- •1. Кешендегі механизация звеноларының саны әртүрлі немесе технологиялық процестер санына
- •100 МПа қысыммен жүргізіледі.Екінші саты немесе этап ұңғымада және отырғызу құбырлар
- •10 М дейін созылған арналарды жасау үшін е.А. Степальчиковпен және басқалармен
- •150М дейін ұлғайғанда жəне созылымы аз қисықсызықты жұмыс шебі кезінде қазылу
- •1 2) Құрал-жабдықтар қоймаларын, әкімшілік және жұмысшылар киініп-шешінулеріне
- •25%, Карьерлік тасымалдау құндылығы 15-20% және үйінді салу құндылығы 10-15% болады.
150М дейін ұлғайғанда жəне созылымы аз қисықсызықты жұмыс шебі кезінде қазылу
қиындығы бойынша үшінші жəне төртінші сыныптағы жыныстарды қазу кезінде, сонымен
қатар бедері күрделі гипсометриялы таулы карьерлерде тиімді болып табылады. Таспалы
конвейерлерді пайдалану кезінде жыныстарды карьердегі немесе жер бетіндегі қайта тиеу
бекеттерінде механикалық ұсату (сирек жағдайларда елеу) керек. Автомобильді жəне
конвейерлік көліктердің үйлесімін пайдалану кезінде тау-кен дайындау жəне жағдауларды
кеңейту жұмыстарының көлемдері, көлік коммуникацияларының созылымы қысқарады,
жабдықтардың өнімділігі артады жəне деңгейжиектерді қазу қарқындайды.
Кенжарлық автокөлікті скипті көтермемен үйлестіру тереңдігі 100-150м асатын,
жоспардағы өлшемдері шектелген жəне ішкі жыныстары орнықты карьерде, ірі кесекті кенді
жер бетінде ұсату, ал аршыма жыныстарын ұсатпау кезінде тиімді болып табылады. Мұндай
үйлесім тау-кен дайындау жұмыстарының минимальді көлемін, жағдаулардың күрт қиябетін,
жабдықтардың сенімділігі мен ұзақ мерзімділігін, карьерде ұсату қондырғыларының болмауы,
пайдалы қазба мен аршыма жыныстарының жеке жүкағындарын қалыптастыру мүмкіндігін
қамтамасыз етеді. Бірақ, жүкағынының үзілуі, қондырғылары жəне қайта тиеу бекетін пайдалану
тиімді бола бермейді жəне карьердің өндірістік қуатын шектейді.
Құрамды автомобильді-конвейерлі жəне автомобильді-скипті көлікті кешендерді қолдану
кезінде минимальді еңбек шығынына жетуге болады. Еңбек жəне құндық шығындар бойынша
терең карьерлерде конвейерлік (карьердің үлкен өндірістік қуаты кезінде) жəне скипті (карьердің
орташа қуаты кезінде) көтермелі құрамды көлік экономикалық тиімді болып табылады.
Автомобильді-теміржол көлігі бойлық жəне көлденең бір жəне екіжағдаулы қазу жүйесі
кезінде қолданылуы мүмкін.
50
Карьердің жоғарғы деңгейжиектері сырттан немесе іштен салынатын қарапайым жəне тұйық
трассалы күрделі оржолдармен, ал төменгі деңгейжиектері ілмек пішінді трассалы жəне уақытша
съезді тұрақты немесе жартылай тұрақты оржолдармен ашылады.
Теміржол көлігінен автомобильді-теміржол көлігіне көшу мезетінде екі жағдаулы қазу
жүйесі кезінде осы уақытқа дейінгі сырғымалы теміржол съездері карьер жағдауында
сілемнің жатпа бүйірі жағынан тұрақты немесе жартылай тұрақты жағдайға ауысады.
Автомобильді-теміржол көлігіне көшудің барлық жағдайларында қайта тиеу бекеттерін
(əдетте экскаваторлық) екі-үш жыл ауыстырмай жұмыс істейтінді жəне төменгі
деңгейжиектерді автомобильді съездермен ашу үшін жағдауларды қосымша кеңейту немесе
уақытша кентіректер қалдыру керек.
Қуатты карьерлерде қайта тиеу бекеттерінің саны төрт-жетіге дейін жетеді. Қайта тиеу
бекеттерін орналастыру үшін уақытша жұмыс жүргізілмейтін жағдауда учаскелер жасалады.
Уақытша консервацияланған жұмыс шебінің ұзындығы кемердің жұмыс шебінің 30–40%
құрайды (Сарбай карьері, т.б.). Мұндай шаралар кен жұмыстарының дамуының
күрделенуімен жəне карьер ішінде жартылай тұрақты станциялар мен бекеттерді
орналастырумен байланысты, бірақ олар терең деңгейжиектерді автокөлікті қолданып жəне
бір уақытта жұмыс аймағының биіктігі үлкен (200м дейін жəне одан да көп) болған кезде
аршу жұмыстарының көлемін реттеуге мүмкіндік береді.
Жүкағындарының қалыптасуы, карьердегі кен жұмыстарының даму тəртібі жəне
жұмыстарды ұйымдастыру қайта тиеу бекеттерінің орналасуына байланысты: карьердің
түбінде немесе төменгі деңгейжиегінде, карьер жағдауында немесе жер бетінде карьер
алаңының жоғарғы нұсқасына жақын жерде.
