Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭПИДЕМИОЛОГИЯ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
25.85 Mб
Скачать

4Тарау Ішек инфекциялары

Біздің қаламызда Астана қалалық мемсанэпидқадағалау Департаментімен және жалпы республикалық көлемде, тұрғындар денсаулығына бағытталған және олардың арасында ішек инфекцияларының алдыналуға бағытталған іс-шаралар кешені жүргізілуде. Бұл – ауыз судың, су көздері мен су айдындарының қауіпсіздігіне, азық-түлік өнімдерінің дайындалу, тасымалдану және тарату ережелерінің сақталуына, сауда және тамақтану кәсіпорындарының, мектепке дейінгі және жалпы білім беретін мекемелердің санитарлық-гигиеналық жағдайына жүргізілетін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау. Бірақ ішек инфекцияларымен күресу оңай емес – ауруды тудыратын қоздырғыштар өте көп, олардың пайда болужолы әртүрлі, диагностикасы қиын, инфекцияның берілу жолдары әрқилы. Сол үшін ішек инфекцияларының пайда болуы мен таралуының алдыналуда Сіздің белсенді күресіңіз қажет.

Жедел ішек инфекциялары – бұл бактериялар, вирустар, қарапайымдылар тудыратын және балалар мен ересек адамдарда ішек қызметінің бұзылуымен (диарея) сипатталатын жұқпалы ауру. Бұл әлемде ең көп таралған инфекциялардың қатарына жатады. Барлық ересектердің, әсіресе, балалардың дизентериямен, сальмонеллезбен, колиэнтеритпен және басқа да жедел ішек инфекцияларымен ауырмаған бірде бір ел жоқ. ДДҰ (дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының) мәліметтері бойынша жылына ішек инфекцияларынан емізулі жастағы 3 миллионға жуық бала қайтыс болады.Ішек инфекциялары бұрынғы заманнан бері кір қолдың ауруы деп аталып келіп, онымен салақ адамдардың жиірек ауыратындығы дәлелденген. Шынында біз күн сайын күні бойына қолымызбен айналадағы кір заттармен жанасамыз, айтар болсақ, қоғамдық көліктерде тепе-теңдікті сақтау үшін тұтқаны ұстаймыз, неше түрлі адамдар ұстаған қоғамдық мекемелердің есік тұтқасын ұстаймыз, дүкендерде сауда жасағанда сатушымен, көліктерде кондуктормен есеп айырысамыз, ақша санасамыз, таныстарды көргенде қол беріп амандасамыз. Осыдан келіп, «жұмыстан, серуендеуден үйге келгенде, тамақ дайындаудың, ішердің алдында, сондай-ақ балалармен ойнарда және оларға күтім жасағанда қолыңызды сабындап мұқият жуыңыз» деген қарапайым ережелер туындайды. Осындай қарапайым ережемен Сіз өзіңізді де және отбасы мүшелерін де әртүрлі инфекциялардан қорғай аласыз.

Ішек инфекциялары тобына көптеген антропоноздыжәне табиғи-антропургиялық инфекциялық аурулар кіреді, олардың қоздырғышы бактериялар мен вирустар болып табылады.

Антропонозды ішек инфекциялары: іш сүзегі, дизентерия, тағам токсикоинфекциялары, тырысқақ, ботулизм, полиомелит, вирусты А, Е гепатиттері

Табиғи-антропургиялық ішек инфекциялары:сальмопеллез, парасүзек В, кампилобактериоз, ішек ирсионозы, бруцеллез, лентоспироз, листериоз.

Вирусты ішек инфекциялары: полиомиелит, вирусты А, Е гепатиттер ротавирусты инфекция.

Бактериалды инфекциялар: іш сүзегі, дизентерия, ботулизм, тырысқақ, бруцеллез, иерсиниоздар, пастареллез, лептоспироз, листериоз.

Ішек инфекцияларының қоздырғыштары нәжіс-ауыз механизмімен беріледі, таралу жолдары әр түрлі. Таратушы факторларына нәжіспен ластанған тағам өнімдері, су, тұрмыста қолданатын заттар және сыртқы обьектілері жатады. Ішек инфекцияларының өршулері жаз-күз айларында көбейеді, бұл мезгілде негізгі тағам мен су арқылы берілу жолдарының белсенділігі артады. Вирусты А мен Е гепатиттерінің күз айларында өршуі ұсақ малдардың төлдеуімен, жүн қырқумен байланысты.

Эпидемиялық процестің ағымы мен көріністері әлеуметтік және табиғи факторларға тәуелді, яғни санитарлық-гигиеаналық жағдайға, халықтың санитарлық-гигиеналық жағдайға халықтың санитарлық сауаттылығына, өндірістік және тұрмыстық ерекшеліктеріне байланысты.

Ішек инфекцияларының қоздырғыштары өте төзімді болғандықтан организмнен тыс қоршаған ортада ұзақ сақталу қабілеті дамиды, кейде көбеюі де мүмкін.

Ішек инфекцияларының өршуі алдында әр топта әр түрлі алғы белгілер байқалады, бұл судың санитарлық-бактериологоиялық көрсеткіштерінің нашарлауы, талаптарға сай келмейтін сүт тағамдарының көбеюі, су құбыры немесе канализация жүйесінде бұзылыстардың болуы, ауруханаларда шартты-потогенді микробтардың көбеюі, бактерия тасымалдаушылардың көп анықталуы.

Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметінің басты мақсаты қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды дер кезінде бағалау болжам жасау және тиімді алдын алу шараларын ұйымдастыру. Антропонозды ішек инфекцияларында негізінен санитарлық-гигеналық шараларды, зоонозды инфекцияларында санитарлық-ветеринарлық шараларды дер кезінде ұйымдастыру тиімді нәтиже береді.

