Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
перчень билет спец каз билет22 2015 МАРЖАН.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
313.34 Кб
Скачать
  1. Шаруашылық операцияларын тіркеу және талдау олардың бухгалтерлік шоттарда бейнеленуі

  2. Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал) есебі

  3. Есептік цикл. Шаруашылық операцияларын өлшеу (ұқсастыру, бағалау, жіктеу)

  4. 2011 Жылдың қаңтарына ғимарат тегін беріледі. Ағымдағы құны – 630000 теңге, оның ішінде тозуы – 147830 теңге (алғашқы құжаттарды беру туралы бұйрық және қабылдау – беру туралы акт).

Берілген операцияны бухгалтерлік жазумен көрсетіңіз.

ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 90

  1. Алғашқы есеп құжаттары туралы түсінік

  2. Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек есебі

  3. Қаржылық инвестициялар есебі

  4. 2011 Жылдың наурызында қабылдау – беру актісіне сәйкес жеке тұлғадан қарыздан өтеу есебінен bmw – 525 автокөлігі кірістелді. Ағымдағы құны-1890000 теңге, тозуы – 845000 теңге.

Шоттар корреспонденциясын көрсетіңіз.

ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 91

  1. Кәсіпорынның есеп саясаты

  2. Негізгі құралдардың тозуын есептеудің әдістері мен нормалары

  3. Еңбекақы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық борыш есебі

  4. Қаңтардың басында негізгі құралдарды бағалау жүргізілді:

  • машиналар мен жабдықтар бойынша 845632 теңге;

  • автокөлік бойынша 472871 теңге;

осымен бір уақытта тозу сомасын қайта бағалау:

- машиналар мен жабдықтар бойынша 211722 теңге

- автокөлік бойынша 222777 теңге.

Операцияларды бухгалтерлік жазулармен көрсетіңіз.

ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 92

  1. Бухгалтерлік есепті жүргізу формалары

  2. Қысқа мерзімді міндеттемелердің есебі

  3. Есеп беретін тұлғалармен есеп айырысу есебі

  4. Алынған тауарлар үшін шетел фирмасының 1500000 теңге сомасындағы шоты акцептелді. Төлеуге жататын баж салығы -15000 теңге. Төлеуге жататын кедендік құжаттарға жинақтар 4800 теңге. Жеткізу ұйымдарына төлеуге жататын комиссиондық сыйақылар 9000 теңге.

Шоттар корреспонденциясын көрсетіңіз.

ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 93

  1. Бухгалтерлік жазулардағы қателерді түзету тәсілдері

  2. Еншілес ұйымдардың дебиторлық борыш есебі

  3. Салықтар бойынша міндеттемелер есебі

  4. Транспорт мекемесімен тауарларды жеткізгені үшін 10200 теңгеге шот көрсетілді, оның ішінде қосылған құн салығы 2040 теңге.

- Қолма-қол ақшаға алынған 2420 теңгенің тауары кірістелді, қосылған құн салығы - 484 теңге.

- Түгендеу кезінде 2740 теңгенің тауары артық шықты.

Шоттар корреспонденциясын көрсетіңіз.

ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 94

  1. Бухгалтерлік жазулардағы қателерді түзету тәсілдері

  2. Негізгі құралдар, олардың жіктелуі және бағалау

  3. Міндеттемелер есебі

  4. Сатып алушыларға есеп айырысу құжаттары көрсетілген тауарлар жөнелтілді:

а) тауарлардың босату құны 240000 теңге

б) қосылған құн салығы 48000 теңге

в) өткізілген тауарлардың өзіндік құны 180000 теңге

2. Сатып алушылар 50000 теңгенің тауарын құнын төлемей тұрып қайтарды.

Шаруашылық операциялары бойынша бухгалтерлік жазулар беріңіз.

ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 95

  1. Бухгалтерлік есептегі есептеу әдістері

  2. Дайын өнімді өткізуден түскен кірістер есебі

  3. Қазақстанда бухгалтерлік есепті заңнамалық реттеу

  4. 1. Шығыс құжаттарына сәйкес материалдар босатылды:

  • А өнімнің өндірісіне 500000 теңге

  • В өнімнің өндірісіне 400000 теңге

  • Негізгі өндіріс цехын күтуге 5000 теңге.

