Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мұнайды вакуумды айдау қондырығысы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
709.55 Кб
Скачать

4 Өндірістің бас жоспары

Технологиялық қондырғылар, жалпы зауыттық объектілер және энергиялық шаруашылықтар зауыт территориясында белгілі-бір тәртіппен орналасады. Зауытты салуға бөлінген территорияның сызбасын зауыттың бас жоспары деп атайды. Онда жоспарланған және салынушы барлық ғимараттар, автомобиль және темір жолдары, жер асты және жер үсті құбырлары, электр және байланыс желілері және т.б. салынады.

Бас жоспар бойынша технология құбырлар ұзындығы өте қысқа болуы, мұнай өнімдерін айдау мөлшерін азайту, технологиялық процестің ағымдығы және пайдалану ыңғайлығы талапқа сай болуы керек. Бас жоспарды түзгенде өрт және пайдалану санитариялық қауіпсіздігін, жел бағытын еске алу керек. Барлық объектілерге жол салынып, емін-еркін көлікпен бару қарастырылады. Мұнай өңдеу зауытының объектілерінің көбісі - өрт және қопарылу жағынан өте қауіпті болғандықтан, оларды бір-бірінен құрылысы алаңдармен бөлінеді. Бір объектінің екіншісінен немесе объектілер топтарының ара қашықтығы өртке қарсы және санитарлық нормалармен белгіленеді.

Зауыттың бас жоспары, атқаратын міндетіне байланысты бірнеше алаңдарға бөлінеді:

- зауыт алдындағы, онда басқару-шаруашылық ғимараттар (зауыт әкімшілігі, оқу комбинаты, асхана, өрт сөндіру депосы, газдан сақтандыру станциясы) орналасады;

- өндірістік негізгі цехтар мен қондырғылар;

- қосымша (жөндеу-механикалық, ыдысқа салу цехтары);

- қойма (құрал-жабдықтар, майлағыш майлар, реагенттер тұратын қоймалар);

- тауар шикізат базасы (резервуар паркі, сораптар, шикізатты қабылдайтын және өнімдері жөнелтетін темір жол эстакадасы).

Зауыт территориясының сыртында өз алды алаңға мұнай қалдықтарынан тазалау құрылымдарын, тауар паркін және сұйытылған газдарды темір жол цистерналарына құю эстакадасын салады.

Аппараттардың мұнай өңдеу территориясындағы орналасуын жоспарлау жобалаудың маңызды міндеті болып табылады. Осы аппараттардың дұрыс орналасуы кәсіпорынның толық жұмысымен тікелей байланысты. Жабдықтарды өзара алыс орналастыру керек емес, себебі өнімдерді басқа аппараттарға ұзақ тасымалдауға қиын соғады. Сонымен қатар жабдықтардың қазіргі заманғы техникалық деңгейге сай келуін қарастырған жөн.

Жобаланған кәсіпорын қалалық мекенге жақын, сондықтан тасымалдауға аз шығындар жұмсалады.

Кәсіпорын жоба бойынша қалаға қарағанда ық жаққа орналасқан. Барлық корпустар мен ғимараттар санитарлық нормаларға сай (20 метрден жақын емес) бір-бірінен алшақтау. Цехтардың орналасуы технологияның талабына сәйкес.

Мұнай өңдеуші зауыт газ қалдығы, шу және шаң сияқты зиянды заттардың ортасы болғандықтан, бұл кәсіпорын тарапынан екпе ағаштар санитарлы- қорғағыш зонасы қарастырылған. Зонаның жалпақтығы шамамен 1000 метр.

Зауытта вакуумды колоннаның орналасуы. Вакуумды колоннаның тиімділігі ол аппараттар мен жабдықтарының жақын орналасуына тікелей байланысты екенін айттық.

Қондырғының алатын орны 1400 м2 (35 40м) алады. Қондырғыдағы аппараттардың орналасуының негізгі принциптері келесідей: санитарлы мен өртке қарсы ВНТП-28-93 нормаға сәйкес аппараттар аралықтары; заманауи мехнанизмдік құралдарды қолдана отырып, ремонттарды өткізу; гидравликалық кедергіні төмендету үшін құбыр желісін кішірейту және жылу мен металсыйымдылықты жоғалту.

Вакуумды колоннада құбыр желісін қысқарту үшін арнайы сораптарды қолдану болып тұр. Ал сораптар процестің ағымына сай, конденсаторлар мен тоңазытқыштардың астында (екінші деңгей қабатында) және колонналар қасында қарама-қарсы ағымдарды тоқтату үшін. Сораптардың ашық ауада орналасуы, оның бір уақытта құрылыс орналастыру мен вентиляцияға шығындарды азайтқанда өрт қауіптілігін төмендетеді.

Қондырғыны қолдану ісі көрсеткендей пештер мен ректификациялық колонналардың арасындағы ыстық трансферлі желіде жылу жоғалту өзара дұрыс орналаспағаннан болады. Сонда бір трансферлі желіісінде 11 бұралым бар екен және жалпы ұзындығы 60 м. Нәтижесінде колоннаға кіргендегі температура 345С болса, ал пештен шыққанда 370С кірген температура төмендесе онда ол мазут пен гудронды буландыра алмайды, демек дистиляттар алу төмендейді. Колонналарды пештерге қарсы қойып, ұзындығын азайтып және трансферлі желінің бұралымдарын санын азайту.

Біздің жағдайымызда ең басты аппараттар вакуумды колонна, пеш, жылуалмастырғыштар, алаң ортасында тұратын буферлі сыйымдылықтарды айтуға болады. Сонымен қатар вакуумды айдау алаңында оператор мен анализаторлы орындары бар.

Жобалаушы институттарда бас жоспар құру үшін макетті жобалау ұсынылады, ол болса қателерді азайтып және жабдықтарды оңтайлы орналастыруды реттейді [22].