
- •Аннотация
- •Image – элементі экранда формаға бейнелерді орналастыруға арналған.
- •1.2 «Оңтүстік Жол Сервис» құрылыс компаниясы қызметі туралы
- •1.3 Iso 9001 сапа менеджмент жүйесі
- •Iso 14 001 сериясының стандарттарына сәйкес экологиялық менеджмент жүйесін енгізу.
- •2.2 Мекеменің мәліметтер базасын құру
- •Қосымша
Iso 14 001 сериясының стандарттарына сәйкес экологиялық менеджмент жүйесін енгізу.
Өндірістік компанияларының басым бөлігінің пікірінше, экологиялық менеджмент дегеніміз – тек қана кәсіпорын жұмыс істеген кезде, оның ішінде құрылыс кезінде, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету, табиғатты өндірістік үрдісінің жағымсыз әсерінен қорғау. Дегенмен, экологиялық менеджмент дегеніміз одан толығырақ, экологиялық өндіріске бағытталу және адам тарапынан экологиялық мәдениет деген мағынаны білдіретін ұғым. Экологиялық үрдістерді басқару мәселесі барлық қоршаған ортаны қорғау әдістерін іздестіргенде ерекше өзектілікке жетеді. «Оңтүстік Жол Сервис» ISO 14 001 сериясының стандарттарына сәйкес экологиялық менеджмент жүйесін еңгізуге шешім қабылдаған бірнеше қазақстандық құрылыс компанияларының тізіміне кіреді. Экологиялық менеджмент жүйесінің саласында біздің негізгі мақсатымыз құрылыс және өндірістік үрдістерді олардың қоршаған ортаға минималды әсер ететіндей зерттеу және өзгерту болып табылады. Экологиялық менеджмент жүйесін жасау жөніндегі жұмыстар бар және потенциалды тәуекелдерді бағалауды, қоршаған ортаға тигізетін залалды азайтуға арналған өндіріс технологияларының жетілдіру жолдарын іздестіруді көздейді. Осы жүйенің мағынасы келтірілген залалды жоймай, керісінше, оның алдын алу, яғни анықталған тәуекелдерді азайтуға арналған уақытылы шараларды ұйымдастыру.[7]
Экологиялық менеджмент жүйесі компанияларға:
өндірістік шығындарды ресурстарды (электр құатын, шикізат өнімдерін және т.б.) үнемдеу арқылы азайтуға;
көрсетілетін қызметтердің және өндірілетін құрылыс заттардың сапасын арттыруға;
қалдықтарды пайдалану жүйесін оңтайландыруға және т.б. мүмкіндік береді.
2 Жобалау бөлімі
2.1 Delphi бағдарламалау тілі және оның мүмкіндіктері
Бағдарламалауға деген қызығушылық күн сайын өсуде. Бұл күнделікті өмірге ақпараттық технологиялардың енуімен және дамуымен байланысты. Егер де адам компьютермен жұмыс жасаса, онда ол адамда ерте ме, кеш пе ынта, кейбір кездері бағдарламаларды үйрену қажеттілігі туындайды.
Қазіргі кезде дербес компьютерлерді пайдаланушылар арасында Windows операциялық жүйелері жанұясы танымал, және бағдарлама жасауға қызыққандар, осы жүйеде жұмыс жасайтын бағдарламалар жазуға ынталанады. Есептеуіш техниканың дамуы, бағдарламаны қамтамасыз жасау құралдарына деген эффективті қажеттілік, бағдарламалау жүйесінің пайда болуына әкелді, олардың ішінде келесілерді Borland Delphi және Microsoft Visual Basic көрсетуге болады. Тез жасау жүйесінің негізіне көрнекі жобалау технологиясы және оқиғалы бағдарламалау жатады, оның мәнін жасау ортасы бағдарламаның генерация кодының үлкен бөлігін алады және бағдарламалаушыға диалогтық терезелермен және жағдайларды өңдеу функциясын құрастыру жұмыстарын қалдырады.[8]
Delphi – бұл Windows операция жүйесіндегі жұмыстарға бағытталған бағдарламаларды жасау ортасы. Delphi-де бағдарламалар, қазіргі көрнекі жобалау технологиялары негізінде құрылады, ол өз кезегінде бағдарламалаудың объекті-бағдарлану ойына базаланады. Delphi- де бағдарламалар Object Pascal тілінде жазылады және ол Turbo Pascal тілінің ізбасары және дамытушысы болып табылады. Delphi және Object Pascal ұзақ эволюцияның қорытындысы және қазіргі кезде ол, ең жаңа компьютерлік технологиялары бар өнім болып табылады. Бөліп айтқанда, Delphi көмегімен, консольдық тіркемелерден бастап және мәліметтер қорымен Internet үшін тіркемелерін аяқтайтын, әртүрлі түрдегі бағдарламаларды құруға болады.
