
- •Оңтүстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
- •Оқке технологиясы бойынша тәжірибелік дағдыларды және білімді аттестациялауға арналған әдістемелік нұсқау
- •3. Студенттерге мәлімет:
- •4. Емтихан қабылдаушыларға мәлімет:
- •Сатылы өту кезеңдерінің
- •«Клиникалық медицинаға кіріспе» пәні бойынша оқке технологиясын тәжірибелік дағдылармен машықтандыруды аттестациялау бойынша тапсырмалар тізімі
- •«Клиникалық медицинаға кіріспе» пәні бойынша емтихан құрамындағы оқке үшін жабдықтардың, құралдардың және құжаттардың тізімі
- •1 Кезең Машықты дағдыларды қадам бойынша орындауда емтихан тапсырушының іс әрекетін балдық бағалау критерилері
- •2 Кезең Машықты дағдыларды қадам бойынша орындауда емтихан тапсырушының іс әрекетін балдық бағалау критерилері
- •3 Кезең
- •4 Кезең Машықты дағдыларды қадам бойынша орындауда емтихан тапсырушының іс әрекетін балдық бағалау критерилері
- •5 Кезең
- •Емтихан парағы
- •Студенттің қорытынды аттестациялық парағы «Клиникалық медицинаға кіріспе» пәні бойынша емтиханның -------кезеңі (оқке)
- •М.Ғ.Д., профессор Бекмурзаева э. К. Оқке нәтижесін бағалау критерилері
- •«Клиникалық медицинаға кіріспе» пәні бойынша оқке әр кезеңінің балдары
- •Оқке бойынша анкета
- •Құрметті студент !
- •Оқке бойынша анкета
- •Құрметті әріптес !
1 Кезең Машықты дағдыларды қадам бойынша орындауда емтихан тапсырушының іс әрекетін балдық бағалау критерилері
№ |
Әрбір қадамды бағалау критерилері |
Балл бойынша бағасы |
|||
1 |
Студент өзін науқасқа таныстырды. Аты – жөнін, жасын анықтап науқаспен сенімді қарым – қатынас орнатты. |
0,5 |
0,4 |
0,3 |
0,2 |
2
|
Студент анамнезді дұрыс жинады. Науқастан жүрек - қан тамыр (миокард инфарктісі, инсульт), бүйрек (созылмалы пиелонефрит, созылмалы гломерулонефрит), көз аурулары (катаракта, глаукома) анамнезінде болған, болмағаны жөнінде сұрады. |
0,6 |
0,5 |
0,4 |
0,3 |
3 |
Науқастан зиянды әдеттерін сұрап анықтады: ішімдік ішкен бе немесе ішеді ма, темекі тарту (қанша жыл, күніне шегілетін темекі саны). Майлы және тұзды тағамдарды көп қолданбайды ма? |
0,6 |
0,5 |
0,4 |
0,3 |
4 |
Студент науқастың АҚҚ деңгейін дұрыс өлшеді. |
0,7 |
0,6 |
0,5 |
0,3 |
5 |
науқастың АҚҚ өлшер алдында науқастан сұрап анықтады: 1 сағат бұрын кофе, дәрі – дәрмек қабылдады ма, темекі шекті ма? |
|
|
|
|
6 |
Студент бойын және салмағын өлшеді, калькуляторды алып формула бойынша дене салмағының индексін анықтады (салмақ (кг): бойы (м2)). Өз іс - әрекетін сипаттап берді. |
0,7 |
0,6 |
0,5 |
0,4 |
7 |
науқасқа қандай зерттеу әдістерін жүргізу қажет екенін түсіндіріп айтты: ЖҚА, ЖНА тапсыру, ЭКГ түсіру, көз түбін тексерту, қанның биохимиялық анализін тапсыру (жалпы холестеринді, липопротеидтерді, қандағы қант деңгейін тексеру), бүйректің УДЗ және т.б.зерттеу әдістері. |
0,7 |
0,5 |
0,4 |
0,3 |
8 |
Студент науқаспен қоштасуды ұмытпады. |
0,2 |
0,1 |
0,1 |
0,1 |
Кезең бойынша максималды балл - 4
Тапсырмаға берілген уақыт - 7 минут
2 Кезең Машықты дағдыларды қадам бойынша орындауда емтихан тапсырушының іс әрекетін балдық бағалау критерилері
№ |
Әрбір қадамды бағалау критерилері |
Балл бойынша бағасы |
|||
1 |
Кеуде клеткасының алдыңғы жағынан өкпенің салыстырмалы перкуссиясын дұрыс жасады: Студент тренажердің оң жағынан тұрды. |
0,3 |
0,2 |
0,2 |
0,1 |
2 |
Оң және сол жақтан бұғана үстіңгі аймақтарына плессиметр саусақты параллелді және бұғанадан жоғары қойып перкуссиялады. |
0,4 |
0,3 |
0,3 |
0,2 |
3 |
Одан кейін бұғана үстіне тікелей перкуссия жасап, перкуторлы дыбысты екі жағынан салыстырды. |
0,4 |
0,3 |
0,3 |
0,2 |
4 |
Бұғана ортаңғы сызығы бойынша плессиметр саусақты бұғана астыңғы аймақта бұғанаға параллелді қабырға аралыққа қойып перкуссия жасады.Біртіндеп төмен түсіп, ортаңғы бұғана сызығы бойынша 4-ші қабырғаға дейін оң және сол аймақтарды салыстырды.Сосын оң жақтан тұйық дыбыс естілгенше перкуссияны жалғастрыды (6-шы қабырғаға дейін). |
0,5 |
0,4 |
0,3 |
0,2 |
5 |
Кеуде клеткасының бүйір аймақтарынан өкпенің салыстырмалы перкуссиясын дұрыс жасады: перкуссияны алдыңғы, ортаңғы және артқы қолтық асты сызықтары бойынша жүргізді. |
0,5 |
0,4 |
0,3 |
0,2 |
6 |
Кеуде клеткасының артқы жағынан өкпенің салыстырмалы перкуссиясын дұрыс жасады: Студент тренажердің сол жағынан тұрды. |
0,3 |
0,3 |
0,2 |
0,2 |
7 |
Артқы жағынан перкуссияны жауырын үсті аймақтарынан бастады, плессиметр саусақты жауырын үсті ойықтарына горизонтальды қойып, перкуссиялады. |
0,4 |
0,3 |
0,2 |
0,2 |
8 |
Плессиметр саусақты жауырын аралық аймақтарына вертикальды, омыртқаға параллелді дұрыс қойып, перкуссиялады. |
0,4 |
0,3 |
0,2 |
0,1 |
9 |
Плессиметр саусақты жауырын асты аймақтарына горизонтальды, қабырғаларға параллелді дұрыс қойып, перкуссиялады. |
0,5 |
0,4 |
0,4 |
0,3 |
10 |
Перкуторлы дыбысты сипаттап берді: қалыпты жағдайда ашық өкпелік перкуторлы дыбыс екі жақта бірдей. |
0,3 |
0,3 |
0,2 |
0,2 |
Кезең бойынша максималды балл - 4
Тапсырмаға берілген уақыт 5 минут