Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭПИДЕМИОЛОГИЯ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
25.85 Mб
Скачать

2 Тарау

Эпидемиялық процестің 3 буынына бағытталған шаралар.

Инфекциялық ауруларды иммунды алдын алу түсініктері

Инфекциялық ауруларды алдын алуда иммунды әдіс түбегейлі тәсіл болып табылады.Бұл тәсіл арқылы шешек ауруы әлемде бір жола жойылды, полиомиелит, қызылша аурулары біржола жойылуға жақын.Алайда, қазіргі кезде иммунды әдіспен алдын алатын инфекциялардың маны көп емес.Мәселен, жылына 6 млн. бала әлі вакциналары жоқ инфекциялардан қайтыс болады.Біздің елімізде есепке алынатын 65 инфекциялық аурулардың 50 түрі (75%) иммунды алдын алу тәсілімен «басқарылмайтын» инфекциялар қатарына жатады

Әлемде жылына 500 млн адам инфекциялық аурулармен тіркелсе, олардың 400 миллионы вакцина егілмегендер, өйткені осы инфекцияларға вакцина әлі табылмаған.

Иммунды әдіспен алдын алудың тарихы

Медицина дамуының бастапқы кезеңінде шешектің өте ауыр түрін болдырмау үшін сол аурудың жеңіл түрімен ауырғандардың іріңін дені сау адамадарға жасанды әдіспен егу талпыныстары болған. Мысалы, Қытайда біздің дәуірімізге дейін XI ғасырда дені сау адамдардың танауына шешекпен ауырған адамдардың іріңді қабыршағын салатын болған, ал Үндістанда- теріні сызаттап, сол жерге шешектің қабыршағын ысқылаған , Грузияда- шешектің іріңін жұқтырылған әдіс XYIII ғасырдың аяғына дейін қолданылып келген

1796 жылы ағылшын дәрігері Эдвард Дженнер өзі ашқан жаңалықты жариялады. Егер де адамдарға сиыр шешегін жасанды түрде ексе, вакцина енген жер шамалы ісініп, іріңдейді де, шешек індетімен ауырмайды. Қазіргі кезде Эдвард Дженнерді індетке қарсы егудің негізін қалаушы деп сынайды.

Бірақ шешекке қарсы бұл вакцинаны Эдверд Дженнерден 350 жыл бұрын, өз кезінде хан сарайында дәрігер болған, өмірін емшілікке жұмсаған, біздің бабамыз Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы тапқан екен. Өзінің «Шипагерлік баян» атты қолжазбасында «Шешек тарап болғасын, шешектің іріңі табылмайды,оны сақтайын десек ұзақ сақталмайды, ексең өнбей қалуы шарт, қатып қалмақ, шірімек»- деп жазды. Ары қарай шешекке екпені (вакцинаны) қалай алғаны, екпені сақтау, балаларды егу әдістері, егілген балалардың реакциялары туралы деректер жазылғанына қарағанда, оны өз қолымен жасамаған адам жаза алмайтыны анық. Мұздатқыштар туралы хабары жоқ заманда екпені жаңа сойылған малдың бүйрек қабына салып, күн түсірмей, салқын жерде сақтау таптырмайтын, таң қаларлық әдіс.

1880 жылы Л.Пастер сұйық қоректік ортада ұзақ уақыт сақтау арқылы тауық тырысқағы қоздырғышының әлсіздетілген штамын алған. Микробтың осындай штамын тауыққа енгізгенде ол ауырмайды және оны вирулентті штамды жұқтырудан сақтайды.

Инфекциялық ауруларды арнайы алдын алуын ұйымдастырудың негізгі қағидалары, егу көрсеткіштері

Инфекциялар екіге түрге бөлінеді:

Басқарылмайтын инфекцияларға тиімді иммунды алдын алу шаралары толық жетілдірілмеген инфекциялық аурулар тобы жатады.

Басқарылатын инфекциялар деп ғылыми дәлелденген шаралары жетілген және олардың тиімділігі анықталған инфекциялық аурулар тобын айтады.

Иммунды алдын алу тәсілдерімен басқарылатын ауруларға антропонозды инфекциялар жатады. Мысалы, полиомиелит инфекциясын басқару оған қарсы тиімді вакцина жасалғанннан кейін іске асты.

Дифтерия, көкжөтел, сіреспе, қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит , вирусты В гепатит туберкулез және полиемиелит сияқты инфекциялық аурулармен күресудуе жоспарлы иммунизациялау шешуші және тиімді шаралардың негізгісі болады. Жоспарлы түрде егу жүргізудің нәтижесінде 1958-1972 жылдар арасында полиомиелитпен сырқаттанушылық 125,3; дифтериямен- 369; қызылшамен - 5,6; көкжөтелмен -23,1 есе азайды. Егер тұрғындардың 95% көрсетілген мерзімде егумен толық қамтылмаса, айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес.

