Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курстык жумыс Айдана.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
408.65 Кб
Скачать

Image – элементі экранда формаға бейнелерді орналастыруға арналған.

DataSource – деректердің басы

Table – ДБ кестесіне негізделген деректер жинағы

Query – SQL – сұранысқа негізделген деректер жинағы

StoredProc – серверде сақталатын процедураны шақыру

DataBase – ДБ қосылу

Session – ДБ жұмысының ағымды сеансы

BatchMove – топ жазбалармен операцияларды орындау

Update – деректер жиынтығын модификациялау

NestedTable - қойылған кесте

DCOMConnection – көпқолданбалы режимде қашық сервермен қосылу

SocketConnection - Windows сокеті арқылы қашық сервермен қосылу

RvDataSetConnection – мәліметтермен байланыстырады

RvTableConnection – Table компаненті бар мәліметтермен байланыстырады

TRvQueryConnection – Query компоненті бар мәліметтермен байланыстырады

RvRenderPreview–RvNDRWriter арқылы құрылған файлдағы мәліметтерді экранда мүмкіндік береді

RvRenderPrinter–RvNDRWriter арқылы құрылған файлдағы мәліметтерді баспа құрылғысына жібереді

Белгілеулер мен қысқартулар

ДҚБЖ–Деректер қорының басқару жүйесі.

ДҚ–Деректер қоры

АЖ –Ақпараттық жүйе

БЖ – бағдарламалық жабдықтама

ҚР – Қазақстан Республикасы

ОҚО – Оңтүстік Қазақстан облысы

АЖО – автоматтандырылған жұмыс орны

АҚ-акционерлік қоғам

ЖШС-жауапкершілігі шектеулі серіктестік

МБ-мәліметтер базасы

Кіріспе

Тақырыбтың өзектілігі. Құрылыс материалдарын өндіру бойынша жеке кешені және жеке арнайы техниканың үлкен паркісі арқасында сапасын қамтамасыз ете отырып, салынатын объектілердің ең аз құнына қол жеткізе алады. Құрылысты ұйымдастыруға, салынатын тұрғын үйлердің сапасын қамтамасыз етуге жаңа кешенді тәсілді пайдалана отырып,ең бастысы тұтынушының үлкен ауқымына қолайлы әлеуметтік бағытталған болады.

Жұмыстың мақсаты. Құрылыс компаниясының жөндеу жұмыстарымен танысу және олардың қызметтерімен танысып оны Delphi ортасында орындау.

Жұмыстың жаңалығы. «Оңтүстік Жол Сервис» ЖШС тұрғын үй, офистік және өндірістік жайларды салу бойынша үлкен тәжірибесі бар , көпсалалық шаруашылыққа ие серпінді дамып келе жатқан қазіргі компания. Компанияның ерекшелігі – құрылыс материалдарын өндіру бойынша жеке кешені және жеке арнайы техниканың үлкен паркісі арқасында сапасын қамтамасыз ете отырып, салынатын объектілердің ең аз құнына қол жеткізе алады. Құрылысты ұйымдастыруға, салынатын тұрғын үйлердің сапасын қамтамасыз етуге жаңа кешенді тәсілді пайдалана отырып,ең бастысы тұтынушының үлкен ауқымына қолайлы әлеуметтік бағытталған болады.

Зерттеу нысаны ретінде Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласындағы «Оңтүстік Жол Сервис» ЖШС компаниясы алынды.

1 Аналитикалық бөлім

1.1 «Оңтүстік Жол Сервис» құрылыс компаниясы

“ Оңтүстік Жол Сервис ” ЖШС – бұл білікті мамандары және құрылыс саласындағы көп жылдық тәжірібесі бар құрылыс компаниясы. Компания бүкіл Қазақстан аумағында құрылыс қызметтерінің толық кешенін көрсетіп жатыр, сондықтан нысандарды басынан аяғына дейін салу мүмкіндігі бар.

Табыстың негізі дегеніміз - жұмыстар мен қолданылатын материалдардың жоғары сапасы, қызметкерлердің кәсіпқойлығы мен жаңа технологиялар, қазіргі заманғы техника мен өндірісті нақты ұйымдастыру.