Берілгендерді бағалаудан шығатыны, көрсетілген талаптар микропроцессордың тактілі жиілігін 320-400 мГц шамасындағы көрсеткішке әкеледі. Ал мұны таңдалынған PC моделі Intel Pentium IV микропроцессоры қанағаттандырады. Берілген машинаның жүйелік платасы АТХ форматта. Микропроцессордың өзі карталардың кеңейтілуіне арналған слоттардан алыс орналасқан. Бұл компьютерге толық өлшемді қосымша платаларды орнатуға және микропроцессордың өзін оңай орнатуға мүмкінідк береді.
Жады модельдерін орнату бұл жағдайда да ешқанадай проблемасыз орнатыла алады. Бұл компьютерді жаңартуға мүмкіндік береді. Разъемдардың оңай орналасуы кабельдердің ұзындығын кішірейтеді. Бұл мәліметтерді жоғары жылдамдықта беретін интерфейстерді қолдануға мүмкіндік береді. АТХ спецификациясы келесідей орналасқан панельді анықтайды, тізбекті және параллельді интерфейстер үшін разъемдар орналасқан, клавиатура, монитор, тышқан, аудио- және MIDI – құрылғылары үшін порттар орналасқан. Қажет жағдайда ISDN моделі және локальдық желі үшін разъемдарды орналастыру мүмкіндігі бар.[9]
Операциялық жүйе Windows XP Professional версия 2002, Service Pack 1 қолданылды. Бұл жүйе үшін орташа 56 Мб ОЕҚ қажет. Сонымен қатар, келіп жатқан үлкен көлемді ақпараттарды өңдеу және желіде жұмыс істеу оперативтік жадыны таңдауды шартылайды. Оның көлемі 128 Мб құрайды.
ЭЕМ-ң осындай моделінің таңдалуы, құрылған бағдарламаның эксплуатация кезінде ақпараттың өңделуіне қажетті ресуртары бар.[10]
Бағдарламалық тілдің таңдалынуы мен құрылымы
Бағдарламалық тілдің ішінен Delphi 7.0 бағдарламалық ортасын таңдадым. Бұл бағдарламалық тілді таңдаған себебім кездейсоқ емес, өйткені оның келесідей артылықшылықтары мен қолдану мүмкіндіктері көп. Delphi бағдарламалау тілі кез келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез қуатты тіл.
Delphi ортасы – программист жұмысының өте жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін орта.
Delphi ортасын шақырғаннан кейін ортаның жұмысын басқаратын алты негізгі терезе шығады.
Негізгі терезе(Delphi7);
Объектілер тармағының терезесі(Form 1);
Объектілер инспекторының терезесі немесе объектілер қасиеттері редакторының терезесі (Object Inspector);
Броузер (көру) терезесі(Object TreeView);
Программа кодының терезесі(Unit 1.pas);
Программа кодының терезесін көру үшін Ғ12 пернесін басу жеткілікті. Delphi – ді алаш шақырғаннан кейін «Delphi» терезесі барлық терезенің үстіне шығады. Осы терезенің көмегімен Inprise коорпороциясының WEB – беттеріне кіругемүмкіндік туады. Негізгі терезе. Негізгі терезе құрылатын программаның жобаларын басқаратын негізгі қызметті атқарады. Бұл терезе экранда барлық уақытта болады және ең жоғарғы бөлігінде орналасады. Негізгі терезеде Delphi ортасының бас менюі, пиктографиялық командалық батырмалар жиынтығы, компоненттер палитрасы орналасқан. Бас меню жобаны басқаруға арналған барлық қажетті командалардан тұрады. Бас менюдің барлық опциялары екінші деңгейде ашылатын опциялар тақырыбын қамтиды. Бас терезенің барлық элементтері арнайы панельдерде орналасқан, оның сол жақ бөлігінде басқару батырмалары бар. Бас менюден басқа кез келген панельді терезеден алып тастауға болады. Панельде көрінетін батырмалардың құрамын өзгерту үшін оған курсорды келтіріп, тышқанның сол жақ батырмасын басу жеткілікті. Бұдан кейін ашылған көмекші меню терезесінде барлық панельдердің аттары келтірілген және олардың статусы көрсетілген (жалаушалар). Олардың ішінен Customize – ды (настройка, баптау) таңдағаннан кейін баптау терезесі пайда болады.. енді қажет емес батырмаларды алып тастауға да болады, Commands терезесіндегі тізімнен қажетті батырмаларды таңдап, оны экранға тасып апаруға болады.[11]