2. Жабдықты ағымдағы жөндеуге 13000 теңгенің қосалқы бөлшектері босатылды.

Шоттар корреспонденциясын көрсетіңіз.

ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 96

  1. Бухгалтерлік есеп тұжырымдамалары

  2. Алынған тауарлар есебі

  3. Бухгалтерлік есеп шоттарын экономикалық мазмұны бойынша жіктеу

  4. Сатып алушыларға тауарлар құнын уақытынан бұрын төлегені үшін 6000 теңге мөлшерінде баға жеңілдігі көрсетілді.

- Сатып алушыларға №5 шот бойынша жөнелтілген тауарлар үшін есеп айырысу шотына 20000 теңге түсті.

- Кассадан Асановқа жолсапар шығындары үшін 5000 теңге берілді.

Шоттар корроспонденциясы көрсетіңіз.

ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 97

  1. Шаруашылық операциясы түсінігі

  2. Алынған аванстар есебі

  3. Кезең шығындарының есебі

  4. - Көрсетілген аванстық бойынша есепті тұлға Асановтан есептен шығарылды.

Күнделікті шығындар үшін – 1050 теңге,

Транспорттық шығындар – 3550 теңге

Қосылған құн салығы – 710 теңге

- Асановтың есепті сомалар бойынша қарызы бекітілген аванстық есеп сомалары көлемінде жабылды – 5000 теңге.

- Садықова кассадан шаруашылық шығындары үшін 4000 теңге берілді.

Операцияларды бухгалтерлік жазулармен көрсетіңіз.

ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 98

  1. Бухгалтерлік есеп шоттарын құрылымы мен бағыты бойынша жіктеу

  2. Резервтік капиталды қалыптастыру есебі

  3. Қаржылық инвестициялар есебі

  4. «Береке - нан» АҚ шаруашылық операциялары:

  1. Қоймадан нақты өзіндік құны бойынша 800000 теңгенің дайын өнімі босатылды.

  2. Сатып алушыларға салықтық счет-фактуралар және төлем талаптары көрсетілді:

а) келісімді баға бойынша 1000000 теңге

б) қосылған құн салығы 200000 теңге

3. Сатып алушылардан төлем келіп түсті -1200000 теңге

Шоттар корреппонденциясын көрсетіңіз, операциялық шоттарды жабыңыз және соңғы қаржылық нәтижені анықтаңыз.

ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 99

  1. Бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары

  2. Материалдық емес активтердің тозуының есебі

  3. Салықтар бойынша міндеттемелер есебі

  4. Еңбекақы есептелді:

  • негізгі өндіріс жұмысшыларына 300000 теңге

  • көмекші өндіріс жұмысшыларына 40000 теңге

  • өткізу бөлімінің жұмысшыларына 25000 теңге

  • әкімшілік – басқару персоналына 28000 теңге

Шоттар корреспонденциясын көрсетіңіз

ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 100

  1. Бухгалтерлік құжаттар, олардың мәні мен жіктелуі

  2. Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық қарыз есебі

  3. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру

  4. Әлеуметтік сақтандыруға 150000 теңге мөлшерінде аударымдар жүргізілді,

оның ішінде:

а) негізгі өндірісітің жұмысшыларының еңбекақы қорынан 55000 теңге.

б) көмекші өндіріс жұмысшыларының еңбекақы қорынан 25000 теңге

в) өткізу бөлімі қызметкерлерінің еңбекақы қорынан 35000 теңге

Шоттар корреспонденциясын көрсетіңіз.

ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 101

  1. Есеп регистрлері

  2. Дайын өнімді өткізу бойынша шығыстар есебі

  3. Басқадай кредиторлық борыштар мен есептеулер есебі

  4. - Сатып алушыларға есеп айырысу құжаттары көрсетілген тауарлар жөнелтілді:

а) босату құны – 240000 теңге

б) қосылған құн салығы 48000 теңге

в) өткізілген тауарлардың өзіндік құны 160000 теңге

- Сатып алушыларға тауарды уақытынан бұрын төлегені үшін баға жеңілдігі көрсетілді – 160000 теңге

- Есеп айырысу шотына жөнелтілген тауарлар үшін 272000 теңге келіп түсті.

Шоттар корреспонденциясын көрсетіңіз, операциялық шоттарды жабыңыз және өткізуден соңғы қаржылық нәтижені анықтаңыз.

ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 102

  1. Бухгалтерлік есепті жүргізу түрлері

  2. Қысқа мерзімді активтерді тану және оларды жіктеу

  3. Қаржыландыратын жал есебі

  4. - Қызметкерлерден табыс салығы ұсталды – 30000 теңге.

- Есеп айырысу шотынан аударымдар аударылды:

а) зейнетақы қорына 120000 теңге

әлеуметтік салық – 11%

Шоттар корреспонденциясын көрсетіңіз.

ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 103

  1. Қате бухгалтерлік жазуларды түзету тәсілдері

  2. Қорлар ұғымы және оларды жіктеу

  3. Негізгі емес қызметтен түскен кірістер есебі

  4. Негізгі өндірістің үстеме шығындары жинақталады:

а) материалдар 2000 теңге

б) қызметкерлердің еңбеақысы 15000 теңге

в) еңбекақыдан аударымдар 3300 теңге

г) негізгі құралдардың тозуы 3700 теңге

д) коммуналдық қызметтер 800 теңге

Шоттар корреспонденциясын көрсетіңіз.

ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 104

  1. Балансқа қойылатын талаптар

  2. Негізгі өндіріс шығындарының есебі

  3. Материалдық емес активтерді қолдануды тоқтату және есептен шығару

  4. - «Ресмаш» зауытынан есеп айырысу шотына келіп түсті-72000 теңге.

- Еңбекақы беру үшін кассаға 350000 теңге алынды.

- Қызметкерлерге еңбекақы берілді 350000 теңге

Шоттар корреспонденциясын көрсетіңіз.

ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 105

  1. Есеп саясаты түсінігі, оның құрылымы

  2. Қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі

  3. Пайда және зиян жөніндегі есепке қойылатын талаптар

  4. Негізгі өндірістің шығындары жинақталады:

а) материалдар 900000 теңге

б) қызметкерлердің еңбекақысы 300000 теңге

в) еңбекақыдан аударымдар 103000 теңге

г) үстеме шығындар 210000 теңге

Шоттар корреспонденциясын көрсетіңіз.

ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 106

  1. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

  2. Ағымдағы жал есебі

  3. Басқа да кірістер есебі

  4. Дт 1030 Кт 6010 100000 теңге

Дт 3350, 3430, 4230 Кт 1010 10000 теңге

Дт 1030 Кт 1210, 2110 25000 теңге

Операциялардың мазмұнын түсіндіріңіз

ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 107

  1. Есеп саясатындағы өзгерістер

  2. Эмиссиялық кіріс есебі

  3. Материалдық емес активтермен операциялар есебі

  4. - Қатысушылардың жарғылық капиталға салымдар бойынша қарыздары -35000 теңге.

- Кедендік баж салығы аударылды -15000 теңге

- Бюджетке қызметкерлердің табыс салығы аударылды -29000 теңге

Шоттар корреспонденциясын көрсетіңіз.

ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 108

  1. Бухгалтерлік есеп қызметтері

  2. Дайын өнімдердің, тауарлардың, аяқталмаған өндірістің есебі

  3. Қаржыландырудан алынатын кірістер есебі

  4. - Заңды тұлғаларға табыс салығы есептелді – 1900000 теңге

- Заңды тұлғалардың табыс салығы аударылды – 1900000 теңге

- Есеп айырысу шотына облигациялар бойынша проценттер келіп түсті - 10000 теңге

Шоттар корреспонденциясын көрсетіңіз.

ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 109