Іш сүзегі

Іш сүзегі- нәжіс – ауыз механизмімен жұғатын, су, тағам және тұрмыстық заттар арқылы таралатын, аш ішектің лимфа жүйесін зақымдап, шырышты қабықшасында жара пайда болатын, жалпы улану қайталанатын, ұзақ уақыт бактерия тасымалдаушылықты қалыптастыратын сальмонелла бактериясының (Salmonella typhi) әсерінен болатын антропонозды бактериалды инфекциялық ауру.

Қоздырғыштың эпидемиологиялық сипаттамасы. Іш сүзегінің қоздырғышы Salmonella typhi – сальмонеллалар туыстығына жататын, морфологиясы ұқсас, екі шеті дөңгелектеген, спора түзбейтін қысқа талшықты грамтеріс таяқшалар. 3 антигендері бар: соматикалық О-антиген, верулентті Vi және талшықты Н-антиген.

Іш сүзегі таяқшалары қоршаған ортада төзімді: топырақта, суда 1-5 айға дейін, нәжістерде-25 күнге дейін, төсек жабдықтарында-14 күнге дейін сақталады. Тамақ өнімдерінде бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін сақталады, әсіресе сүтте, туралған етте, сааттарда, тағамдарда температура 18 ° С жоғары болса көбеюі де мүмкін. Дезинфекциялық заттар (хлорамин) әсерінен бірнеше мин. кейін өледі, бірақ нәжіс-хлорамин (1:1) ортасында тек 1 сағатқа дейін өлдеді. Өзендегі мұзда іш сүзегі қоздырғышы қыстап шығуы мүмкін. Жоғары температура әсерінен мәселен, 60°С градуста-30 мин., 90°-100°С градуста бірден тез өледі. Күн сәулесі, ультра күлгін сәулелері әсерінен бірнеше сағатта өледі. Іш сүзегі ауруының клиникалық ағымын Гиппократ зерттеген және «typhos» - деп атаған, «түтін», «тұман», «қызба» мағынасын білдірген Salmonella typhi қоздырғышын 1880 жылы К.Эберташқан, Ф.Видаль агтлютинация реакциясын енгізген.

Патогенезі және клиникасы. Іш сүзегі қоздырғыштары организмге су, тамақ өнімдерімен түседі. Лимфа түйіндерінде жиналған қоздырғыштар қанға өтеді- бактериемия кезеңі – аурудың клиникалық белгілерінің пайда болуымен сипатталады. Аурудың екінші аптасында бөртпелер пайда болады. Эпидемиологиялық тұрғыдан екінші ошақтардың өт жүйесінде және зәр шығару жүйесінде орналасуы өте қауіпті, өйткені бактериялар нәжіспен, зәрмен үнемі шығарылып тұрады. Инкубациялық кезең 7-23 күн (орташа 14 күн).

Клиникалық белгілері 4 кезеңге бөлінеді:

  1. Бастапқы кезең – әлсіздік, беймаздану, қалтырау, дене қызуы 39°-40°С градусқа дейін көтеріледі.

  2. Аурудың қызу кезеңі – интоксикация, розеолалы бөртпелер, галлюцинация, іштің өтуі, ішектен қан кету, ішектің жарылуы, перитонит.

  3. Клиникалық белгілерінің азаюы, дене қызуының қалпына келуі.

  4. Жазылу кезеңі.

Іш сүзегінен өлім-жітім 0,3% құрайды.

Инфекция көзі. Іш сүзегінің инфекция көзі – науқас адам және бактерия тасымалдаушы. Созылмалы тасымалдаушылар 3 айдан астам және өмір бойы қоздырғышты бөліп шығаруы мүмкін немесе белгісі жоқ формада өтеді.

Эпидемиологиялық тұрғыдан іш сүзегінің инфекция көзі – науқас адам және бактерия тасымалдаушылары жеңіл формадағы атиптік формадағы науқастар қауіпті өйткені олар аурудың белгілері болмағандықтан уақытылы емделмейді, жекешеленбейді, қызметтік міндеттерін жалғастырады, тамақтану, сумен қамтамасыз ету мекемелерінен аластатылмай қалады. Ал жіті түріндегі науқастар қоздырғышты көп мөлшерде 1-5 апта ішінде бөліп шығарады, уақытылы дәрігерлік көмекке келетіндіктен ерте жекешеленіп, толық емделіп шығады.

Беріліс механизмі. Іш сүзегінің беріліс механизмі – нәжіс – ауыз механизмі.

Берілу жолдары:

  • Су арқылы;

  • Тағам арқылы;

  • Тұрмыстық қатынас және қолданылатын заттар.

Берілу факторлары: су, тағам өнімдері, тұрмыстық заттар, микробтармен ластанған кір қолдар, шыбындар. Инфекцияның берілу жолдарына және таратушы факторларға байланысты эпидемиялық процесс су типті, тамақ типті, тұрмыстық типті болып бөлінеді.

Су типтісумен байланысты эпидемиялық прцесс орталықтандырылған немесе орталықтандырылмаған су жүйелерінің бұзылыстарынан, судың нәжіспен ластануынан, судың сапсының нашарлануы мен суды қолданатын халықтың санынан байланысты. Су көздеріне, сумен қамтамасыз етуіне байланысты су құбырлық, құдықтық, бұлақтық, өзендік, арықтық өршулер кездеседі. Су құбырлық өршулер су құбырында, суды алу, тазарту жүйесінде бұзылыстар немесе су тарату жүйесінің тексеру құдықтары дұрыс жабылмаса су үзіліспен берілетін болса, су жүйесінде қысым өзгеріп тұрса орын алуы мүмкін.

Сумен байланысты өршулерде сырқаттанушылық бірден күрт өседі және негізгі судың ластану себебі жойылғаннан кейін сырқаттанушылықта күрт төмендейді. Бірақ, кейбір жағдайларда тұрмыстық факторлардың қосылуынан эпидемияның жалғасуы бірнеше уақытқа созылуы мүмкін.

