Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1курс пед.пр. метод. указ. каз.яз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
118.27 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Жалпы педагогика және психология кафедрасы

1-курс студенттерінің педагогикалық практикаға арналған әдістемелік нұсқау

Ақтөбе 2014

1-курс студенттерінің педагогикалық практика барысында зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау ҚР Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты (2012ж), мамандық стандарты (жылы), Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті студенттерінің кәсіби практикасы туралы Ереже (21.11.2013 ж) талаптарына сай жасалды

Құрастырғандар: доцент Наренова А.Б.

Жалпы педагогика кафедра мәжілісінде қарастырылды.

«__ » ____ 2014 жыл. № ___ хаттама.

Кафедра меңгерушісі ___________Жусупова ж.А.

Алғы сөз

1 курс студенттерінің психологиялық-педагогикалық практикасы «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» курсын меңгеруіне сүйенеді. Студенттердің практикалық іс-әрекетін ұйымдастырудағы ғылыми негізі 1-курс студенттерінің меңгерген «Психология және адам дамуы», «Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы», жалпы білім беретін циклдік пәндері болып табылады. Бүгінгі мектеп пен мұғалімге қойылатын талаптардың мазмұнымен сабақтас сонымен бірге, педагогикалық практика өзінің сипаты жағынан комплексті өйткені, арнайы мамандығы бойынша даярланып жатқан пәндермен қатар педагогика-психология пәндері арасында студенттердің түрлі қызметін үйлестіруге негізделеді. тұтас педагогикалық процесті құзырлылық әдіспен іске асыруға мүмкіндік беретін болашақ мұғалімнің кәсіби іскерлігін және дағдысын қалыптастыру болып табылады.

Практиканың міндеттері:

  • мұғалім мамандығының әлеуметтік мәнін және оның оқушы тұлғасын қалыптастырудағы әсерін студенттердің сезіне білуі.

  • болашақ мұғалімнің кәсіби құндылығын, педагогикалық бағыттылығын қалыптастыру.

Практиканың мазмұны:

1. Бекітіліген нормативтік құжаттарға сәйкес әртүрлі типтегі оқу-тәрбие мекемелерінің жұмыс жүйесімен таныстыру;

- Білімді реформалау жағдайында мектеп жұмысының негізгі бағыттарымен;

- Мемлекеттік стандартпен, мамандық бойынша оқу пәнінің типтік бағдарламаларымен;

- Мектептегі тұтас педагогикалық процестегі басқару жүйесі (директордың, директордың орынбасарының іс-әрекеті);

- Мектеп құжаттарымен (мектеп жұмысының жоспары, сынып жетекшісінің жоспары және т.б.)

- Әртүрлі әдістерді (сауалнама, бақылау, сұқбат, мектеп құжаттарымен танысу және т.б) пайдалануды негізге алған пән мұғалімінің мен сынып жетекшісінің қызметтерімен;

  • Мектеп психологының қызметімен

  • Мектептің санитарлық гигиеналық жағдайымен;

  • Сабақ кестесі, тамақтану тәртібі, күн тәртібі, физикалық даму ерекшеліктерімен;

  • Мектептің материалдық-техникалық жабдықталу жайымен.

2. Берілген тапсырмаларды орындауда ғылыми-зерттеу әдістерінің пайдалану:

  • «Мұғалімнің әлеуметтік-педагогикалық портретін» жасау;

  • оқушы тұлғасының психологиялық мінездемесін жасау.

3. Сыныптағы тұтас педагогикалық процеске қатысуы:

  • сынып жетекшісінің жұмыс жоспарына сәйкес сыныптағы тәрбиелік іс-шараларына;

  • нақты бір сабаққа пән мұғалімінің дидактикалық материалдарды сұрыптауға.

4. Кәсіби-тұлғалығын өзіндік дамытудың жоспарын жасау.

5. Студенттердің өзбетінше ақпарат алу мүмкіндіктерін кеңейту үшін психологиялық-педагогикалық пәндер бойынша студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының әдістерімен таныстыру.