Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1курс пед.пр. метод. указ. каз.яз..doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
118.27 Кб
Скачать

І. Мектеп жүйесінің жұмысымен таныстыру.

1. Базалық мектеп жұмысының бағыттарын оқып-үйрену немесе зерттеу .

Әдістемелік нұсқау: Әртүрлі типтегі оқу-тәрбие мекемелерінің жұмыс жүйесімен және білімді реформалау жағдайында мектеп жұмысының негізгі бағыттарымен танысу. Танысқан ақпараттарды студент-практикант буклет жасақтау.

2. Мамандық бойынша оқу пәнінің Мемлекеттік стандартымен танысу (2 апта).

Әдістемелік нұсқау: Мемлекеттік стандарттың негізін өз пәні бойынша конспект жасау, студент-практикант портфолиосына жинау.

3. Мектептегі тұтас педагогикалық процестегі басқару жүйесін зерттеу.

Әдістемелік нұсқау: директордың, директордың орынбасарының іс-әрекетімен танысу және жұмыстардың кейбір ерекше мазмұндарына қарай конспект жасау, студент-практикант портфолиосына конспект жинау.

4.Мектептің санитарлық - гигиеналық жағдайымен танысу.

Әдістемелік нұсқау: Сабақ кестесі, тамақтану тәртібі, күн тәртібі, физикалық даму ерекшеліктерімен және дәрігер кабинетімен танысу.

5. Мектептің психологының жұмысымен танысу (2 апта).

Әдістемелік нұсқау: Мектеп психологының жұмысының мақсаты оның ерекшелігі, түрлерімен танысу.

Зерттеу жұмыстары

I. Пән мұғалімі мен класс жетекшінің іс-әрекеті.

Әдістемелік нұсқау: Пән мұғалімі мен класс жетекшінің іс-әрекетіндегі педагогикалық мәдениет деңгейін диагностикалау.

Педагогикалық мәдениет деңгейінің дәрежесі мен компоненттерінің сипаты:

а) педагогикалық позиция;

б) педагогикалық ойлау тәжірбиесі мен кәсіби іскерлігі;

в) педагогикалық-шығармашылық тәжірбиесі мен кәсіби іскерлігі;

г) педагогтың тұлғалық және мінез-құлық мәдениетінің қалыпқа келуі.

Мына деңгейлер анықталады:

1. Жоғары деңгей. Бұл деңгей кәсіби-шығармашылық деп аталады. Барлық оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуда жоғары нәтижеге жеткізетін және педагогикалық міндеттерді шешудің шығармашылық ізденістеріне апаратын, педагогикалық іс-әрекетте қажетті тұлғалық сапасының кәсіби деңгейде жүзеге асыратын, мұғалімнің педагогикалық мәдениетін сипаттайды.

2. Орташа деңгей. Бұл деңгей кәсіби-бейімділік деп аталады.

Кәсіби біліміне сүйене отырып, педагогикалық іс-әрекетін жүзеге асырып, бірақ шығармашылық ізденіс жүргізбейді, тәрбие мен оқытуда орташа нәтижесі бар, мұғалімге қажетті сапаларға ие.

3.Төмен деңгей. Көптеген кәсіби-тұлғалық сапаларын педагогикалық іс-әрекетте жүзеге асыруда кәсіби біліміне және іскерлігіне сүйене алмай, шығармашылық ізденіс жүргізбей, тәрбие мен оқытуда нәтиже көрсеткіші төмен мұғалім сипаталады.

Педагогикалық мәдениет деңгейін анықтау үшін, төмендегі диагностикалық картаны қолдану керек. Бұл картада бірнеше цифрлар бар, осы цифрлар мұғалімнің тұлғалық қасиетін анықтайтын балы. Толтыру барысында таңдаған балыңызды дөңгелекпен қоршап қойыңыз, оның өлшемдері төмендегідей:

5 –үнемі көрінетін сапасы;

4 – көп жағдайда көрінетін сапсы;

3 – көріну және көрінбеуі мүмкін жағдайы;

2 – анда – санда көрінеді;

1 – мүлдем көрінбейді.

Педагогикалық мәдениет деңгейін диагностикалау картасы

Тұлғалық қасиеттері

Бағалау шкаласы

1. Кәсіби-педагогикалық бағыт

1.Баламен жұмыс істеудегі қажеттілік, мұғалім кәсібіне қызығушылық.

5 4 3 2 1

2. Балаларға әлеуметтік тәжірибе беруді сендіру қажеттілігі.

5 4 3 2 1

3. Баланы басты құндылық деп санау.

5 4 3 2 1

4. Тәрбие мақсатының жетістіктер қажеттілігі.

5 4 3 2 1

5. Мәдениетті адам эталоны болуға ұмтылу.

5 4 3 2 1

6. Азаматтығы, әлеуметтік белсенділігі.

5 4 3 2 1

2. Рухани қажеттілігі және қызығушылығы

1.Таным белсенділігі.

5 4 3 2 1

2.Рухани қажеттілік және жан-жақты қызығушылық

5 4 3 2 1

3. Әдемілік қажеттілігі.

5 4 3 2 1

4. Тұтастық, ішкі дүниесінің автономиясы.

5 4 3 2 1

3. Тұлғалық- педагогикалық өзін-өзі реттеуі

1. Өзін-өзі бақылау, өзіндік тәртіп.

5 4 3 2 1

2. Өзін-өзі сынау.

5 4 3 2 1

3. Өзін-өзі тежеу.

5 4 3 2 1

4. Жақсы көңіл-күйі, әзілді сезінуі, оптимизмі.

5 4 3 2 1

5.Шыдамдылық, ұстамдылығы, педагогикалық әдебі.

5 4 3 2 1

6.Мінез-құлық мәдениеті

5 4 3 2 1

4. Ұйымдастыру іскерлігі

1. Өзін-өзі ұйымдастыру іскерлігі.

5 4 3 2 1

2.Оқу-тәрбие жұмысының әртүрін ұйымдастыру іскерлігі

5 4 3 2 1

3.Балалардың өмірге байланысты іс-әрекетін ұйымдастыру іскерлігі

5 4 3 2 1

4. Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру іскерлігі

5 4 3 2 1

5.Әкімшілік пен пән мұғалімі және класс жетекші іс-әрекетімен өз іс-әрекетін реттей алу іскерлігі.

5 4 3 2 1

5. Өзін-өзі талдау және талдау іскерлігі

1. Тұлғаны және ұжымды зерттеу іскерлігі.

5 4 3 2 1

2.Оқушылардың іс-әрекетін дұрыс бағалау іскерлігі.

5 4 3 2 1

3.Тәрбие жұмыстары мен шаралардың тиімділігін анықтау іскерлігі.

5 4 3 2 1

4.Оқушыларды өз іс-әрекетін талдауға және өзіндік талдауға үйрету іскерлігі.

5 4 3 2 1

Нәтижелерді өңдеу үшін, әр бөлімдегі жинаған балды қосып, сұрақтың санына бөлу керек. Шыққан нәтиже педагогикалық мәдениет деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

1) 4 – 5 жоғары деңгей, өзін-өзі жетілдіруге анық көрінген барлық компоненттер қажеттілігі қалыптасқан.

2) 2,5 – 4 – орташа деңгей, педагогикалық мәдениеттің бір компоненттері байқалады және басқалары қалыптаспаған.

3) 1 – 2,5 – төменгі деңгей, педагогикалық мәдениеттің кейбір компоненттері байқалмайды, бірақ өзін-өзі жетілдірудің кәсіби қажеттілігі қалыптасқан.

ІІ. Ғылыми-зерттеу әдістерін қолдану.