Ашық сулармен байланысты өршудің (арық, өзен сулары) ауырлығы судың ластану деңгейінен және қанша адам суды қолданатындығынан байланысты. Егер сырқаттанушылық өзен суымен байланысты болса, онда өзенге жақын аймақта тұратындар ауырады, өршулер жаз айларында көбейеді, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар ауырады.

Сумен байланысты өршулердің негізгі белгілері:

  1. Науқастарда іш сүзегінің түрлі фаготиптері анықталады.

  2. Көбіне орташа ауыр және жеңіл түрінде өтеді.

  3. Өршу бір инкубациялық кезеңнен астам уақытта таралады.

  4. Өршу алдында жіті ішек аурулары көбейді, судың сынамасында жалпы микробтар саны мен патогенді микрофлора көбейеді.

  5. Іш сүзегі бойынша қауіпті аймақтарда таралады

  6. Бір аймақтың ішінде, бір белгілі су көзімен байланысты болады.

Тағаммен байланысты өршулерде негізгі берілу факторлары: сүт және сүт өнімдері, қаймақ, ірімшік, балмұздақ, ет өнімдері, туралған ет (фарш), балық, жеміс-жидек, салаттар.

Тағаммеен байланысты өршулердің белгілері:

  1. Науқастардан іш сүзегінің бір фаготиптері анықталады.

  2. Ауыр және орташа ауыр түрінде өтеді.

  3. Ауру бір инкубациялық кезең ішінде таралады.

  4. Бір тағаммен байланысты болады

  5. Тағамдарда қоздырғыштар көбейеді.

  6. Сүтпен байланысты өршулерде көбіне балалар ауырады, өйткені олар сүтті және сүт тағамдарын жиі қолданады.

Іш сүзегінің таралуы тұрмыстық заттармен байланысты болса сырқаттанушылық кездейсоқ түрінде немесе тұрмыстық жағдайы нашар жанұялық ошақ түрінде таралады. Таратушы фактор ретінде ластанған ойыншық, ыдыстар, асхана заттары, есік тұтқалары, төсек жабдықтары болуы мүмкін. Іш сүзегінің шыбындар арқылы таралуы санитарлық жағдайдың нашарлауы, тұрғылықты аймақты тазарту деңгейіне байланысты.

Эпидемиолгиялық ерекшеліктері: Іш сүзегі барлық жерлерде таралған ауру, сырқаттанушылық деңгейі түрлі елдерде әр түрлі және халықтың санитарлық, әлеуметтік жағдаымен тығыз байланысты. Жаз, күз айларында сырқаттанушылық күрт көбейеді. Барлық жастағылар бірей ауырады, бірақ балалар, жасөспірімдер арасында жиі кездеседі.

Диагностикасы: 1. Клиникалық белгілері мен эпидемиологиялық анамнез.

2. Бактериологиялық әдіс: нәжіс, несеп, өт, қанды, тексеру.

3. Серологиялық әдіс: Видаль реакциясы, ГАТР, ИФА, РИФ.

Гемокультура әдісі – қанды бактериологиялық зерттеу ең басты және ерте, нақты нәтиже беретін диагностикалық әдіс болып табылады. Серологиялық әдістің тиімділігі 90-95%.(55,56-сурет)

Алдын алу шаралары. «Іш сүзегі мен парасүзегі ауруларын ескерту жөніндегі санитарлық-індетке қарсы (алдын алу) іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу» санитарлық-эпидемиологиялық ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

Іш сүзегін алдын алу шаралары 3 бағытта жасалады:

  1. Инфекция көзіне бағытталған шаралар.

  2. Беріліс механизміне бағыттыалған шаралар.

  3. Қабылдағыш организмге бағытталған шаралар.

Инфекция көзіне бағытталған шаралар. Инфекция көзі – науқас адамды ерте анықтау, міндетті түрде инфекциялық аурулар ауруханасына жатқызып емдеу қажет. Науқастар ауруханадан антибиотикпен емдеуді тоқтатқаннан кейін 3 реттен кем емес нәжісі мен зәрін бактериологиялық тексеруден өткізгеннен соң, қызбасы 21 күн қалыпты болғанда шығарылуы тиіс.

Диагнозы қойылмаған науқастар, денеқызуы 3 және одан да көп күн көтерілгендер іш сүзегіне тексерілуі тиіс.

Бактериологиялық және сериологиялық зерттеудің нәтижесі оң болған жағдайлар бактерия тасымалдаушы ретінде қарастырылуы тиіс, оларға емдеу жүргізу, есепке алу, медициналық бақылау белгілеу керек. Тасымалдаушылықты анықтау үшін диспансерлік бақылау (сауыққан адамдарға) және алдын алу тексерулер («декреттелген топ жұмысқа тұрар алдында және жыл сайын) жасалады.

Созылмалы тасымалдаушылар СЭҚБ тіркекуге алынады су, тағам, балалар мекемелеріне, яғни эпидемиологиялық қауіп төндіруі мүмкін жұмыстан босатылады.

Беріліс механизміне бағытталған шаралар. Іш сүзегін алдын алуда ең маңызды санитарлық-гигиеналық шаралар болып табылады:

  1. Халықты сапалы сумен қамтамасыз ету, су көздерінің санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкестігін қадағалау, су құбырлары мен су тарату жүйесінің санитарлық-техникалық жағдайын қадағалау.

  2. Қалдық суларды су қоймасына жіберер алдында тазарту, залалсыздау.

  3. Тұрғылықты жерді уақытылы тазарту, қалдықтарды уақытылы шығару, жою, әжетханаларды тазарту.

  4. Тағам өнімдерін өңдеу, дайындау, тасымалдау, сақтау, тарату, қолдану барысында санитарлық қадағалау.

  5. Көпшілік тамақтандыру орындары және балалар мекемелерінде эпидемияға қарсы тәртіптің орындалуын қадағалу.

  6. Жеке бас гигенасын сақтау.

  7. Санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу.