Қайта тиеу бекеттерінің орналасуының бірінші сұлбасы теміржол көлігінен автомобильді-
теміржол көлігіне көшудің бірінші кезеңінде қолданылады, əрі қарай теміржол трассалары карьер
нұсқасында жəне үйінділер алшық орналасқан кезде қолданылуы мүмкін. Мұндай сұлба тереңдігі
200–300м дейінгі, линза жəне штоктəрізді сілемдерді өндіретін карьерлерде, сонымен қатар
төменгі деңгейжиектері теміржол көлігімен, ал жоғарғы деңгейжиектері автосамосвалдар
қолданылатын таулы карьерлерде пайдаланылады. Бұл кезде тереңдік түрдегі карьерлерде
автокөлік тау-кен дайындау жұмыстарында қолданылады. Автомобильдің тасымалдау
қашықтығы 500–800м, ал теміржол қашықтығы - 8–10 км жəне одан да көп. Қайта тиеу бекетін
карьердің тереңдеу барысында 1,5—2 жылдан кейін ауыстырады.
Екінші сұлбада автокөлік концентрациялық деңгейжиекке түйісетін үш-бес төменгі
кемерлерге қызмет көрсетеді. Бұл жағдайда тау-кен қазындысын автосамосвалдармен
тасымалдау шығындары азаяды. Қайта тиеу бекетінің орнын ауыстыру 2–4 жылдан кейін
жасалады. Автотасымалдау қашықтығы əдетте 1,5 км аспайды, ал теміржолмен тасымалдау
қашықтығы 3–8 км құрайды. Жұмыс деңгейжиектерінің көбіне (карьердің жоспардағы
өлшемдері үлкен болмағанда барлығына) автокөлікпен қызмет көрсету кен жұмыстарын
жоғары дəрежеде қарқындатуға мүмкіндік береді, бірақ оларды қымбаттатады.
Қуатты карьерлерде қайта тиеу бекеттерін орналастырудың қарастырылған сұлбаларының
екеуі де қолданылуы мүмкін. Қайта тиеу бекетін жер бетінде орналастыру жоспардағы өлшемдері
үлкен емес жəне тереңдігі 100—150м дейінгі карьерлерде тиімді. Сұлбаның қолданылу аумағы
автокөлікпен тасымалдаудың экономикалық тиімділігімен шектеледі, себебі, ол көліктік тізбектің
жинау жəне көтеру звеносының функцияларын атқарады; қайта тиеу бекеттері бұл жағдайда
тұрақты. Таулы карьерлерде қайта тиеу бекеттері карьер алаңының төменгі шекарасында
орналасқан кезде автотасымалдаудың тиімді қашықтығы 2–3 км.
Эстакадалық қайта тиеу бекеттері қазіргі уақытта сирек қолданылады, олар қайта тиеудің
төмен шығындарымен сипатталғанымен, бірақ оларды пайдалану кезінде автомобиль жəне
теміржол көліктерінің ұйымдастыру мəселелерінен тоқтап тұрулары көп, думпкарлардың
бірқалыпта түсіруі қамтамасыз етілмейді жəне ірі кесектердің түсуі кезінде олар зақымданады.
Металл немесе темірбетонды бункерлер арқылы қайта тиеу олардың тұрақты
жағдайымен, үлкен күрделі шығындармен, автомобильді жəне теміржол көліктерінің
тəуелсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін тау-кен қазындысы қорларының жеткіліксіздігі,
пайдалы __________қазба сапасын біркелкілеудің қиындығымен байланысты.
Эстакадалық жəне бункерлік қайта тиеу бекеттері кезінде қайта тиеу алаңдарының ені үлкен
емес (50–60 м).
51
Қазіргі уақытта экскаваторлық қайта тиеу бекеттер (қоймалар) кеңінен қолданылады.
Карьер ішіндегі қайта тиеу қоймалары кезінде автомобиль көлігі мен теміржол көлігінің
тəуелсіз жұмысы, пайдалы қазба сапасын тиімді біркелкілеу мүмкіндігі, қарапайымдылық
жəне қондырғылардың қысқа мерзімі қамтамасыз етіледі. Экскаваторлық қайта тиеудің
кемшіліктеріне алаңдардың үлкендігі, жағдауларды қосымша кеңейту жəне кен
жұмыстарының тереңдеу қарқындылығын азайту қажеттігімен қатар, қосымша қымбат
жабдықты қолдану, қайта тиеу шығындарының артуы (эстакадаға қарағанда 3-4 есе) жəне
үлкен поездарды тиеу уақытының ұзақтығы жатады.
Құрамды қайта тиеу бекеттерін (экскаваторлы-эстакадалық жəне экскаваторлы-
бункерлік) пайдалану кезінде бірқатар кемшіліктер жойылады: думпкарлардың зақымдануы,
автомобиль мен теміржол көліктерінің жұмыстарының тəуелділігі, составтарды тиеу
уақытының ұзақтығы, т.б. Экскаваторлы жəне эстакадалық қайта тиеулер үйлесімінде алдын
ала елеу жəне ірі фракцияларды экскаватормен вагондарға тиеу, эстакадамен майда
фракцияны елемей-ақ жəне ірі фракцияны экскаватор алдындағы үйілімге төгу, эстакадада
көліктік құралдардың болмауы кезінде экскаватор бекетін тау-кен қазындысын қабылдау
жəне тиеудің резервтік бекеті ретінде пайдалану мүмкіндігі бар.
