Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСКЭ.ВКМ.2к.каз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
242.18 Кб
Скачать

Оңтүстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Терапия бакалавриат кафедрасы

Оқке технологиясы бойынша тәжірибелік дағдыларды және білімді аттестациялауға арналған әдістемелік нұсқау

Мамандығы: 5В110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау»

Пән : Клиникалық медицинаға кіріспе

Курс : 2

Шымкент 2015 ж.

«ОҚКЕ технологиясы бойынша тәжірибелік дағдыларды және білімді аттестациялауға арналған әдістемелік нұсқау» «ОҚКЕ технологиясы бойынша тәжірибелік дағдыларды және білімді аттестациялауға арналған әдістемелік нұсқауды өңдеу инструкциясы» және «Клиникалық медицинаға кіріспе» пәні бойынша Типтік бағдарлама /Астана 4 .12. 2012 / негізіне сүйіне отырып " ОҚКЕ технологиясын тәжірибелік дағдылармен машықтандыруды аттестациялау бойынша әдістемелік нұсқаулар "өңделді.

Кафедра мәжiлiсiнде талқыланған

№_______хаттамасы__________2015ж.

Әдістемелік Кеңес мәжiлiсiнде бекітілген

№_______хаттамасы ________2015ж.

2. КІРІСПЕ

Қазіргі заман талабы денсаулық сақтау ұйымдарына ең алдымен менеджмент және маркетинг тәжірибелік денсаулық сақтау болып табылады. Болашақ мамандар тәжірибелік клиникалық іспен шұғылданбайды, бірақ тұрғындарға медициналық көмек көрсетуді клиникалық медицина негіздері білімінсіз ұйымдастырып және басқара алмайды. Сондықтан аталған кәсіпте мамандарды дайындау барысында науқастарды зерттеу жалпы қағидалардың негіздік білімін алуы керек (сұрастыру, қарау, пальпация, перкуссия, аускультация), көп таралған ішкі мүшелердің аурулары кезіндегі зертханалық- аспаптық зерттеулер.

«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша «Клиникалық медицинаға кіріспе» пәнін студенттерге оқыту, жоғарыда аталған білімді алуға және оны болашақта тәжірибелік денсаулық сақтау ұйымдастыруына, науқастың медициналық мәселелерін шешуде көмектеседі.

3. Студенттерге мәлімет:

• Емтихан алдында барлық студенттерге нөмірі көрсетілген бейджи, шифры бар қорытынды аттестациялық парағы беріледі.

• Студент шифр нөмірін білуі қажет.

• Емтихан басталуы ысқырықтан кейін басталады.

• Тапсырманың орындалу жағдайына байланыссыз студенттердің келесі кезеңге өтуі ысқырықтан кейін басталады.

• Студент емтихан қабылдаушыға сұрақ қоюға құқы жоқ.

4. Емтихан қабылдаушыларға мәлімет:

• Әр емтихан қабылдаушыға емтихан біткенше жауап беретін кезең бекітіледі,

• Емтихан қабылдаушы бағалау парағына студенттің бейдж нөмірін енгізіп, студенттің тапсырма орындауын адал, мұқият қадағалауы керек.(қ.9)

• Емтихан қабылдаушы студенттің тапсырма орындауын бағалау парағында көрсетілген әрбір қадамды машықты дағдыларды қадам бойынша орындауда емтихан тапсырушының іс әрекетін балдық бағалау критерилері бойынша бағалап, студенттің тапсырма орындау барысында балдарын қойып отыруы қажет.(қ.8)

• Емтихан қабылдаушы қорытынды балды есептеп «Қорытынды аттестациялық параққа» (қ.10) енгізіп, қол таңбасын қойып студент қолына тапсырады.

• Емтихан қабылдаушының студентпен сөйлесіп, оған сұрақтар қоюға құқы жоқ.

• Емтихан қабылдаушы өз станциясынан өткен барлық студенттің бағалау парағындағы балын есептеп, бағасын қойып, бағалау парағын хатшыға тапсыруы қажет.

• Әр студент бойынша емтиханның қорытынды бағасын шығарғанда емтихан қабылдаушы қатысуы қажет.