Қабылдағыш организмге бағытталған шаралардың негізі – белсенді иммунизациялау. Ошақта науқаспен қатынаста болған адамдар 21 күн медициналық бақылауға алынады, күнделікті дене қызуын өлшеу, сыртқы терісін бөртпелерге тексеру, бактериологиялық, сериологиялық әдістермен тексеру, бактериофаг беру қажет. Карантин 21 күн.

Жоспарлы түрде эпидемиологиялық көрсеткішпен вакцина егу төменгі контингентке жасалуы тиіс:

  1. Канализация жүйесін тазалайтын және қоқыстарды жинайтын, елді-мекендерді сантиралық тазалаумен айналысатын жұмысшыларға;

  2. Жұқпалы ауру ауруханасында ішек жұқпалы аурулар бөлімінің медициналық қызметкерлеріне;

  3. Елді-мекендерде эпидемиологиялық жағдайға сәйкес және төтенше жағдайлар кезінде эпидемиялық көрсеткіштері бойынша қатынаста болғандарға.

Парасүзек А және В

Парасүзек А – антропонозды, парасүзек В- антропозоонды бактериялды іш сүзегіне ұқсас инфекциялық ауру.

Қоздырғышы – Salmanello paratyphi А, В бактериялары, Salmonella туыстығына жатады. Іш сүзегінің таяқшаларынан айырмашылғы биологиялық, серологиялық қасиеттерінде.

Парасүзек А қоздырғышын 1898 жылы Гвин ашқан, паратиф В қоздырғышын 1896 жылы Ашар және Бедсод анықтаған.

Инфекция көзі – ауру адам және бактерия тасымалдаушы.

Парасүзектерден кейін тасымалданушылық жиі кездеседі. Парасүзек В қоздырғышын үй жануарларынан, кеміргіштерден жұқтыруы мүмкін. Науқас адам қоздырғыштарды клиникалық белгілері пайда болғаннан 1-2 күннен бастап аурудың барлық барлық кезеңдерінде, сауығу кезеңінде (2-3 апта) шығарып отырады.

Беріліс механизмі – нәжіс – ауыз механизмі.

Берілу жолдары: тағам, су, тұрмыстық заттар.

Парасүзек А – су арқылы, парасүзек В- тағам әсіресе жиі сүт арқылы таралады.

Эпидемиологиялық ерекшеліктері. Парасүзек В барлық жерде таралған ауру, парасүзек А- көбіне Оңтүстік-Шығыс Азия Африка елдерінде кездеседі. Іш сүзегімен сырқаттанушылық төмендеген сайын паратифтердің үлесі көбеюде (90 жылдары – 30%). Инкубациялық кезең 1-21 күн.

Негізгі клиникалық белігелері іш сүзегіне ұқсас, бірақ қызба бөртпелер ерте пада болады, жеңілдеу етеді. Парасүзектерден кейін өлім жітім сирек.

Алдын-алу шаралары, зертханалық диагностика, емдеу, диспансерлік бақылауы іш сүзегіне ұқсас. Қатынаста болғандарды медициналық бақылау мерзімі-14 күн.

Іш сүзегі және парасүзек ошақтарында індетке қарсы іс-шаралар:

  1. Барлық науқастарды сұрау, тексеру, дене қызуын өлшеу, зертханалық тексеру арқылы анықтау;

  2. Іш сүзегімен және парасүзекпен ауыран науқастарды уақыты оқшаулау;

  3. Іш сүзегімен немесе парасүзекпен бұрын науқастанған адамдарды, жұқтыру қауіпі туындаған адамдарды, декреттелген контингентті (күдікті тағамдар мен суды қолданған; науқастармен араласқан) зертханалық әдіспен анықтау және зертханалық тексеру жүргізу;

  4. Барлық 1 рет ауырған адамдардың ошағында бір рет нәжісін бактериологиялық тексеру және қанның құрамындағы сарысуын ГАТРӘ қорытындысы оң болған адамдардың зәрі мен нәжісін 1 рет қайталап бактериологиялық әдіспен тексеру;

  5. Топтық ауру пайда болған жағдайда, инфекцияның көзі болуы мүмкін күдіктілерге зертханалық тексеру жүргізу керек. Зертханалық тексеруге кемінде 2 күн сайын 3 рет нәжісі мен зәрін бактериологиялық тексеру және 1 рет қан сарысуын ГАТРӘ әдісімен тексеру. ГАТРӘ қорытындысы оң адамдар 2 күн сайын кемінде 5 рет нәжісі мен зәрін бактериологиялық тексеруге тапсырады, ал тексерудің нәтижесі теріс болса 1 рет өті тексеріледі.

  6. Іш сүзегімен немесе парасүзекпен ауырған науқаспен үйінде араласқан декреттелген контингент құрамындағы адамдар науқасты ауруханаға жатқызып, үйге соңғы дизенфекция өткізіп, оның нәтижесін, зәрін 1 рет бактериологиялық тексерудің және ГАТРӘ теріс қорытындысын алғанға дейін уақытша жұмысынан шеттету;

  7. Жұқтыру қаупіне ұшыраған адамдарды зертханалық тексеру, медициналық бақылау, күнделікті дәрігерлік қарау және науқасты оңашалау сәтінен бастап іш сүзегінде 21 күн, парасүзек кезінде 14 күн денеқызуын өлшеу тиіс;

  8. Іш сүзегімен және парасүзекпен ауыратын науқастар бактерия тасушылар тез арада оңашаланып, емдеу мекемелеріне тексеруге және емдеуге жібереді.

  9. Іш сүзегі ошағында ішсүзектік, парасүзектің ошағында көп валентті сальмонеллездік бактериофаг беріледі. Бактериофагпен емдеу материалды бактериологиялық тексеруге алғаннан кейін жүргізіледі, реконвалесценттерге де бактериофаг беріледі.

