Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
қауіпсіздік және еңбекті қорғау. тұзсыздандыру....docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
26.17 Кб
Скачать

3. ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚОРҒАУ

3.1 Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар сараптамасы

Секцияның жұмыстық қауіпсіздігі қызмет көрсету қызметкерінің біліктілігі мен ұқыптылығына тәуелді болады, сонымен бірге техникалық қауіпсіздік, Мемкентехбақылау талаптарын, технологиялық режим нормаларын қатаң сақтауға да тәуелді болады. Секциядағы жұмысқа нұсқаулықтан, теориялық және практикалық оқытудан өткен, жұмыстық орынға баруға, емтихан тапсырған тұлғалар ғана жіберіледі. Жұмыстық орындар қажетті өндірістік нұсқаулармен, техника қауіпсіздігі бойынша ұсыныстар мен нұсқаулар, қызмет ететін қызметкерлердің білуі тиіс арнайы білімдерімен қамтамасыз етілуі тиіс.

Жөндеуге жарамды жабдықтарда, коммуникацияларда, арматураларда, КИП және А аспаптарында жұмыс істеу керек. Жабдықтың және бақылау мен автоматтандыру аспаптарын, белгі беру жүйесі мен автоматты блоктаудың жұмысын үнемі қадағалап отыру керек. Сораптардың жұмысын жүйелі түрде бақылап отыру керек, торстық тығыздалу мен фланецтік қосылыстардың бұзылуының алдын алып, территория мен қондырғының ғимараттарында газдануды болдырмау керек.

Апатты жағдайда, қажет болғанда оператор бөлмесіндегі монитордан электр жабдығының жеке топтарын қашықтықтан сөндіру пайдаланылады. Қондырғыдағы ең қауіпті жерлер: зертханалық сараптамаға арналған үлгілер алу орны; ашық сораптың; 2,5 МПа-ға дейінгі қысымда жұмыс істейтін бағаналар, көмірсутек газдарының жиналуы мүмкін болатын таңдаулы су жабдықтары және өндірістік канализация шұңқырлары. Апатты жағдайларды туындатуы мүмкін негізгі себептер: технологиялық режимнің бұзылуы; жабдықтардың коммуникацияның, арматуралардың, КИП аспаптарының бұзылуы; мұнай өнімдерінің ағып кетуі; қондырғы территориясының газдануы; сақтандыру клапандарының және факелді жолақтардың бұзылуы; электр энергиясының, судың, КИП ауасының сөндірілуі; жұмысшылардың және жөндеушілердің тарапынан қауіпсіздік техникасының бұзылуы.

Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы өндірістік цехта жұмыс істеу барысында, яғни ректификация блогындағы жылуалмастырғыш аппаратында жұмыс істеген кезде адамның денсаулығына айтарлықтай мөлшерде зиян келтіріледі. Біріншіден, ректификациялау блогында массаалмасу процестерінің өтуі барысында айналадағы ортаға жағымсыз, зиянды иістер шығады. Екіншіден, аппараттар жұмыс істегенде шу мен діріл өте үлкен мөлшерде байқалады. Ал үшіншіден, бұл аппарат өрт және жарылыс қауіпті болып табылады.

3.2 Ұйымдастыру іс-шаралары

Еңбекті қорғау қызметі ереже бойынша химиялық кәсіпорындарда жоғары немесе орта технологиялық білімді қызметкерлермен инженерлік жұмыс стажы 3 жылдан кем емес адамдармен қамтамасыз етіледі. Олар өзінің өкілетті шеңберінде кәсіпорын атынан мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарға сондай-ақ өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға тиісті.

«Зиянды заттардың жіктелуі және жалпы қауіпсіздік» талаптары ГОСТ 12.1.007 – 76 стандартында негізделген. Стандартқа шикізаттағы, өнімдердегі, өндіріс қалдықтарында және оларды өндіруде, сақтауда, қолдануда жалпы талаптарды бекітеді.

Халықаралық OHSAS 18001 – 99 стандарт жүйесі бойынша табиғат және қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау талаптарын қарастырады. Бұл жүйе кәсіпорындар мен өндірістік орындарда іске асыру үшін енгізілген.

Кәсіпорын басшыларының міндеттері:

- тіршілік қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау туралы шараларын жоспарлау;

- бұл шаралардың мақстаы мен міндеттерін қарастыру;

- бұл шаралардың толығымен стандарт жүйесі бойынша орындалуын қамтамасыз ету;

- барлық апаттық жағдайлармен қызметкерлер өміріне жауапты болу;

- апаттық жағдайларды болдырмау және оларды алдын – алу мақсатында шаралар қолдану.