Қойма болып табылатын экскаваторлық немесе бункерлік қайта тиеу бекеттері жəне олардың
сиымдылығы жеткілікті болған кезде қоймаға дейінгі жəне одан кейінгі жабдықтар кешені
тəуелсіз құрылымды деп қарастырылуы мүмкін. Сондықтан, кешеннің аталған бөліктерінің
өнімділігі жеке-жеке анықталуы мүмкін. Жабдықтар кешенінің бірінші бөлігіне қазу-тиеу
жұмыстары жəне автокөлік кіреді. Екінші бөлігіне экскаваторлық тиеу, теміржол көлігі жəне
түсіру (үйіндісалу) кіреді.
Тау-кен қазындысын автосамосвалдардан думпкарға тікелей (эстакадалық) тиеу кезінде
жабдықтар кешені механизация звенолары өзара байланысқан күрделі тармақталған
құрылымды болып келеді. Механизацияны шектеуші звено кенжарлық экскаваторлар,
автокөлік, теміржол көлігі немесе қайта тиеу бекеті болып табылады.
Теміржол составтарын ауыстырудың орташа уақыты əдетте 5–15 мин, маневрмен бірге
түсіру уақыты – 85–100с. Қайта тиеу бекеті жұмысының бірқалыпсыздығы негізінен тиелген
автосамосвалдардың түсіру кезегін күтіп тұруынан жəне олардың думпкарларды эстакада
бойымен беру кезінде тоқтап тұруынан болады.
Тау-кен қазындысын экскаватормен қайта тиеу кезінде думпкарлардың сенімді жұмысын
қамтамасыз ету үшін вагон сиымдылығының экскаватор шөмішінің сиымдылығына қатынасы 5-6-
дан кем болмауы керек. Жеке жыныс кесектерінің көлемі вагон сиымдылығынан 8–10 есе аз
болуы керек, ал оларды тиеу 2,3–2,5м биіктіктен жүргізіледі. Қоймаланатын жыныс сорттарының
көп болуы жəне оларды бөлек тиеу кезінде карьерлік типтегі үлкен емес экскаваторларды қолдану
қажет. Майда аттырылған жыныстар кезінде пневмодоңғалақты тиегіштерді қолданған тиімді.
Тікелей қайта тиеу кезінде состав кенжардағыдан тез тиеледі. Кесектілігінің азаюы жəне
тау-кен қазындысының қопсу коэффициентінің көбеюінен, сонымен қатар үйілімнің
жинақтылығы жəне шойтастардың болмауынан экскаваторлардың составты тиеу уақыты да
қысқарады, бұл қайта тиеу экскаваторларының техникалық өнімділігін де арттырады.
Жобалау жəне келешектік жоспарлау кезеңінде экскаваторлық тиеу кезінде жабдықтар
кешенінің екі бөлігінің өнімділігі бірдей қабылдануы керек. Күнделікті жобалау кезінде бұл
жағдай бірқатар жағдайлар бойынша сақталмауы мүмкін: қоймадағы пайдалы қазбаның
сорттарының өзгеруі; жүкағыны қуатының өзгеруі; кеннің əртүрлі қоймалардан байыту
фабрикасына келіп түсуі кезінде ағымдағы шихталар; қайта тиеу бекеттері жою, т.б.
Экскаваторлардың қайта орын ауыстыру вариантарының есептеу сұлбасы келесідей:
-экскаватордың брлығына белгілі оры мен ашу блоктарының негізінде бырақ
экскаватордың орын ауыстыруын жоспарланып қойғандықтан орын ауыстырудың
арақашықтығы есептелнеді Lпер, м;
-орын ауыстыру барысындағы жолдарда кездесетің кедергілер: егер ол блоктар қазылып
бітпеген, жоспарланған участікке жеті мүмкін болмаса, онда бұл вариант əр қарай
есептелінбейді;
егер блоктар жұмысын аяқтаған болса, онда экскаватордың орын ауыстыру уақыты
есептелінеді
52
,
пер
пер
пер
L
t
u
= (1)
мұнда υпер - экскаватордың орын ауыстыдың орташа жүру жылдамдығы, м/сағат (орын
ауыстыру кезіндегі кабельдерді шешіп қайта қосуларды есепке ала отырп υпер =40 ・ 60
м/сағат);
-сол блоктағы өндірістік жол салулардың экскаватордың орын ауыстыруын жоспарлап
жəне темір жолдарды алып тастау кезіндегі экскаватордың орын ауыстыру кезінде тұрып
қалу уақытарын ескеру қажетті.
Бұрғылау жұмыстарын жоспарлаумен қатар кертпештегі блоктар массивіндегі
контурларының бұрғылау уақытын бір айлық бұрғылау жұмыстарын жоспрлауға кіреді.
Бұрғылаулардың тəртібі блоктардың қазып бітірген соң жəне екіншісі экскаватор еңбесі мен
бұрғылау станогінің өнімділігіне өз ара байланысты.Блоктарды аттыру өлшемдерімен тау
жыныстарының жарлуы ұңғылардың қатарлар саны мен есептелініп, жалпы олардың саны,
бұрғылау жұмыстарының көлмі Vб жəне бұрғылауға керкті уақыты tб:
H l м
bа
V L Ш y П
в б в б
б = . . . . ( + ), ; (2)
,
б. б.с.