Іш сүзегі, парасүзектерге дезинфекция міндетті түрде жүргізіледі:

  1. Күнделікті дезинфекция ауру анықталысымен реконвалесценттер емделіп шыққаннан кейін 3 ай жасалуы тиіс. Күнделікті дезинфекцияны науқасты күтушілер реконвалесценттің өзі бактерия тасымалдаушы жасайды.

  2. Іш сүзегі науқасы бактерия тасымалдаушының ошағында күнделікті дезинфекцияны емдеу мекемесінің медцина қызметкері ұйымдастырады.

  3. Қорытынды дезинфекцияны дезстанция қызметкерлері немесе СЭҚБ-ның дезинфекциялық бөлімінің қызметкерлері, қалалы жерде ауруды ауруханаға жатқызғаннан кейін 6 сағат ішінде, ауылды жерді 12 сағаттан асырмай жасалуы тиіс.

Іш сүзегі ошағында індетке қарсы шараларды ұйымдастыру әдістемесі

Ошақта эпидемиологиялық тексеру жүргізу алдында СЭҚБ-дағы материалдармен танысу қажет, яғни «Инфекциялық ауруларды тіркеу журналы» және бактерия тасымалдаушылардың картотекасымен танысып, бұған дейін іш сүзегі, парасүзектер ошағы қашан, қай жерде тіркелгенін, инфекция көзі мен жұғу жолдарының байланысын, кездейсоқ сырқаттанушылық немесе эпидемиялық өршу екендігін анықтау керек.

Ошақты эпидемиялогиялық тексеру барысында анықтау қажет:

  1. Аурудың айналасындағы адамдар ішінде 15-25 күн аралғында қызуы көтерілгендерді анықтау, егер ондайлар болса диагноз қою үшін клиникалық және бактериологиялық әдіспен 1 рет тексеру.

  2. Аурудың айналасында бұрын іш сүзегі парасүзекпен ауырғандарды анықтау.

  3. Аурудың айналасында бактерия тасымалдаушыларды табу мақсатында өт пен зәр шығару жүйесі ауыратын адамдарды тауып тексеру. Аурудың және бактерия тасымалдаушының фаготиптері бірдей сәйкес болғанда ғана баланыс бар екендігін дәлелдеуге болады.

  4. Аурудың таралу жолдарын анықтау үшін су, тамақ өнімдерінен және сыртқы орта обьектілерінен зертханалық тексеруге сынама алу (қоздырғыштың табылмауы материалдың тексеруге кеш алынуымен байланысты болуы мүмкін).

  5. Аурудың кәсібін, жеке бас гигенасын сақтау жағдайын анықтау.

  6. Аурумен бірге үйінде жұмыс орында оқу орнында бірге қатынаста болғандардың тізімін жасау, олардың ішінде су, тамақ өндірісінде, балалар мекемелерінде жұмыс істейтіндерге ерекше назар аудару

  7. Ауру адамның және онымен қатынаста болғандардың іш сүзегіне егілгендігін, егілген болса препараттың атауын, егу мерзімін егу себебін анықтау.

  8. Ошақтың санитарлық жағдайын, тазартылуын, сумен қамтамасыз ету жағдайын шыбындардың бар-жоқтығын анықтау.

  9. Ошақтың эпидемиологиялық жағдайына байланысты алдын-алу күресу шараларының жоспарын құру.

  10. Ошақта қатынаста болған адамдарға іш сүзегіне бактериофаг 3 рет аралығы 5 күнде беру.

  11. Егер іш сүзегімен сырқаттанушылық 100 000 халыққа 25,6жоғары болсақ аймақ тұрғындарына іш сүзегіне вакцина егу.

Булы әдіспен дезинфекциялау әдісі

Инфекция түрі

Дезинфекция

Обьектісі

Салу нормасы

Дезинфек-ция темпера-турасы градус

С.

Камерада будың қысымы

Дезен-фекция уақыты (мин.)

1м²

Ауданға комплект

Кг/м³ камера-ға

Іш сүзегі

Киімдер

10-12

60-72

100

0

10

Пара-сүзектер

Төсек жабдықтары

-

50

100

0

60

23-кесте

Булы формалин әдісімен дезинфекциялау тәртібі

Инфекция түрі

Дезенфекция объектісі

Дезинфекция тәртібі

1м² камера еденіне N

Дизен-фекция температ.

Дизенфекция уақы-ты

Ком-плект

кг

Іш сүзегі

Киімдер

Кәдімгі

10

60

80-90

10 (25)

Парасүзектер

Төсек жабдықтары

Кәдімгі

-

40

80-90

10 (35)

13 кесінді

Іш сүзектер, парсүзектер ошағында атқарылатын шаралар

Індетке қарсы шаралардың бағыты, көлемі:

Инфекция көзі

Ауру адам- міндетті түрде ауруханаға жатқызу

Бактерия тасымалдаушы – емдеу алғашқы анықталғандарды

ауруханаға жатқызу

Беріліс механизмі:

Дезинфекция

Қорытынды – дезистанция қызметкерлерімен

Күнделікті тұрғындардың өз күшімен

Инфекция көзімен қатынаста болғандар:

Медициналық бақылау 21 күн (парасүзекте 14 күн)

Термометрия күніне 2 рет

Бактериологиялық тексеру- нәжісті 1 рет (гемокультура)

Серологиялық тексеру – ГАЕР 1 рет (Видаль реакциясы)

Іш сүзегіне бактериофаг беру

14 кесінді

Іш сүзегі және парасүзек А, В диагностикалау алгоритмді

Диагноз қою үшін маңызды клиникалық белгілері:

  1. Қызба (5 күн және одан да көп)

  2. Интоксикация және бакттеремия белгілері

  3. Энтерит белгілері

  4. Розеола-папула тәрізді бөртпе

  5. Бауыр, көкбауыр, ОНЖ зақымдалу белгілері

  6. Іштектек қан кету, іштің ауруы (жара пайда болу белгілері)


Іш сүзегі және парасүзек А, В ауруы?

