДСҰ жылма-жыл статистикалық жинақ шығарып отырады. Өкініштісі, осы жинаққа Қырғызстан еніп, Қазақстан енбей қалған. Ендеше, осындай көкейтесті мәселені мемлекеттік дәрежеде жедел шешіп, экономикалық пайданы да, халықаралық қауымдастық алдындағы ел беделін де дұрыс пайдалану қажет.

Қазақстандық жол-сапаршыларға халықаралық сапа стандарттарының қатардағы жүйесімен қатар VIP класстағы қол жетімді жүйе ұсына отырып, Мекке және Мәдина қалаларында қонақ үй бөлмелерінің ең жақсыларын ұсынатын отандық бірден-бір кәсіпорын болып табылады. Ұмраның ерекшелігі, сіз, отбасыңызбен және жақын адамдарыңызбен қажылық сапарын бірге атқаруыңызға болады. Бұл кәсіпорынның сыртқы және ішкі экономикалық туризмдегі орнын белгілейді.

Серіктестік мемлекеттік тіркеуге алынған мерзімнен бастап Қазақстан Республикасының заңы бойынша заңды тұлға болып табылады, құқы бойынша оқшауланған мүлкі, банкілерде есеп шоты, атауы, жазылған мөрі, фирмалық белгісі, бланкі және басқа да реквизиттері бар.

Серіктестікте жарғы капиталы оның міндеттемелері бойынша жауап бермейтін қатысушылар арасындағы үлестерге бөлінген және өздері салған салымдарының мөлшерінде серіктестік қызметімен байланысты шығынға қатерлі. Серіктестіктің қызметін қамтамасыз ету үшін қатысушылар 500 000 теңге мөлшерінде жарғы капиталын құрады. Серіктестіктің жарғы капиталы шаруашылық-коммерциялық қызмет табысы есебінен, қажет болған жағдайда – қатысушылардың қосымша жарналары есебінен толықтырылуы мүмкін. Шетел және отандық бәсекелестіктеріне орын бермейтін сапалы құрылыс қызметтерін көрсету және өткізу арқылы табыс табу. Табыс табу негізінде кәсіпорын қызметіне қатысушылардың экономикалық және әлеуметтік мүдделерін жүзеге асыру.

Сауд Араб Королдігіне басқа мемлекеттер арқылы ұшқан кезде, сіздің қалауыңыз бойынша сол елде сізге қосымша тур ұйымдатастырамыз. Тек қасиетті жерлерге сапар шегіп қоймай, сонымен бірге Стамбул, Дубай, Иерусалим секілді елдердің қонақ жай жерлерін тамашалап көруіңізге зор мүмкіндік бар.

Біздің, жоғары білікті мамандардан құралған ұжыммен, сіз қасиетті жерлердің құндылығын терең түсіне аласыз.

Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формасы Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершіліктегі серіктестіктер туралы» заңына сай жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады.

«АЛЬ-ҺАРАМЕЙН» ЖШС-ң есеп саясатына сәйкес өңделген:

  • Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржысына байланысты есеп беру» туралы заңы 28.02.2010 жылдан №234-ΙΙΙ

  • «Қаржылық есеп берудің ұлттық стандарттары» №2, Қ.Р Қаржы Министрлігінің қабылдаған бұйрығы бойынша 21.06.2010 жылдан №217

  • Бухгалтерлік есеп ережесін жүргізу, Қ.Р-ң Қаржы Министрлігінің қабылдаған бұйрығы бойынша 22.06.2010 жылдан №221

  • Бухгалтерлік есептің регистр формасы (тізім түрлері) Қ.Р Қаржы Министрлігінің қабылдаған бұйрығы бойынша 21.06.2010 жылдан №215

  • Типтік формалары бар бірінші құжаттар. Қ.Р Қаржы Министрлігінің қабылдаған бұйрығы бойынша 23.05.2010 жылдан №185

  • Есеп саясатына өзгертулер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, болашақта қолданылатын артықшылықтар көрсетіледі. Жаңа есеп саясатына тек өзгертілген күннен бастап, өзгертулер немесе толықтырулар енгізуге рұқсат етіледі.

Әрбір қаржылық жылын «АЛЬ-ҺАРАМЕЙН» ЖШС-гі 1 қаңтардан бастайды, 31 желтоқсанда аяқтайды.

Есеп саясатын қабылдау кәсіпорын басшысы Ибрагимов Кудрат жүргізсе, есеп саясатын жүзеге асыру және қадағалау кәсіпорынның бас бухгалтеріне жүктелген.

Ұйымдастырушылық бөлім

«АЛЬ-ҺАРАМЕЙН» ЖШС-ң ұйымдастырушылық-құқықтық заңы:

Кәсіпорынның Бас офисі Абай даңғылы 150/230 «Гаухартас» тұрғын үй кешені бойынша орналасқан.

  1. Заңды құқығы бар мекемеге мемлекеттік қайта тіркеу куәлігін №45701919 ЖШС, Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі берді.