Иммунизациялау бағдарламасына қойылған мақсаттар:

  • Иммунизацияның ұлттық бағдарламасын қабылдау;

  • Ұлттық мамандарды дайындау;

  • Ұлттық бағдарламаларды жабдықтармен, вакцинамен, көлікпен қамтамасыз ету;

  • Вакциналарды сақтау және тасымалдау жүйесін жасау;

  • Бағдарламаның іске асырылуын бақылау;

  • Қажетті қаржы бөлу;

  • Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Қазақстан Республикасының Үкіметі еліміздің тұрғындарының санитарлық- эпидемиологиялық ахуалына зор көңіл бөлді, «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 19.09.2009 жылғы №193 заңы қабылданды. Бұл Заңда халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудің құқықтық экономикалық және әлеуметтік жақтары анықталған. Үкіметтің Қаулысымен «Иммунды алдын алу» кешенді бағдарламасы бекітілген.

Егу жұмыстарын жоспарлау учаскелік дәрігер-педиатрға жүктеледі. Ол учаскедегі әрбір балаға уақтылы егу жүргізуге толық жауап беруі керек.

Қазақстан республикасы Үкіметінің 22 қаңтар 2008 жылғы №40 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23 мамыр 2003 жылғы №488 «Тұрғындарға инфекциялық ауруларға қарсы вакцина егу жұмыстарын жақсарту шаралары» қаулысына өзгертулер мен қосымшалар енгізілді.

2011 жылдан бастап пневмококкты инфекцияға вакцина егу жұмыстары басталды. Бұл вакцина 2-3-4-18 айда егіледі.

Қазақстан Республикасында Халыққа вакцина егу күнтізбесі

Жасы

Егулердің атаулары

1-4 күн

Туберкулезге вакцинация

24 сағат

Гепатит «В» бірінші вакцинация

2 ай

Гепатит «В» екінші вакцинация, бірінші вакцинация: дифтерия, көкжөтел, сіреспе, гемофильді инфекция, полиомиелит

3 ай

Екінші вакцинация: дифтерия, көкжөтел, сіреспе, гемофильді инфекция, полиомиелит

4ай

Үшінші вакцинация: гепатит «В», дифтерия, көкжөтел, сіреспе, гемофильді инфекция, полиомиелит

12-15 ай

Вакцинация: қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит, 1-ревакцинация: полиомиелит

18 ай

Ревакцинация: дифтерия, көкжөтел, сіреспе, гемофильді инфекция

6 жас(1 сынып)

Екінші вакцинация: қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит.

Бірінші вакцинация: туберкулез.

Екінші ревакцинация: дифтерия, сіреспе.

12 жас

Үшінші ревакцинация: дифтерия

15 жас

Вакцинация қызамыққа

16 жас

Ревакцинация: дифтерия, сіреспе

Ересектер

Ревакцинация: дифтерия, сіреспе әр 10 жылда

Иммунитет және қабылдағыштық

Қоздырғыш адам организмінде инфекцияға қоздырғыштық болса ғана инфекциялық процесс тудыруы мүмкін.

Қабылдағыштық- адамның өз денесіне енген инфекциялық аурулардың қоздырғыштарына қарсы жауап беру қабілеті , ауру немесе тасымалдаушылық түрінде дамуы.Егер адам жануарлардың кейбір инфекция түрін қабылдамайды, ауруын жұқтырмайды, бұны түрлік қабылдамаушылық деп атайды.

Қабылдамаушылық 2 түрге бөлінеді:

  • Арнайы емес қабылдамаушылық немесе тұрақты төзімділік

  • Арнайы қабылдамаушылық немемсе иммунитет

Арнайы емес, физиологиялық тұрақты төзімділік факторларына жатады:

А) сыртқы жабын және шырышты кілгей қабаты;

Б) денедегі қалыпты микрофлора;

В) асқазан қышқыл сөлі, лизоцим;

Г) қан және лимфа жүйесінде қорғаныс қызметін атқаратын пропердин, антидене, макрофаг, ретикулоцидтер, интерферон, коплемент жүйесі.

Қабылдамаушылықтың түрлері

I.Тұрақты төзімділік

  • Сыртқы жабын

  • Қалыпты микрофлора

  • Асқазанның қышқыл сөлі

  • Антиденелер, интерферон, лизоцим, комплемент