Қосымша диагностикалық белгілер:

  1. Эпидемиологиялық анамнез, жұғу жолдары және таратушы фактор

  2. Аурудың микросимптомдары (ваготония белгілері)

  3. Гемограмма өзгерістері (лейкопения, лимфоцитоз, анэозинофиля, тромбоцитопения

Шешуші диагностикалық белгілер:

  1. Гемодақылда қоздырғышты анықтау

  2. Копро-, урино-, биодақылда анықтау

  3. Серологиялық зерттеу әдісінің оң нәтижесі (Видаль реакциясы, ГАЕР, ИФА) – антиденелер титрінің өсуі.


Іш сүзегі және парасүзек А, В ауруы


Сау адамдардан немесе реконвалесценттерден копродақыл, билидақыл анықтау, қан сарысуында серологиялық зерттеу нәтижесінің оң болуы


Іш сүзегі немесе парасүзек А және В бактерия тасымалдаушысы

Сальмонеллез

Сальмонеллез- нәжіс- ауыз механизмімен берілетін Enterbacteriaceae тегіне Salmonella тобына жататын қоздырғыштардың ішке түсуінен пайда болатын, клиникалық белгілері бактерия тасымалдаушылықтан бастап аурудың асқынған түрі сепсис пайда болуымен сипатталатын, тез өрбитін полиэтиологиялы, зооантропонозды, бактериалды жіті ішек инфекциялық ауру.

Сальмонеллез көбіне тез өрбитін гастроэнтерит түрінде өтеді.

Тарихи мәліметтер. Көп жылдар бойы бұл ауруды тамақтан улану тобына кіргізген. 1885 жылы американдық ғалымдар Д.Е.Salmon және Т.Smith ауырған шошқаның денесінен алғаш рет Bacterium suispestifer қоздырғышын бөліп алды. Ал 1888 жылы G.Gaertner «еттен ұшыну» ауруның себебі бактериялар екендігін дәлелдеді. Ал кейінгі жылдары осы бактериялар тобына кіретін көптеген қоздырғыштарашылып, сипатталып жазылды. Қоздырғыштарды алғаш алғашқы ашқан ғалымның құрметіне сальмонелла деп атады.

Қазіргі кезде сальмонеллез кеңінен таралған аурулардың бірі, ішек инфекцияларының ішінде 30-40% құрайды.

Этиологиясы. Қоздырғышы Salmonella typhi, salmonella para typhi А және В. Туысы – Salmonella, тұқымдасы-Enterobacteriaceal Құрамында:- термотұрақты самтоикалық О-АГ

  • термобильді талшығы бар Н-АГ

  • термобилбді соматикалық Vi-АГ

  • эндотоксин

Қоздырғышқа тән: сыртқы ортада тұрақты

  • топырақты және суда 1-5 айдай сақталады

  • нәжісте 25 күнге дейін

  • тағамдық азықты бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін

  • киімде 2 аптаға дейін сақталады

Аурудың қоздырғышы – бактериялар су және топырақта 2 аптадай, жемістер мен көкөністерде 5 – 10 күндей, сары май мен етте 1 – 3 айға, қыздырғанда 50С-қа дейін өз тіршілігін жоймайды. Тек қайнатқанда ғана өледі.

Сальмонелезбен жас бұзаулар 20-60 күндік кезінде, ал қозылар 5-20 күндік кезінде жиі ауырады. Паратиф негізінен жіті және созылмалы екі түрге өтеді.

Аурудың жіті түрімен ауырған бұзаулардың азыққа деген тәбеті төмендейді, ден қызуы 40-41°-қа дейін көтеріледі. Ауру малының нәжісі сұйылады, кейде қан аралас іші өтеді. Мұндай бұзауларға дер кезінде шығу емдеу шараларын жасамаса олар 5-7 өлуге ұшырайды.

Ал індет созылмалы түрге өтетін болса, онда бұзаулардың дене қызуы 39-40° аспай, шамалы іш өтеді, нәжісінің түсі сарғыш болып іріктеніп, көпіршікке айналады.

Ауруға буаз саулықтар шалдыққанда, алғашқы күндері бірен-саран қойлар іш тастайды, ал шамамен он күнене соң отардағы саулықтар жаппай қозы тастайды немесе төл өлі тастайды.

Індет басталған саулық отарларында жаңадан туған қозылар трапиттен ауыра бастайды. Олардың іші өтеді, ет алмай нашарлап, өкпесі қабынады. Онда қозыларға жедел емдік шаралар жасалынбаса олардың 60%-тейі шығынға ұшырайды.

Міне сальмонолездің осындай өзіндік белгілерімен ерекшеліктерін, эпизоотологиялық деректеріне және ең бастысы бактериологиялық зертеулердің қорытындысын ескере отырып диагноз қояды. Парафитті әсіресе дисперция, лезинтерия, калибактериоз, ал саулықтар жаппай іш тастағанда сарып аурулырынан дұрыс ажырата білген абзал.

Мәселен дисперцияға және колибактериозға жас бұзаулар алғашқы он күннің ішінде шалдықса, ал противте туғаннан он күн өткеннен соң ғана шалдыға бастайды.

Инфекция көзі- Негізгі инфекция көзі – үй жануарлары мен үй құстары: ұсақ және ірі қара мал, шошқа, тауық, қаз, үйрек. Сальмоноллез зооантропонозды инфекция болғандықтан инфекция көзі – науқас адам және созылмалы түріндегі бактерия тасымалдаушылар.