Негізгі терезеге жиі пайдаланылатын пиктограммаларды орналасырған ыңғайлы:Project\Syntax Chek – программа командаларының синтаксисін тексеру; View/Debug Windows/Watches – отклаткалық режимді бақылау терезесіне кіру жжәне т.б.; Delphi – дегі кез келген программа жоба файлынан (файлдың заты .dpr) және бір немесе бірнеше модульдерден (заты .pas) тұрады. Әрбір осындай файлдар Object Pascal – дың программалық бірлігін сипаттайды. Delphi 7.0 нұсқасы Windows32 операциялық жүйесінің негізінде дайындалған. Delphi –де Паскаль тілінде орындау мүмкін және мүмкін емес күрделі процесстерді бағдарламалауға болады. Delphi-дің негізгі ерекшелігі- онда қосымша құруда компоненттік және объектілік тәсілдер пайдаланылады. Бұл бағдарламалау технолгиясында нағыз революция жасады деуге болады. Компонентік тәсілдің мәнісі жеңіл: әр қосымша кітапханасы бағдарламалау ортасында дайындалып, арнайы іс- әректтерді орындайтын компонентер элементтерінен жинақталынады. Олар жеткіліксіз болса, объектіні өңдеуге арналған үстеме бағдарлама құрылады. Delphi-де қолданылатын негізгі кітапхананы визуальді компонентер кітапханасы деп атайды. Пайдаланушы жаңа компонент дайындап, оны осы панельге қосуына да болады. Delphi Windows жүйесінде бағдарламалаудың ыңғайлы құралы. Онда көптеген операторларды пайдаланып бағдарлама дайындау, бағдарлама мәзірін құру, анимация, мультимедия процесстерін ұйымдастыру, OLE- технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, оларменнен жұмыс істеу және т.б. іс- әрекеттерді орындау да мүмкін. Delphi құрамында дайындалған компилятор әдеттегі Р- кодқа емес, бірден машиналық кодқа компиляцияланады. Осы себепті, қазіргі кезде ол дүне жүзіндегі компиляторлардың ең жылдамы. Оның компиляциялау жылдамдығы Паскальда компиляциялаудан он еседен арттық, 1 мин. шамамен 120 мың. жолдан асады.[12]
Delphi екі түрде дайындалған: біріншісі- күрделі қосымшаны бірлесіп дайындаушылар үшін, екіншісі- қалған бағдарламалаушылар үшін.
Delphi-ді Паскаль бағдарламалау тілімен жұмыс істеген адамдардың менгеруі көп қиындық келтірмейді. Бірақ, мұнда бағдарламалауды үйрену үшін объект, оқиға, қасиет түсініктерімен еркін танысып, онда компонеттерді пайдалану және түрлі командалардың жазылу түрлерін білу қажет.Delphi-де пайдаланылатын оқиғалар және түрлі класстарға, компонентерге меншіктелінетін қасиеттер мәндері көп. Нақты есептерді шешу бағдарламаларын құруды үйрену арқылы ғана Delphi-де бағдарламалауды үйренуге болады. Ол үшін кітапқа енгізілген бағдарламаларды іс жүзінде орындап және оларға түрлі өзгерістер енгізіп, жаттығуы да мүмкін. Мәліметтер базасы кейбір қолданбалы ақпараттық жүйеде қолданылатын деректерді қамтиды. Мысалы: ’Сирена’ немесе ’Экспресс’ авиа және теміржол билеттерін сату системасы. Мәліметтердің ұйымдастыру түріне байланысты мәліметтер базасындағы деректердің негізгі модульдері келесі түрде болады:
иерархиялық
желілік
реляциялық
объекті-бағытталған
Иерархиялық модельде деректер ағаштәріздес (иерархиялық) құрылым түрінде беріледі. Деректердің осындай ұйымы иерархиялық реттелген ақпараттармен жұмыс жасағанда ыңғайлы, бірақ қиын логикалық байланыстармен жұмыс жасағанда иерархиялық модель әлсіз .[13]
Желілік модельде деректер ерікті граф түрінде ұйымдастырылады. Желілік модельдің кемшілігі болып, құрылымының қаттылығы және оны ұйымдастырудың қиындылығы болып табылады. Сонымен қатар, иерархиялық және желілік модельдерінің кемшіліктерінің бірі болып, деректер құрылымының деректер базасын жобалау кезінде берілуі және деректерге қатынау барысында өзгертуге келмейді.