б
б Q N
t = V сағат, (3)
мұндағы Lв.б., Ш в.б. - жару блокінің ұзындығы мен ені, м;
a, b - ұңғылар арасындағы қатарлар мен арақашықтық, м;
Hу - кертпеш биіктігі, м;
ℓп – асыра бұрғылаудың ұзындығы, м;
Qб - бұрғылау станогінің орташа сағаттық өнімділігі, м/сағат;
N б.с. - экскаваторға қызмет көрсететің бұрғылау саноктарының саны.
1-сурет. Кенді кертпештегі технологиялық жұмыстың графигі: 1, 2 – бірінші жəне екінші
еңбелер бойнша қазып-тиеу жұмыстарына лайықты;3-бұрғылау жұмыстары; 4-экскаваторды
орын ауыстыру; 5, 6- ЖААЖ экскаватор мен бұрғылау станогіна лайықты; 7-жару; 8-
жолдарды қайта алып қайтадан салу; 9-демалыс күндері; 406, 407, ... – ашу блоктарының
номерлері.
53
Негіз. әдебиет 2 [493-497]
Бақылау сұрақтары:
1.Кертпештегі технологиялық жұмыстың графигі нені білдіреді?
2.Экскаватордың жоспарлау барысында ашудың технологиялық шарттарын айқындап
беріңіз?
3. Бұрғылау және аттыру жұмыстарын жоспарлау тәртібін айқындаңыз?
4.Кен жұмыстарының режимін реттеудің мақсаты?
14 дəріс. Тау-кен жұмыстарын ауысымдық жоспарлау
Тау-кен жұмыстарының ауысымдық жоспрына әр бір экскаватор үшін пайдалы
қазбалар мен аршу тау жыныстырын тиу көлемі анықталады. Бұл көлемдер жарылған тау-
кен массасының белгілі учаскелерінде жүргізледі және белгілі мәліметтерге сүйеніп аттыру
ұңғыларын болжаулардың көрсеткіші бойынша сапасын анықтау алуға болады.
Ұңғымалар арасындағы қашықтарды анықтау кезінде келесілер есепке алынады:
- шоғырдың жату тереңдігі (кенорын тереңдеген сайын тор жиіленеді)
- өндіру үрдісінің технологиялылығы (белгілі бір геотехнологиялық әдістерде өндіру
үрдісін өндіруші ұңғымалар арасындағы белгілі бір қашықтығында жүргізуге болады);
- ұңғымалардың әр түрлі торлары кезінде пайдалы қазбалардың алынымдылығы;
- қат өнімділігі-әр ұңғыма өндірудің берілген көлемін алуды қамтамасыз ету
керек;шоғыр қалыңдығы,пайдалы құрам бөлік мөлшері мен алыным коэффициентінің белгілі
бір берілгендер кезінде ұңғыма торы алынатын қорларды есептеуге мүмкіндік береді;
- жату жағдайлары (горизанталь мен ылди қаттар үшін ұңғымалар арасындағы
қашықтық әр түрлі болуы тиіс,өйткені шоғырдың шекаралық зоналары иен тектоникалық
жарылуларын есепке алу қажет).
Аталған факторлардан басқа үңғыма торларын таңдау кезінде қаттың бір мүшелік
еместігін және оның табанындағы рельеф сипатын есепке алу қажет.Жалпы жағдайда қат
өтімділігі жоғары болған сайын,ұңғымалар арасындағы қашықтығы соғұрлым болуы
мүмкін.Кендер мен жамылғы жыныстардың физика-механикалық қасиеттері ең алдымен
еріту камера төбесінің тұрақтылығымен анықталады,мұнда кентіректер мен еріту камералар
өлшемдері есепті жолмен анықталады.Экономикалық тұрғыдан қарағанда ұңғымалар
арасындағы қашықтықты ұңғыманы соғу мен оны пайдалануға кететін шығындардың
ақталуынан анықталады:
Пайдалы қазбаның жоғалымдар мен құнарсыздануы әдісіне тәуелді
болады.Көбінесе,толық емесалыныммен сипатталатын әдістерді қолдану өндіруге кететін
шығындарды айтарлықтай төмендетіп,өнімділікті көтеруге мүмкіндік береді.Техникалық
тұрғыдан балансты қорлардың 100---ін алуға болады,бірақ бұл эканомикалық тұрғыдан
қарағанда пайдалы емес.Бұдан ,қазу тәсілі мен жүйесін таңдау кезінде үнемдеу менпайдалы
қазбалар құрылымы және жоғалым шамасымен байланысты эканомикалық зиян өлшемдерін
салыстыру қажет.
Зерттеулердің көлемділігіне қарамастан қисынды игеруден кеніш пен шахталық
алаңдарды бірге игерудегі кен орнын кешенді бағалау әдістері бойынша жұмыстар өте аз.
Қазіргі кезде қисынды әдіспен өнім алатын 80-нен астам кен орны белгілі (1-кесте).
Уақытқа қарай жұмысты біріктіру дәрежесіне қарай оларды екі топқа-бірмезгілде және
біртіндеп игеруге бөлуге болады. Кен орнының бірінші тобы кеңістікте жұмысты
біріктіруге қарай екі шағын топқа: тік және көлбеу жазықтықтарға бөлінеді. Екінші топқа
кен орындардың тәсілдерді қолдануға қарай ашық-жерасты және жерасты-ашық топқа
бөлінеді.
Табиғатта жарықшақтанудың үш кейде төрт түрі болады. Жарықшақтықты бағалау
үшін келесі жарықшақтық белгілерінің маңызы зор: орналасуы, кеңістікте
жарықшақтанудың орналасуы, жарықшақтанудық торының қалыңдығы, массивтің
жарықшақтармен бөлінуі, кеңдігі, толтырылуы, жарықшақтармен бөлінуі, кеңдігі,
толтырылуы, жарықшақтанудық қабырға беттері.
