Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1курс пед.пр. метод. указ. каз.яз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
118.27 Кб
Скачать

1. Оқушы портретін құрастыру.

Әдістемелік нұсқау: бақылау әдісінің негізінде өзіңе бекітілген кластан қазіргі заманның оқушысы портретін келесі берілген схема бойынша құрастыр:

І. Ортақ мәселе: (Оқушының фамилиясы, аты-жөні, туған жылы, сыныбы, ортақ дене дамуы, денсаулығы, жанұядағы жағдайы мен тұрмысы, жанұядағы орынды тәрбие алу жайы ).

ІІ. Ұжым арасындағы өзара қарым-қатынасы мен мектепке деген ынта, көзқарасы:

- Оқушының класс ұжымында алатын орны /өзіне баға беруі және кластастарының көзқарасы/ ?

- Кластастарымен қарым-қатынасы /оларды ұнатады, көңілі бейжай, ұнатпайды, ұжым ұсынысымен санасады ма? Достары бар ма? Достарымен байланысы?

- Мектепте оқыған ұнай ма? Неге?

- Мұғалімдермен қарым-қатынасы, тіл табысуы, сүйіспеншілігі, сыйластығы қандай?

ІІІ. Оқу: Білімі, ой-өрісі және оқуға деген ынтасы мен көзқарасы /қызығып оқи ма, қандай пәнге ынтасы бар, бағаға қалай қарайды, ата-ана мен оқытушының мақтауы мен ескертуіне қалай қарайды, оқуға деген ең басты мәселенің мотиві/.

ІІІ. Тұтас педагогикалық процеске қатысуы. (2 апта)

  1. Класс жетекшінің жұмысына қатысуы.

Әдістемелік нұсқау: Класс жетекшінің жоспарына байланысты класс сағатын өткізуге белсенді қатысу, басқада тәрбие шараларына және жұмыс түрлеріне қатыса отырып, класс жетекші бекіткен бір шараның жоспар-конспектісін студент-практикант портфолиосында болуы тиіс.

ІV. Өзін дамытудың жоспары. (2 апта)

1. Кәсіби өзіндік дамытудың жоспарын құру.

Әдістемелік нұсқау: Бекітілген мектепте жүргізілген жұмыстың негізінде буклет жасау. Буклетте оқу орынның ерекшелігі (гимназия, лицей және т.б.) Буклеттің ақпараттық талаптары:

Бағалау саясаты.

1 апта

Жұмыстың атауы

Бақылау формасы

Балл

1.

Базалық мектеп жұмысының бағыттары және материалды

техникалық жабдықталуы

буклет

100

2.

Мектеп әкімшілігінің қызметтік міндеттерімен танысу

конспект

100

3.

Мектептің санитарлық-гигиеналық жағдаймен танысу

конспект

100

4.

Зерттеу жұмыстары:

4.1Пән мұғалімі мен класс жетекшінің іс-әрекеті

конспект

100

4.2 Оқушы портретін құрастыру

конспект

100

5.

Портфолио құжаттарын рәсімдеу

100

2 апта

Жұмыстың атауы

Бақылау формасы

Балл

1.

Базалық мектеп жұмысының бағыттары және материалды

техникалық жабдықталуы

буклет

100

2.

Мектеп әкімшілігінің қызметтік міндеттерімен танысу

конспект

100

3.

Мектептің санитарлық-гигиеналық жағдаймен танысу

конспект

100

4.

Мамандық бойынша оқу пәнінің Мемлекеттік стандартымен танысу

конспект

100

5.

Мектептің психологының жұмысымен танысу

конспект

100

6.

Зерттеу жұмыстары:

6.1.Пән мұғалімі мен класс жетекшінің іс-әрекеті

конспект

100

6.2.Оқушы портретін құрастыру

конспект

100

6.3.Класс жетекшінің жұмысына қатысуы

конспект

100

6.4.Кәсіби өзіндік дамытудың жоспарын құру

конспект

100

7.

Портфолио құжаттарын рәсімдеу

100