Кластар – бұл күрделі программаларды жеңілдету және оның сапасын арттыру үшін ойластырылған программистердің ерекше өнер табысы. Кластардың негізінде үш іргелі принцип жатыр, олар инкапсуляция, мұрагерлік және полиморфизм.
Класс – өрістер, әдістер мен қасиеттер деп аталатынүш маңызды ұғымның бірлігін береді. Осы үш маңызды ұғымды бір бүтінге біріктіру инкапсуляция деп аталады. Көпшілік жағдайда, инкапсуляция класты программаның қалған бөліктерінен оқшаулауға мүмкіндік береді, нақты бір есепті шешудің «өзіндік жеткіліктілігін» арттырады. Нәтижесінде класс қандай да бір басқарушылықты арттырады. Мысалы, Tform класы Windows – терезесін құруға қажеттілерден, Tmemo класы – толық басқарылатын мәтіндік редактор жұмысын, Ttimer класы программа жұмысын таймермен қамтамасыз ететін құралдарды қамтиды (немесе инкапсуляциялайды).[14]
Сонымен инкапсуляция дайын программалық жабдықтаумен жұмыс істеуге арналған қуатты құрал болып табылады. Delphi жүйесінің кластар кітапханасы – бұл программа құруға арналған Borland фирмасының программистері құрған кірпіштер жиынтығы екен.
Мұрагерлік принципі ТObject класынан оның ұрпақтарына қарай дами отырып, біртіндеп кеңейетін тармақтар кластар құруға әкеледі. әрбір ұрпақ өзінің ата – анасының мүмкіндіктерін толықтырып, оны өзінің ұрпақтарына беріп отырады.
Delphi –дегі кластар тармағы қарайтырайық. TPersistent класы өзінің Тobject ата- анасының мүмкіндіктерін кеңейтеді: ол мәліметтерді файлға сақтап , оны одан қайтадан ала алады, нәтижесінде оның барлық ұрпақтары осы мүмкіндіктерді орындай алады. TComponent класы өз кезегінде, класты құрушының ортасымен әрекеттесіп, оны өзінің ұрпақтарына бере алады.[15]
TControl класы файлдармен және класты құрушының ортасымен жұмыс істеп қоймай, сонамен бірге экранда көрінетін бейнелерді құруға және оның қызметін орындауға қабілетті, ал оның ұрпағы TWinControl Windows терезелерін де құра алады. Компоненттер жинағы – Delphi-дің негізгі ерекшелігі. Ол негізгі терезенің оң жағында орналасып, қажетті компонентті тез табуға арналған белгішелерден тұрады.
Компонент деп – белгілі бір қасиеттері бар және форма терезесінде кез-келген объектіні орналастыру мүмкіндігін туғызатын функционалды элементті атайды. Delphi ортасының компоненттері 19 топқа бөлінген, ол топтарды парақтар деп атайды. Компоненттер көмегімен программаның негізі – қаңқасы құрылады (терезелер, батырмалар, таңдау тізімдері және т.с.с.)
Батырмалар тақташасы сияқты компоненттер палитрасын икемдеуге болады. Ол үшін компоненттер палитрасына кіретін кез-келген пиктограммада тышқан тетігінің оң батырмасын таңдау арқылы арнайы редакторды іске қосу қажет.
Ашылған менюдегі Рroperties (қасиеттер) пунктін таңдағанда оның терезесі шығады.
