- •3.1 Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар сараптамасы
- •3.2 Ұйымдастыру іс-шаралары
- •3.3 Техникалық іс-шаралар
- •3.3.1 Электрқауіпсіздігін қамтамасыз ету
- •3.3.2 Сору-тарту желдетуін ұйымдастыру
- •3.3.3 Ауа алмасуын есептеу
- •3.3.4 Механикалық жарақаттардан қорғау
- •3.3.5 Жарылыстардың алдын-алу іс-шаралары.
- •3.3.6 Химиялық заттармен улануда қауіпсіздікті қамтамасыз ету
- •3.4 Санитарлы-гигеналық іс-шаралар
- •3.4.1 Арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, қорғау құралдарымен қамтамасыз ету
- •3.4.2 Метеорологиялық шарттарды қамтамасыз ету
- •3.4.3 Жасанды жарықтандыруды ұйымдастыру және есептеу
- •3.4.4 Шудан қорғау
- •3.4.5 Өндірістік дірілден қорғау.
- •3.5 Өртке қарсы іс-шаралар
3.4.4 Шудан қорғау
Шуды есептеу.
Киізден жасалған қаптамасы бар дыбыс оқшаулағыш металды қабықты қолдану барысында Шымкент Мұнай Өңдеу Зауытындағы цехта қондырғының дыбыс қысымының деңгейін азайту мөлшерін анықтау.
Есеп келесі түрде орындалады:
- қондырғының дыбыс деңгейі L = 110 дБ;
- қондырғының тербеліс жиілігі – 850 Гц;
- дыбыс оқшаулағыш қабықтың массасы – 8*10 Н/м2 :
- металды қабықтың дыбыс өткізбейтін коэффициенті – 0,45.
1. Дыбыс қысымының деңгейін азайту мөлшерін мына өрнекпен анықталады:
Lk1
= 130,56 + 10lg 0,015 = 112,32 дБ;
Lk2 = 130,56 + 10 lg 0,45 = 127,09 дБ;
Lk = 112,32 + 127,09 = 239,41 дБ;
Мұндағы: Lk - дыбыс қысымының деңгейін азайуы, дБ;
- қабықтың
дыбыс оқшаулағыш коэффициенті.
2. Қабық қабырғаларының дыбыс оқшаулағышын анықтау:
R = 20 lg mf – 47,5 = 130,56 дБ;
Мұндағы: R – қабық қабырғаларының дыбыс оқшаулағышы, дБ;
m – оқшауланатын қондырғының массасы, кг;
f – дыбыстың стандартты жиілігі, 1000 Гц.
3.4.5 Өндірістік дірілден қорғау.
Діріл - акустикалық факторлар- шу, ультра дыбыс, инфра дыбыс, діріл, олардың табиғаты бірдей жəне толқын тəрізді, серіппелі ортада механикалық тербелістегі қозғалыста таралады.
Діріл деп- материалдық денелер мен машианлардың жұмысы кезінде пайда болатын тербелісті айтамыз. Дірілдің себебі- бір қалыпты емес күштік əсері.
Дірілді сипаттайтын негізгі көрсеткіштер: жиілік (Гц), бірігу амплитудасы (м), жылдамдық (м/с), жылдамдату (м/с2).
Дірілдің адамға əсерін, адамның физиологиялық қасиетімен, жиілік спекторымен анықтайды. Өте қауіпті діріл, 6....9 Гц диапазонында жатыр, ол адамның өзінің ішкі мүшелерінің тербеліс жиілігімен сəйкес келетіндіктен, əсіресе бас миының α- ырғағымен сəйкес келеді, соның салдарынан психологиялық жəне органикалық бұзылуларға алып келетін қабілеті бар, резонанс пайда болуы мүмкін. Көру күштілігінің бұзылуы 10.....25 Гц жиілікті диапазондағы діріл əсері кезінде бақыланады.
Дірілмен күресудің негізгі шаралары:
- машиналар конструкциялар мен технологиялық үдірістерді жетілдіру (механизмдерді ауыстыру);
- дірілді демпфирлеу (дірілді жұту)- үлкен ішкі үйкелісті, материалды конструкцияларды қолдану;
- дірілдейтін бетке, серпімді тұтқырлы материалдар қабатын енгізу (пластмасса, ағаш, резеңке);
Қол құралдарымен жұмыс істеген кезде (электрлік, пневматикалық) дірілдің əсерінен жеке қорғаныс құралдары қолдналыды (қолғап). Суық мезгілдерде, діріл ауруы пайда болмас үшін, жылу қолғаптармен қамтамасыз ету керек. Сонымен бірге дірілге қарсы белбеулер, асталар, діріл жұтатын кілемшелер, діріл жұтатын аяқ киімдерді қолдануға болады.
3.5 Өртке қарсы іс-шаралар
Өрт – бұл материалдық құндылықтардың жойылуына адамның өміріне және денсаулығына қауіпті жағдай орнатады. Өрт қауіпсіздік және техникалық процестердің ережелерін бұзу, электрожелілерді және құрылғыларды дұрыс пайдаланбау және басқада ережелерді орындамау әсерінен өрттің пайда болуына әкеліп соғады.
Өндіріс орындарында өрт бола қалған жағдайда өрттің бір орнынан екінші орынға немесе аппараттар мен жабдықтардың бір – біріне тез таралмауы үшін олардың арасын арнайы қабырғалармен бөліп немесе қоршап қояды.
СН 2.01.02 – 85 «Өртке қарсы нормалар» стандарттарына сәйкес келесі орындар қарастырылуы керек:
- Өртке қарсы тұрақты қабырғалар;
- Түтін люктары;
- Жергілікті өртке қарсы құралдар мен саймандар.
Ректификация блогында мұнай өнімдері өңделетін болғандықтан, өрт және жарылу қаупі бар. Мұнда өртті алдын – алу шаралары қарастырылған. Мұнда әрбір 10 – 20 метр қашықтықта құм толтырылған жәшіктер, шелек, күрек, өрт сөндіру құрылғылары және т.б. құралдар бар.