Карьер мен жерасты кен орны өндірістік қуатын жобалау әдетте тәуелсіз бағаланады.
Карьер мен жерасты кен орнынан тұратын кәсіпорынды өндірістік қуатын құрамды қазуда
өндірістік қуат мына ерекшеліктермен анықталады:
карьер мен кен орнында өндірілетін кен есеп үшін бірдей сапа жағдайына келтірілуі
керек.
тәжірибедегідей барлық есеп жынысқа қарай емес кен бойынша жүргізілуі тиіс.
ашық және жерасты жұмыстарының жеделділік көрсеткіші олардың өзара ықпалымен
яғни уақыт пен кеңістіктегі жұмыстың ауысуымен анықталуы тиіс;
карьер, жерасты кеніші және кәсіпорынның техникалық-экономикалық көрсеткіштері
игерім кезеңіне қарай белгіленуі керек және біріктіру жұмысының ауысуына қарай
кәсіпорынның барлық жұмыс кезеңі бойынша алынуы керек.
Жүйелі қүрайтын себептердің, әртүрлі заттардың қарым-қатынас жағдайының
ерекшеліктері мен қасиет белгілері, жиынтығы және олардың құрылымдықфициялық бірлігі
жүйелік ұйьш - деп аталады. Мұндай материаддық жүйенің құрылымы, басқаша ай-тқанда,
оны құрайтын жекелеген компоненггердің өзара қарым-қатынас жағдайының ереқшеліктері
кеңістік-уақыт өлшемі бойынша сипатталады. Белгілі бір жүйені құрайтын жекеленген
компоненттердің өзара орналасу төртібі кеңістіктің өлшемі арқылы анықталады. Ал олардың
белгілі бір уақыт аралығында бай қалатын күй-жағдайларының өзгерістері — бұл жүйенің
даму барысын көрсетеді. Егер белгілі бір жүйе белгілі бір уақыт ара-лығында өзгеріссіз
бұрынғы күйде сақталатын болса, ондай жүйе статикалық қатаң жүйе деп аталады.
Керісінше, сыртқы немесе ішкі әрекеттердің өзара өсерімен белгілі бір уақыт аралығында
өзгеріп отыратын жүйені динамикалық жүйе деп аталады. Мұндай жүйе сыртқы ортамен зат
алмасу жағдайында ашық жүйеге айналады.
Зерттеу жүмыстарының жалпы көлемі жобаланатын құбылыс нысаналарынаң түріне
және мөлшеріне қарай, әрбір жеке жағдайда белгілі бір ауданның құрылыс ерекшеліктерімен
айқындалады.
Ж±мсаќ жєне сусымалы кен байлыќты ашыќ кен μњдіру тєсілі ќолданѓанда негізгі кен-
транспорты жабдыќтары ретінде сырмалар мен бульдозерлер пайдаланады. Олар ж±мысшы
ќ±ралдарыныњ т‰ріне ќарай дараланады.Мєселен сырманыњ ж±мысшы ќ±ралы-шμміш, ал
бульдозердікі ќырѓыш /лемех/ Ж±мыс кезінде ‰стіњгі ќыртысын сырып апарып тμгеді яѓни
тасымалдайды. Сондыќтан да б±ларды жерќазѓыш-тасымалдаушы машиналар тобына,
жатќызады.
Ж‰к кμтергіші 27,40,75 єсіресе 100 тоннадан асатын алып самосвалдардыњ μндіріске
ењгізілмеуіне байланысты карьер тасымалдыќ ж±мысына автотранспортты ќолдануѓа жања
баѓыт береді. Б±рын автотранспортыњ ќуаты шаѓын жєне орташа карьерлерде пайдаланушы
еді. Ќазір КрАЗ, єсіресе БелАЗ текті алып автосамосвалдар карьер транспортыныњ негізін
ќ±райды. Б±нымен ќатар тау жыныстарын тасу ‰шін МАЗ-529 жєне БелАЗ-540 машиналары
пайдаланылады.
Ашыќ кен ж±мыстарында науа транспортты да кењінен ќолданылады-да электр
энергиясын аз мμлшерде ж±мсайтын толассыз тасымалдаудыњ б±л т‰рі кμлбеу б±рышы 180
аспайтын жаѓдайда ж±мыс істейді. Ленталыќ науа транспортын аршу ж±мысыныњ μсуіне
байланысты жєне кен ќазу терењдігі артќан сайын тасымалдау ж±мыстарында науаны
пайдалануѓа кењ μріс алып келеді.
Кен ќазудыњ ашыќ тєсілі ќолданѓанда кеніште болмаса оныњ карьер алабында жатќан
бμлігін ашудаѓы бастр маќсат забойлары жєне осы жерден ќазылѓан пайдалы ќазбаларда
тμгілетін, сондай-аќ аршудан алынѓан жыныстарына ‰йілетін жермен жалѓастыру. Кен
жоѓырына жету ‰шін арнаулы кен ќазбаларын-траншея ж‰ргізіленеді. Осы ќазбалармен
алѓашќы кезде аршудан алынѓан бос тау жыныстарын, кейін ќазылатын кен байлыќ
тасылады. М±ны кен сілемін к‰рделі траншеяменашу дейді. Егер карьерде транспорт –‰йінді
кμпір ќондырѓысы ќолданылса к‰рделі траншеяны ж‰ргізудіњ ќажетті болмайды. М±ндайда
траншеясыз ашу дейді. Карьер алабын яѓни ашылѓан кенішті ќазуѓа даярлау маќсаты мен де
трнашеялар ж‰ргізіледі. Б±ларды тілме траншеялары дейді.