Беріліс механизмі – нәжіс-ауыздық механизм. Берілу жолдары: тағам су және тұрмыстық заттар. Негізгі таралу жолы – тағам арқылы. Әсіресе еттен жасалған тағамдар қауіпті (туралған ет, котлет, ливер, шұжық, паштет, студень т.б.), сонымен қатар сүттен, балықтан жасалған тағамдар арқылы да жиі жұқтырады. Сальмонеллез ауруын таратуда жұмыртқа мен жұмыртқа ұнтағынан жасалған кремдік және кондитерлік тағамдарының маңызы өте үлкен. Көбіне сальмонеллез қоздырғыштары жартылай дайын тағамдарда, соустарда, сорпада, балаларға арналған тағамдарда жақсы көбейіп өсіп-өнеді. Сондықтан мұндай тағамдарды дұрыс сақталмаған және жөндеп қыздырып қайнатпаған жерлерде сальмонеллез ауруы жеңіл тарап, жайылады. Сальмонеллез сиректеу су жолымен таралады.

Сальмонеллез жылдың барлық мезгілінде кездеседі. Әсіресе күз, жаз мезгілінде.

Зертханалық диагностикасы:

  1. Бактериологиялық әдіс: нәжіс, зәр, қан, өтті, зерттеу.

  2. Серологиялық әдіс: АР, ГАТР.

Сальмонеллезге міндетті бактериологиялық тексерулерге жатады:

  1. Ауруханаға түсетін 2 жасқа дейінгі балалар;

  2. Ауруханада жатқан балаларды күтетін ересектер;

  3. Ауруханаға түскен кезінде немесе оның алдында 3 апта бойынша ішек қызметінің бұзылуы болған босанатын, босанған әйелдер;

  4. Диагнозына қарамастан, ауруханада болу кезінде немесе оның алдында 3 апта бойына ішек қызметінің бұзылуы тіркелеген барлық науқастар;

  5. «Халықты декреттелген тобына міндетті медициналық бақылауды жүргізу ережелерін бекіту туралы» ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығына сәйкес декреттелген контингент;

  6. Сальмонеллездің ошағында инфекцияның көзі болып есептелетін декреттелген контингенттің адамдары.

Алдын алу шаралары. «Сальмонеллез» ауруларын ескерту жөніндегі санитарлық-індетке қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу» санитарлық-эпидемиологиялық ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қоздырғыштың инфекция көзін, берілу жолдарын анықтап залалсыздау әдістерін, ластанудан қорғау шараларын ұйымдастырудан құралады:

  1. Тағам өндіру, көпшілік тамақтандыру, сауда мекемелерінде тағам өнімдерінің талаптарға сәйкес дайындалу, сақталу, тасымалдау, жағдайларын қадағалау.

  2. «Декреттелген» қызметкерлердің уақытылы медициналық тексеруден өтуін қадағалау.

  3. Ет өндіру, ет сату, сүт жинау, өңдеу мекемелерінде санитарлық-ветеринарлық шаралардың орындалуын қадағалау.

  4. Көпшілік тамақтандыру мекемелерінде, қоймаларда, базарларда, мұздатқыш камераларында дезинфекциялық-дератизациялық жұмыстарды жүргізу.

  5. Сальмонеллездің ауруханаішілік инфекция ретінде таралуын алдын алу, балалар ауруханасында, босану үйлерінде індетке қарсы тәртіптің орындалуын қадағалау, госпиталдық эпидемиолог қызметін күшейту.

Ошақта індетке қарсы шаралар. Сальмонеллез ошақтарында эпидемиологиялық тексеру декреттелген контингент немесе 2 жасқа дейін балалар науқастанған жағдайда жүргізіледі.

  1. Науқасты ауруханаға жатқызу клиникалқ және эпидемиологиялық көрсеткіштеріне байланысты жүргізіледі.

  2. Реконвалесцентр ауруханадан клиникалық жазылғаннан нәжісті бактериологиялық зерттеу қорытындысы 1 рет теріс болғанда шығарылуы қажет. Зерттеу емделіп болған соң з күннен кейін жүргізіледі.

  3. Диспансерлік бақылауға ауырғаннан кейін тек декреттелген контингент алынады.

  4. Аурудан жазылғандарды диспансерлік бақылауды тұрғылықты жері бойынша инфекциялық аурулар кабинетінің дәрігері немесе учаскелік дәрігер жүзеге асырады;

  5. Сальмонелла бөлмейтін реконвалесцентр жазылғаннан кейін жұмысқа жіберіледі.

Емдеу аяқталғаннан кейін сальмонелла бөлуді жалғастыратын реконвалесценттерді және бактерия тасымалдаушыларды негізгі жұмысынан 15 күнге шеттеу және басқа жұмысқа ауыстыру қажет.

Бактерия тасымалдаушылық 3 айдан астам уақыт бойы анықталса, созылмалы тасымалдаушы ретінде негізгі жұмысынан 1 жылдан кем емес мерзімге шеттетіледі.

Сальмонеллез ошағында алдын алу шараларды ұйымдастыру әдістемесі.

Сальмонеллез ошағын эпидемиологиялық тексеру барысында аурудың жанұясында тіркелмеген басқа ауруларды және бірге тамақтанған басқа адамдарды анықтау керек. Жаңадан табылған аурулар ошақтың көлемін, аурудың таралу жолдарын, инфекция көзін анықтауға мүмкіндік береді. Инфекцияның таралу себен анықтау мақсатында науқастан және онымен бірге тамақтанған адамдардан соңғы 2 күн ішінде қандай тағамдарды жегендерін сұрау қажет. Сонымен қатар түрлі тағамдарды қандай мөлшерде қабылдағаны және қабылдау уақыты анықталады, өйткені тағамдарды ұзақ уақыт бөлме температурасында сақтау қоздырғыштардың онда көбеюіне ықпал етеді. Тағамның дайындалу уақытын, қабылдау уақытын сақталу жағдайын анықтау арқылы күдікті тағамды анықтау қажет.