  2. БИН 980940000044, меншік түрі жеке болып табылады.

  3. Кәсіпорынға РНН 211500088207 берілген, жеке салық төлеу куәлігі №0053245 берілген.

  4. Кәсіпорын қосымша құнға салық төлеуші болып табылады, куәлік бойынша есеп жүргізу ҚҚС 25.02.2010 жылдан, серия 21305, №0015159.

  5. Кәсіпорынның жарғылық капиталы, құрылтай құжаттарына сәйкес

500000 тг құрайды. Жарғылық капиталдың қалыптасу көзінің қатысушы, салымшы ретінде Ахметов М.С. және Жамбыл металл конструкцияларын өндіретін зауыт «Имсталькон» болып табылады.

  1. «АЛЬ-ҺАРАМЕЙН» ЖШС-ң Алматы қаласында «Цесна Банк» АҚ-ң филиалында (бөлімінде) есеп айырысу шоты бар. Есеп айырысу шотының нөмірі: 000467911, БИК 191401604;

Туризм өзіндік ресурстық бағыт- бағдары бар салалардың қатарына жатады. Туризм белгілі бір территориялық аймақты тұтынушы ретінде ауылшаруашылығы мен балық шаруашылығына ғана жол береді. Яғни, әлі қаймағы бұзылмаған тұма табиғатқа сұранысын артыра отырып, өзінің дамуына орасан зор мүмкіндік алады.

Демалыс орнын немесе рекреацияны таңдаған кезде турист сол аймақтың тартымдылығын басты назарда ұстайды. Бұл кезде мәдени, тарихи нысандар мен өнер ескерткіштерінің мәні аса маңызды бола қоймайды. Туристер сол елдің болмаса сол аймақтың саяси жағдайы ерекше ескереді. Бірақ, оларды сол ауданның табиғи жағдайынан басқа ешнәрсе алаңдатпайды. Туристердің саяхаттауға немесе демалуға жайлы деп бағалауы бойынша келесідегідей критериилерді бөліп қарастыруға болады:

  • демалыс белгіленген елдің немесе аймақтың геграфиялық жағдайы;

  • аймақтың рельфі;

  • климаттық жағдайлары;

  • сол табиғи ортаның ландштафтық факторлары;

  • су көздерінің, өзендер мен көлдердің, болуы;

  • сол аймақтың жануарлар әлемі мен өсімдіктер әлемінің болуы мүмкін.

Қызмет көрсету сферасының маркетингі сртатегия қажетті жерде, қажетті уақытта және өткізуді ынталандыруда қажетті бағамен тұтынушыларды қызметтермен қамтамасыз етуге бағытталған. Қызметтер маркетингі клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру мен анықтауға арналған қызметтерді орналастыру, жылжыту және өңдеу кезеңдерінен тұрады. Ол екі мақсатқа жету үшін бағытталған: қызметтер өндірушілерді бағалау және таңдауда тұтынушыларға көмек көрсету және тұтынушыларды толық қанағаттандыру арқылы қызметтер рентабельдігін қамтамасыз ету.

Бәсекелестер туралы ақпарат жиналып, талданып есеп түрінде туристік фирма басшылығына беріледі. Өйткені, туристік фирмалардың мақсаты бәсекелестерге қарағанда жақсырақ жұмыс жасау болып табылады, олар бәсекелестерінің кемшіліктерін табу арқылы өзінің жүмысында оларды болдырмауға тырысуы қажет. Бәсекелестерге қатысты тур фирмалардың белгілі бір стратегия, бағалық саясат және маркетинг кешенінің бір қүралы қолданылады. Қазақстанның туризм потенциалы өте жоғары деңгейде және оны қолданып дамыту үшін, бұл салаға кәсіпқой менеджмент пен маркетинг ендірілуі қажет

Сурет 1. Жұмыс барысында

Дәстүрлі маркетинг пен қызметтер саласындағы маркетингтің ортақ қағидаларына келесілер жатады:

  • не өткізе аламыз, соны өндіру;

  • жаңа тауар (қызмет) шығара отырып, тұтынушыларды ынталандыру;

  • тиімділік пен табыстылық қағидасы;

  • маркетингтік үрдістің барлык кезеңдерінде әлеуметтік факторды ескеру.

Бірақ қызметтер сферасында басты орынды әлеуметтік факторды ескеру қажеттілігі алады. Өйткені, біріншіден, қызметтер өндірушілер тікелей әлеуметтік ортаны құрайды. Екіншіден, қызметтер маркетингі әлеуметтік жұмыстың ерекше түрі ретінде қарастырылады.