“ Оңтүстік Жол Сервис ” ЖШС құрылыс саласында көпжылдық тәжірибесі бар, жоғары білікті мамандар жұмыс істейтін штаттағы құрылыс компаниясы болып табылады. Құрылыс қызметтері нарығында қызмет ету кезінде Шымкент қаласындағы тұтас мектептің қайта құруынан бастап "Асар" микроауданының құрылысына дейін көлемі бойынша әртүрлі жылжымайтын объектілердің қайта құруын (реконструкцияны), құрылысын және әрлеу жұмыстарын жасады. Осы кезге дейін біз құрылыс және әр түрлі қиындықтағы объектілерді әрлеу бойынша үлкен тәжірибе жинадық. Біздің “ Оңтүстік Жол Сервис ” ЖШС- і компаниясы бүкіл Қазақстан бойынша құрылыс қызметінің толық спектрін жүзеге асырады. Компания қызметінің саласына тұрғын объектілерін нөлден бастап "толық бітірумен" үй салу , кез-келген жылжымайтын мүлік объектілерін жөндеу және қайта құру кіреді. Қазіргі материалдық-техникалық база мен кәсіби құрылыс бригадалары тапсырыс берушілердің алдында өз міндеттерін алдын-ала ескертілген мерзімде сапалы орындауға және пайдалануға беру үшін объектілерді дайындауға мүмкіндік береді. “ Оңтүстік Жол Сервис ” ЖШС төменде көрсетілген қызмет бағытындағы маңызды және жауапты көпсалалық шаруашылық болып табылады.[1]

- Құрылыс-жөндеу жұмыстары ;

- Өнеркәсіптік және азаматтық объектілердің күрделі құрылысы;

- Құрылыс-монтаж жұмыстары;

- Құрылыс материалдарының өндірісі және оларды сату;

- Қалалық және қала аралық маңызы бар жолдардың жөндеу-құрылыс жұмыстары;

Компанияның өндірістік базасы - бетонеріткіш торабы, қабырға көбікблоктарын өндіру бойынша өндірістік цехтары, столярлық, арматуралық және басқа қосалқы бөлмелерімен жұмыс істейтін кешені бар. Инертті материалдар карьерасы бар. “ Оңтүстік Жол Сервис ” ЖШС жүзеге асырылған ірі жобалардың бірі Шымкент қ. "Асар" микроауданының құрылысы болып табылады. Жүзеге асырудың негізгі платформасы мемлекетпен өткізілетін сәтті әлеуметтік-экономикалық саясат, сондай-ақ, әлеуметтік жағдайы төмен халықты қолайлы тұрғын жайлармен және этникалық қазақтарды (оралмандарды) тарихи еліне көшіруді қамтамасыз ету бойынша Мемлекет басшысының тікелей қолдауы болып табылады. Тұрғын үй кешенінің құрылысы құрылыс-архитектуралық нормалардың қазіргі талаптарына жауап беретін, тиісті мемлекеттік органдармен бекітілген эскиздік және жұмыс құжаттамалары бар 1,7 мың артық коттедждердің құрылысы жоспарланатын 300 га жер учаскесін қамтиды, сонымен бірге болашақ көшіп келушілердің талап-тілегін ескереді. Үйлердің құрылысы үшін оралмандардың әр отбасының жер учаскесі белгіленеді, қажетті құжаттар, оның ішінде жер актілері дайындалады. Үйлер аудандары 101,6 м2, 166 м2 және 230,5 м2. болатын 3 стандарттық жобалар (типтері, модулдері) бойынша салынады. Енгізілетін тұрғын үйдің жалпы көлемі 265 мың. м2 құрайды. Салынып жатқан тұрғын үйдің 1 м2 құны шамамен 250 АҚШ долларын құрайды. Салынып жатқан коттедждердің бағасын төмендету құрылыс алаңы базасында – құрылыс материалдарын жерінде өндіру және оларды өзіндік құны бойынша сату, оралмандардың өздерінің еңбек ресурстарын пайдалану арқылы жасалады. Жобаның жүзеге асуына бизнес-қоғамдастық қатысатын әлеуметтік сипаты бар. Жоба пилоттық болып табылады және оны елдің басқа аймақтарына тарату жоспарлануда. Тұрғын үйлер құрылысын 2 жылда аяқтау жоспарлануда. Оралмандарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін оралмандар табыстарының тұрақты көзі болатын әр үйдің учаскесіне ауданы 0.03 га болатын жылыжай салу жоспарлануда.[2]

Компанияның ерекшелігі – құрылыс материалдарын өндіру бойынша жеке кешені және жеке арнайы техниканың үлкен паркісі арқасында сапасын қамтамасыз ете отырып, салынатын объектілердің ең аз құнына қол жеткізе алады. Құрылысты ұйымдастыруға, салынатын тұрғын үйлердің сапасын қамтамасыз етуге жаңа кешенді тәсілді пайдалана отырып,ең бастысы тұтынушының үлкен ауқымына қолайлы әлеуметтік бағытталған болады. Бүкіл өркениетті әлемде, оның ішінде Қазақстанда да, құрылыс саласындағы сапа менеджмент жүйесін ISO 9001 сериясының стандарттары бойынша сертификаттау жұрт қабылдаған сапа тұрақтылығын дәлелдеуі болып саналады. «АҚ ордасы корпорациясы» тапсырыс берушінің біздің қызметтерінің сапасына қызметтерімізбен танысқан кезден-ақ сенімді болуын басты мақсат етеді.[3]