55
Сырғымаларды зерттеу мен ірі масштабты инженерлік-геологиялык, тусіру мацызды
объектілерге өсер ететін немесе сырғымалық массалардың үлкен көлемдерінің ығысуының
қаупін туғызатын сырғымалардың Қарқынды дамуының участкелерінде жүргізіледі. Түсіру
барлау тәжірибелі сүзгіштік жұмыстарымен - бірге жүреді, олардың нәтижесінде
сырғымалар шекараларын беткейді қүрайтын гидрогеологиялық жағдайлар мен
жыныстардың физикалық-механикалық қасиеттерін анықтайды. Инженер геологтың
қатысымен бет-кейде инструментальды байланысқан жөне топографиялық картаға
жылжымалардын морфологиялық элементтері, жерасты суларының шығуы, шайылу
учаскелері мен беткей қимасы, ірі жарылымдар жерасты қүбыр жолдары мен т.б. маңызды
мәліметтері енгізіледі. Түсіру кезінде алдында алынған морфология жөне сырғымалардың
қүрылуы туралы мөліметтермен толықтырылады, және олардың беткейдің геологиялық
қүрылымымен, тектоникамен, гидрогеологиялық жағдайлармен, беткейдің экспозициясы
мен және гидро-метеорологиялық факторлармен байланысын анықтайды. Бүл мөліметгер
сырғымалардың дамуының тарихы мен жасын, олардың қазіргі уақытта белсенділігін табиғи
жағдайларда және қүрылыс процесінде жөне қүрылыстың болу кезеңінде активизациялану
мүмкіндігі мен пайда болу себептерін анықтауға мүмкіндік береді.
Негіз. әдебиет 2 [497-506]
Бақылау сұрақтары:
1.Тау-кен жұмыстарындағы ауысымдық жоспары дегенізге тоғымен аңықтамасын
беріңіз?
2.Темір жол көлігіндегі тау-кен жұмыстарының ауысымдық жоспарлау тəсілдерін жазып
көрсетіңіз?
3.Автомобильді көлігіндегі тау-кен жұмыстарының ауысымдық жоспарлау тəсілдерін
жазып көрсетіңіз?
15 дəріс. Темір жол мен автомобильді көліктеріндегінегізгі жедел диспетчерлік
басқару
Тау-кен ауысымдық жоспарына құрастыру ретіне жедел басқару мақсаты болып
табылады. Негізгіжедел диспетчерлік қызметі ретінде пайдалы қабдаларды ырғақты түрде
қайта өндеуге және төгілген кендегі құраманың пайдалы компонентерін реттеу мен қазып-
тиеулерді ерттеп, көлікттік және үйінді жұмыстарын (кенжардағы тиеулер мен үйінді
экскаваторлары мен көліктін жүруі).
Ашық кен жұмыстарының басты мақсаты – минимальді шығын шығарып және
қоршаған ортаға мүмкіндігінше аз зиян келтіре отырып жер қойнауынан белгілі бір сапалы
пайдалы қазбаның қажетті (немесе мүмкін) көлемін өндіру.
Пайдалы қазбаларды (кенді) өндіру мен қатар аршыма және ішкі бос жыныстарды қазу
жүргізіледі.
Тау-кен –көліктерін басқару прцестерінің ерекшеліктері бойынша қазылып
шығарылған пайдалы қазбаның сапасы мен орташалау қоймаларының болуы мен болмауы
бөлек кертпештердегі карьердің даму жолдарын салу сұлбасы мен әр түрлі көліктердің
қажеттілігі мен көліктерге тиеу процестері ерекшеліеті айқындайды.
Сондықтан да, тау-кен өндірісінің басқаларға қарағанда алдағы шепте екендігі оның жер
қойнауы ресурстарының жылдар өте берген сайын азая беретіндігіне және пайдалы
қазындылардың екінші рет пайда болмайтындығына байланысты анықталған. Ауыл-
шаруашьшығындағы өнім жыл сайын қайталанып отыратындығы да соған дәлел. Жалпы
__________ауылшаруашылық өнімі мөлшері халық санының өсуіне пропорционал болса, ал қазіргі
заманғы өнеркөсіп энергетикалық ресурстарды және шикізаттарды пайдалану халық
санынан әлдеқайда өскелең мөлшерде екендігі де анықталған.
С ондықтан, энергетикалық ресурстар, отын келемін азайту ең бірінші алға қойылатын
мәселе болуға тиіс. Олай болатын болса, энергетикалық отын келемін толықтыру
56
мақсатында ядролық отын пайдалануға әкеліп соғатындығы сөзсіз. Шын мәнінде адролық
отын жылу күші ең жоғары сапалы көмірден 2 млн. есе артық екендігі дәлел бола алады.
Қысқаша айтқанда- атом энергетикасына көшу мәселесі қолға алынуға тиіс.