Delphi ортасының компоненттері бағдарлама орындалғандағы көріністің пішімін анықтайтын бөлек элементтері ретінде қолданылады. Сонымен қатар, Delphi ортасының көрініспен жұмыс атқармайтын, яғни визуалды емес көптеген маңызды компоненттері бар. Дәлірек айтсақ, компонент алдын-ала даярланған бағдарламаның үзіндісі, оны қажет болғанда құрылып жатқан бағдарламаға ендіруге болады деп түсіну керек.
Delphi ортасының құрамына бірнеше компоненттер кіреді. Солардың кейбір маңыздыларын қарастырайық. Standard парағы.
Бағдарламаны құру үшін қолданылған компоненттер: Delphi ортасының компоненттері бағдарлама орындалғандағы көріністің пішімін анықтайтын бөлек элементтері ретінде қолданылады. Сонымен қатар, Delphi ортасының көрініспен жұмыс атқармайтын, яғни визуалды емес көптеген маңызды компоненттері бар. Дәлірек айтсақ, компонент алдын-ала даярланған бағдарламаның үзіндісі, оны қажет болғанда құрылып жатқан бағдарламаға ендіруге болады деп түсіну керек.[16]
Пішін терезесі Windows жобасы – болашакта программа жазатын терезе болып табылады. Басында бұл терезе бос болады. Дәлірек айтсақ, ол Windows – дің интерфейстік элементтері үшін стандартты жүйелік менюді шақыру батырмаларынан, терезені үлкейту, кішірейту, жабу батырмаларынан және тақырып жолынан тұрады. Әдетте, терезенің жұмыс алаңы нүктелік координаталық тормен толтырылған, ол формадағы компоненттердің орналасуын реттеу қызметін атқарады (бұл нүктелерді алып тастау үшін Tool/Environment Options меню командаларының көмегімен, Preference қойымтасындағы Display Grid ауыстырып қосқышындағы жалаушаны алып тастау қажет). Форма құрастырушысының немесе форманың терезесі – болашақ программаның Windows ортасындағы жобасы.
Форманың өлшемі Height (биіктік) және Width (ені) ескертусіз алынған өлшеммен сәйкес келеді. Position қасиеті экранның жиектеріне қатысты форманың орналасуын басқарады. Podesigned і форманы Poscreen Center экранның центрі бойынша симметриялы етіп орналастыруды талап етеді.[17]
Align қасиеті ол өзі орналасатын контейнерге салыстырмалы орналасатын компонентті туралау тәсілін көрсетеді. Контейнер – оған басқа компоненттерді орналастыруға болатын орын болып табылады. Осындай контейнердің бірі – Panel компоненті. Біз формаға панельді орналастырдық, оның қасиеті Align, мәні – AlButton ( төменгі жағынан) тағайындадық. Осы мәндерді тағайындағаннан кейін компонент төменгі жиекке тартылады да, бар ұзындығымен созылып орналасады.
Caption (тақырып) қасиеті барлық көрінетін элементке қатысты. Панель үшін оның ортасына орналасатын мәтінді анықтайды.
Панель мен оған орналасақан белгі белгі бір бүтін ретінде қабылдануы үшін панельдің Bevelouter (сыртқы жиек) қасиетіне Bvnone мәні тағайындалған.
Left (солға), Top(жоғарғы жағынан) және Width (ені) қасиеттері компоненттің сол жақ жоғарғы бұрышының орнын анықтайды.
Name (аты) қасиеті программадағы компоненттің атын анықтайды.
Қазіргі практикада қабылданған программалау стилі бойынша атаудың алдына екі әріптен тұратын префикс қойылады. Префикстегі мнемоника программистке атау берілген компоненттің немесе оның қасиетінің типі жөнінде ескертеді. Мысалы, Align қасиетінің барлық мүмкін мүмкін болатын мәні үшін Delphi – дегі стандартты префикс Al (ол Align сөзінен алынған); бұдан ағылшын сөздері:AlButton, AlTop, AlLeft және т.б.алынады.[18]
Енгізу жолы көптеген оқу программаларында тікелей қатысады, сондықтан бұл компонент edinput деп аталады: ed префиксі - бұл edit компонентінің ағылшынша атауынан қысқартылып алынған, ал input программаға мәліметтерді енгізу денегді білдіреді.
Дәл осылайша қысқартылған атаулар: белгіге де арналған (LB – Label сөзінен, Output программаны шығару), көп жолдық редактордағы (mm – Memo сөзінен ), батырмалар OK (BB – BitBtn сөзінен, Run – программаны орындау), Close – жабу.