Сальмонеллез ауруы тіркелген жағдайда тексерудің сұрау әдісін үйрену мақсатында колледждің асханада тамақтанатын 10 оқушысынан берілген кесте бойынша жеген тамақтарын және уақытын кестеге толтыру:

24 кесте

Тегі, есімі

Бірінші күн

Екінші күн

Таңертең

Түсте

кешке

таңертең

түсте

кешке

Сальмонеллез

Сальмонеллездің эпидемиологиясы

Этиологиясы

  • Жалпы сероварлары – 2000 жуық

  • Маңызды сероварлары: S.tiphimurium, S.enteritids, S.anatum, S.Newport, S.panama, S.London, S. Haifa

Инфекция көзі

Жұқтырған жануарлар

  • Ауылшаруашылық жануарлар

  • Үй құстары

  • Синантропты кеміргіштер

  • Жабайы және синантропты құстар

Жұқтырған адамдар

Инфекциялық процестің көрінісі

  • Ауру

  • Тасымалдаушылық

Беріліс механизмі, таралуы

Тағам өнімдері арқылы

Жануралардың еті

Құстардың еті

Құстардың жұмыртқасы

Науқас адамнан, тасымалдаушыдан ластанған тағамдар

Су арқылы

Құстардың жануарлардың нәжісімен ластан су

Қалдық сулармен ластанған ауыз суы

Тұрмыстық заттар арқылы

Ластанған ыдыстар

Ластанған тұрмыстық заттар

Шаң арқылы

Құстардың, малдардың кепкен нәжістері

Эпидемиялық процестің көрінісі

Адамдар арасында кездейсоқ сырқаттанушылық

Жалпы тамақпен байланысты ұжымдағы өршу

Ауруханада, босану үйіндегі өршу

Шигеллез

Шигеллез- нәжіс-ауыз механизмімен жұғатын, су, тағам және тұрмыстық заттар арқылы таралатын, көбіне тоқ ішектің шырышты қабықшасын зақымдайтын, шигелла текті микробтары әсерінен туындайтын антропонозды жіті ішек инфекциялық ауру.

Клиникалық түрде ауру интоксикация, іштің бұрап ауыруы, қан аралас іш өту белгілерінің болуымен сипатталады.

Дизентерия терминін Гиппократ енгізген («dis» - бұзылыс, «enteron» -ішек).

Дизентерия микробтарын 1891 жылы А.В.Григорьев және 1898 жылы жапон ғалымы К.Щига ашқан.

Дизентерия ауруының әлі де көптеп таралуының себептері:

  • Сүт тағамдарының, ауыз суының, көпшілік тамақтандыру мекемелерінің тағамдарының қоздырғыштарымен ластануы;

  • Тамақ өндірісінде санитарлық- техникалық, технологиялық, санитарлық-эпидемияға қарсы ережелердің бұзылуы;

  • Диагностикалық қателіктер;

  • Аурулардың дәрігерлік көмекке кеш келуі;

  • Нашар тамақтану, иммунитет жетіспеушілік;

  • Санитарлық ағарту, гигиеналық тәрбиелеу жұмыстарының төмен деңгейде жүргізілуі.

Этиологиясы. Қоздырғышы Shigelle – дезентерия микробтары, Enterobacteriaceae тобына жатады. Негізгі 4 түрі жиі тіркеледі: Гринорьев-Шиго, Флекснер, Зонне және Щмиц-Штуцер шигеллалары. Дизентерия микробтарының морфологиялық қасиеттері ұқсас, гармтеріс таяқшалар, қоректі орталарда жақсы өседі. Микроб жасушаларының ыдырауы барысында эндотоксин бөліп шығарады, Григорьев-Шиго шигелласы эндо және экзотоксин бөледі. Эндотоксиндердің әсерінен организмде жалпы улану белгілері пайда болады.

1940 жылдары (соғыс, ашаршылық, кедейшілік) Flexner түрі көптеп таралған – патогенділігі төендеу, бірақ сыртқы ортада төзімді – топырқта қыста 4-5 айға дейін, суда 3 айға дейін сақталады. Көбінесе су арқылы берілген.

1950-80 жылдар аралығында елді сумен қамтамасыз ету мәселелерінің шешілуімен, сумен байланысты Flexner дизентериясының саны төмендеген. Бірақ оның орнына Sonnei цигелары келген, сыртқы ортаға төзімді, тағамдарда көбеюге қабілетті. Бұл дизентерияның өсуіне себепкер – көпшілік тамақтандыру мекемелерінің көбеюі және көбейген қала халқының асханаларында буфеттерде жиі тамақтануы.

Инфекция көзі жіті созылмалы түріндегі аурулар және бактерия тасымалдаушылар. Инфекция көзі ретінде жіті түріндегі аурулардың эпидемиологиялық маңызы өте үлкен, өйткені аурудың барлық кезеңдерінде қоздырғыш көп мөлшерде нәжіспен шығарылады. Неғұрлым аурудың іші жиі өтетін болса, соншалықты көп мөлшерде қоздырғыш нәжіспен шығарылады. Дер кезінде анықталмаған аурулардың эпидемиологиялық маңыздылығы өте үлкен, олар жанұяда, ұжымда әсіресе балалар, тағам өндіпу сумен қамтамасыз етумекемелерінде жұмыстарын жалғастырып белсенді түрде инфекция таратушы болады.

Беріліс механизмі – нәжіс-ауыз механизмі. Берілу жолдары: тұрмыстық заттар, жанасу, су, тағам, және шыбындар

Диагностикалық әдістері:

  1. Бактериологиялық әдіс: нәжісті тексеру.

  2. Сериологиялық әдіс: ГАТР- диагностикалық титр 1:200, аурудың барысында бірнеше рет жасалады.

  3. Экспресс – диагностика, эпидемиологиялық өршу кезінде қолданылады: ИФА, ИФР, иммуносорбция.

  4. Капрологиялық зерттеу (шырыш, лейкоциттер, эритроцидтер, эпителий торшалары).

Дизентерия диагнозы аурудың клиникалық белгілері, зертханалық тексеру мәліметтері және эпидемиологиялық анамнез негізінде қойылады.