Өте көлемді түрде пайдалы кдзындыларды өндіру барысында жер қойнауында олардың
біршама қорлары ысырап болатындығы мәлім. Қазіргі уақытта, орташа есеппен алғанда 60-
70% шамасында мықты келетін казындылар, мұнай мен газ-40-45% шамасында, ал қара және
түсті металдар-70-75% шамасында өндіріліп алынады. Өндірілмей қалған пайдалы
қазындылар қорларын толықтыру мақсатында әрбір жаңадан іске қосылатын 4-5 шахталар
(рудниктер) есебіне 1-2 шахта (рудник) қосымша іске қосуға тура келеді. Ал, бос тау
жыныстарының және өте кедей (сапасыз) кендердің __________араласып кетуі мөлшері 25-30%
шамасында болса, олардың байыту фабрикасы технологиясына тигізетінін әсерін есепке
алмағанның өзінде, байыту фабрикасының қалдық ұсақ құмдары мен реагентті суларын жер
бетінде орналастыруға үлкен аумақ дайындауды қажет етеді. Бұл бірінші жағынан. Ал,
екінші жағынан, өндірілген кен ішіндегі металл мелшерінің азаюынан байыту фабрикасының
өнімділігін арттыруға немесе күрделі қаржы жұмсап жаңа байыту фабрикасын салуға тура
келеді.
Б ұ л тұрғысында ғылыми зерттеулер және тәжірибе жұмыстарының нәтижелері мен
жетістіктерін пайдалана отырып, жаңа технологиялық процестер қолдану қажеттілігі анық.
Мысалы, жер асты металдардың ерітінділері арқылы өндіру, жер асты күкіртті балқыту
арқылы өндіру; скважиналар арқылы гидрашшкалық өндіру тәсілі; кеніштерді ең төменгі
қабатынан бастап ашу және өндіру, яғни жоғарғы қабатгардан бос тау жыныстарын, байыту
фабрикасының қалдыын төменгі қабаттарға орналастыру. Ал, байырғы үйреншікті
технологиялық процестерді жаңа, өте жоғары өнімділікті машиналармен жабдықтау ғылым
мен техниканың жетістіктеріне сәйкес шешілетіндігі де еске алынуга тиіс, энергетикалық
ресурстарды және шикізаттарды пайдалану халық санынан әлдеқайда өскелең
мөлшерде екендігі де анықталған.
П а йдалы қазындыларды өндіру процестерінің негізгі дамуы мына төменгі
тұжырымдарға сәйкесті екендігі көрсетілген:
1 ) кедей кендерді өндіру, әсіресе тым аулақ жатқан және табиғи жағдайлы аудандарда
(Шығыс Сібір, Қиыр Шығыс, Қазақстан ОртаАзия);
2) қайсы бір жер шары аудандарының өте ктаң ауа райы жағдайларына қарамастан
пайдалы қазындыларды өндіру жұмыстарын өркендету (өте ыстық аумақтар-
тропиктер, Қиыр Солтүстік, Арктика және Антрактвда, Азияның, Австралияның жәңе
Африканың құмды аймақтары);
3) теңіз жағалауларынан, мұхит және теңіз түбінен және астында жатқан кеніштерден кен
өндіруді күрделі тау-кен өндіріс саласына ендіру. Бұл арада мұқият есте сақталатын
мәселе, ол дайындау, ойықтау және кен өндіру қазбаларын сүйемелдеу, таза ауамен
жаңғырту, ауа қысымы, ылғалдылығы және оның ыстықтық-суықтығы;|
4 ) тез арада, барлап табылған кеніштердегі кендерді өндіру, оларды құрамды түрде
пайдалану және тиісінше жоғары пайда табу;
5 ) жер үсті және жер асты кен ендіруде кеніштердің орналасу орындарының тереңдеуі
2000ж. қарсаңында 250-500 м шамасында болуға тиіс. Әрине__________, бұл жағдайда карьердің
ернеулері төзімділігі, тау жыныстары сілемінің дүмпуі, жер асты қазбаларды сүйемелдеуді,
бос тау жыныстарын және өндірілген кенді жер үстіне көтеруді, рудник ауасының ыссылы-
суықтығы, оның қысымы мен ылғалдылығы және т.б. еске алынуға тиіс;
6 ) карьердің және рудниктің терендеуіне байланысты қолданылатын
машиналар және құрал-жабдықтар жақсартылған құрылымдар арқылы
құрастырылып, автоматика жүйесімен жабдықталып, дизель отыны орнына электр
тоғы не болмаса гидрашикалық жетектерді пайдалану тәсілдері енгізілуге тиіс;
7) адам баласы өмір сүруіне тиісті жағдай болуы, яғни жер беті тазалығы, айқай-шудың
белгіленген мөлшерден асып кетпеуі, жер беті су көздерінің сарқылып қалмауы (өзен, көл,
57
жылға, жер асты ауыз сулар және т.б.), жер бейнесін ежелгі қалпына келтіру және с.с
ескерілуге тиіс;
8) жер үсті өндірістік салындылардың ұтымды түрде орналасуы техникалық және ауыз
сулардың арнайы жабык жүйелерде сақталуы тасымалдау, хабарласу және энергетика
жүйелерінің және т.б. жалпЫ
аумак, қала берді халықаралық экономикаға байланысты жұмыстар жүргізілуге тис.
К е ніштердің əр түрлі топқа белінуі мына төменде келтірілген нышандар бойынша
айқындалады.