Edit компонентіндегі text қасиеті экранда пайда болған мезгілдегі енгізу жолындағы мәтіннің мазмұнын анықтайды. Бастапқы мәтін программаға мәліметті енгізуге кедергі жасамас үшін бұл қасиетті өшіруге болады. Дәл осылайша белгідегі Caption қасиетін, көп жолдық редактордағы Lines қасиеттері арқылы өшіруге болады. MmOutput Lines қасиетін тазалау үшін Объектілер инспекторы терезесіндегі осы қасиетті тышқанмен белгілеңіз және қасиетті өзгерту сұхбат терезесін шақырыңыз. MEMO1 мәтінін өшіріңіз де, терезені OK батырмасымен жабыңыз.[19]
MmOutput компонентінің ScrollBars қасиетінің мәні: SSBoth (екі жағынан). Бұл мән Delphi – дередакторға горизонталь және вертикаль орағыш жолақтарының екеуін де тең орналастырады. WordWarp қасиетінің мәніне (сөздерді тасымалдау) False мәнін тағайындау қажет, ол редакторды ұзын мәтіндік хабарларды жахғанда сөздерді келесі жолға тасымалдауды орындамайды. Осы компоненттегі Align қасиетінің мәні Alclient болады, ал ол компоненттен форманың барлық қалған толтырылмаған бөлігін терезенің өлшеміне тәуелсіз алып тұруын талап етеді.[20]
BitBtn компоненті үшін Kind (сорт) қасиеті типтік функцияны анықтайды, ол сұхбат терезелеріндегі батырмалардың қызметін қамтамасыз етеді. BkClose мәні типтік пиктограмма мен Close жазуын анықтайды, оны Delphi батырмаға орналастырады. Сондай-ақ терезені жабудың типтік функциясын да батырмаға орналастырады. Нәтижесінде, программа жұмысын аяқтайтын батырманы аламыз. BkOK мәні BitBtn батырмасын сұхбат терезесін жабуды талап етеді, оның нәтижесі – mrOk. Біздің форма сұхбат терезе болмағандақтан OK батырмасы бұл қызметтіатқармайды. Біз BkOK мәнін тек батырмаға тиісті пиктограмма мен жазуды алу үшін пайдаландық.[21]
Объекті-бағытталған модельде мәліметтер базасының жазбасы объект түрінде беріледі. Объекті-бағытталған модель желілік және реляциялық модель ерекшеліктерін қамтып, күрделі мәліметтер базасын құруда пайдаланылады.
Деректер базасын құрайтын кестелер қатты дискідегі каталогта тұрады. Кестелер файлдарда сақталып , бөлек құжаттарға немесе электрондық кестелерге ұқсас. Кестелерді көшіруге, орнын ауыстыруға болады. Бірақ, құжаттарға қарағанда, деректер базасының кестелері көпқолданбалы қатынау режимін қолдайды, яғни бірнеше қолданбалармен бірмезгілде қолданылуына болады. Бір кесте үшін ( деректер, кілттер, индекстер т.б құрайтын ) бірнеше файлдар жасалады. Осылардың ішінде негізгісі болып кестенің атымен аталатын деректер файлы болып есептеледі. Кестені таңдағанда, әсіресе оның негізгі файлы таңдалады. Мыс: dBase кестесі үшін кеңейтіндісі DBF болатын файл, ал Paradox кестесі үшін DB кеңейтіндісі болып табылады. Деректер базасының әрбір кестесі жолдан және бағаннан тұрады, бір типті объектілердің ақпараттық жүйелер деректерін сақтауға негізделген.[22]
Өріс мүмкін болатын типтің деректерін қамтиды. Кестенің негізін оның өрісінің сипаты құрайды. Әрбір кестенің кем дегенде бір өрісі болуы тиіс. Кестенің құрылымдық түсінігі өте кең және оның құрамына кіретіндер:
өріс сипаты
кілт
индекс
өрістің мәтініне шек қою
кестелер арасындағы біртұтастықты сақтау
парольдер
Кестені құрғанда кестенің аты және құрылымы беріледі. Кестенің атын өзгерткенде кесте және оның файлдары жаңа атқа ие болады. Бұл үшін деректер базасының кестелерімен жұмыс істейтін арнайы программалар қолданылады. Мыс: Database немесе Data Pump. Дискіден кестені жойғанда, оның барлық файлдары да жойылады.[23]