Бәсекелестер туралы ақпарат жиналып, талданып есеп түрінде туристік фирма басшылығына беріледі. Өйткені, туристік фирмалардың мақсаты бәсекелестерге қарағанда жақсырақ жұмыс жасау болып табылады, олар бәсекелестерінің кемшіліктерін табу арқылы өзінің жүмысында оларды болдырмауға тырысуы қажет. Бәсекелестерге қатысты тур фирмалардың белгілі бір стратегия, бағалық саясат және маркетинг кешенінің бір қүралы қолданылады. Қазақстанның туризм потенциалы өте жоғары деңгейде және оны қолданып дамыту үшін, бұл салаға кәсіпқой менеджмент пен маркетинг ендірілуі қажет.

1.2 Кәсіпорынның экономикалық-ұйымдастырушылық қызметінің сипаттамасы

«Кәусар саяхат» ЖШС-гі жарғысына сай келетін бағытта қызмет көрсетеді:

Қажылық

«Кәусар саяхат» компаниясының басты мақсаты- Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз және оның елшілерінің сүннетіне сәйкес Қажылық және Ұмра сапарын ұйымдастыру. Сол себепті компаниямыз, Аллахтың разылығына бөлейтін құлшылық сапарына, бар жағдай жасауға ынталы.

Жыл сайын Қажылық және Ұмра бағдарламаларымен жұмыс жасағанда барлық ұсақ-түйекке дейін назар аударып, алдыңғы қажылықтарды жіберілген қателіктер болса, келесіде ондай жағдайға жол бермеуге, өз қызметімізді толықтыра және сапалы ете отырып, эконом классты пакеттен VIP классты пакетке дейін ұсынамыз.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өмір жолдарын еске түсіретін, исламдағы қасиетті орындар Мекке және Мәдинаға экскурсиялар ұйымдастырылады, бұл экскурсияның ерекшелігі күнделікті уағыздарда бағаланады. Сауд Араб Королдігінде болған уақыттарда қажыларымызға ерекше ыңғай танытылады.

Кәсіпорын күнделікті уағыздарға, ислам негіздерін зерттеудегі өткізілетін сабақтарға және қасиетті құран оқуды үйретуге көңіл бөледі.

Қажылардың жоғары сапалы қызмет алуы үшін, «АЛЬ-ҺАРАМЕЙН» компаниясы Қажылық және Ұмра кезінің жалғасқан уақыт аралығының бәрінде екі мезгіл тамақ, яғни таңғы және кешкі ас ұсынады. Асты сіздің үлесіңізге ыңғайлап, белді аспазшылар даярлайды. Сонымен қатар халал тағамдарды әзірлеу ұсынылады.

Ұмра

Мұсылман бауырларымыздың кіші қажылыққа деген қызығушылығының арта түскенін ескере отырып, «АЛЬ-ҺАРАМЕЙН» компаниясы ай сайын жаңа Ұмра бағдарламаларын ұйымдастыра бастады.

Біз өз клиенттерімізге стандартты эконом пакеттермен қатар VIP класстағы қол жетімді пакеттер ұсына отырып, Мекке және Мәдина қалаларында қонақ үй бөлмелерінің ең жақсыларын ұсынамыз. Ұмраның ерекшелігі, сіз, отбасыңызбен және жақын адамдарыңызбен қажылық сапарын бірге атқаруыңызға болады.

Сауд Араб Королдігіне басқа мемлекеттер арқылы ұшқан кезде, сіздің қалауыңыз бойынша сол елде сізге қосымша тур ұйымдатастырамыз. Тек қасиетті жерлерге сапар шегіп қоймай, сонымен бірге Стамбул, Дубай, Иерусалим секілді елдердің қонақ жай жерлерін тамашалап көруіңізге зор мүмкіндік бар.

Біздің, жоғары білікті мамандардан құралған ұжыммен, сіз қасиетті жерлердің құндылығын терең түсіне аласыз!

Мұсылмандарға арналған демалыс

Кәусар саяхат – Халал туризмге мамандандырылған алғашқы тур агенттіктердің бірі. Компанияның алғашқы жұмыс бастаған кезінен бастап, жұмысты сеніп тапсыруға болатын, нарыққа білікті ұжымның келгені байқалды. Клиенттеріміздің жоғары талапын қанағаттандыру мақсатында, өз қызметтерімізді жетілдіре және толықтыра отырып сапалы өнім ұсынамыз.

Біздің компания арқылы барып демалушылардың санының артуы, білікті маманмен жоғары сапалы қызметтің кепілі болып табылады.

Ислам қағидаларымен жұмыс атқаратын қонақ үйлер бүкіл отбасымен демалуға арналған. Біздің компанияның қызметі, бақытты отбасылық өмірді ең маңызды құндылық деп танитын халыққа бағытталған.

Мамандарымыздың жинаған тәжрибелерін паш ете отырып, біз сіздің отбасылық демалысыңызды ұйымдастыруды өз жауупкершілігімізге алуға сенімділік білдіреміз!

Сурет.2 Практика өтіп жүрген студенттермен бірге

Себебі, тамаша демалысыңыздың ең әсерлі сәттерін есіңізге түсіру үшін, бастысы бұл дұрыс және сапалы таңғдалған туристік агенттік екенін есіңізден шығармаңыз.