Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мұнайды вакуумды айдау қондырығысы.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
709.55 Кб
Скачать

3.1 Температураны өлшеу құрауыштары

Колоннаның төменгі сұйытылымын өлшеу үшін номиналды дәлдігі 0,5%, цифрлық және аналогтық сигналы (4-тен 20 мА-ге дейін), Імат=60мм, Ру=1,2 МПа, өлшеу диапазоны oC (oF) –200-ден +850-ге дейін ( -328-ден +1562-ге дейін) кедергі термометрін (DINIEC 751) таңдаймыз.

Өлшенген термокедергі сигналы (2,3 немесе 4 - өткізгіш қосылыс) кірерде күшейеді. Бастапқы мәнге пропорционалды кернеу цифрлық-аналогтық құрауыш көмегімен цифрлық код құрауышына айналады (1).

7-сурет- SITRANS TK-H әсерінің принципі.

Гальваникалық шешілген (2) сигналдар микропроцессорға беріледі(3). Ары қарай датчиктің сызықсыздығына сәйкес (тізімнен шығады немесе еркін параметрленеді, SITRANS TK датчигі үшін Pt25-тен Pt500-ге дейін (-200-ден +850˚С-ге дейін) және басқа параметрлерге (демпфирлеу, қоршаған ортаның температурасы және т.б.) сәйкес құрауышқа айналады. ЦАП-тағы (4) дайын сигнал аналогтық (4-тен 20мА-ге дейін) құрауышқа айналады. Қоректендіру блогы (5) шығатын сигнал контурында орналасқан.

SITRANS TK-H параметрлендіру SIPROM (HART модем) (7) бағдарламалық қамсыздандыру үшін интерфейс модулі арқылы екі өткізгіштік сызыққа қосылған PC (6) көмегімен жүргізіледі. Бұл мақсат үшін ауыспалы коммуникатор қолдануға да болады [20,21].

3.2 Өздігінен жазғыштарды өлшеу құрауыштары

Вакуумды айдау қондырғысында өздігінен жазғыш SIREC таңдалып, қолданылып келеді. Өздігінен жазғыш 12 сигналға дейін өлшеп, өңдей алады. Кіретін сигналдарды қосымша өңдеу қажет болған жағдайда 12 "виртуалды" каналға дейін (кіретін сигналдар комбинациясының түрлі функциялары). Сигналдың көзі ретінде кернеу, ток күші, «құрғақ» жанасу, термопара немесе термо кедергі бол алады. Кернеу және ток күшінің диапазондары: 0-ден 100мВ-қа дейін, 0-ден 1В-қа дейін, 0-ден 10В-қа дейін; 4-тен 20-ға және 10-нан 50мА-ге дейін – тұрақты ток (ішкі өшіретіні бар 50 Ом-дық шунт қолданылады.). B, C, E, J, K, R, S, T, Ni/NiMo бар термопалар. Термокедергілер: : 10 Ом-дық мыс, 100 Ом-дық платина, 200 Ом-дық платина және 120 Ом-дық никель. Кіретін сигналдар: DC кернеу: сызықтық немесе түбірлік сипаттама. Толық масштабталатын диапазон: 100мВ, 1мВ және 10в, DC ток: 4-тен 20мА-ге дейін, 10-нан 50мА-ге дейін, құрғақ жанасу немесе сыртқы көзі. Кіру дәлдігі: Кернеу: 0,05% бағдарламалық диапазон. Ток: сыртқы шунттарды қолдану кезінде 0,5%. № MAS-50R0 сыртқы шунтын қолдану кезінде 0,1% . Термопара: J, K, T, E, Ni/NiMo үшін 1.5oC, R, S үшін 3oC және В үшін 4oC . Термокернеу: 5oC. Қоректендіру көзіне қойылатын талаптар: 100-ден 240В-қа дейін, айнымалы ток, 10%, 50/60 Гц, мах. 35 ВА (бірқалыпты ток көзін қолдану). Қоректендіруді өшіп қалудан қорғау: энергияға тәуелсіз жадыда бағдарламалық параметрлер сақталады. Сағаттардың батареялары автоматты түрде зарядталып тұрады. Энергия сақтау режимінің жұмыс уақыты >12 ай [20,21].

3.3 Қысымды өлшеу құрауыштары

Колонна ішіндегі қысымды өлшеу үщін, жоғарғы және төменгі бөлігінің қысымдарын өлшеу үшін қолданылады. Қысымды бақылау және реттеу үшін Z - 7MF1563 сериялы датикті таңдаймыз. Датчиктің техникалық мәліметтері. Жұқа пленкалы тензодатчикті өлшеу принципі.

Кірулер: Реттелетін айнымлы шама- салыстырмалы және абсолютті қысым. Өлшеу диапазоны: 400Бар-ға дейін; Шығулар: шығатын сигнал 0-ден 20 мА-ге дейін. Дәлдігі: өлшеу қателігі (250С кезінде линеаризация, гистерезис және қабылдау қателігін қосқанда) толық шамадан 0,25Ғ. Номиналды жұмысшы жағдайлары: Сыртқы жағдайлары: сыртқы температура (-25-тен +85 0С-ге дейін ); сақтау температурасы (-50 -ден +100 0С-ге дейін ); жұмы температурасы (-30 -дан +120 0С-ге дейін). Орындалуы: Салмағы 0,25 кг шамасында. Материалы Al2O3 - 96% өлшегіш камера – процеске қосылған – таза болат, мат. №1.4571. Пластикалық тұлғасы (DIN 43 650 сәйкес, А түрі) G 1/2 A –ішкі бұранда; G 1/8 A – сыртқы бұранда процеск қосылған. Датчик кернеуінің қоректендіру көзі 10-нан 40 В-қа дейінгі тұрақты ток [20,21].