5 Кредит
1. Мемлекеттік қадағалаудың негізгі бағыттары және оның ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері.
2. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттері.
3. «Халықтың денсаулығы» кодексіндегі негізгі түсініктер (ережелер).
4. МСЭҚБ қызметін ұйымдастырудың негізгі ұстанымы тағам гигиенасы бөлімінің жұмысын жоспарлау.
5. Қазақстан Республикасының территориясында мемлекеттік санитариялық қадағалауды кім жүргізеді?
6. Тағам кәсіпорнында жұқпалы аурумен сырқаттанған науқасты жазылғанға дейін жұмыстан босатуға құқысы бар лауазымды адам?
7. ҚР қылмыстық кодексі заңы бойынша санитариялық-гигиеналық ережелер мен нормалардың бұзылуы.
8. Тағам нысандарының жобалануына және құрылысына жүргізілетін сақтық санитариялық қадағалаудың мақсаты мен негізгі міндеттері.
9. Жобалауда қабылданған түсініктер мен терминология.
10. Тағам кәсіпорындары жобаларының типтері.
11. Тағам нысандарын жобалау кезінде бөлмелердің жоспарлануының негізгі ұстанымдары.
12. Тағам нысандары жобасының түсініктеме қағазына қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар.
13. Тағам нысандары жобасының бас жоспарына қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар.
14. Тағам кәсіпорнының территориясын аймаққа бөлуге қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар.
15. Тағам нысандары жобасының сәулеттік-құрылыстық бөліміне қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар.
16. Тағам нысандары жобасының санитарлық-техникалық бөліміне қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар.
17. Тағам нысандары жобасының технологиялық бөліміне қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар.
18. Тағам нысандары жобасы бойынша қорытындыны жасауға қойылатын талаптар.
№ 1 есеп
Азық-түлік дүкенінің құрылысына бөлінген жер учаскесі автострададан 50 м және селитебті аймақтан 20 м қашықтықта орналасқан. Жергілікті жердің рельефі - тегіс. Грунт суының деңгейі еденнен 0,3 м шамасында. Учаске топырағы - шымтезекті.
1. Азық-түлік дүкенінің құрылысына бөлінген жер учаскесіне гигиеналық баға беріңіз.
2. Жер учаскесіне қойылатын гигиеналық талаптар.
3. Жобаның түрлері және жоба бөлімдері.
№ 2 есеп
Нан зауытының құрылысына бөлінген жер учаскесі қалалық қоқыс тастайтын жерден 600 м қашықтықта орналасқан. Жергілікті жердің рельефі - тегіс. Грунт суының деңгейі еденнен 0,6 м шамасында. Учаске топырағы - шымтезекті.
1. Нан зауытының құрылысына бөлінген жер учаскесіне гигиеналық баға беріңіз.
2. Сақтық санитариялық қадағалаудың (ССҚ) кезеңдері.
3. Тапсырыс беруші МСЭҚБ-ға ССҚ ІІ кезеңінде тапсыратын құжаттар тізімі.
№ 3 есеп
Сүт зауытының құрылысына бөлінген жер учаскесі автострададан 400 м және селитебті аймақтан 200 м қашықтықта орналасқан. Жергілікті жердің рельефі - тегіс. Грунт суының деңгейі еденнен 0,8 м шамасында. Учаске топырағы - шымтезекті.
1. Сүт зауытының құрылысына бөлінген жер учаскесіне гигиеналық баға беріңіз.
2. Жер учаскесін бөлу кезінде МСЭҚБ өткізілетін құжаттар тізімі.
3. Нысанды эксплуатацияға қабылдау кезіндегі мемлекеттік комиссияның құрамы.