Морфологиялық нышаны бойынша:
а ) жайпақ қабаттар жəне жайпақ қабаттарға ұқсас кеніштер: олардың
ұзындықтары мен пайдалы компоненттерінің біркелкі жағдайда болуы. Олар
көбінесе шөгінді тау жыныстары аралығында кездеседі. Мысалы, Чиатур жəне
Никиполь аудандарындағы марганец кеніштері, Керчь темір, Жезқазған мыс жəне т.б.
кеніштер;
б ) линза түріне үқсас кеніштер қалыңдықтары өте айнымалы, ондаған
метрден жүздеген метрге дейін. Ал, ұзындыктары мыңдаған метрге, тереңдігі
жүздеген метрге дейін жəне еңкіш бұрыштары көбінесе тікше келген кеніштер. "оған мыс,
полиметалды жəне т.б. кеніштерді жатқызуға болады;
Ж алпы қосалқы технологиялық процестер негізгі кен процестерін қарқынды, өнімді,
тиімді және кауіпсіздік жағдайларда жүргізуге ықпалын тигізеді:
1 ) жер асты кен өндіру процестерінде қолданылатын құрал-жабдықтарды және
машиналарды құрастыру, оларды орналастыру және орнықтыру, тиісінше бөлшектеу
және келесі жаңа орнату орындарына жеткізу;
2 ) машиналарды және құрал-жабдықтарды оңдау, істен шығып қалған бөлшектерін
айырбастау (алмастыру), тазалау, майлау, босаңсыған бөлшектерін бекіту және т.б. Бұл
жұмыстарды арнайы механиктер, маман жұмысшылармен қатар забой жұмысшылары да
атқара береді;
3 ) жер асты қазбаларды жөндеу және тазалау, қауіпті жерлерінде бекітпелер орнату,
сылақтау не болмаса темір-бетонды штангалар орналастыру арқылы сүйемелдеу;
4 ) жұмысшыларды және құрал-жабдықтарды, ЖЗ мен жөндеу жұмыстарында қажетті
заттарды және т.с.с. тік не еңкіш арқылы түсіру және көтеру; түсіру және көтеру жұмыстары
клетъ не өздігінен жүретін қосалқы машиналар арқылы (көлбеу оқпан )атқарылады;
5 ) жұмысшыларды, құрал-жабдықтарды, жер асты процестер қажетті заттарды
тасымалдау- жұмысшылар және басқа
заттар тасмалдауға арнайы вагонеткалар қолдану (электровоздар, жүк тасуға арналған
өздігінен жүретін машиналар, конвейерлер);
6) электр тогымен қамтамасыз ету-кен қопару және қазба гізу забойларына электр
кернеуін жеткізу мақсатында тиісті кабельдер және сымдар тарту, оларды электр
жетектеріне және бакылау қүралдарына жалғастыру жене қауіпсіздік жағдайларын
қарастыру;
7) қысылған ауамен қамтамасыз ету-қысылған ауа өндіретін компрессорлар жұмысын
қадағалау, қысылған ауа өткізетін құбырлардың төзімділігін және олардың
бір-біріне жалғастырылуының ұқыптылығын және істен шыққан құбырларды алмастыру;
кол бұрғы құралдарына, өздігінен жүретін бұрғы қондырғыларына, бұрғы
станоктеріне жеңіл бір не екі барабанды көтерме және сүйретпе жетектеріне және кен тиеу
люктеріне тиісті мөлшерде қысылған ауа жеткізу.Бұл аталған жұмыстардың көбісі бөлімше
слесарьлары арқылы орындалады;
8 ) қысылған техникалық сумен қамтамасыз ету және темір құбырлар арқылы қол
бұрғы құралдарына, өздігінен жүретін бұрғы қондырғыларына, бұрғы станоктеріне жеткізу;
58
9) таза ауамен жаңғырту-таза ауаны жер асты қазбаларға, кен қопару забойларына және
арнайы жүргізілген камераларға жеткізу (желдеткіштер жер астында не болмаса жер үстінде
орнатылады); таза ауаны жер астында бөлу (ашып жабылмалы, үлкенді-кішілі
автоматтандырылған және механикаландырылған есік қақпалар);
10) жер асты қазбаларда , арнайы қазба-құралдарда жиналған жер үстіне котеру-жер
асты жарып шыққан суды, «Даланылған техникалық суды, жазғытүрым қар еруінен
пайда
болатын және жер астына сіңіп кеткен суды, сол сияқты жазғы және күзгі жаңбыр суларын
арнайы су айдағыштар арқылы жер үстіне көтеру; су көтеруде шойын құбырлар,
вентильдер, шөгінді , қоймалжың __________тазартқыштар және жер үстінде көтерілген суларды
техникалық сапалы қалпына келтіруге арналған құрал-жабдыктар қоддану және
автоматтандыру;
11) геология-маркшейдерлік жұмыстар:
а ) геологиялық жұмыстар жүргізу және рудникті қажетгі мағлұматтармен жабдықтау
(кеніштің басты үш жазықтықтардан, кесінділері, оның параметрлері, қалындығы,
ұзындығы, жатпа жағы еңкіш бұрышы, тереңдігі, кеннің және іргелес жатқан бос тау
жыныстарының сипаттамалары, метаддар мөлшерлері және олардың химиялық
қосындылары, сулылығы және т.с.с);
б) кеннің ысырап болуы және бос тау жыныстарының араласып кету мөлшерін қадағалау,
қазба жүргізу және кен қопару забойларының параметрлерінің жобаланған мөлшерден асып
не кем түсіп кетпеуін қадағалау маркшейдер беліміне жүктеледі;
