
- •Аннотация
- •Image – элементі экранда формаға бейнелерді орналастыруға арналған.
- •1.2 «Оңтүстік Жол Сервис» құрылыс компаниясы қызметі туралы
- •1.3 Iso 9001 сапа менеджмент жүйесі
- •Iso 14 001 сериясының стандарттарына сәйкес экологиялық менеджмент жүйесін енгізу.
- •2.2 Мекеменің мәліметтер базасын құру
- •Қосымша
1.2 «Оңтүстік Жол Сервис» құрылыс компаниясы қызметі туралы
«Оңтүстік Жол Сервис» ЖШС тұрғын үй, офистік және өндірістік жайларды салу бойынша үлкен тәжірибесі бар , көпсалалық шаруашылыққа ие серпінді дамып келе жатқан қазіргі компания. Компанияның ерекшелігі – құрылыс материалдарын өндіру бойынша жеке кешені және жеке арнайы техниканың үлкен паркісі арқасында сапасын қамтамасыз ете отырып, салынатын объектілердің ең аз құнына қол жеткізе алады. Құрылысты ұйымдастыруға, салынатын тұрғын үйлердің сапасын қамтамасыз етуге жаңа кешенді тәсілді пайдалана отырып,ең бастысы тұтынушының үлкен ауқымына қолайлы әлеуметтік бағытталған болады. Жобаны жүзеге асыру кезінде компания мамандарымен келесі жұмыстар орындалды.[4]
-Геодезикалық қамтамасыз етуді, монтаждау жұмыстарын жүргізуді қоса есептегенде барлық қажетті геодезикалық жұмыстардың спектрін, оларды орындау сапасын бақылауды (құрылыс алаңын, жер жұмыстарының көлемдерін есептеп, құрылыстың аудандық объектілерін жоспарлау);
-Әр түрлі жабындық материалдарды кез-келген пішіндері мен көлемдеріне қарай жабындыларды монтаждау бойынша жабынды жұмыстары;
-Сырлау жұмыстары (әр түрлі беткі жақтарды сырлау: ағаш, тас, сылақ, бетон, асбестцементті , металл және басқаларды сырлау);
- Объектілердің қасбеттерін(алдын) әрлеу жұмыстары, сондай-ақ, ішкі әрлеу жұмыстары (сылау жұмыстары, шпатлевка, бояу, өңдеу жұмыстары, цоколді салу, санитарлық техникалық тораптарды қондыру тс.с);
-Инженерлік желілерді және коммуникацияларды (құбырларды, канализациялық жүйелер мен басқаларды ) құру.
Компанияның негізгі міндеттерінің бірі стратегиялық даму және ішкі менеджмент мәселелері болып табылады. Осының арқасында компания мамандары жоғары кәсібилікке, жауапкершілікке және зор күшке ие болады.
“Оңтүстік Жол Сервис ” ЖШС құрылыс, жол техникасы мен арнайы техниканың үлкен кешеніне ие. Құрылыс саласында арнайы техниканың, құрылыс техникасының, механизация құралының, оның сенімділігі мен өнімділігінің объектілерді сапалы және дер кезінде салуда маңызы зор. Жұмыстардың өзіндік құнын төмендету , сондай-ақ, арнайы техникамен қамтамасыз ету мақсатында біздің “ Оңтүстік Жол Сервис ” ЖШС құрылыс компаниясы қазіргі техника мен жабдықтарды пайдаланып, өндіріс, көлік және құрылыс техникасының техникалық құралдарын үнемі жаңартады. Компанияда: 40 өздігінен түсіргіш ( самосвал), 8 экскаватор, 8 автокран, 7 тиегіш, 6 тартқыш пен тіркеме, 6 бетонараластырғыш, 4 автокар, 4 жылжымалы дәнекерлеу агрегаты, 3 жол аунағы, 3 бульдозер, 3 бетонсорғысы, 3 су тасымалдағыш, 3 автогрейдер, 3 трактор, 3 жылжымалы ауа сығымдағыш, 2 цемент тасымалдағыш, 2 борт тенттері, 1 бетон еріткіш торап (БРУ).[5]
1.3 Iso 9001 сапа менеджмент жүйесі
Кез-келген ұйым өз жұмысын барынша жақсартуға тырысады, мейлі, ол нарық үлесін үлкейту,бәсекеге қабілеттілігін арттыру, тәуекелдерді тиімді басқару немесе тұтынушыларды қанағаттандыру деңгейі болсын. Сапа менеджмент жүйесі кезі келген саладағы көрсеткіштерді бақылау және жақсарту құрылымын қамтамасыз етеді. ISO 9001 сертификаты белгілі бір ұйымның менеджмент жүйесінің халықаралық басқарудың жоғары сапа стандарттарына сәйкестігінің дәлелі болып табылады. Қазақстан нарығында жүздеген құрылыс саласында қызмет көрсететін компаниялар бар, бірақ олардың құрылыс сапасы жайлы тапсырыс беруші тек құрылыс кезінде немесе, тіпті, нысанды пайдалануға өткізіп болғаннан кейін біле алады. «АҚ ордасы Корпорациясы» тапсырыс берушінің біздің қызметтерінің сапасына қызметтерімізбен танысқан кезден-ақ сенімді болуын басты мақсат етеді. Бүкіл өркениетті әлемде, оның ішінде Қазақстанда да, құрылыс саласындағы сапа менеджмент жүйесін ISO 9001 сериясының стандарттары бойынша сертификаттау жұрт қабылдаған сапа тұрақтылығын дәлелдеуі болып саналады. Осы стандарт компанияның халықаралық стандарттарымен белгіленген талаптарды қатаң сақтап ұстауына үздік дәлел болып табылады. ISO 9001 сериясының сәйкестендіру сертификаты біздің тапсырыс берушілер үшін сенімді құрылыс компаниясын таңдауда құрылыс немесе жобалау жұмыстарының сапа кепілдігін қамтамасыз ететін негізгі белгілерінің бірі болып табылады.[6]
Сертификатталған жүйесінің болуы құрылыс компаниясына:
· Ұйымдастыру құрылымын оңтайландыруына және оның тиімділігін арттыруға;
· Құрылыс заттары мен жұмыстардың жоғары сапа деңгейін қамтамасыз етуге;
· Шығындарды (өндірістік ысыраптар, ақаулар, рекламация) азайтуға;
· Компанияның шетелдік және отандық серіктестер алдында жағымды бейнесін қалыптастыруға;
· Тығыз бәсекелестік күресте жеңуге мүмкіндік береді.